Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фчж ответтер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207 Кб
Скачать
☆

Билет №10

  1. Синапстардың жіктелуі.Химиялық синапстармен электрлік синапстар. Олардағы қозу өткізу механизмдеріндегі айырмашылықтар.

«Синапс»  ұғымын ғылымға 1897 жылы ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон енгізді. Синапс  құрылымында негізгі үш бөлімді айырады:1-пресинапстық звеноны немесе  пресинапсты (көп жағдайда ол  аксонның ең ақырғы тармақтарынан тұрады); 2- постсинапстық звеноны немесе пастсинапсты (көбінесе ол келесі нейрон денесі немсе дендрит мембранасының байланыс түзетін аймағы); 3- пресинапс пен постсинапс  арасындағы болар - болмас (10-50 нм-дей болатын) синапстық саңылауды. Пресинапс пен постсинапс мембраналарының бір-біріне дәл (сай) келетін байланыс түзетін аймағы көп жағдайда пресинапстық мембрана немесе мембрана деп те атайды.

Аксон талшылықтарының жасуша денесінде  түзетін синапстарын қандай жасуша бөлімімен байланысуына қарай: аксоматикалық, аксо-дендриттік, аксо-аксональдық, одан басқа әр трлі нейрондар дендриттерінің арасында дендро-дендриттік, нейрон денелерін бір-бірмен байланыстыратың сомато-соматикалық және жасуша денесі мен дендриттер арасыңда сомато-дендриттік синапстар да болады.

Синапстар арқылы қозу өтудің екі механизмін айырады: электрлік және химиялық. Ең көп тарағаны химиялық синапстар, содан соң –электрлік синапстар, ең азы – аралас синапстар. Электрлік механизмді синапстар қарапайым нерв жүйесі бар жануарларда басым болады. Синапстың қай механизм арқылы қозу өткізетіндігі көп жағдайда синапстық саңлаудың диаметрі айқындайды. Химиялық синапстарда оның шамасы 10-20 нм –дей. Пресинапстық тоқ саңылауға жеткенде ондағы төменгі кедергіге байланысты жайылып, күші кемиді де , субсинапстық мембранаға оның небєрі0,0001 бөлігі өтеді. Ал бұл мембраналоық потенциалдың қозу тууға жететіндей өзгерісін өрбіте алмайды. Сол себептен де химиялық синапста қозудың берілуі химиялық заттардың (медиаторлардың) қатысуымен жүзеге асады.

Электрлік синапстардағы саңылау диаметрі 2- 4 нм-ден артпайды. Онымен қоса бұл саңылауларда диаметрі 1-2 нм-дей болатын белокты молекуладан тұратын, пресинапстық мембрана мен субсинпстық мембранаға бойлай еніп оларды өзара байланыстыратын көпіршелер – каналдар болады. Каналдар біраз бейорганикалық иондардың, кейбір майда молекулалардың бір жасушадан екіншілеріне өтуіне көмектеседі. Осындай синапстарда электрлік кедергі өте аз болады да, пресинапстық ток күші әлсіреместен постсинапстық жасушаға өтеді.

Химиялық сиапстарға тән болатын бірнеше функциональдық ерекшеліктер бар: 1. Олар арқылы қозу кешігіп өтеді (сиапстық кешігу), мысалы, жылықандыларда 0,2-0,5 мс. Ал электрлік синапстарда мұндай кешігу болмайды. 2. Химиялық синапс арқылы қозу тек бір бағытта өтеді, өйткені тиісті сигналды жеткізуге тиісті медиатор пресинапстық звенода ғана орналасады. Электрлік синапстарда қозу көбінесе екі бағытта  да өте алады. 3. Химиялық синапстардағы медиаторлар өздерінің табиғатына, қызметіне қарай, постсинапстық (субсинапстық) мембранада қозу да, тежелу де тудыра алады. Электрлік синапстар арқылы тек қозу ғана өте алады, өйткені пресинапстардан нерв импульстері постсинапстық звеноға ылғи да деполяризация толқыны түрінде жетеді.

2.Шартты рефлекстер. Шартты рефлекстерді зерттеу әдісі. Шартты рефлекстердің жасалу механизмдері.

