Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фчж ответтер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207 Кб
Скачать
☆

Билет №18

Үлкен ми сыңарлары сопақшамидың аз ғанабөлігі мен мишықтанбасқамидыңбарлықбөлімдерінжауыптұрады. Ми сыңарларының ақзатыішкіжағындақыртыстыңастындаболады. Ақзатыжүйкеталшықтарынантүзіледі. Ми сыңарларыныңбетітегісболмай, жүлгелі, қатпарлыболады. Әсіресе, тереңжүлгелер ми сыңарларынжекебөліктергебөледі. Жүлгелердіңарасықатпарлыболыпкеледі. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Ми сыңарларындаіші ми сұйықтығына толы 2 қуыс (ми қарыншалары) болады. Олсұйықтықұсаққантамырларыменқосылып, жүйкежүйесіндегізаталмасудықамтамасызетеді, жүйкежасушаларынқорғайды

Үлкен ми сыңарларының қатпарлары ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Сезу - қимылаймағымаңдай, төбебөліктеріндеорналасқан. Мұнда аяқ, тұлға, қол, мойын, тіл,бет, ерінді қозғалтужәнесөйлеуорталығыболады. Көруаймағы - шүйдебөлігінде, оданкөружүйкелеріарқылы козу өтеді. Естуаймағы - самайбөлігінде; дәмсезу, иіссезуаймағы - маңдайбөлігініңішкіжағында. Артқыорталыққатпарда - тері, буын-бұлшықет, сезуаймағы бар. Денегеыстық, суықпенәсереткендеқайтаратынжауабы (қолдытартыпалу) осы аймаққабайланысты. Адамдағы психикалық әрекеттер (естесақтау, сөйлеу, ойлаужәнет. б.) ми сыңарларыныңбарлықаймақтарыменбайланысты. Жүйкеауруларын емдейтіндәрігерді невропатолог (невролог) дейді.Қыртыстың жалпы ауданы 2200 см2, жалпы көлемі 300 см3; 30 %-йірімдердің үсті, 70 %-олардың бүйірлік беттері. Осы жерде 109-1010 санды нейрондар, олардан 10 есе көп глиалды жасушалар орналасады.

Қыртыстың нейрондарыныңбәрі мультиполярлы, пішініне байланысты екі топқа бөлінеді: пирамидалық және пирамидалық емес. Кейінгілерге жұлдыз тәрізді, ұршық тәрізді тағы басқа нейрондар жатады.

Мидан 12 жұп жүйке тарайды. Оныңалдыңғыекеуіүлкен ми сыңарларынан, қалған 10 жұбымидыңбасқабөлімдерініңсұрзатынанбасталады. Олжүйкелер - иіссезу, көру, есту, көздіқозғалтужәне т. б. депаталады.

Қазіргікездемедициналықзерттеужұмыстарындамидыңжұмысістеубелсенділігінанықтауүшін электроэнцефалография әдісіқолданылады. Мидыңжұмысынжәнеондағыөзгерістердіңырғағынжазыпалуды электроэнцефалограмма (ЭЭГ) депатайды. Оны электроэнцефалографаспабыарқылыжазыпалады.Электроэнцефалограмма жүйкежасушаларыныңбелсенділігінжәнеаурудың болу себептерінанықтауғакөмектеседі.

Архитектоникалықөріс (Архитектонические поля) — бірінен-біріжүйкеторшалары мен талшықтарыжəнеолардыңөзараорналасуысипатыменерекшеленетін ми қыртысыныңжекебөліктері.Бас миының цитоархитектоникасы(осындай бирдеме шыкты келема билмим). нейрондар қыртыста қалыптасқан тәртіптен орналасқан, олар бойлай орналасқан (горизонталды) алты қабатты түзейді:I. Молекулярлық қабат- қыртыстың ең сыртқы қабаты. Қыртыстың үстіңгі бетіне параллельді қалың тангенциалды жүйкелік талшықтардың өрімі бар. Бұл талшықтардың негізін астыңғы қабаттардың пирамидалық нейрондарының тармақталған апикалды дендриттері құрайды. Таламустың ядроларының афферентті таламокортикалдық талшықтары да осында келіп, қыртыс нейрондарының қозу денгейін реттейді. Молекулярлық қабатта негізінен ұршық тәрізді ендірме нейрондар (Рамон және Кахаль жасушалары) анықталады. Олардың да аксондары тангенциалды өрімнің құрамына кіреді де, төменгі қабаттың нейрондарына қозуды жеткізеді. Қабатта нейрондардан басқа глиалдық жасушалар болады.

