- •Лекция тезистері
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты:
- •1. Қаржының ұғымы. Мемлекеттік қаржының функциялары.
- •2. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы, мазмұны және саласы.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.
- •4. Лекцияныњ мазм±ны: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •3. Лекция тақырыбы: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге ақша жүйесін, валюта реттеуді үйрету.
- •Акционерлік қоғамдар. Бағалы қағаздардың пайда болуы.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •4. Лекцияныњ мазм±ны: Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздері.
- •5.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері.
- •5.3. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі.
- •5.Лекция тақырыбы: Қаржылық бақылауды құқықтық негіздері.
- •2.Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге қаржылық бақылауды үйрету.
- •1. Сызба. Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
- •6.Лекция тақырыбы: Қаржылық бақылаудың әдістері.
- •2.Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге қаржылық бақылаудың әдістерінің жүзеге асырылуын және атқарушы органдардың қызметінің нысандарын түсіндіру.
- •7. Лекция тақырыбы: Бюджет құрылымы.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге бюджет құрылымымен таныстыру.
- •Шет елдердің бюджет құқығынын принциптері мен негіздері
- •Бюджет табыстарын құқықтық реттеу.
- •Үкіметтік қарыздар.
- •8. Лекция тақырыбы: Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару.
- •2. Лекция жоспары:
- •Қаржы саласындағы басқару.
- •Салалар, бірлестіктер, кәсіпорындар каржыларын басқарудың ұйымдық құрылымы.
- •10. Лекция тақырыбы: Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы.
- •2. Лекция жоспары:
- •3 Кесте. Республикалык бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.
- •11. Лекция тақырыбы: Қаржы құқықтық категориясы ретіндегі салық.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •Салық жүйесі.
- •2. Лекцияның жоспары:
- •2. Алымдар.
- •3. Төлемақылар:
- •4. Мемлекеттік баж.
- •5. Кеден төлемдері:
- •Салық алуды ұйымдастыру.
- •13. Лекция тақырыбы. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері
- •2. Лекцияның жоспары:
- •Банкілік несие шарты.
- •14. Лекция тақырыбы: Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері.
- •2 Лекция жоспары:
- •Банк жүйесін ұйымдастырудың құқықтық ретелуі. Банк қызметінің түсінігі.
- •Коммерциялық банктер.
- •Банкілік несие шарты.
- •Банк есеп шарты.
- •Сақтандыруды ұйымдастырудың құқықтық реттелуі. Сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық мәні, оның іс-әрекет сфералары.
- •2.1. Қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері.
- •2.2. Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-құқықтық қызметін жоспарлау.
- •2.3. Қаржылық - шаруашылық хұқы.
- •5.4. Халықаралық есеп айырысу баланстары.
5.Лекция тақырыбы: Қаржылық бақылауды құқықтық негіздері.
2.Лекцияның жоспары:
1. Қаржылық бақылаудың ұғымы, субьектілері, обьектілері, міндеттері, әдістері.
2. Қаржылық бақылаудың жіктелуі.
3. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясы.
3. Лекцияныњ маќсаты: Студенттерге қаржылық бақылауды үйрету.
4. Лекцияныњ мазм±ны: Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді, сондай-ақ экономикалық категория ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекетгік қаржыларды қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру процестерінің заңды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, осы қаржылық қызмет аясындағы уәкілетті қаржылық органдардың қызметтеріне де бақылау жүргізіледі. Сондықтан қаржылық бақылаудың ұғымын екі тұрғыдан түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттің ақша қорларын қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеруді айтамыз.
Қаржылық бақылаудың екінші ұғымы қаржылық қызметке қатысушылардың өз қаржылық міндеттерін орындауларын тексеру жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдардың іс-қимылдары болып табылады.
Қаржылық бақылау әр түрлі негіздер бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Нысандары бойынша:
а) тікелей бақылау;
б) жанама бақылау;
Тікелей бақылау нақты объектісінде алғашқы ақша құжаттарын зерделеу және талдау, ақшаларды қайта есептеу, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгелдеу арқылы жүргізіледі.
Жанама бақылау бойынша, бақылау субъектісі мен объектісі аумақ арқылы бөлінетіндіктен олардың есеп беру және жоспарлау құжаттарын тексеру сырттай сипатта жүзеге асырылады.
