- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •1.Әрекет потенциалы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Қозу ырғағының трансформациясы.
- •Танымның бірінші сигналдық жүйесі.
- •2)Танымның екінші сигналдық жүйесі:
- •Бауырдың ас қорыту үрдісіне қатысуы.
- •Билет №7
- •Қаңқа еттері, қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктері. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі.
- •2. Қалқанша безінің гормондары. Олардың зат және энергия алмасуындағы, организмнің өсу, дамуындағы мәні. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясы.
- •3. Қан топтары (аво-жүйесі, резус-фактор). Қан құю.
- •Билет №8
- •3. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Синапстардың жіктелуі.Химиялық синапстармен электрлік синапстар. Олардағы қозу өткізу механизмдеріндегі айырмашылықтар.
- •3.Жүрек қызметінің нервтік және гуморальдық реттелуі.
- •Билет №11
- •1Тежелу, орталық нерв жүйесіндегі тежелу,бастапқы тежелу,оның түрлері.
- •2Қалқанша маңы безі ........................
- •3Қанның құрамы мен қасиеті,қан плазмасы,оның химиялық физикалық қасиеті
- •3)Қан құрамы қызметі
- •Билет №12
- •1. Салдарлы тежелу. Сипаттамасы. Түрлері.
- •2. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі. Ұйқы безінің гормондары. Олардың органикалық заттар алмасуын реттеудегі ролі.
- •3. Тыныс алу үрдісінің организмге маңызы. Тыныс алу жүйесіне жалпы сипаттама. Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
- •Билет №13
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Көру талдағышы. Оның бөлімдері. Көздің жалпы құрлысы. Көздің оптикалық жүйесі.
- •Көздің оптикалық жүйесі.
- •3. Ұйқы және ояу күй. Ұйқы механизмдері туралы теориялар. Ұйқы кезеңдері, түрлері.
- •2. Қанның газдар тасымалдау қызметі. Қан мен ұлпа арасындағы газдар алмасуы.
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Нерв талшықтары. Миелинді және миелинсіз талшықтар. Олар арқылы қозудың өткізілуі.
- •Есту талдағышының құрлысына жалпы сипаттама. Дыбысты қабылдау механизмі.
- •Органикалыќ заттар: белок, май, көмірсу алмасуы.
- •Билет №24
- •Билет №25
Билет №3
1. Орталық нерв жүйесінде биоэлектрлік құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшілік анықталды: тыныштық күйде болғанның өзінде нерв орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі жиіліктегі нерв импульстері шығып шеткі органдарға қарай бағытталып отырады. Сондықтан да олардың тұрақты тонусы (қозу күйі) болады деп есептейді.
Мембраналық жәнеТыныштық потенциалы, олардың пайда болуы Тыныштық потенциалы немесе мембраналық потенциал, деп физиологиялық тыныштық жағдайында жасуша цитоплазмасы мен жасуша аралық сүйықтық арасында байқалатын биоэлектрлік потенциалдар айырмасын айтады. Тыныштық потенциалы жасуша мембранасының сырт және іш жағында калий, натрий жоне хлор иондары концентрациясының тең болмауының және мембрананың осы иондарды өткізу кабілетінің әртүрлі болуының салдарынан туындайды. Нерв және ет жасушаларында тыныштық потенциалының деңгейі 60-90 мВ шама-сында қалыптасады және де, мембрананың сыртқы беткейі оң, ішкі беткейі теріс зарядталады.
Тыныштық жағдайында жасуша мембранасының калий иондары үшін өтімділігі өте жоғары болады. Онымен салыстырғанда натрий иондарының өтімділігі 25 есе, хлор иондарының өтімділігі - 2 есе аз деңгейде сақталады. Осының салдарынан нерв пен ет жасушаларының цитоплазмасында жасуша аралық сүйықпен салыстырғанда калий ион-дары 30-50 есе көп, натрий иондары 8-10 есе, хлор иондары - 50 есе аз болады. Қүрамында диссоциацияланған фосфаттар мен гидроксильдік тоіггардың болуымен байланысты мембрана катион-дармен салыстырғанда аниондарды нашар өткізеді.
