- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •1.Әрекет потенциалы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Қозу ырғағының трансформациясы.
- •Танымның бірінші сигналдық жүйесі.
- •2)Танымның екінші сигналдық жүйесі:
- •Бауырдың ас қорыту үрдісіне қатысуы.
- •Билет №7
- •Қаңқа еттері, қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктері. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі.
- •2. Қалқанша безінің гормондары. Олардың зат және энергия алмасуындағы, организмнің өсу, дамуындағы мәні. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясы.
- •3. Қан топтары (аво-жүйесі, резус-фактор). Қан құю.
- •Билет №8
- •3. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Синапстардың жіктелуі.Химиялық синапстармен электрлік синапстар. Олардағы қозу өткізу механизмдеріндегі айырмашылықтар.
- •3.Жүрек қызметінің нервтік және гуморальдық реттелуі.
- •Билет №11
- •1Тежелу, орталық нерв жүйесіндегі тежелу,бастапқы тежелу,оның түрлері.
- •2Қалқанша маңы безі ........................
- •3Қанның құрамы мен қасиеті,қан плазмасы,оның химиялық физикалық қасиеті
- •3)Қан құрамы қызметі
- •Билет №12
- •1. Салдарлы тежелу. Сипаттамасы. Түрлері.
- •2. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі. Ұйқы безінің гормондары. Олардың органикалық заттар алмасуын реттеудегі ролі.
- •3. Тыныс алу үрдісінің организмге маңызы. Тыныс алу жүйесіне жалпы сипаттама. Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
- •Билет №13
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Көру талдағышы. Оның бөлімдері. Көздің жалпы құрлысы. Көздің оптикалық жүйесі.
- •Көздің оптикалық жүйесі.
- •3. Ұйқы және ояу күй. Ұйқы механизмдері туралы теориялар. Ұйқы кезеңдері, түрлері.
- •2. Қанның газдар тасымалдау қызметі. Қан мен ұлпа арасындағы газдар алмасуы.
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Нерв талшықтары. Миелинді және миелинсіз талшықтар. Олар арқылы қозудың өткізілуі.
- •Есту талдағышының құрлысына жалпы сипаттама. Дыбысты қабылдау механизмі.
- •Органикалыќ заттар: белок, май, көмірсу алмасуы.
- •Билет №24
- •Билет №25
Билет №25
Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның қыртысының қызметі жатады.Жоғары жүйке әрекеті адам организінің сыртқы ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, ұйқы, түс көру, гиппоз т.с.с. ми сыңарларының негізгі қызметі болып саналады. Шартты рефлекстер әдісі тек сілекей бөлінуді зерттеумен ғана байланысты емес. Павловтың және оның көптеген шәкірттерінің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде шартты рефлекстің кез келген шартсыз рефлекстік реакциясының негізінде де жасалатыны көрсетілді. Мысалы, түтіктің дыбысын электр тогының аяқ терісіне өтетін әсетімен қабаттастыра, ол ауыртатын тітіркендірудің сигналы (шартты тітіркендіргіш) бола алады. Түрліше шартсыз рефлекстер негізінде шартты рефлекс жасаған соң, осы байқалып отырған құбылыстарды жануарлар психикасын, оның ішкі көңіл-сезімін, талдау арқылы түсінуге бола ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа Павлов теріс жауап береді. Ол жануарлардың жоғары нерв әрекетін зерттеу үшін объективтік әдісті пайдаланды. Павловтың шартты рефллекстер туралы ілімінің тек физиология үшін емес, сонымен қатар бүкіл ғылым үшін, оның ішінде философия, психология, педагогика үшін де маңызы бар. Себебі, ол сана сияқты продуктысы бар өте жоғары, ерекше ұйымдасқан материяда болып жатқан процестердің механизмін анықтап, түсіндіреді. Уақытпен шыңдалған бұл ілімнің маңызы осы кезге дейін төмендеген жоқ, қайта көптеген ғалымдардың зерттеуі арқылы кеңейіп, шыңдалып отыр. Жаңа зерттеулер әдістері пайда болысымен – ақ психикалық әрекеттердің шартты рефлекторлы механизмідері одан да тереңірек зерттеліп жатыр. Ол зерттеулер мидың жоғары дәрежедегі қызметіне жаңа көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр. Шартты рефлекстерді зерттеуге Павлов 1900 