Шартты рефлекстер үлкен ми жарты шаралары әрекетінің нәтижесі болып табылады. Олар шартсыз рефлекстер негізінде қалыптасады. Оның өзіндік дербес құрылымдары  болмайды, ол шартсыз рефлекстерді қамтамасыз ететін құрылымдар арқылы атқарылады. Шартты рефлекс белгілі бір әрекет тудыратын үйреншікті тітіркендіргіштің белгілерінен шартты тітіркендіргіш әсерінен, туындайтын акт. Шартты рефлекс шартгы тітіркендіргіш анализаторы орталығы мен шартсыз рефлекс доғасының орталық бөлімінің арасында уақытша байланыстың пайда болуы нәтижесінде қалыптасады. Шартты рефлекстер арқылы жануар тәжірбие жинақтайды, қорек табады, жауларынан сақтанады, әр түрлі жағымсыз әсерлерден қорғанады.

Шартты рефлексті калыптастыру үшін шартты - бейтарап, өздігінен көзделген реакцияны тудырмайтын тітіркендіргіш әсері шартсыз, нақтылы реакцияны тудыратын тітіркендіргіш әсерінің алдын алу керек. Осыдан ми қыртысында шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталығы қатар қозады да, бірнеше рет қайталанған соң олардың арасында уақытша байланыс пайда болады, демек шартты рефлекс қалыптасады.

Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғашқысы жалпылану (генерааизация), екіншісі - нақыштану, мамандану, сатысы. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер қосарлана қайталанса, алдымен байыптау реакциясы, И. П. Павловтың айтуынша "Бұл  не?" реакциясы байқалады. Мұнда й кезде малдың қимыл-әрекеті тежеліп, ол басын тітіркеңдіргіш көзі орналасқан жаққа бұрып, құлағын тікірейтеді, оның тынысы мен жүрегінің жұмысы өзгереді. Рефлекс қалыптаса келе аталған реакциялар әлсіреп, жойылып кетеді. Шартгы рефлекстің қалыптасуында осы байыптау реакцияларының маңызы зор болады, олар ОЖЖ торшаларының белсеңділігін жоғарылатута мүмкіндік береді.

Алғашында рефлекс тұрақты болмайды. Жауап-реакция тек шартты тітіркендіргішке ғана емес, оған ұқсас тітіркендіргіштерге де туындай береді. Бұл  рефлекстің жалпылану сатысы. Осыдан соң шартты рефлекс бекіп, жауап-реакция тек шартты сигналға ғана қайтарылады. Бұл  рефлекстің нақыштануы.

Барлық шартсыз рефлекстер туа пайда болады, тұқым  қуалайды, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Мысалы, жаңа туған төл енесін емеді, қауыздан жаңа шыққан балапан жем шоқиды т.с.с. Ал, шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым  қуаламайды, ұрпақтан-ұрпаққа берілмейді.

Шартсыз рефлекстер белгілі бір түрге тән рефлекстер. Шартты рефлекс жеке дараққа тән, ол өмір тәжірбиесі болып табылады.

Шартсыз рефлекстер ОЖЖ-нің төменгі бөлімдерінің қатысуымен жүзеге асырылады, ал шартты рефлекс оның жоғары бөлімі - ми қыртысының қатысуымен атқарылады. Ми қыртысын сылып тастаса, шартты рефлекс жойылады.

Шартсыз рефлекс белгілі бір рефлекс өрісінің тітіркенуімен басталады, оның өзіндік доғасы - жолы, болады. Ал, шартты рефлекстің тұрақты рефлекстік өрісі, тұрақты рефлекстік доғасы болмайды, ол шартты тітіркендіргіш сипатына қарай езгеріп отырады. Мысалы, шартты сілекей бөлу рефлексін қоңырау дауысына, шам жарығына, механикалық әсерге т.с.с. қалыптастыруға болады.

Шартсыз рефлекс тұрақты, стереотипті келеді, аз өзгереді, ал шартты рефлекс құбылмалы келеді, пайда болып, жойылып отырады. Шартты рефлекске сигналдық сипат тән, ол туындауға тиісті шартсыз рефлекстің алдын алып отырады.