Мембраналық теорияға сәйкес тыныштық потенциалы иондардың мембрана арқылы ықпалды және ырықсыз өтуімен байланысты қалыптасады. Иондардың ықпалды (пассивті) қозғалысы олардың концентрациялық градиентіне сәйкес ешқандай қуат шығынынсыз атқарылады. Жасуша ішінде калий иондары еркін күйде болады да, олар концентрациясы көп жақтан концентрациясы аз жаққа өтіп, жасушааралық сүйыққа жайылып кетпей, жасуша ішіндегі аниондар ықпалымен жасуша мембранасының сыртқы беткейінде жинақталады. Жасуша ішінде негізінен органикалық қышқылдар (аспарагин, сірке, пропион т.б. қышқылдар) аниондары шоғырланады. Олар мембрана-дан өте алмайды, сондықтан оның ішкі беткейінде жинақталады. Калий иондары оң, ал аниондар теріс зарядты болғандықтан, мембрананың сыртқы беткейі оң, ішкі беткейі теріс зарядталады.
2Жұлын,Жұлынның алдыңғы және артқы түбірлерінің қызыметі.Жұлын-омыртқа жотасының каналында орналасқан. Жұлын сұр жєне ақ заттан турады. Жұлыннан аралас 31 жұп жұлын нервтері тарайды. Сұр затта шығыңқы жерлер: алдыңғы, артқы жєне бүйір мүйіздері болады. Алдыңғы мүйізден шығатын нерв талшықтары алдыңғы түбірлерді, ал артқы мүйіздерге келетін талшықтар артқы түбірлерді қалыптастырады. XIX ғасырдың басында Белл мен Мажанди импульстер миға жұлынның артқы түбірлері арқылы түсетінін, ал одан алдыңғы түбірлер арқылы шығатындығын анықтады. Алдыңғы түбірлердің құрамына көбінесе қозғағыш нейрондардың аксондары кіреді (қаңқа еттерін жабдықтайтын). Бұлардың денелері жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жатады. Алдыңғы мүйіздің төмен бөлімінде аксондары тоқ ішекке, тік ішекке, қуыққа және тыныс органдарына баратын майда жасушалар жатады. Осымен қатар кеуде және жоғарғы бел омыртқалар тұсында алдыңғы түбірлер құрамына жасушаларры сұр заттың орталық бөлімінің сыртқы шетінде жататын эффетенттік аксондар кіреді. Артқы түбірлердің құрамына денесі сол түбірдің өзінде орналасып омыртқалық түйін деп аталатын біраз жуандаған эфференттік нейрондардың талшықтары кіреді.Жұлын негізгі 2 қызметті атқарады: 1. өткізгіштік 2. рефлекторлық. Жұлынның көлденең кесіндісінен оның көпшілік бөлігін ақ зат жиынтығы алып жатқаны көрінеді. Олар өткізгіш жолдарды құрайды: импульсті миға қарай өткізетін жоғары кететін жєне импульсті кері бағытта алып жүретін төмен кететін жолдар. Жоғары кететін жолдар: 1. Жұлыннан миға Голл мен Бурдах шоғыры кетеді. Олар арқылы терідегі, еттердегі. Сіңірлердегі рецепторлардан миға импульстер өтеді. 2. Артқы мишық жолы (Флексиг шоғыры). Ол жұлынның артқы мұйізінің негізінде жатқан жасушалардан басталып, қозуды жұлын түйінінде жатқан нейрондардан алады. 3. Алдыңғы мишық жолы (Говерс шоғыры). Ол да мишыққа барады. Флексиг пен Говерстің шоғырына импульстер ет, сіңір, буын рецепторларынан келеді. 4. Сұр заттың дорзальдық мүйізінен шығып көру төмпешіктеріне келіп бітетін жұлын-таламикалық жолдар. Бұлар арқылы температура, ауырсыну, сипап-сезу сияқты тітіркенуден пайда болған импульстер өтеді. Төмен кететін жолдарға: а) пирамидалық; б) руброжұлын (Моноков шоғыры); в) вестибулярлық шоғыр т.б жатады. Пирамидалық жолдар ми қыртысының қозғағыш аудандарынан шығып ми аяқшасы арқылы мидың төменгі бөлімдеріне келеді. Сопақша мидың төменгі бөлімінде бұл жолдардың көпшілік талшықтары қиылысып, қарама-қарсы жаққа өтеді. Пирамидалық жолдар мидан жұлынның қозғалыс орталықтарына қозу толқынын жеткізіп отырады: бұдан ипмульстер еттерге барады. Пирамидалық жол адамдарда жануарлармен салыстырғанда күшті дамыған. Оның талшығының жартысынан көбі қолдың қозғағыш нейрондарына қарай бағытталады – бұл, шамасы, қолдың ерекше қимыл қызметін атқаратындығына байланысты болуы керек. Пирамидалық жол арқылы қозу өтудің тоқтауы адамда қол қимылын жасау мүмкіндігін жоғалтуына єкеледі. Ал жануарларда, мысалы, итте мұндай жағдайда қозғалу функциясы аз-ақ бұзылады. Маймылда қозғалу алғашқы бұзылғанмен, кейін жарым-жартылай қайта қалпына келеді.