ж. кіріскен. Алғашқы кезде экспериментатор иттің қасында отырып, тамақ беруді, тітіркендіргішпен әсер етуді өз қолымен орындаған. Бірақ мұндай жағдайда экспериментатродың әрбір қимылының өзі итке қосымша тітіркендіргіш болып, реакцияның жүрісін я күшейтіп, я әлсіретіп отырған. Осындай бөтен тітіркендіргіштер әсер ете алмау үшін, итті ерекше бөлектенген, дыбыс өткезбейтін камераларда ұстайды: Рефлекторлық доға (рефлекторная дуга); (лат. reflexus — шағылысу) — сыртқы және ішкі әсер етуші факторларға организмнің жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке толқынының жүретін жолы.Рефлекторлық доғаны кем дегенде сезімтал, байланыстырғыш (аралық), қозғалтқыш нейроциттер тізбегі құрайды. Рефлекторлық доға қабылдағыш аппараттан (рецептордан), орталыққа тепкіш (афферентті) жолдан, орталықтан (жүйке жүйесіндегі орталықтар нейроциттерден тұрады), орталықтан тепкіш (эфферентті) жолдан, жауап беру мүшесі (эффектор) бөлімдерінен құралады. Қарапайым рефлекторлық доға жұлын арқылы тұйықталады, ал күрделі рефлекторлық доға жүлын және мидың қатысуымен іске асады.[1]
Рефлекторлық доға – рефлексті іске асыратын, спецификалық ұйымдасқан және өзара әрекеттесетін нерв элементтерінің кешені. Рефлекторлыќ доѓаныњ негізгі бес звеносын ажыратады: рецептор; афференттік нервтік жол; рн-ефлекторлыќ орталыќ; эфференттік нервтік жол; эффектор немесе ж±мыс органы. Белгілі бір рефлексті тудыратын тітіркендіргіш әсерін қабылдайтын рецепторлар жиынтығын рефлекстің рецептивтік алаңы деп атайды. Рецептор – тітіркену энергиясын нерв импульс энергиясына айналдыратын сезімтал ќ±рлым. Оларды негізгі 3 топќа бµледі: 1. эксерорецепторлар – тітіркендіруді сыртќы ортадан ќабылдайды; 2. интеро- нмесе висцерорецепторлар - тітіркендіруді организмніњ ішкі ортасынан ќабылдайды; 3. проприорецепторлар – дененіњ кењістіктегі ќалпыныњ µзгерісін ќабылдайды. Ең қарапайым рефлекторлық доға екі нейроннан: афферентік және эфферентік нейрондардан түзеледі, аталыќ нейрон болмайды. Бұларда бір ғана синапс байланыстырады жєне оны моносинапстық доға деп атайды. Бірақ күрделі рефлекстердің барлығында рефлекторлық доғалар көп нейроннан түзеледі, яѓни кµптеген синапстыќ байланыстары болады. Сондықтан оларды полисинапсты доғалар деп атайды.Тітіркендіргіш әсер еткеннен бастап жауап реакциясы туғанға дейінгі уақытты рефлекс уақыты деп атайды. Рефлекс уаќыты тітіркендіргіш к‰шіне, синапстыќ байланыстар санына т.б. байланысты болады. Рефлекстерді бірнеше топтарѓа жіктейді. Биологиялық маңызына қарай рефлекстерді қоректік, қорғану, жыныстық, бағдарлау т.б деп топтап атайды. Рецепция белгісіне қарай экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік деп бөледі. Орындалатын реакцияның сипатына қарап қозғалу, секреторлық, трофикалық, тамыр қозғағыш, висцеромоторлық т.б рефлекстерді айырады. Орталық нерв жүйесінің қай бөлімінің міндетті түрде қатысатындығына байланысты да рефлекстерді жіктейді: жұлын рефлекстер і-жұлын сегменттеріндегі нейрондар қатысуыныњ нєтижесінде орындалады; бульбарлық рефлекстер - сопақша мидың; мезенцефальдық рефлекстер - ортаңғы мидың, диэнцефальдық рефлекстер - аралық мидың; кортикальдық рефлекстер - ми қыртысы нейрондардың міндетті түрде қатысуында орындалады. Организмніњ барлық рефлекстерін шыѓу тегіне ќарай шартсыз және шартты деп үлкен екі топқа бөледі. Қаңқа еттеріне келетін қозғағыш нервтер арқылы іске асатын рефлекстерді сомотикалық деп, симпатикалық және парасимпатиқалық невтер арқылы іске асатындарды вегетативтік рефлекстер деп атайды.Рефлекторлыќ доѓаны тек салыстырмалы т‰рде доѓа ретінде ќарастырады, себебі эффектор мен рефлекторлыќ орталыќ арасында кері байланыс жолы болады. Егер тура байланыс арќылы орталыќ нерв ж‰йесі эффекторрдыњ ќызметін басќарса, кері байланыс арќылы эффектордыњ жаѓдайы туралы мєлімет алады, эффектордыњ жауап реакциясын баѓалайды жєне ќателік кетсе єр уаќыт ‰зіндісінде т‰зету ендіре алады.
