- •Лекция тезистері
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты:
- •1. Қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.
- •2. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы, мазмұны және саласы.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.
- •4. Лекцияныњ мазм±ны: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •3. Лекция тақырыбы: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге ақша жүйесін, валюта реттеуді үйрету.
- •Акционерлік қоғамдар. Бағалы қағаздардың пайда болуы.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •4. Лекцияныњ мазм±ны: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •5.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері.
- •5.3. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.
- •5.Лекция тақырыбы: Қаржылық бақылауды құқықтық негіздері.
- •2.Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге қаржылық бақылауды үйрету.
- •1. Сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
- •6.Лекция тақырыбы: Қаржылық бақылаудың әдістері.
- •2.Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге қаржылық бақылаудың әдістерінің жүзеге асырылуын және атқарушы органдардың қызметінің нысандарын түсіндіру.
- •7. Лекция тақырыбы: Бюджет құрылымы.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге бюджет құрылымымен таныстыру.
- •Шет елдердің бюджет құқығынын принциптері мен негіздері
- •Бюджет табыстарын құқықтық реттеу.
- •Үкіметтік қарыздар.
- •8. Лекция тақырыбы: Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару.
- •2. Лекция жоспары:
- •Қаржы саласындағы басқару.
- •Салалар, бірлестіктер, кәсіпорындар каржыларын басқарудың ұйымдық құрылымы.
- •10. Лекция тақырыбы: Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы.
- •2. Лекция жоспары:
- •3 Кесте. Республикалык бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.
- •11. Лекция тақырыбы: Қаржы құқықтық категориясы ретіндегі салық.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •Салық жүйесі.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •2. Алымдар.
- •3. Төлемақылар:
- •4. Мемлекеттік баж.
- •5. Кеден төлемдері:
- •Салық алуды ұйымдастыру.
- •13. Лекция тақырыбы. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері
- •2. Лекцияның жоспары:
- •Банкілік несие шарты.
- •14. Лекция тақырыбы: Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері.
- •2 Лекция жоспары:
- •Банк жүйесін ұйымдастырудың құқықтық ретелуі. Банк қызметінің түсінігі.
- •Коммерциялық банктер.
- •Банкілік несие шарты.
- •Банк есеп шарты.
- •Сақтандыруды ұйымдастырудың құқықтық реттелуі. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.
- •2.1. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •2.2. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-құқықтық қызметін жоспарлау.
- •2.3. Қаржылық - шаруашылық хұқы.
- •5.4. Халықаралық есеп айырысу баланстары.
Акционерлік қоғамдар. Бағалы қағаздардың пайда болуы.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-II “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңында акционерлік қоғамға мынадай сипаттама беріледі: өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады.
Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді.
Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін.
Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген турлерін жузеге асыратын ұйымдар ушін акционерлік к.оғамның ұйымдық-құқықтық нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.
Қоғамның фирмалық атауы болады, онда “акционерлік қоғам” ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін “АҚ” аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.
Қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдардың артықшылықты акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік. құқығымен бірнеше тұлғаға тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, акцияның бір түрі оны иеленетін әрбір акционерге осындай акциялар түрінің басқа иелерімен бірдей көлемде құқықтар береді.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде:
1) қоғамның акцияларымен мәмілелер жасасуға;
2) қоғамның бір акционерге тиесілі акцияларының ең көп мөлшеріне;
3) қоғамның акциялары бойынша бір акционерге берілетін ең көп дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.
Қоғам басқа да бағалы қағаздар шығаруға құқылы, оларды шығару, орналастыру, айналысқа салу және өтеу талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгіленеді.
“Акционерлік қоғамдар туралы” Заңға сәйкес акционерлік қоғам акцияларының 3 түрі бар деп белгіленген – жай, артықшылықты акциялар және “Алтын акция”.
Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.
Артықшылықты акциялардың меншік иелері акционерлердің жай акциялардың меншік иелері акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.
Егер:
1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы шешімі бойынша артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса.
Шектеу қою үшін артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;
3) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.
Осы жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.
Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын “алтын акцияны” енгізуі мүмкін. “Алтын акция” иесінің акционерлердің жалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.
Жалған (алдамшы) капитал деген - қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент түрінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар – акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:
Біріншіден, табыс көзі тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қәғаздар өндірістен тыс, тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады. Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын емес. Тауар айналымы (Т - А - Т) формуласындағы бірінші акт (Т - А) тауарды сату басқа керекті тауарды сатып алу мақсатында жүргізіледі, яғни қажеттілікті - керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал капиталдың айналымы (А - Т - А) формуласындағы мақсат тауарды сатып алып қайта сату, яғни процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұнда А*=А+а, яғни а -қосымша құн, өсім, немесе капитал. Ал капитал өздігінен өсетін құн немесе қосымша құн беретін құн.
