Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_R__1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y_l...doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
982 Кб
Скачать
☆

5.4. Халықаралық есеп айырысу баланстары.

Кез келгне мелекеттің халықаралық экономикалық , саяси және мәдени қатынастары оның халықаралық есеп айырысу баланстарында жалпы қорытынды көрініс табады.

Халықаралық есеп айырысу баланстары агрегаттық экономикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орыналады, ебебі ол ұлттық табысты елдер арасында қайта бөлуді көрсетеді. Сондықтан жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табысты бөлгенде халықаралық талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептеледі.

Халықаралық есеп айырысу баланнстары - ол бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қарағанда ақшалы талаптары мен міндеттемелерінің және түсімдері мен төлемдерінің арақатысы.

Халықаралық есеп айырысу баланстарының негізгі түрлері мыналар:

  • Төлем балансы;

  • Есеп айырысу балансы;

  • Халықаралық қарыз балансы.

Төлем балансы деген белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттің шетелге төлеген валюталық сомасымен оғна шектелден түскен соманың арақатынасы. Белгілі бір мерзімнің (жыл, тоқсан, ай) және бір күндік төлем балансы болады.

Бір күндік төлем балансы статистикалық көрсеткіш ретінде жарияланбасада, ол белгілі бір датаға орындалуға тиіс төлемдер мен түсімердің арақатысындағы өзгерістерді көрсетеді. Белгілі бір мерзімнің төлем балансы осы уақыт аралығындағы төлем мен түсімдердің арақатысын көрсетіп, мемлекеттің халықаралық экономикалық қатынастардағы өзгерістерін және елдің экономикасының жағдайын білуге көмектеседі.

Егер валюталық түсім төлемнен артық болса онда төлем баланысы активті, ал егер төлем түсімнен артық болса, онда төлем баланысы пассивті деп аталады.

ХВҚ-ның әдістемесі бойынша құралатын төлем баланысы тек жүргізілген түсімдер мен төлемдерді көрсетіп қоймай, сонымен қатар халықаралық талаптар мен міндеттемелер бойынша болашақта орындалатын төлемдерді яғни есеп айырысу баланысының элементтерін де көрсетеді.

Есеп айырысу баланысы деген бір мемлекеттің басқа мемлекеттерге қойған валюталық талаптары мен міндеттемелерінің арақатысы. Бұндай талаптар мен міндеттемелер тауарлар мен қызметтерді экспорттау (импорттау) нәтижесінде сондай-ақ заемдар мен несие бергенде (алғанда) пайда болады. Есеп айырысу баланысы: белгілі бір мерзімнің және белгілі бір датаға деп екіге бөлінеді.

Белгілі бір күнтізбектік (календарлық ) мерзімнің есеп айырысу

баланысының активтік тауарлары бір елдің шетел мемлекеттеріне қойған жаңа талаптарының сомасы мен оның шетелден алған инвеститциясын көсетеді. Пассивтік тауарлары керісінше елдің несие және шетел инвеститциялары бойынша жаңадан туындайтын міндеттемелерін көрсетеді.

Белгілі бір мерзімнің есеп айырысу баланысы бір елдің басқа мемлекетке қойған талаптары мен міндеттемелерін тек өзгеру динамикасын көрсетеді. Ол бойынша елдің жалпы валюта - қаржылық жағдайын айқындауға болмайды.

Елдің халықаралық есеп айырысу позициясын бағалау үшін

Белгілі бір мерзімге ( жылдық басына немесе аяғына ) жасалған есеп айырысу жасалған есеп айырысу балансын алған дұрыс.Ол осы елдің шетелге барлық талаптары мен міндеттемелерінің қай уақытта пайда бағаны және қай уақытта өтелуі керектігіне қарамастан олардың арақатысын көрсетеді. Оның активтік сальдосы ( қалдығы) мемлекеттің несие мен инвестицияны өзіне тартқаннан гөрі басқаға бергендігі және ол несие беруші ретінде болашақта валюталық түсімдерді алтындығын көрсетеді . Белгілі бір датаға жасалған есеп айырысу балансының пассивтік сальдосы мемлекеттің нетто- борышқор ретіндегі позициясын сипаттап, сырттан түсімдермен қамтамасыз етілмеген шетелге болашақтағы төлем мөлшерін көрсетеді.

