Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R__1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y_l...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
982 Кб
Скачать
☆

2. Лекцияның жоспары:

2. Мемлекеттік баж салығының ұғымы.

3. Салық түрлері. Салық функциялары.

Қазақстан Республикасының салықжүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін қүқықтық нормаларды және салық службасының органдарын кіріктіреді.

Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды кірістіреді:

1. Салықтар:

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жеке табыс салығы.

3. Қосылған құнға салынатын салық.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнау­лы төлемдері.

6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы.

7. Әлеуметтік салық.

8. Жер салығы.

9. Көлік құралдарына салынатын салық.

10. Мүлікке салынатын салық.

11. Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

2. Алымдар.

1. Заңи тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.

3. Жылжымайтын мүлікке құқықтырды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекетгік тіркегені үшін алым.

6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8. Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

9.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

10. Аукциондардан алынатын алым.

11. Консулдық алым.

12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

13.Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым.

3. Төлемақылар:

1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін телемақы.

3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.

4. Мемлекеттік баж.

5. Кеден төлемдері:

1. Кеден бажы.

2. Кеден алымдары.

3. Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы.

4. Алымдар.

Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы "Қазақстан Республикасының бюджет кодексі" мен тиісті қаржы жылына арналған Республикалык бюджет туралы занда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

Сөйтіп, Қазақстанның салық жүйесі салықтардың және басқа міңдетті төлемдердің түрлері бойынша тым сараланған. Салық қатынастарын реттеуші құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде сараланған және тиісті нұсқаулықтарда келтірілген. Салық службасы органдары уәкілетті мемлекеттж орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аймақаралық салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері, сонымен бірге қаржы полициясының бөлімшелері жатады.

Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндеттгі зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

"Салық" және "салық салу" ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда — бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде — экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]