Нерв орталығы белгілі бір рефлекстердің жүзеге асуына қажетті және ағзадағы белгілі бір қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын нейрондардың шоғыры болып табылады. Орталық нерв жүйесінде қозу өтудің ерекшіліктері нерв орталықтарын құрайтын нейондар арасыдағы синапстар қасиеттерімен тікелей байланысты. Кері байланыс принципі. Кері байланыстар процестерінің маңызына айрықша мән бергендерінің бірі Н.А.Бернштейн болды. Ол физиологиялық ‰рдістердіњ өздігінен реттелу механизмдерін зерттеу барысында, рефректорлық реакциялар орындалу үшін «рефректорлық шеңбер» керек, ал бұл «шеңбердің» маңызы звеноларының бірі «кері байланыстар» деп есептеледі. Кері байланыс рефлекторлыќ реакцияны баѓалауѓа, ќателік кетсе єр уаќыт ‰зіндісінде т‰зету ендіруге м‰мкіндік береді.
2 Динамикалық стереотип (таптаурын) - белгілі итіркендіргіштер бірқалыпты ұзақ уақыт қайталай берсе, ми қабығында қозу мен тежелү жүйке процестерінің тұрақты бір ізre салынған жүйелері пайда болады. Соның нәтижесінде шартты рефлекстің бекіген жүйесін қайта жаңғыртып отыру көп күш жұмсауды қажет етпейді. Мәселен, егер итке күрделі тітіркендіргіштердің жиынтығына бірнеше рефлекстер туғызылса (қоңырау, метроном т.б.) және олар белгілі тәртіп бойынша жеткілікті түрде қайталанса, кейін осы тітіркендіргіштердің біреуімен ғана әсер етсе болды, ит бұрынғы жауап реакциясының бүкіл жүйесін өзгертпей түгелімен қайта жаңғыртып шығады. Осы секілді үнемі қайталанып отыратын тітіркендіргіштерде организмнің бейімделуін, яғни ми қабығындағы қозу мен тежелу жүйесінің жасалуын И.П.Павлов динамикалық стереотип деп атаған. Адам мінезінің, сезімдері мен әдет-дағдыларының физиологиялық негізінде осы құбылыс жатады. Динамикалық стереотип шартты және шартсыз рефлекстер жүйесінің түрлі жағдайларда тепе-теңдігін сақтап, адамның дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруының физиологиялық негізі. Динамикалық стереотип жоғарғы жүйке қызметіндегі қозғалмалы әрі бейімделген физиологиялық құбылыс немесе шартты рефлекторлық байланыстардың жасалуы және оның тұтастық жүйесінің құрылуы. Динамикалық стереотип адам өмірінде ұзақ уақыт бірыңғай түрлі мамандықта қызмет етуіне байланысты қалыптасады. Ол адамның өміріндегі кейбір жақсы, жаман әдет-мінезінің қалыптасуына да, жұмыста мамандануына да септігін тигізеді. Динамикалық стереотип— көп шартты рефлекстердің тізбегі.[1]
3) Дем алған кезде көкірек қуысы арттан алға қарай, екі бүйірге және жоғарыдан төмен қарай үлкейеді. Арттан алға қарай және екі бүйірге көкірек клеткасының ұлғаюы сыртқы қабырғааралық еттердің жиырылуынан қабырғалармен төс сүйегінің көтерілуі нәтижесінде орындалады. Ал жоғарыдан төмен қарай үлкеюі дем алу кезінде диафрагма жиырылып, оның іш қуысына қарай 3-4 см. төмен түскендігінен болады. Диафрагманың 1 см-ге төмен түсуі көкірек қуысынан 250-300 мл-ге үлкейтеді, олай болса дем алу кезіндегі оның 3-4 см-ге төмен түсуі оны 1000 мл. шамасына үлкейтеді екен. Диафрагма төмен түскенде ол іш қуысындағы органдарды қысатын болғандықтан, дем алу кезінде іште үлкейеді. Көкірек клеткасының кеңеюі нәтижесінде, оны іле- шала қабырғалары созылғыш болғандықтан өкпе де үлкейеді. Созылған өкпедегі альвеолдық қысым атмосфералық қысымнан гөрі төмен түседі. Ал көкірек қуысы герметикалық жабық және сыртқы ортамен тек ауа жүретін жолдары арқылы өкпеге түседі. Осы айтып отырған жағдайды Дондерстің моделі арқылы түсінуге болады. Бұл модель аузы кең, түбінде резина пленкасы бар шыны шөмшек. Шөмшекті аузы тығынмен жабылған. Тығын арқылы те кшыны түтік өтеді. Ал шыны түтіктің төменгі жағына қоянның не мысықтың өкпесін кеңірдігімен қосып байлап қойған. Сөтіп шөлмек герметикалық жабық, сыртқы ортамен қатынаспайды.