II. Сыртқы түйіршікті қабаткөптеген жұлдыз тәрізді жасушалардан құралады, ал төменгі бөлігінде кіші пирамидалық нейрондар пайда болады. Бұл қабаттың нейрондарының апикалдық дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріліп таламокартикалдық жүйкелік талшықтармен синапстар түзейді. Бүйірлік дендриттер осы қабаттың өзінде көрші нейрондармен байланыс құрайды. Аксондары үшінші, бесінші, алтыншы қабаттарға барып синапстар түзейді, олардан шыққан коллатералдар кері қайтып, молекулярлық қабатқа барады. Қабат көбінесе ассоциативтік қызмет атқарып, қыртыстың сенсорлық және ассоциативтік аймақтарында жақсы дамып жетіледі.

III. Пирамидалық қабаторташа көлемді пирамидалық нейрондардан тұрады. Олардың көлемі қабаттың тереңіне қарай ұлғая түседі. Нейрондардың ден-дриттері екінші қабаттағыдай бағытталған. Аксондары ассоциативті жүй-келік талшықтарды құрайды. Олар не төменгі қабаттардың нейрондарымен байланысады, немесе ақ зат арқылы қыртыстың көрші аймақтарына барып, осы қабаттың өзінің нейрондарымен синапс түзейді.

IV. Ішкі түйіршікті қабаттакөптеген жұлдыз тәрізді нейрондар және ұсақ пирамидалық жасушалар анықталады. Бұл жерде орналасқан нейрондар қыз-меті бойынша сенсорлық болып келеді. Олар басқа типті нейрондармен көп-теген ассоциативті байланыстарды түзейді. Бұл жерде талаомокортикалды жүйкелік талшықтардың көбі аяқталады. Бұл талшықтар тығыз қабат құрап, сыртқы Белларже жолағы деп аталады. Қабат көру, есту аймақтарында өте жақсы дамып жетілген, ал моторлық аймақтарда жоққа тән.

V. Ганглионарлық қабатірі пирамидалық нейрондармен немесе Бец жасушаларымен берілген. Бұлар ірі нейрондар, көбінесе қыртыстың моторлық аймағында кездеседі. Олардың апикалдық дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріліп көп тармақталады. Бүйірлік дендриттер көрші Бец жасушасымен байланыс құрайды. Аксондары ақ затқа өтіп кортикоспиналды (пирамидалық) және кортикобульбарлық өткізу жолдарын құрайды. Аксондары басқа Бец жасушаларына коллатералдар бере алады.

VI. Полиморфты жасушалар қабатынемесе ұршықша пішінді жасушалар қабаты. Бұл жерде, сондай-ақ, пирамидалық, жұлдызшалы нейрондар болады. Махтиготти жасушасы және тағы басқа жасушалар бар. Бұл қабаттың нейрондарының дендриттері молекулярлық қабатқа көтеріледі және қыртыстан келетін эфферентті (кортикоталамикалық) жолды құрайды. Мартиготти жасушасы басқалармен салыстырғанда кері бағытталған. Олардың аксоны молекулярлық қабатқа көтеріліп, қабаттың басқа нейрондарымен синапстар құрайды, ал дендриттері өз қабатының нейрондарының аксондарымен байланысады. Жасушалар тежегіш нейрондар болып табылады.