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады. Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса не одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Керісінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі. Крісінше, егер капиталды ұсыну сұраныстан жоғары болса және банктік проценттің деңгейі жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері пропорционалды кемиді.
Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн.
Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:
1. жалған капиталдың өз құны (өте аз) жоқ. Бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың орнында жүреді;
2. бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;
3. жалған капиталдың мөлшері (бағалы қағаздардын сатылатын жиынтық бағасы, яғни бағалы қағаздардын курсы) бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістен нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдын өз мөлшеріне байланысты болады.
Жалған капиталдың пайда болуын К.Маркс "капиталдану" деп атады. Ал капиталдану - мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген ұғым. Жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл келмейді.
Жалған капиталдың қарыз капиталынан да айырмашылығы бар. Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы кағаздар түрінде айналыста болады.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз капиталынан көп және айналыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.
Акционерлік қоғам (бұдан әрі қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз, яғни қоғам шығаратын және олардың түрлері мен санат - категориляларына қарай акционердің дивидендтер, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүліктерінің бір бөлігін иемдену құқығын куәландыратын құжат. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады. Акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде қоғамның қызметіне байланысты зияндарға тәуекел етеді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, "ашық акционерлік қоғам" немес "жабық акционерлік қоғам" деген сөздер немесе тиісінше, "ААҚ" және "ЖАҚ" аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Жабық акционерлік қоғамдардың акциялары өзінің құрылтайшылары мен алдын ала айқындалған адамдар тобының арасында орналастырылады. Жабық қоғам акционерлерінің саны жүзден аспауға тиіс және ол өзі шығаратын акцияларын жабық әдіспен ғана орналастыруға құқылы.
Жабық қоғам акционерлерінің осы қоғамның басқа акционерлері сататын акцияларды сатып алуға артықшылықты құқығы бар. Жабық қоғамның өз акцияларын сатқысы келетін акционері оларды қоғамның басқа акционерлеріне, ал олар бас тартқан жағдайда қоғамның өзіне сатып алуға ұсынуға міндетгі. Сатылатын акцияларды сатып алудын артықшылықты құқығы акциялар сатуға ұсынылған кезден бастап отыз күн бойы акционерлерде сақталады.
Егер акционерлердің ешқайсысы аталған мерзімде осы құқықты пайдаланбаса, ол қоғамға өтеді және онда отыз күн бойы сақталады. Қоғам сатылатын акцияларды сатып алудың артықшылықты құқығын акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін қабылдау жолымен іске асырады. Қоғамның жарғысында сатуға ұсынылған акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын қоғамның акционерлерінде немесе оның өзінде қалдырудың өзге мерзімдері белгіленуі мүмкін, бірақ ол кемінде отыз күн болады.
Қоғам және оның акционерлері акцияларды сатып алудан бас тартқан немесе белгіленген мерзімдер ішінде жауап алмаған жағдайда акционер акцияларды қоғамға және онын қатысушыларына ұсынған бағадан төмен емес құны бойынша үшінші тұлғаларға сатуға құқылы. Сатуға ұсынылған акциялардың бағасын төмендету туралы шешім қабылдаған ретте акционер оларды басқа акционерлерге және (немес) қоғамға сатып алуға қайта ұсынуға міндетті.
Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен айыруға құқылы қоғам ашық акционерлік қоғам деп аталады. Ашық қоғамның акциялары үш түрлі әдіспен, яғни жабық, жеке және ашық орналастырылады. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.
Казіргі уақытта "ҚР-ның акционерлік қоғамдар туралы" заңында бағалы қағаздар нарығында акциялар бағаланатын, активтерінің мөлшері кемінде айлық есепті көрсеткіштің 100000 еселенген мөлшерін құрайтын және акционерлерінің саны 500-ден кем болмайтын ашық қоғам ашық халықтық коғам (бұдан әрі халықтық коғам) болып табылады" делінген. Халықтық қоғам мәртебесін алу тәртібі бағалы қағаздар нарығы туралы заңдармен белгіленген.
ААҚ төмендегі жағдайларға байланысты ашық халықтық қоғам мәртебесін жоғалтады. Егер:
1. Халықтық қоғам мәртебесін алған қоғам акционерлерінің саны алты айдың ішінде бес жүзден кеміп кетсе;
2. Оның активтерінің мөлшері айлық есепті көрсеткіштің 200000 еселенген мөлшерінен кеміп кетсе;
3. Қоғам акцияларының бағалы қағаздар нарығындағы бағалануы тоқтатылса, яғни осы жағдайлардың біреуі пайда болған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін уәкілетті органға хабарлай отырып, халықтық қоғам мәртебесін жоғалтқаны туралы мәлімдеуі тиіс.
Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды тұлғалар қоғамның құрылтайшылары болып есептеледі. Қоғамның құрылтайшысы немесе құрушысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Қоғамның құрылтайшылары оны құруға байланысты ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін туындаған мәселелер бойынша бірлесіп жауап береді. Ал оны жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғам құру туралы шешімді тұлға жеке-дара қабылдайды.
Қоғамды құрушылар құрылтайшы пайдасы түрінде табысты иемденеді. Құрылтайшы пайдасы деген қоғамды құрушылардың акцияларды сатудан алған сомасы мен қоғамды жұмсаған капиталының сомасы арасындағы айырма алатын табысы. Басқаша айтқанда, жалған капитал нақты капиталдар мөлшерінің айырмасы құрылтайшы пайдасы болып есептелінеді. Мысалы, егер нақты капитал (бағалы кағаздардың номинал құны) 200 доллар, ал жалған капитал 1000 доллар болса, онда құрылтайшы пайдасы 800 доллар құрайды (1000 - 200). Бұл пайданы алудың бір тәсілі -капиталдың ажыратылмалы болуы, яғни шығарылған бағалы қағаздар сомасының қоғамға нақты жұмсалған капиталдан көп болуы. Бұл құбылыс мемлекет акционерлік меншікті қанағаттанарсыз реттеп отырған елдерде кең өрістеген.
Құрылтай шарты мен жарғы қоғамның кұжаттары болып табылады. Жалғыз тұлға құрған қоғамның құрылтай кұжаты оның жарғысы болып табылады.
Құрылтай жиналысында құрылтайшылар қоғамды құру туралы шешім қабылдайды, оның жарғысын бекітеді қоғамның органдарын, сондай-ақ қоғамды мемлекеттік тіркеуге арналған құжаттарға қол қоюға және ұсынуға заңдарда белгіленген тәртіппен мүлікті, оның ішінде қоғамның акцияларын төлеуге құрылтайшылар енгізетін мүліктік құқықтарды ақшалай бағалауды жүргізуге уәкілетті адамдарды сайлайды. Құрылтайшылар құрылтай жиналысының хаттамасын және құрылтай шартын жасасып, қол қоюға, сондай-ақ қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері туралы шешім қабылдауға тиіс.
Қоғамның құрылтай жиналысында сайланған органдар қоғам мемлекеттік тіркелгеннен кейінгі акционерлердің бірінші жалпы жиналысына дейін жұмыс істейді. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен қоғам құру заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қоғамның кұрылтай шартында қоғамды кұру туралы шешім, қоғамның үлгісі (ашық, жабық), оның толық және қысқартылған атауы көрсетіледі. Сондай-ақ онда қоғамнын жарияланған жарғылық капиталының ең төмен мөлшері: жабық қоғам үшін айлық есепті көрсеткіштін 100 еселенген, ал ашық қоғам үшін - 5000 еселенген мөлшері түралы жазба болады.
Қоғамның жарғысы заңды тұлға ретіндегі қоғамның мәртебесін айқындайтын құжат. Қоғамды мемлекеттік тіркеу кезінде ол құрылтай құжаты ретінде қарастырылады. Қоғамның орналасқан жері, жарияланған акциялардың әр түрінің саны, санаттары, атаулы кұны, оларды иелену құқықтары туралы мәліметтер көрсетіледі. Жарғыда акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ жалпы жиналысты өткізу туралы акционерлерге хабарлаудың жолдары, яғни осы хабарлар жарияланатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.
Осымен қатар жарғыда қоғам акционерлерінің құқықтары, яғни қоғамды басқаруға қатысуға, дивиденд алуға, коғамның қаржылық есебімен танысуға, ол таратылған жағдайда қалған мүліктің бір бөлігін алуға құқылы екендігі айқындалады. Жарғыда акционерлердің міндеттері де көрсетіледі. Акционер өзіне тиесілі акцияларды сату жөнінде ірі мәміле жасау ниеті туралы қоғамға хабарлауға, тізілімді ұстаушыларға немесе осы акционерге тиесілі акцияларды атаулы ұстаушыға қоғамның акцияларын ұстаушылардың тізілімін жүргізуге қажетті мәліметтердің өзгергендігін он күн ішінде хабарлауға және қоғамның құпия болып табылатын қызметі туралы мәліметтерді жария етпеуге міндетті. АҚ - занды тұлға. Оның органдары:
акционерлердің жалпы жиналысы;
директорлар кеңесі;
алқалы орган немесе басқарма;
тексеру комиссиясы (алқалы немесе жеке-дара тексеруші). Қоғамның жоғары басқару органы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы. Ол қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Акционерлердің жылдық жиналыстан басқа жалпы жиналыстары кезектен тыс болып саналады. Жабық қоғамның жарғысында қоғамды, директорлар кеңесін құрмай-ақ басқару мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда, қоғамды басқару міндеті акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне беріледі.
Акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жататын кейбір мәселелерді айтсақ, олар:
қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
қоғамнын үлгісін өзгерту мен оны ерікті түрде қайта құру және
тарату;
қоғамның басқару органдарын сайлау;
қоғамның жарғылық капиталының мөлшерш өзгерту;
оның жылдық қаржылық есебін және жыл
қорытындысы бойынша дивидендтер мөлшерін бекіту;
қоғамның таза пайдасын бөлу тәртібі, оның облигацияларын
және туынды бағалы қағаздарын шығару шарттары мен тәртібі сияқты көптеген басқа мәселелер.
Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатынасу үшін тіркеу аяқталған кезде жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызын иеленген акционерлер тіркелсе, онда жалпы жиналыс шешім қабылдауға хақылы болып саналады.
Акционерлердің саны жүзден асатын қоғамда, оның жалпы жиналысында құрамы үш адамнан кем болмауға тиіс есеп комиссиясы бекітіледі. Ол жалпы жиналыстың кворумын анықтайды, жиналыста дауыс беру тәртібін түсіндіреді және дауыстарды санап, дауыс беру қорытындыларын шығарады. Акционердің жеке өзі немесе өкілі арқылы жалпы жиналысқа қатысуға және дауыс беруге міндетті. Акционердің өзі жиналысқа қатынаспай оның өкілі қатысса, онда ол заңдарға сәйкес рәсімделген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайды. Дауыс беру "қоғамның бір акциясы бір дауыс" принципі бойынша жүзеге асырылады.
Қоғамның басқару билігі қолында акциялардың бақылау бумасы бар ірі акционерлерде болады. Акциялардың бақылау бумасы деген қоғамда үстемдік беретін акциялардың саны. Ол меншік иесіне қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауына құқық беретін белгілі бір акциялар бумасының қоғамның шығарылған жарғылық капиталының мөлшеріне проценттік арақатынасы. Іс жүзінде акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беретін акциялардың бес және одан да көп процентін иеленген акционерлер шешуші дауысқа ие.
Қоғамның келесі басқару органы - директорлар кеңесі. Оның міндетіне:
қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау;
акционерлердің жылдық және керек жағдайларда кезектен тыс
жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдау;
олардың күн тәртібін бекіту;
қоғам шығарған акцияларды, облигациялар мен өзге де
бағалы қағаздарды сатып алу турапы шешім қабылдау;
таза табысты, резервтік капитал мен қоғамның өзге
қорларының қаражатын пайдалану тәртібін айқындау және сол сияқты көптеген қоғамның жылдық жиналыстары аралығында шешілетін мәселелер жатады.
Ағымдағы қызметке басшылық жасауды, яғни акционерлердің жалпы жиналысының және директорлар кеңесінің шешімдерін қоғамның атқарушы органы жүзеге асырады. Ол алқалы немесе жекедара болуы мүмкін. Алқалы атқарушы органды директорлар кеңесі қоғамның жарғысында көрсетілген санда және мерзімге сайлайды. Атқарушы орган қоғамның атынан іс-қимыл жасайды, оның мүддесін қорғайды, қызметкерлер штаттын шығарып және қоғамның барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар береді.
Қоғамның атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыратын орган - тексеру комиссиясы. Ол кемінде үш мүше құрамында құрылып, бес жыл мерзімге сайланады. Тексеру комиссиясы кез келген уақытта өзінің бастамасымен, акционерлер жалпы жиналысының, қоғамның директорлар кеңесінің тапсырмасы бойынша және акциялардың 10 пайызынан астамын иеленетін акционерлердің талабы бойынша қоғамның атқарушы органының, қызметіне тексеріс жүргізеді.
Қоғам акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес акционерлерге өз табысынан дивиденд төлейді. Дивиденд деген тиесiлi акциялар санына байланысты акционерге төленетін сыйақы. Дивидендтер ақшамен, немесе акционердің келісімімен сол қоғамның бағалы қағаздарымен де төленеді. Қоғам дивидендтер төлеуді тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, не жыл қорытындысы бойынша жариялайды.
Қорыта айтқанда, ашық және халықтық АҚ жыл сайын баспасөз басылымында коғамның жылдық балансын және кірістері мен шығындары туралы есебін жариялауға міндетті. Халықтық қоғам тоқсан аяқталғаннан кейін жиырма күн ішінде балансы және табысы мен зияны туралы есептерді баспасөз басылымында жариялауға және уәкілетті органға беруге тиіс. Қоғам облигациялар шығаратын және орналастырған жағдайда да басылымында өзінің қызметі туралы жариялауға міндетті.