Руброжұлын ортаңғы мидың қызыл ядроларынан басталады. Ми көпірінде олар бір-бірімен түйісіп, екі жаққа өтеді. Олар ет тонусын реттеуге қатысады.Сопақша мидың Дейтерс ядросынан вестибулярлық шоғыр кетеді. Оның талшықтары түйіспей сопақша ми және жұлын арқылы өтеді. Олар дененің тепе-теңдігін сақтауға қатысады.
әр түрлі тєжірибелік зерттеулер жұлында көптеген рефлекстердің орталықтарының бар екендігін көрсетті. Мысалға, аяқтарды тартып алу, ию, жазу тағы сол сияқты қарапайым қозғалыстардың орталықтары орналасқан. Адам өмірі үшін маңызды зєр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, т.с.с. рефлекстер де, дене бұлшық еттерінің тонусын сақтауға мүмкіндік беретін рефлекстер де жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады.
3Астың қарында қорытылуыАсқазан сөлінің құрамы мен қасиеттері..Қарында қабылданған қорек механикалық және химиялық өңңеуден өтеді, ісініп бөрітеді, сұйылып ериді, сілекей мен қарын сөлінің әсерінен ыдырай (қорытыла) бастайды. Қарында қышқылдық орта қалыптасады да, қоректік заттар ыдыраудың тек алғашқы сатыларынан өтеді. Бірақ химиялық процестердің үстірттігіне қарамай, қарыңдағы өңдеу деңгейінің қоректің дұрыс қорытылын, сіңуі үшін рөлі өте зор. Қарыңдағы әрекетшіл орта қарын сөлінің құрамында түз қышқылының болуына байланысты қалыптасады. Тұз қышқылының қарындағы ас қорытуда маңызы зор. Ол бұйығы ферменг пепсиногенді белсенді фермент пепсинге айналдырады; белоктарды ісшдіріп, олардың құрылысы н бүзады да (денатурация), қорьпылуын жеңілдетеді; гастриннің бөлінуін тежеп, секретиннің бөлінуін күшейтеді; қарын сөліне бактерицидтік қасиет береді; пилорус рефлексін реттейді.Қарын сөлінің құрамында белоктар мен майларды ыдырататын ферменттер болады. Бұл ферменттердің әсерімен белоктар өздерінің аралық өнімдері - альбумозалар мен пептондарға, ал майлар - глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды. Қарын сөлінің құрамында көмірсуларды ыдырататын ферменттер болмайды. Қарын сөлі деп қарын бездері мен қарынның кілегей қабығының жабынды эпителийінің әрекеті нәтижесінде бөлінетін өнімдерді айтады. Қарын сөлі құрамында белоктар, полипептидтер, мукопротеидтер, несепнәр, зәр қышқылы, амин қышқылдары, ферменттер (пепсин, гастриксин, химозин, желатиназа, липаза), шырыш және натрий, калий, магний, НСО3, НРО4, түрінде анорганикалық заттар болады.
Адам тәулігіне 1,5-2 л қарын сөлін бөледі. Қарын сөлі құрамыңдағы шырыш қарынның кілегей қабығын әр түрлі механикалық, химиялық зақымданудан сақтайды, қарын қабырғасын сөл құрамы ндағы ферменттердің әсерімен өздігінен қорытылып кетуден қорғаңды.Аш қарын жағдайында тек шырыш пен пилорус сөлі бөлінеді. Ал, қарын түбінің сөлі тек тамақтану (азықтану) үстінде арнаулы қоздырғыш заттардың әсерімен бөлінеді. Қарын бездерінің сөл бөлу қабілеті қорек сипатына бейімделе өзтеріп отырады.
Қарын бездерінің қызметі күрделі рефлекс арқылы және нейро-гуморальдық жолмен реттеледі.