Үлкен жарты шарлар мидың филогенездегі ең жас, бірақ ең күрделі бөлігі, ол экрандық типті жүйке орталығы болып табылады. Онда бүкіл сенсорлық мәлімет өңделеді, оған жауап қалыптастырылып, қимыл бұйрықтары және бүкіл құлық пішіндерінің интеграциясы жүреді. Үлкен жарты шарлар жоғары жүйкелік әрекетке жауапты (сана, ойлау, есте сақтау, эвристика тағы басқалар).Қазір сенсомоторлық қыртыстың әрбір колоннасының құрамына бірнеше морфологиялық микромодуль кіреді деп есептеледі. Микромодульге бес - алты ұялай орналасқан нейрондар біріктірілген. Оның құрамына апикалдық дендриттері бір-біріне өте тығыз жақындасып шоғыр құраған, бірнеше пирамидалық жасушалар кіреді. Осы шоғырдың шеңберінде ұйымның синхронды жұмысын қамтамасыз ететін электрлік синапстар болады. Пирамидалық жасушаларға жұлдыз тәрізді жасушалар жақындай тығыз орналасқан. Олармен микромодульге келіп кіретін таламокортикалды және кортикокортикалды жүйкелік талшықтар байланыстар құрайды. Жұлдыз тәрізді нейрондардың кейбіреуі тежегіш, кейбіреуі - қоздырушылық қызмет атқарады. Пирамидалық жасушалардың аксондары модуль шеңберінде тежеуіш немесе белсендіру ықпалын жасайтын, кері қайтушы коллатералдарды береді.

Бірнеше құрылымдық микромодульдер, таламокортикалды жүйкелік талшықтар терминалінің горизонтальды тармақталуының және жұлдыз тәрізді нейрондардың аксондарымен біріктірілуінің нәтижесінде макроколоннаны немесе макромодульді түзейді. Әрбір колонна қызметтік бірегейлігімен сипатталады, бұл бүкіл нейрондардың бір модальдық тітіркендіргішке жауап беруімен анықталады. Сонымен, колоннада үш негізгі бөлікті ажыратады: 1) кіріс - сенсорлық басты коллектор таламустан немесе басқа қыртыс аймақтарынан мәлімет әкелетін таломокортикалды немесе кортикокортикалды талшықтар; 2) мәліметті өңдеу аймағы – бір-бірімен тежегіш немесе белсендіруші синапстармен байланыстырылған пирамидалық және жұлдыз тәрізді жасушалар; 3) шығыс– пирамидалық жасушалардың аксондары. Орташа көлемді үшінші қабаттың пирамидалық жасушаларының аксондары көбінесе көрші колонналармен және қарамақарсы жартышарлардың колонналарымен байланысады, ал үлкен және өте ірі (гигантты) бесінші қабаттың пирамидалық нейрондарының аксондары қыртыс асты орталықтарға немесе жұлынға барады да, алтыншы қабаттың жасушаларының аксондарымен бірігіп қыртыстың эфферентті шығыстарын түзейді.

Құрылымдық колонналар қызметтік колонналарға бірігіп, рефлекторлық әрекеттің белгілі бір түріне жауап береді. Адамды әр түрлі әрекеттерге үйрету көптеген функционалдық колонналардың түзелуімен жүреді.

2Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан. Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады.

Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты.

Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті.

Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады.

Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады.