АҚ-дардың көптеген құрылу жолдары бар. Олар -- жұмыс істеп тұрған заңды тұлғаны АҚ түрінде кайта кұру, олардың бірнешеуін біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару және өзгерту. Қоғамды ұйымдастырудың осы айтылған жолдары ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа қоғамның жарғысын бекітуді және органдарын сайлауды жаңадан пайда болған қоғамның ұсынысы бойынша белгілі бір мерзімде өткізілген акционерлердің жалпы жиналысының асыруы қоғамды қайта құру болып есептеледі.
Екі немесе одан да көп қоғамның соңғысының қызметін тоқтатып, барлық мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін өткізу актісіне сәйкес берумен жаңа қоғамның пайда болуы қоғамдардың бірігуі деп аталады. Бірігуге қатысқан әрбір қоғамның барлық өзгерген деректері жаңа қоғамның акционерлеріне баспасөзде жариялау арқылы берілуі тиіс.
Қосылатын қоғамның мүліктерін, құқықтарын және міндеттерін тиісті өткізу актісіне сәйкес басқа қоғамға өткізу және оның қызметінің тоқтатылуы қоғямның косылуы деп танылады.
Қайтадан ұйымдастырылатын қоғамның акцияларын, кейіннен жаңадан құрылатын қоғамдардың акцияларына айырбастаумен осы қоғамның барлық мүліктерін жаңадан пайда болған қоғамдар арасында бөлу арқылы қоғамның барлық мүлкін, құқықтарын және міндеттерін өткізу мен оның қызметін тоқтатуды жүзеге асыру қоғамды бөлу болып танылады. Бұнда бөлінетін қоғамның құқықтары мен міндеттері бөлініс балансына сәйкес жаңадан пайда болған қоғамдарға өтеді. Қоғамнан бөліну нәтижесінде пайда болған қоғамдар қайта ұйымдастырылған қоғамның міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
Қызметін тоқтатпастан қайта ұйымдастырылатын қоғамның мүліктерінің, құқықтарының және міндеттерінің бір бөлігін өткізумен бір немесе бірнеше қоғамды құру қоғамның бөлініп шығуы деп аталады. Егер қоғамның барлық құқықтары мен міндеттері жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе өндірістік кооперативке акт бойынша өткізілсе ол коғамды қайта құру деп танылады.
Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешім несие берушілердің келісімдері бойынша және олардың бақылауымен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады. Таратуды жалпы жиналыстың шешімі тағайындаған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Қоғамды тарату кезінде ең алдымен оның несие берушілерінің талаптары қанағаттандырылады. Несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін таратылатын қоғамның қалған мүлкі акционерлердің арасында төмендегідей кезекпен бөлінеді:
Бірінші кезекте өтелуге тиісті акциялар бойынша төлемдер беріледі;
Екінші кезекте артықшылықты акциялар бойынша есептелген, бірақ төленбеген дивидендтерді төлеу жүзеге асырылады;
Үшінші кезекте артықшылықты акциялардың иелеріне оларға тиесілі акциялардың атаулы құнын өтеу жүргізіледі;
Қалған мүлік барлық акционерлер арасында оларға тиесілі акциялардың атаулы құнына бара-бар түрде бөлінеді. Аталған әрбір кезектің мүліктерін бөлу алдыңғы кезектің мүліктерін бөлу толық аяқталғаннан кейін жүргізіледі.
Бағалы қағаздар түрлері. Акциялар.
Акция - акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияны шығару мына жағдайларға байланысты жүргізіледі:
• жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
• меншікті акцияландырғанда, яғни жұмыс істеп түрған кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда. Сөйтіп, шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық
құны қоғамның жарғылық капиталын құрайды. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды компания кез келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшің жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқы бар. Бірақ бірсыпыра елдердің заңында, егер корпорацияның төлем қабілеті жоқ болса, онда ол акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген де ереже бар. Дәл осы жағдай, егер қайта сатып алу корпорацияның төлем қабілетін нашарлататын болса да қаралған. Заң жүзінде акцияны бөлуге де болады. Айналымдағы әрбір акцияны бірнеше бөлікке бөлуге болады.
Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бір жағынан, бір акционерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
а) Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
ә) Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана керсетіледі.
Корпорацияларға басқару жағынан қолында атаулы акциясы бар акционерлер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың және бағалы қағаздардың қозғалысын, сонымен қатар бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануын, олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе, қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушыға арналған акцияны қолдайды. Себебі еш жерде тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма-қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерге кейбір жағдайда қолбайлау туғызады. Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолдары да әр түрлі:
Біріншіден, сату механизмі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына толтырылған бір сертификат алады. Бұл акцияларды сатқанда сертификаттың сырт жағында екі жақтың қолы қойылған "индоссамент" деген белгі қойылады. Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа иесі акцияларға жаңа сертификат алады.
Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды бір иемденуші тікелей, яғни қолмақол сатып алушыға береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын (тиражын) иемденушілер құқын белгілеу тәртібі де әр түрлі. Бұл туралы атаулы акция иесі корпорациядан хабарландыру хат алса, ал ұсынушы акциясына бұндай механизм жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында қиып алатын купоны (талоны) болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын іске асырады.
Үшіншіден, ұсынушы акциясының номиналы өте жоғары болмайды, бірақ ол көп тиражбен шығарылады, ал атаулы акцияның номиналы әр түрлі мөлшерде бола береді.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша акциялар жай және артықшылықты болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу кұқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар. Құқықтар акция мөлгшеріне сәйкес көлемде жүзеге асырылады.
Әрбір жай акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Әйтседе жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі дивиденд корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты беріледі. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша айтқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивидендтің мөлшеріне күшті өзгерістердің әсер етуі кездейсоқ жәйт емес.
Жай акцияны меншіктенушілердің өкілеттіліктері мыналар:
1. Директорлар кеңесін сайлауға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқықты. Директоратқа сайланғанда кейбір корпорацияның жарғысында кей жағдайда мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрсетілуі тиіс.
Директорлар кеңесі корпорация атынан бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама береді. Ол жыл сайын өтетін жиналысқа мына хабарларды: корпорацияның жылдық есебін; жылдық балансты және таза пайданы бөлу жобасын дайындайды.
Директорлар корпорацияны басқаруды ұйымдастыруға, менеджерлерді жұмысқа қабылдауға және шығаруға, сыйлық белгілеуге жауап береді. Олар капитал құрамының өзгеруін қадағалап, корпорация табысын бөлумен де шұғылданады. Табысты бөлу корпорация меншігін оның акционерлері арасында дивиденд ретінде үлестіру деген ұғым. Бұл туралы директорлар кеңесі хабарлап тұрады, ол компанияның міндеті.
Директорлар кеңесінің басты мақсаты менеджерлердің өз міндетін орындауын қадағалау. Менеджерлердің міндетіне төмендегілер жатады: міндетіне бойсұну, яғни өзінің өкілдік шеңберінде қызмет істеу; адал ниеттілік міндеті; корпорацияға адалдық міндеті. Ондай адалдық мүдделерді таластыруға, директорларға қарыз беруге, корпорацияның мүмкіндіктерін өз пайдасына қолдануға және онымен бәсекелесуге жол бермейді.
2. Дивиденд алу құқығы. Дивиденд мөлшері корпорацияның жылдық айналымына байланысты анықталады. Оны тоқсан сайын (әрбір үш айда бір) төлеуі мүмкін. Дивидендтің бірнеше түрі бар:
• қолма-қол төленетін дивидендтер. Бұл табысты бөлудің ең кең тараған түрі. Ол бір жай акцияға есептеліп төленеді;
• мүліктік дивидендтер. Табысты бөлудің мүліктік нысаны акционердің қолындағы акция санына пропорционалды анықталады. Корпорация дивидендтің бұл типін әдетте өзі жабылу кезінде қолданады;
• акция формасындағы дивидендтер. Бұл қосымша акциялар акционерлер арасында акционерлердің қолындағы бұрынғы акция санына пропорционалды бөлінеді. Дивиденд төлеудің бұл түрі компанияның өзін-өзі қорғап қалуын қамтамасыз етеді.
Қолма-қол төленетін дивидендтер баланстың активі мен пассивін және қолма-қол ақша қаражаты қозғалысы ведомосын тексергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Дивиденд дұрыс төленбеген жағдайда корпорация жауап беруге міндетті. Сонымен бірге, дивиденд акционер табысының тек бір ғана бөлігі. Оның екінші бөлігі акция бағасының өзгеруіне байланысты қалыптасады.
3. Жай акция бойынша меншік құқын басқаға беру. Өзінің үлестік құқын акционер акциясын не сатып, не сыйға беріп, не өсиетке қалдырып жүзеге асырады. Акция кепілдікке де, яғни банктен несие алғанда да, беріледі.
4. Корпорациядағы акционерлердің мүліктік қорғауға дауыс беру құқықы. Бұған, мысалы, жаңа бағалы қағаздар шығару, корпорацияның активтерінің бір бөлігің сату сияқты мәселелер жатады. Активтер болып корпорацияның барлық қозғалмайтын және қозғалатын меншігі: жер, құрылыс, мүлік, қолма-қол қаржы және с.с. есептеледі.