2. Жүзеге асыру уақыты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
а) алдын-ала қаржылық бақылау;
ә) ағымдағы қаржылық бақылау;
б) кейінгі қаржылық бақылау.
3. Субъектілері бойынша: арнайы және функциялық қаржылық бақылау.
а) арнайы қаржылық бақылау мемлекеттің арнайы уәкілетті органдары жүзеге асыратын бақылау;
ә) функциялық қаржылық бақылау мемлекеттік органдар жүзеге асыратын және олар үшін қаржылық қызмет пен қаржылық бақылау қызметтерінің бір бағыты ретінде көрініс табатын бақылау.
4. Қаржылық бақылау аясына байланысты:
а) бюджеттік бақылау;
ә) банктік бақылау;
б) сақтандыру бақылауы;
в) валюталық бақылау;
г) салықтық бақылау;
д) қаржылық-шаруашылық бақылауы болып бөлінеді.
Қаржылық бақылауды жүзеге асыру өдістеріне
мыналар жатады:
1. Ревизия.
2. Алғашқы ақша құжаттарын тексеру.
3. Бухгалтерлік есеп тіркеліміндегі жазуларды тексеру.
4. Статистикалық және бухгалтерлік есептеулерді тексеру.
5. Жоспарлар мен сметаларды тексеру.
6. Тексеру кезінде туындаған мәселелер бойынша лауазымды адамдар мен материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардан жазбаша түсініктемелер алу.
7. Негізгі қорларды, нақты ақша қаражаттарын және тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу.
8. Банктер мен басқа да есеп айырысу мекемелеріне ресми сұраныс жасау.
9. Құқық қорғау органдары мен соттардан түскен ақпараттарға талдау жасау.
Қаржылық бақылау әдістерінің ішіндегі ең бастысы ревизия болып табылады. Ревизия дегеніміз тексерілетін объектілердің қаржылық-шаруашылық қызметтерін неғұрлым толық зерттеп тексеру. Ревизияны әр түрлі органдар жүргізеді. Ревизияны бұл органдар жоспар бойынша немесе жоғары органдардың нұсқауы бойынша жүргізеді.
Тексеру объектісі бойынша ревизорлар құжаттық, фактілік, толық, ішінара болып бөлінеді. Ұйымдастыру белгілері бойынша олар -- жоспарлы және жоспардан тыс (азаматтардың арыз-шағымдары бойынша), кешенді болып ажыратылады.
Құжаттық ревизия жүргізілгенде есеп-қисапты, сметаларды ғана емес, әсіресе бастапқы ақшалай құжаттар да тексеріледі (есептер, төлем ведомстволары, ордерлер, чектер, құнды қагаздар).
Фактілік (нақтылы) ревизия тек қана құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолдағы ақша, материалдық игіліктерді де тексеруді білдіреді.
Толық ревизия деп кәсіпорын, ұйым, мекеменің белгілі бір кезеңдегі бүкіл жұмысын тексеруді айтады.
Ішінара ревизия кезінде қаржы-шаруашылық қызметінің кейбір шығындарын, жергілікті органдардың халықтан салық пен сақтық төлемдерді жинауын тексеру.
Тақырыптық ревизия қаржы-шаруашылық қызметінің жекелеген мәселелері бойынша бір түрпатты кәсіпорындар, мекемелер немесе бірнеше министрліктер мен ведомстволарда жүргізіледі. Олар бірқатар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің белгілі бір учаскелерін бір мезгілде тексеріп, осы мәселе жөнінде толық материал алуға, оны талдап, қорытында жасауға нақты ұсыныстар өзірлеуге мүмкіндік береді.
Ревизия өткізу үшін бағдарлама жасалады. Онда ревизияның мақсаты, объектісі, тақырыбы, негізгі мәселелері көрсетіледі. Ревизияның нәтижесі бойынша акті жасалып, оған ревизия тобының жетекшісі, тексерілген ұйымның басшысы, бас бухгалтері жазбаша түрдегі өздерінің ескертпелеріне қол қойып актіге қоса тіркейді.
Ревизия актілері негізінде қаржы тәртібін бұзушылықты жою жөнінде шаралар қабылданып, материалдық нұқсан келтірушілерді жауапқа тарту, мемлекеттік тәртіптің бұзылуының алдын алу хақында ұсыныстар әзірленеді. Ревизиясы тағайындалған шешімдердің орындалуы үшін бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.