3Асқорыту жолында қоректік заттардың сіңірілуіСіңіру деп әр турлі заттардың Жасушалар қабаты мен Жасушааралық саңлаулар аркылы қан мен лимфаға өтуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесті айтады, Сіңіру процесі дененің барлық ұлпаларында орын алады, дегенмен оны атқаруға құрылысы мен қызметіне байланысты ас қорыту жолының эпителийі жақсы бейімделген. Сіңіру процесін қамтамасыз етуде Жасуша мембранасы мен Жасушааралық заттар маңызды рөл атқарады. Қазіргі кездегі деректерге сәйкес қоректік заттарды сіңіру процесі үш түрлі жолмен атқарылады. Су, аммиак, түрлі дәрілер, бөгде заттар физика заңдылықтары (осмос, сүзілу (филыпрация), диффузия) негізінде сіңіріледі. Бұл құбылысқа Жасуша мембранасыңда мөлшері 4 ангстрем шамасында майда жасушалардың болуы мумкіндік береді. Қоректік заттардың біраз бөлігі пиноцитоз құбылысы нәтижесінде  сіңіріледі. Бұл жағдайда оларды жеке Жасушалар қарбып алып, одан әрі ішкі ортаға өткізеді. Пиноцитоз құбылысы әсіресе жаңа туған жас организмде кең орын алады. Осының нәтижесінде уыз құрамындағы жоғары молекулалы глобулиндер ішектің кілегейлі қабығынан еш өзгеріссіз табиғи күйінде өтеді. Ішектің кілегейлі қабығынан жұмыртқа мен сут кұрамындағы белоктар да өзгеріссіз өтеді. Ас қорыту жолының түрлі бөлімінің сіңіру қабілеті әр түрлі. Ауыз қуысында сіңіру процесі айтарлықтай жүрмейді, мүнда тек кейбір дәрілер ғана сіңеді. Қарында да сіңіру процесі онша қарқынды болмайды. Бұл жерде негізінен су, кейбір минералды заттар, глюкоза, спирт сіңеді. Қоректік заттардың ыдырау өнімдері күйіс малының алдыңғы қарнында қарқынды сіңіріледі. Сіңіру процесі ұлтабар ұшында  да (жіңішке ішекте) онша қарқынды жүрмейді. Қоректік заттар негізінең аш және мықын ішекте сіңіріледі. Оған ішектің кілегейлі қабығының құрылым ерекшеліктері мен ащы ішекте денеге жеңіл сіңетін ыдырау өнімдерінің түзілуі мүмкіндік береді. Ішектің әр бөлімінде қоректік заттардың сіңірілу қарқыны әр түрлі болады. Белоктар мен нуклепротеидтер аш ішек пен мықын ішекте қорытылып, сіңіріледі; көмірсулар, минералды заттар, дәрмеңдәрілер ұлтабар ұшы мен аш ішектің алдыңғы бөлімдеріңде, майлар аш ішектің ортаңғы бөліктерінде қорытылын, сіндріледі. Өт қышқылының тұздары мен натрий иондары мықын ішекге сіңіріледі.

Көмірсулардың ыңырау өнімдері қанға глюкоза, фруктоза, галактоза түріңде сіңіріледі. Глюкоза мен фруктоза оңай фосфорланатын қасиеттеріне байланысты қанға шапшаң сіңеді. Аталған өнімдер ырықсыз (белсенді) тасымалдау нәтижесінде, ал басқа моносахаридтер – диффузия  арқылы сіңеді. Күйіс малында көмірсулардың ыдырау өнімдері қарында ҮМҚ, ал аш ішекге - моносахаридтер түрінде сіңеді.Майлар - глицерин мен май қышқылдары, немесе май эмульсиясы түрінде сіңіріледі. Глицерин суда жақсы еритін болғаңцықтан оңай сіңіріледі. Май қышқылдары суда ерімейді, сондықтан олардың сіңуі үшін өт қышқылдары қажет. Орташа ұзындықты тізбектен құралған май қышқылдары (С12) өт қышқылдарының қатысуымен тікелей қанға сіңеді. Ұзынтізбекті май қышқылдары, моно-, диглецеридтер, холестерин өт қышқылымен қосылыс түзген соң тасымалдаушылар әрекетінің арқасында эпителиоциттерге өтеді. Бейтарап майлар да мембрана арқылы эпителиоциттерге сіңеді. Бұл Жасушаларда үш глицеридтер қайта түзіліп, май тамшылары липопротеиті қабыкпен қапталады да, хиломикрон түзіледі. Хиломикрон құрамында 87 % үшглицеридтер, 7 % фосфаттар, 1 % белок, 5 % холестерин болады. Хило-микрондар лимфаға сіңеді. Азотты заттардың ыдырау өнімдері ішектен негізінен амин қышқылдары, кей жағдайда майда молекулалы полипептидтер түрінде қанға сіңіріледі. Амин қышқылдарының сіңу жылдамдығы әр түрлі болады. Оның себебі тасымалдаушының бір түрі әр текті амин қышқылдарының тасымалдануын қамтамасыз етеді, осыдан жеке амин қышқылдары арасыңда бәсекелестік байқалады.

Тоқ ішекте сіңіру процесі аяқталады. Ас қорыту жолының бұл белімінде су, ҮМҚ, моносахаридтер, амин қышқылдары, аммиак, т.б. заттар сіңіріледі.