5. Корпорацияның қаржылық есебін тексеру құқы мысалы, акционерлердің реестерін тексеру. Жылма-жыл корпорация президенті әрбір акционерге хат жіберуі тиіс. Акционер баланстың активі мен пассивін, салық ведомосын бақылауы мүмкін.
6. Шектеулі міндет құқы. Басқаша айтқанда, корпорация банкротқа ұшырағанда акция сатып алуға шығарған акционердің ақшасын қайтаруға ешкім кепілдік бермейді.
7. Корпорация жабылған кезде оның активінің бір бөлігін алу құқы, яғни жабылу дивидендтің алу құқығы.
Корпорацияның міндеттерін өтеу тәртібі бойынша, ең алдымен корпорация мемлекеттің және адвокаттардың, содан соң белгілі бір тәртіппен өзіне несие берушілердің, ал ең соңында артықшылықты акция иелерінің және жай акция иелерінің талабын орындайды.
Директорлар кеңесі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, корпорация акционерлерінің жылма-жыл өтетін жиналысында сайланады. Дауыс берудің екі әдісі болады. Тікелей дауыс беру - жай көп дауыс алу деген ұғым. Ол әрбір акционердің қолындағы акция санына тең дауыс беру. Сонымен қатар, дауыс беруде сенімхатты да пайдалануға болады. Акционерлердің жиналысында біреудің акциясы негізінде басқа біреу сенімхатпен дауыс беруіне өкілеттілік алады.
Әрбір корпорация "А" және "Б" сериялы жай акцияларды шығара алады (егер ол оның жарғысына қайшы болмаса). Әлбетте, "А" сериялы акция корпорация құрылтайшыларына, яғни оның жарғысына қол қоюшыларға, ал "Б" сериялы басқа инвесторларға тиесілі. "А" сериялы акцияны иемденушілердің үлкен құқығы және көптеген дивиденд алатын мүмкіндігі бар. Бұл мүмкіндік тәуекелдікке берілген төлем тәрізді. "Б" сериялы акция бойынша дауыс бермейтін акция (олар акционерлерге дауыс құқын бермейді) және дауыс құқы шектеулі акция шығару жағдайлары орын алуда. Көптеген корпорациялар жай акция бойынша номинал кұнын бекітеді. Ол акцияның титулында көрсетіліп, хабарлама сипатында болады. Ол бір акцияға шаққандағы жарғылық капиталдың мөлшерін көрсетеді. Номинал құны акцияның нарықтық бағасының одан әрі қозғалысына ешқандай әсер етпейді. Ол акцияны тек алғашқы орналастырғанда ғана маңызды роль атқарады. Номинал құны - акцияның эмиссиялық бағасы.
Егер акция көпшілікке сатылып кетсе, онда оның бағамын (курсын) сатуға қатысқан барлық инвесторлар қалыптастырады. Акцияның нарықтық бағасын, сатушының төмендеткен төменгі бағасымен және сатып алушының төлейтін жоғары бағасы анықтайды. Акцияның нарықтық бағасын не корпорация, не басқа біреу белгілейді.
Акцияның эмиссиялық және нарықтық бағаларынан басқа, оның баланстық бағасы да болады. Ол қаржы есебінің құжаттары негізінде анықталып, бухгалтерлік немесе "кітаптық" баға деп аталады. Ол активтің таза құнын (корпорация активінен минус оның пассиві) орналастырылған акция санына бөлгенге, немесе бір акцияға келетін акционерлерге тиесілі капиталдың көлеміне тең.
Корпорация жай акцияның номиналын көрсетпей де шығаруға құқығы бар. Онда ол нарықтық бағаммен (курспен) сатылады. Бұл жағдайда акцияның сертификатында компанияның капиталы бірнеше үлеске бөлінгені көрсетіледі. Корпорация жабылғанда 'бұл акциялар акционерлерге активтің белгілі бір бөлігін (номиналдық құнының емес) алуға кепілдік береді.
Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) - меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді. Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылықтар дауыс құқы жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Артықшылықты ақция иемденушісін қорғау үшін акцияның осы түрі бойынша дивидендтер әрқашан жай акциялар бойынша дивидендтер беруден бұрын төленеді. Сондықтан бұл акциялардан гөрі жай акция иемдену қауіптілеу.
Артықшылықты акциялар: номинал құны көрсетілген және көрсетілмеген болып екіге бөлінеді. Бірінші жағдайда дивиденд акцияның номинадына байланысты процент түрінде есептеледі. Ал номиналсыз артықшылықты акциялар сирек кездеседі, оларда дивидендтің нақты ақшалы мөлшері көрсетіледі. Акция номиналының оның нарықтық бағасына әсері жоқ.
