Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R__1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y_l...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
982 Кб
Скачать
☆

Салық алуды ұйымдастыру.

Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне жатады. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқау қолданылады.

Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.

Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі (единицасы), салық мөлшерлемесі, үлес (квота), салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.

Салықтардың есеп құралдары

Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол — салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға — салық салынушыға аударылуы мүмкін.

Салық салынушылар —нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.

Қазақстанның салық заңнамасында "салық салу объектілері және салық салуға байланысты объектілер" ұғымдары бөліп көрсетілген. Сонымен бірге бұл объектілердің құндық, заттық немесе өзге сипаттамалары болып табылатын "салык базасы ұғымы" бөліп көрсетілген.

Салық төлеушінің салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туын-даған міндеттемесі салықтық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен са­лық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептемесін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.

Салық базасы. Салық базасы — салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.

Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:

табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс са­лығы мен жеке табыс салығы жатады;

тауарларга салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салы­натын салықтарды, кеден баждарын кіріктіреді;

капиталга салынатын салык,. Оған жер салығы, мүлікке салы­натын салык, және басқалары жатады;

Салык, өлшемі — есеп-қисап үшін белгіленген салық объектісін өлшеу бірлігі (тенге, табыс, айналым, т.б., жердің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі және басқалары).

Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.

Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:

тұрақты (берік) салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді (мысалы, мұнайдың 1 тонасына, газдың 1 текше метріне);

үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;

прогресивті салык, мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогресивті салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогресивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді;

регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың есуіне қарай төмендейді және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдардың иығына ауыртпалық түсіреді.

Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

Солықпұл — субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.Салык, жеңілдіктері — заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:

салык, салынбайтын минимум — салық салудан толық босатылатын салық объектісінің ең аз бөлігі;

табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге — халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан — пайдаға салынатын салық бойынша және т.б.);

салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйгарымды жәрдемақы, халықтан алына­тын табыс салыгы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);

салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салык, мөлшерлемесін төмендету.

Салық жеңілдікгеріне сонымен бірге төлеумерзімін ұзарту және салык, бойынша бересіні есептеп шығару да жатады.

Жеңілдік кезеңі -- салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңідціктердің іс-әрекет ететін уақыты.

Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері — билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.

Салықтық бақылау — салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.

Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

  1. салық төлеушілерді тіркеу есебі;

  2. салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді есепке алу;

  3. бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;

  4. қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;

  5. салық тексерістері;

  6. коммерциялық бақылау;

  7. салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;

  8. фискалдық жады бар бақылау-касса машинарларын қолдану ережелері;

  9. акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды белгілеу;

  10. мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;

  11. уәкілетті органдарға бақылау жасау.Кедендік бақылау комитеті өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен бай­ланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексіне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметтер құрайды.

Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]