Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R__1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y_l...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
982 Кб
Скачать
☆

2.1. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.

Шаруашылықтың жаңа жағдайларында өзінің орасан зор райын сақтай отырып қаржылық жоспарлау сонымен бірге түбірлі негізде қайта құрылуға тиіс. Оның мазмұны мен әлеуметтік бағдарына сай бетбұрысты өзгерістерге ұшырайды. Егер бұрын төменгі қаржылық жоспарлау негізінен кәсіпорынның әлеуметтік дамуы мен өндірістің жоспарлы көрсеткішіне сүйенсе, қазіргі танда бұл негіз жоқ, себебі кәсіпорын "жоғарыдан" әкімшілік нұсқау алмайды.

Мұндай жағдайларда қаржылық жоспарлау нарық талаптарына сай бағдар алып, белгілі бір оқиғалардың өрбуін ескеруі және кәсіпорынның материалдық, еңбек және қаржы ресурстары арқылы ситуациялық өзгерістер кезіндегі іс-қимыл моделін жасап шығаруы тиіс. Сондықтан қаржылай жоспарлау нарық экономикасы кезінде, қаржылық көрсеткіштердің таяу мерзімдегі дәл есебіне және соған сәйкес қаржылық құжаттағы тепе-тендікке негізделіп, ал екіншіден көп вариантты сипаты бар болжамдық есептерге құрылады. Инфляцияның жоғары қарқыны, еңбек ақының ең төменгі шегін индексациялау шикізат пен жанар майға бағаның өсуі энергетикалық ресурстар мен басқа да себептер жылдық жоспарлауды барынша қиындатады. Бұл жағдайда өндірістік шығындар мен өнімдерді сатудың тоқсандық сметасын құрастыру, әбден мүмкін болып табылады. Смета сатылатын өнімдердің көлемін есептерге, өнімнің материалдық сиымдылығын бағалауға, айналым құралдарына деген қажеттілікті болжамдауға мүмкіндік береді.

Нарық экономикасында кәсіпорынның жоспарларының мынадай түрлерін бөліп қарауға болады;

- стратегиялық жоспар - 10-15 жылдық ұзақ мерзімге жасалып, кәсіпорынның келешектегі басты мақсаттары, белгілі бір мерзім мен ресурстарға тәуелді нақты міндеттері, көзделген мақсаттың жалпы стратегиясы қалыптасады;

ұзақ мерзімді жоспарлар-стратегиялық жоспардың құрамдас бөлігі ретінде бірнеше жылдарға жасалады;

ағымдағы жоспарлар ағымдағы қаржы жылына құрылады, өндірісті зерттеулер мен, жабдықтауды, маркетингі, қаржылық қортындыны қамтиды;

- бизнес-жоспарлау - Қазақстан Республикасының экономикасындағы жаңа құбылыс, оның қажеттілігі мемлекеттік деңгейде анықталған. Айталық банктер-несие бөлу-кезінде бизнес-жоспарды талап етеді. Бизнес -жоспар тек қаржылық жоспар ғана болып табылмайды, ол стратегияларды жасау мен белгілі жағдайға сай (инвесторды тарту үшін) жаңа кәсіпорын құру немесе жаңа қаржылық бағдарламаны қаржыландыру үшін нақты инвесторды тартуға да қажет. Инвестор ретінде банктер, заңды жеке тұлғалар, мемлекет қатысуы мүмкін. Бизнес жоспар-болашақ кәсіпорынның негізгі аспектілеріне сипаттама беретін, барлық тәуекел деңгейін талдайтын, осы проблемаларды шешудің тәсілдерін анықтап, осынау жобаға қаржы салуға тұрады ма, ол шығындарды ақтайтын қаржы әкеледі ме деген сұрақтарға жауап қайтаратын құжат. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандарда кәсіпорынның қаржысын басқарудың негізгі түрі болып қаржылық жоспарлауды айтуға болады. Онда кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру, бюджет жүйелері мен бюджеттен тыс қорлармен өзара қатынас, қорлар бойынша кірістерді бөлу, несие қаражаттарын тарту, қаржы ресурстарын пайдалану және бөлу сияқты маңызды функциялар бейнесін табады.

Кәсіпорынның қаржы жоспары кірістер мен шығыстардың бөлімінен тұратын нысанына ие:

1) табыстар мен қаржылардың түсуі;

2) шығыстар мен қаржылардың жұмсалуы;

3) кіріс, басқа да табыстар және олардың бөлінуі;

4) кірістер мен шығыстардың кезекті жылға жоспарлы балансы тоқсандарға бөлшектеу арқылы құрастырылады. Оған қаржы жоспарының көрсеткіштерін негіздейтін есеп таблицалары жалғанады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]