Қаржы бақылауы әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүруі мүмкін. Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырату қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігін шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.
Қаржы бақылаудың негізгі принциптері болып табылатын:
-бақылаудың дүркінділігі, жаппайлылығы,
әмбебаптығы бақылаудың алдын алушылық сипаты;
-пәрменділігі, нақтылығы, жариялылығы; бүларға бақылау жүмысы дүрыс ұйымдастырылып, терең негізделген өдістер қолданылып, іс мұқият тексеріліп, накты ұсыныстар жасалса ғана қол жеткізілуі мүмкін;
-бақылаудың әділдігі;
-бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржы бақылауының мазмұнын ашатын негізгі міндеттері:
1. Мемлекет, ұйымдар мен халық алдындағы қаржы міндеттерінің орындалуын тексеру.
2. Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың өздерінің қарамағындағы ақша ресурстарының (бюджеттік және меншікті ресурстардың банкі ссудаларының бюджеттен тыс құжаттардың) дұрыс пайдалануын тексеруі.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің қаражаттарын сақтау, қаржы операцияларын, есептерін жетілдіріп, ережелерін тексеру.
4. Өндірістің ішкі резервтерін анықтау шаруашылықтың рентабельділігін арттыру, еңбек өнімділігін өсіру, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету, материалдық және ақшалай қаражатты үнемді және тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтау.
5. Қаржы тәртібін бұзуды болдырмау және алдын алу. Мұндай жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға белгіленген тәртіппен шаралар қолданылып, мемлекет пен ұйымдар шығындарының етелуі қамтамасыз етіледі. Қаржы тәртібі — бұл мемлекеттің, кәсіпорьшдар мен ұйымдардың ақша қорларын құру, бөлу және пайдаланудың белгіленген тәртібін айқын сақтау деген сөз.
Нарықтық қатынасқа көшу барысында қаржы бақылауы елеулі өзгерістерге ұшырауда.Жаңа экономикалық қатынастар ұдайы бақылауларды қажет етпейді, Үздіксіз бақылау нарықтық қатынасты тежейді, меншік формалары өзгереді, баға ырықтандырылып, экономикалық жағдай дағдарысқа ұшыраған өтпелі кезенде қаржы бақылауын басқару мейлінше қиын. Мұндай жағдайда қаржы тәртіптері, зандары бұзылып, мемлекеттік меншіті талан-таражға салу сияқты келеңсіз құбылыстар белең алады. Сондықтан қаржы бақылауы шаруашылық өмірдегі келеңсіз құбылыстарға тосқауыл қоюы тиіс. Қоғамдық мүдделерді қорғап, мемлекет ұдайы өндіріс процесіне араласады. Мұнда қаржының бақылау қызметі пайдаланылып, формалары мен әдістері жетілдіріп отырады.
Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржы-ны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байла-нысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуы-мен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешілігі — оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: экономикалық заңдар талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңы тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану. Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да біріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың баска түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін. Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға қаражаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3) есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру. Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қагидаттары мыналар болып табылады:
бақылаудың реттілілігі, жаппайлылығы, омбебаптылыгы;
бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік, нақтылық, жариялылық — бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
бақылаудың алаламаушылыгы (біреуге тартпаушылық);
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі
Қаржылық тәртіп — бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашьшық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро- немесе макродеңгейде жүргізіледі.
Макро деңейдегі қаржылық бақылау — бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етуін бақылау. Оның міндеттері мыналар болып табылады:
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылаған қорларын қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамасыз ету;
қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
қаржы ресурстарын неғүрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажетгілігін оңгайлы түрде жөне саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойын-ша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық түрғьща олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады. Эр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың (сметалардың) және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысавдары мен әдістерін жетілдіру жөнінде үсыныстар жасалады.
Биліктің заң шыгарушы органдары мен басқарудың мемлекетгік органдары бүл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау — меншіктің барлық ныса-нындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылыгын қамтамасыз ету;
қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предмет! болып табылады. Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады. Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырма-шылықтарга, бақылау іс-қимылдарын жүгізудің уақытына, бақылауды жүгізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түлері, нысандары, оны жүеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (1 сызбаны қараңыз).