Төлем балансы мен есеп айырысу баланстарының бір – бірінен негізгі айырмашылықтары төмендегідей:

төлем балансына тек іс - жүзінде жүргізілген түсімдер мен төлемдер кіреді; есеп айырысу балансына елдің шетелге қойған талаптары мен міндеттемелері кіреді;

есеп айырысу балансында барлық алынған және берілген несиелер көрсетіледі, оның ішінде төлем балансына кірмейтін өтелмеген несиелер де көрсетіледі;

төлем және есеп айырысу балансытарының ақырғы сальдосы- активтік немесе пассивтік - бір- біріне сәйкес келмейді, әдетте олар қарама- қарсы болады, себебі несие беруші- елдердің (АҚШ, ГФР, Жапония және т.б. есеп айырысу баланстары активтік болады, ал төлем балансы әлсін-әлсін, әсіресе ағымдағы операциялар бойынша, пссивтік болады. Борышқор елдердің пассивтік есеп айырысу балансы кейде активтік төлем балансымен сай келеді;

төлем балансына тек төленген экспорт және импорт кіргізіледі, ал есеп айырысу балансы болашақта несие алумен төленетін тауар айналымның төленбеген бөлігін қамтиды.

Сөйтіп, төлем және есеп айырысу баланстарының бір- бірінен айырмашылықтары көбінесе халықаралық несие қатынастарының дамуымен айқындалады.

Төлем балансының құрылымын қарастырып өтелік. Операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем балансын негізгі екі бөлімді біріктіреді.

Төлем балансының құрылымы:

І. «Ағымдағы операциялар балансы »

1. Сауда балансы ( сыртқы сауда операциялары бойынша төлемдер мен түсімдер) :

а) экспорт;

ә) импорт.

2. Қызметтер балансы ( халықаралық тасымал, факт (кемемен тасылған жүк үшін төленетін ақы, сақтандыру және т.б.) және комерциялық емес төлемдер ( патент бойынша төлем, техникалық көмек үшін төлем).

ІІ. «Капитал және несие қозғалыстарының балансы»

Сауда балансы - экспорт бойынша түсіммен және импорт бойынша төлемдердің арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса, онда активтік сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық болса ( мысалы, нарықтық экономикаға өтуші мемлекеттерде ) онда сауда балансының пассивтік сальдосы пайда болады.

Өркендеген елдердің (мысалы, АҚШ) сауда балансының тапшылығы бәсекелес мемлекеттердің (Батыс Еуропа, Жапония, Жаңа индустриалды мемлекеттердің) импорттық тауарларын белсенді түрде әкелуінің нәтижесі болуы мүмкін.

Көрсетілген қызметтер балансы (немесе оны « көрінбеитін» операциялардыңбалансы деп те атайды) - ол формасы бойынша да және экономикалық мазмұны бойынша да әр түрлі, сонымен бірге коммерциялық емес операциялар бойынша төлемдер мен түсімдерді біріктіреді. Олардың қатарында: жүк тасымалы, байланыс, сақтандыру, комиссиялық операциялар, халықаралық туризм, іскерлік сапар шегу мәдени айырбас, дипломатиялық және саудалық өкілдіктердің жұмысын ұйымдастыру, лицензия беру, техникалық көмек , лизинг операциялары, қаламақы төлеу, өнер табысы, шетелдегі әскери шығындар және т.с.с. Халықаралық әдістеме бойынша несие бойынша проценттер және шетел инвестициясы бойынша дивидендтер көрсетілген қызмет түрлеріне енгізілген, бірақ экономикаық мазмұны бойынша олар капитал және несие қозғалыстарына жатады.

Бір жақты аударым деген тауар көрсетілген ; оған кіретіндер:

а) мемлекеттік ( елдерге экономикалық көмек ретіндегі субсидия (жәрдем ақша ) зейнетақы халықаралық ұйындарға төленетін жарна )

ә) жеке ( шетел жұмысшыларының жалақысы ). Бұл жеке аударымдар - Италияға, Түркияға, Испанияға, Грецияға Партугалияға, Пәкістанға , Египетке және с.с. басқа да елдерге - валюталық түсімінің көзі. Кейбір өнеркәсібі дамыған елдер үшін (ГФР, Францияға, Швейцарияға, Ұлыбританияға, АҚШ-қа және с.с.) тұтыну аударымы - төлем балансының жетімсіздік тауары.

Капитал және несие қозғалыстарының балансы -ол жеке және мемлекеттік капиталдарды әкелу мен әкету бойынша төлемдермен түсімдердің арақатысы. Кәсіпкерлер капиталының қозғалысы тікелей шетелдік инвестиция ( кәсіпорынға ) және портфеельдік қаржы жұмсау (бағалы қағаздарға ) формасында жүзеге асырылады. Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді несие түрлерінде болады. Мемлекеттердің тұрақсыз валюта - экономикалық жағдайында «ыстық ақшаның» стихиялы қозғалысы пайда болып, капитал жоғарлау табыс табу және сенімді баспана іздеу қозғалысында болады. Төлем балансының осы аталған бөлімінде «қателер және қалдырып кету» деген тарауында статстикалық дәлсіздіктер және есептелмеген операциялар сондай-ақ капиталдың стихиялы қозғалысындағы дәлсіздіктер көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]