Шартты рефлекстерді зерттеуге Павлов 1900 ж. кіріскен. Алғашқы кезде экспериментатор иттің қасында отырып, тамақ беруді, тітіркендіргішпен әсер етуді өз қолымен орындаған. Бірақ мұндай жағдайда экспериментатродың әрбір қимылының өзі итке қосымша тітіркендіргіш болып, реакцияның жүрісін я күшейтіп, я әлсіретіп отырған. Осындай бөтен тітіркендіргіштер әсер ете алмау үшін, итті ерекше бөлектенген, дыбыс өткезбейтін камераларда ұстайды. Экспериментатор камераның сыртында отырады. Тамақтандыру, тітіркендіргіштер беру – бәрі механизацияланған, сырттан жасалады. Ерекше баллон арқылы сілекей бөлінуін де сырттан бақылауға мүмкіндік бар. Бір-біріне салыстыруға болатын фактылар алу үшін, итті тамақтандыру тәртібі әр уақытта бірдей болу керек. Тамақты тәжірибеге дейін емес, одан кейін беру қажет. Белгілі бір тітіркендіргіштің әсетінен қозған әрбір рецептор орталық жүйке жүйесіне түсетін афференттік импульстердің көзі болып табылады. Бізге белгілі, шартсыз рефлекстер орындалуы үшін мидың жоғары бөлімінің қатысуы мінтетті емес, оның доғасы төменгі бөлімдер арқылы да өте алады. Дегенмен, ми қыртысы сақталған жануарда қандай шартсыз рефлекс болмасын ол ми сыңарлары қыртысында қозу ошағын тудырады. Егер жай тұрған итке бір бөтен тітіркендіргішпен (индиффренттік) әсер етсе (мысалы, электр шамының жарығымен), онда шартсыз бағдарлау рефлексі байқалады және ми сыңарлары қыртысының көру бөлімінде қозу ошағы туады. Ал электр жарығын жаққан соң тез, 10-30 секундтан соң жануарға тамақ берсе, ми қыртысында екі қозу ошағы туады: бірі – көру ауданында, екіншісі – тамақ орталығында. Шартсыз тітіркендіргіш әсерінен туатын қозу ошағы күштірек болады, сондықтан ол біраз доминанттық роль атқарады. Ол өзін көру ауданында туған қозу ошағын тартады және соңғысының күші теріс индукция заңына сай ілсірейді. Ми қыртысындағы осы екі қозу ошақтарының осындай бір-біріне әсері, (функциональдық өзара әрекеттесу) орталықтарды тітіркендіру тоқталса да, өінің ізін қалдырады. Ал егер олар өз әсерлерін белгілі тәртіппен бір уақытта ұзақ қайталап отырса, осындай өзара функциональдық әрекеттесуден алдыңғы қалған із күшейе береді де (жиынтықталу жүреді), ақырында ол екі ошақтың арасанда бұрын болмаған шартты байланыс орнайды. Бұл байланыстың сыртқы көрінісі шартты рефлекстің жасалуында. Демек бірнеше уақыттан соң шам жағудың өзіне сілекей бөлінеді. Себебі, шартты тітіркендіргішке айналған шамның әсерінен туған қозу тамақ орталығына беріледі, одан эфференттік жолдармен мидың төменгі бөлімдеріндегі тиісті орталықтар арқылы сілекей бездеріне барады. Әрине, бұл отырған механизм өте қарапайым, схемалық. Негізінде әрбір рефлекс көптеген жүйке клеткаларының бір-біріне әсері арқылы орындалады және оның орындалуына бүкіл ағза қатысады деп білу керек. Шартты рефлекстердің механизмін И.П. Павловша түсіндіруден байқалатыны – олардың негізінде уақытша (шартты, тұйықтайтын) байланыс «горизонталь» құрылымды болып келеді және ми қыртысындағы сигналдық (шартты) тітіркендіргіш орталығы мен шартсыз рефлекстің өкілдігіндегі клеткалар арасында тұйықталады.