Тек ондағы өкпе ғана түтік арқылы атмосфералық ауамен жалғасады.Осы шөлмектің резина жарғағын тартсақ, оның көлемі үлкейеді де, ішіндегі қысым атмосфералық қысымнан төмен түседі. Атмосфералық қысыммен шөлмектегі қысымның арасындағы айырмашылық арқасында ауа шөлмекке түсуге ұмтылады. Бірақ ауамен тек шөлмек ішіндегі өкпе ғана қатынаса алғандықтан, ауа өкпеге түсіп, оны созады. Егер шөлмек түбіндегі резинаны қоя берсек, ол өзінің бұрынғы қалпына келеді де, шөомектің аумағы кішірейеді, ондағы қысым артады, өкпе қысылып, ондағы ауа ығыстырылып сыртқа шығарылады. Сөйтіп, бұл модель арқылы ауаның өкпеге түсуі көкірек қуысының ұлғаюының нәтижесі болып табылатын пассивті акт деген ойға келуге болады. Дем шығырудың механизмі. Кәдімгі дем шығару кезінде дем алуды қамтамассыз еткен еттер босайды. Көкірек клеткасы өзінің ауырлығының нәтижесінде бұрынғықалпына келеді. Диафрагма көкірек қуысына қарай жоғары көтеріледі. Көкірек клеткасының, олай болса, өкпенің көлемі кішірейеді, альвеолдардағы қысым көбейеді, нәтижесінде дем алу кезінде өкпеге түскен ауа сыртқа шығарылыды. Күшті дем шығару кезінде іш пресі де қатысады. Бұл кезде іш қабырғалары жиырылып іш органдарын қысады, ал іш органдары диафрагманы қысады,ол жоғары көтеріле түседі де , сыртқа шығарылатын ауа көлемін көбейтеді. Жалпы алғанда, диафрагма қозғалысы өкпе вентиляциясының 70-80 % -ін қамтамасыз етеді. Қалыпты тыныс алуда көкірек клеткасының кеңуі негізінен қабырғалар көтерілуінің есебінен жүрсе, мұны тыныс алудың қабырғалық типі деп атайды. Бұл жағдайда диафрагманың жылжуы белгілі дәрежеде пассивті түрде, көкірек қуысындағы қысым өзгерісіне байланысты жүреді. Тыныс алудың келесі типін құрсақтық деп атайды. Бұл жағдайда диафрагма күшті жиырылады да, құрсақ қуысындағы органдар қысылып, орындарынан жылжиды. Осыдан дем алу кезінде іш қампиып кетеді. Плевралық кеңістіктегі теріс қысым және оның маңызы. Бізге өкпенің герметикалық жабылған көкірек қуысында жататыны мәлім. Осы өкпенің сыртқы қабатың висцеральдық плевра қабаты деп атайды. Ал көкірек клеткасының өкпеге қараған ішкі бетін, диафрагманың көкірек клеткасына қараған бетін жауып жататын қабатты плевраның париетальдық қабаты деп атайды. Плевраның бұл екі қабатының арасында өте тар кеңістік болады да, оны ұйыма сұйықтығы толтырып жатады.Бұл кеңістікте ауа болмайды және ол атмосфералық ауамен еш қатынаспайды. Плевралық қуыстағы қысым, өкпе қабырғаларының серпімділік қасиетінің арқасында атмосфералық қысымнан төмен болады. Себебі, егер ондағы қысым атмосфералық қысымға тең болса, онда өкпеге ауа түспей организм тұңшығып өлер еді. Плевралық қысымның атмосфералық қысымнан кем болатындығынан оны теріс қысым деп атайды. Оның мөлшері өкпеге ауа түсіп, оны кеңейткенде сол ауа қысымнан өкпенің эластикалық (серпімді) тканьдарының келтіретін кедергі күшіне, не болмаса эластикалық күшке тең болады.Өкпенің түскен ауа әсерінен созылуы неғұрлым көп болса, соғұрлым оның ауа қысымына келтіретін кері күші де көп болады. Олай болса, сол кері күшпен өлшенетін теріс қысымның да шамасы көп болады. Егер де атмосфералық қысым 752 мм Hg болып, өкпенің плевралық кеңістіктегі қысым