Жай акция бойынша төленетін дивидендтер сияқты артықшылықты акция бойынша, да дивидендтер таза пайдадан төленеді. Артықшылықты акция, әдетте атаулы бағалы қағаз. Корпорация бұл акцияның бірнеше сериясын шығаруы мүмкін. Әрбір сериясының әр түрлі көлемдегі артықшылығы бар. Олар әр сериялы акцияның сертификатында көрсетіледі.
Егер корпорация артықшылықты акциялардың бір емес көп сериясын шығаратын болса, онда оның біреуін бірінші артықшылықты деп, ал келесісін - екінші артықшылықты деп анықтауы керек. Соңдықтан осы акциялардың тек бір сериясының басқа серияларынан гөрі артықшылығы мол болады. Ол артықшылық әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады: дивиденд алғанда, активтерді бөлгенде немесе осы екі жағдайды қоса алғанда.
Артықшылықты акциялардың өзі, бірнеше түр тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивтік және кумулятивтік емес, айырбасталатын (конвертируемые) және айырбасталмайтын акциялар. Артықшылықты акциялардың аталған түрлерін шығару мүмкіндігі корпорацияның жарғысында қаралады.
Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарды пайдалануына , байланысты. Олар:
• үстеме пайданы бөлуге қатысу;
• хабарланып, бірақ төленбеген дивиденд алу мүмкіндігіне келешекте қатысу;
• акцияны басқа түріне айырбастау мүмкіндігі.
Қатысушылар артқшылығы өз иемденушісіне үстеме пайданы бөлуге қатысуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпорация жарғысында жай акция бойынша төленетін дивидендтің көлемі белгіленген, ал пайда одан жоғары болса, онда ол артықшылықты акция бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін жоғарылатады. Олардың арасындағы ара қатынасын компанияның өзі белгілейді.
Қатыспаушылар акциясы иесі еш уақытта белгіленген деңгейден артық дивиденд алуға құқы жок. Егер артықшылыкты акциялар кумулятивтік болса, онда бұрын хабарланған, бірақ кейбір себептермен төленбеген, дивидендтер міндетті түрде келесі жылы төленеді.
Ол жай акциялар бойынша дивиденд төлеу хабарланбастан бұрын жүзеге асырылады, яғни төленеді. Кумулятивтік емес акциялар бойынша төленбеген дивидендтерді келесі жылдың дивидендтіне қосуға болмайды.
Айырбасталатын артықшылықты акциялар өз иемденушілеріне кейбір жағдайларда (егер олар корпорация жарғысында көрсетілген болса) осы корпорацияның жай акцияларының белгілі бір мөлшеріне айырбастауына мүмкіндік береді. Айырбастау жөніндегі талап осы типті акция шығарған кезде жазбаша түрде корпорация кітабында көрсетіледі. Артықшылықты акциялардың көбісі өтімді. Ал айырбасталмайтын акциялар өз мәртебесін өзгертуге мүмкіндігі жоқ.
Артықшылықты акциялардың өте сирек кездесетін түр тармағының бірі - дивиденд төлеуі кейін қалдырылған акциялар. Олар корпорация құрылтайшыларына ғана арнап шығарылады. Олар бойынша дивиденд тек жай акциялар бойынша төленетін дивидендтің ең жоғары квотасы төленіп болғасын ғана беріледі. Содан қалғаны атаулы акция иелеріне белінеді. Егер компанияның ісі өрлеп тұрса, бұл акциялар өте тиімді.
Егер компанияның жарғысында оның директорлары корпорация капиталын құруға жеке қатысуы керек делінсе, онда – директорлық квоталы акция деп аталатын артықшылықты акцияның арнаулы түрі шығыралады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде артықшылықты акциялар саны, әлбетте, барлық акциялардың 10%-нан аспайды. Демек, корпорация қаржысында олардың үлесі өте төмен. Дегенмен де, артықшылықты акциялардың корпорация ісін басқаруда маңызы орасан зор. Олар акционерлік қоғамның жиналысында дауыс беретін жай акция иемденушілердің санын өзгертпей-ақ қосымша капитал тартуға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу корпорацияның нәтижелі қызмет істеуіне байланысты болса, ал артықшьшықты акциялар бойынша корпорацияның шаруашылық қызметі нәтижелі болмағанына қарамастан алдын ала жоспарланған кіріс бойынша нақты мөлшерде дивиденд төленеді. Әрине нақты төленген дивиденд жылдық жұмыс нәтижесіне байланысты түскен кіріс мөлшерін өсіруі де мүмкін және керісінше, бөлінген пайданың мөлшерін кемітуі де мүмкін.
4. Лекция тақырыбы: Мемлекеттің валюта жүйесінің құқықтық негіздері.
