- •Лекция тезистері
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты:
- •1. Қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.
- •2. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы, мазмұны және саласы.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.
- •4. Лекцияныњ мазм±ны: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •3. Лекция тақырыбы: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге ақша жүйесін, валюта реттеуді үйрету.
- •Акционерлік қоғамдар. Бағалы қағаздардың пайда болуы.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •4. Лекцияныњ мазм±ны: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •5.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері.
- •5.3. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.
- •5.Лекция тақырыбы: Қаржылық бақылауды құқықтық негіздері.
- •2.Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге қаржылық бақылауды үйрету.
- •1. Сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
- •6.Лекция тақырыбы: Қаржылық бақылаудың әдістері.
- •2.Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге қаржылық бақылаудың әдістерінің жүзеге асырылуын және атқарушы органдардың қызметінің нысандарын түсіндіру.
- •7. Лекция тақырыбы: Бюджет құрылымы.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге бюджет құрылымымен таныстыру.
- •Шет елдердің бюджет құқығынын принциптері мен негіздері
- •Бюджет табыстарын құқықтық реттеу.
- •Үкіметтік қарыздар.
- •8. Лекция тақырыбы: Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару.
- •2. Лекция жоспары:
- •Қаржы саласындағы басқару.
- •Салалар, бірлестіктер, кәсіпорындар каржыларын басқарудың ұйымдық құрылымы.
- •10. Лекция тақырыбы: Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы.
- •2. Лекция жоспары:
- •3 Кесте. Республикалык бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.
- •11. Лекция тақырыбы: Қаржы құқықтық категориясы ретіндегі салық.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •Салық жүйесі.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •2. Алымдар.
- •3. Төлемақылар:
- •4. Мемлекеттік баж.
- •5. Кеден төлемдері:
- •Салық алуды ұйымдастыру.
- •13. Лекция тақырыбы. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері
- •2. Лекцияның жоспары:
- •Банкілік несие шарты.
- •14. Лекция тақырыбы: Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері.
- •2 Лекция жоспары:
- •Банк жүйесін ұйымдастырудың құқықтық ретелуі. Банк қызметінің түсінігі.
- •Коммерциялық банктер.
- •Банкілік несие шарты.
- •Банк есеп шарты.
- •Сақтандыруды ұйымдастырудың құқықтық реттелуі. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.
- •2.1. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •2.2. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-құқықтық қызметін жоспарлау.
- •2.3. Қаржылық - шаруашылық хұқы.
- •5.4. Халықаралық есеп айырысу баланстары.
2. Лекцияның жоспары:
1.Валюта реттеудің ұғымы
2.Міндеттері және әдістері.
3. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері
3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге ақша жүйесін, валюта реттеуді үйрету.
4. Лекцияныњ мазм±ны: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат деумен бірге оны
Валюта, валюта қатынастары және валюта жүйесі.
Валюта ( итальян сөзі, сөзбе –сөз- құн ) - елдің ақша бірлігі , оның
шартты түрі, халықаралық төлем -есеп айырысу айналымның каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру ( күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар , тауарлар тасымалы жағдаиларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда – саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұндаи , машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнер кәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды Интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды , оныңжолындағы кедергілерді жоюды , яғни ішкі сауда- саттықты босаңдатуды талап етті . Өз тауарларының сырқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскрпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуді , сондай – ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымның ұлғаюы- ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатыннастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың- өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына өсу қарқынына зор әсер етті .Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым- қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие леги жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлтық қоғамдық ұдай өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы турақты түрде алемдік нарыққа ұласады және де әрбі егемен мемлекеттін занды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халқаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл алемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекетерге міндетті деп танылған халқаралық несие ақшасынын әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) а қша капиталының бір бөлігінің ұлтық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатнастарында жүзеге асады.
Валюта қатнастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының , қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатнастарының кейбір элементтері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде ) вексель жане айырбаста істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер ( жағымды немесе жағымсыз ) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүесі пайда болды. Валюта жүесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасытын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұймдық-зандылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқы елдің ақша жүйесінің құрамдас бір болегі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қағамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халқаралық төлем айналымын қамтамысыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады.
Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада ( банкнота, монета ) және қолма-қол емес формада (банктік шоттарда ақша қалдығы ) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:ұлттық валюта;ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі турлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген.Оған американдық доллар, немістің маркасы , жапон иені, француздық франк , ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмаитын (тұйық) валюта; валюталық паритеттің бірдейләк ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысты. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР- арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралақ валютамен , бірақ алтын емес , анықталуы мүмкін 70- жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады.
Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы американдық доллардың үлесі шамамен 39 % неміс маркасы -21, жапон иені -18, француздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11% -тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта – еуромен біртіндеп алмастырылмақшы.
Валюта бағымының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі (. Мысалы , Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамен он екі валюта бағамының өзара ауытқу шегі +- 15 % шамасында бекітілген 1995 жылдың екінші жартысында Ресеиде АҚШ –тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб аралығында ал 1997ж 5750-6350 руб болды 1998 ж валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта қаржы дағдарысы кезінде 1998 жылдың тамызынан рубльдің долларға шақандағы бағамы бұл шектен шығып деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді 22.254 Көптеген елдерде валюта бағымының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген
Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген 50 жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте- бірте валюталық шектеуді алып тастаған 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының бабына қосылып саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды
Төрт қосындыдан тұратын ( елдің ресми алтын және валюта резервтері СДР есепшотары еуро (1999 жылдан экю-дың орнына ) ХВҚ резервті позициясы (бағыты ) және сыртқы қарызынан өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекетің халықаралық валюта өтімділігін реттеу
Халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырсу формаларын қолдану тәртібін белгілеу .
Валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі .
Валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы ( орталық банк Қаржы министрлігі арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк Ресейде –валюталық және экспорттық бақлаудың федералдық қызметі)
Әлемдік шаруашылық қатынастардың дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүние жүзілік жән аймақтық валюта жүйелері қалыптас а бастады олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісімен заңды түрде бекітілді.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыруы формасы, яғниол-халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық – шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже- шартардың негізгі міндеті –халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету , саудаға қатысушы фирмалардың іс әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету жалпы валютажүйесі халықаралық экономика және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстың (протекционизм) әрекетеріді түктамырмен құртуға әрекет жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербесроль атқарады. Ол өндірістің даму қарқына халықаралық айырбастың көлеміне , баға саясаты жалақыға әсер етеді. Дүниежүзлік валюта жүйесі елдерде арасындағы ақша-есептесу қатынастарын сондай-ақ қатысушы елдердің әрқаисының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген ұғымға кіретінішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден - бір түрі болып алатын, кейін құйма формасындағы алтын есептеледі алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдердің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие аиналымы құралдарын қолданыла бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар;
әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем)
валюталардың айырбасталуы шарттарын белгілеу;
валюталық паритет пен валюта бағымы тәртібін үйлестіру;
валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
халықаралық валюта өтімділігін құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-дың ЕВҚҚ-1979 жылдан
еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді ,ал 1999 ж .қатардан еуроны енгізді);
халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі
мемлекетаралық реттеу институтының статусы -1944 жылдан Халықаралық валюта қоры бекітілді.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) – дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңбердегі батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым . ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған . Жалпы нарық одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып , 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты - ынтымақтастық процесін ынталандыру еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілк валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылық құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.
