- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •1.Әрекет потенциалы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Қозу ырғағының трансформациясы.
- •Танымның бірінші сигналдық жүйесі.
- •2)Танымның екінші сигналдық жүйесі:
- •Бауырдың ас қорыту үрдісіне қатысуы.
- •Билет №7
- •Қаңқа еттері, қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктері. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі.
- •2. Қалқанша безінің гормондары. Олардың зат және энергия алмасуындағы, организмнің өсу, дамуындағы мәні. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясы.
- •3. Қан топтары (аво-жүйесі, резус-фактор). Қан құю.
- •Билет №8
- •3. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Синапстардың жіктелуі.Химиялық синапстармен электрлік синапстар. Олардағы қозу өткізу механизмдеріндегі айырмашылықтар.
- •3.Жүрек қызметінің нервтік және гуморальдық реттелуі.
- •Билет №11
- •1Тежелу, орталық нерв жүйесіндегі тежелу,бастапқы тежелу,оның түрлері.
- •2Қалқанша маңы безі ........................
- •3Қанның құрамы мен қасиеті,қан плазмасы,оның химиялық физикалық қасиеті
- •3)Қан құрамы қызметі
- •Билет №12
- •1. Салдарлы тежелу. Сипаттамасы. Түрлері.
- •2. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі. Ұйқы безінің гормондары. Олардың органикалық заттар алмасуын реттеудегі ролі.
- •3. Тыныс алу үрдісінің организмге маңызы. Тыныс алу жүйесіне жалпы сипаттама. Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
- •Билет №13
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Көру талдағышы. Оның бөлімдері. Көздің жалпы құрлысы. Көздің оптикалық жүйесі.
- •Көздің оптикалық жүйесі.
- •3. Ұйқы және ояу күй. Ұйқы механизмдері туралы теориялар. Ұйқы кезеңдері, түрлері.
- •2. Қанның газдар тасымалдау қызметі. Қан мен ұлпа арасындағы газдар алмасуы.
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Нерв талшықтары. Миелинді және миелинсіз талшықтар. Олар арқылы қозудың өткізілуі.
- •Есту талдағышының құрлысына жалпы сипаттама. Дыбысты қабылдау механизмі.
- •Органикалыќ заттар: белок, май, көмірсу алмасуы.
- •Билет №24
- •Билет №25
Билет №24
Бүйрек үсті бездері. Бүйрек үсті бездерінің ми қабатының гормондары. Бүйрек үсті безі сырт жағынан фиброзды қабықпен қапталған жұп без, салмақтары 6-12 г. Ол сыртқы қыртыстық қабатқа және ішкі –боз затқа бөлінеді. Қыртыстық қабат үш аймаққа бөлінеді: сыртқы-шумақты, ортаңғы-шоғырлы және ішкі – торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бозғылт зат хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромаффиндік торшалардан құралған. Бұл қабатта көптеген нерв талшықтары мен ганглиоздық нерв торшалары кездеседі.
Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар минералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон ), глюкокортикоидтар (гидрокортизон, кортизон, кортикостерон), андерокортикоидтар (андростендион, андростерон,эстрон, прогестрон) болып 3 топқа бөлінеді.
Минеракортикоидтар организмде минералды заттардың алмасуын-натрий мен калий деңгейін реттейді. М. жетіспесе организм натрийді, суды, хлоридтердікөп бөліп шығарады да, ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік жағдайлары бұзылады.
Глюкокортикоидтар көмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді. Ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсеңдетеді. Г. әсерімен қан құрамындағы аминқышқылдарының мөлшері өсіп, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айналады, қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді.
Бүйрек үсті безінің қыртыстық бөлігінің қызметі нашарласа, адам аддисон ауруына шалдығады. Бездің боз затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв әсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.
Катехоламиндер гликогенолиз және липолиз процестерін шапшаңдатады, көмірсулар мен майлар алмасуынаәсер етіп, жылу реттеу, қан айналым процестеріне, бұлшық ет әрекетіне, ОНЖ-сі, тыныс алу және қан түзілу мүшелерінің қызметіне әсер етеді. Адреналин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиырылу күшін арттырады, жүрек жұмысын жиілетіп,оның минуттық көлемін көбейтеді, қан қысымын жоғарылатад. Норадреналин жүрек етінің қозғыштығын өзгертпейді, жүрек жұмысын баяулатады.
2.Тыныс алу орталығының әрекетінің реттелуі
Тынысалу орталығының қызметі қандағы газдар мөлшеріне байланысты екені көптен белгілі. Қандағы оттегінің мөлшері азайса(гипоксия) немесе көмір қышқыл газ деңгейі артса (гиперкапния) тынысалу жиілейді. Мұны гиперпноэ дейді. Әдетте ересек адам минутына 16-20 рет дем алады.
Егер қанда көмірқышқылды газ азайса тыныс алу сирейді, тіпті тоқтап та қалады. Кеңірдекті қысып, біраз уақыт дем алмай қойса, гиперкапния мен гипосемия үрдістері үдейді де адам жиі-жиі әрі терең дем алады, яғни дипноэ пайда болады.
Қандағы газдардың тынысалу орталығына әсері Л. Фредерик тәжірбиесінде дәлелденген. Көпке дейін қандағы СО2 мен О2 тынысалу орталығына қалайша әсер ететіні белгісіз болып келді. Соңғы кезде қандағы газдардың хемерорецепторларды тітіркендіретіні, сөйтіп тынысалу орталығына рефлекстік жолмен әсер ететіні анықталды.Организмде 2 түрлі хеморецепторлар бар. Біреуі-артерия қабырғасында орналасқан шеткі хеморецептор, екіншісі-сопақша мида орналасқан орталық хеморецептор.
Шеткі хеморецепторлардың бір тобы жалпы ұйқы артериясының екіге бөлінген жерінде каротидтік рефлексогендік алаң мен қолқа доғасында-қолқаның рефлексогендік алаңда орналасқан.Олар әсіресе СО2 мен Н иондарының көбеюіне, қанда оттегі деңгейінің төмендеуіне өте сезімтал келеді. Бұлардың шығып тыныс орталығына жететін серпіністердің саны қандағы газдардың мөлшеріне байланысты. ОРталық хеморецепторлар сопақша мида 0,2 мм тереңдікте М және L деп белгіленетін екі аймақта орналасқан. Қандағы көмірқышқыл газ алдымен жұлын сұйықтығындағы сутегің көбейтеді де, орталық хеморецепторлар арқылы тыныс алу орталығына әсер етеді. Осыған байланысты сигналдар орталыққа шеткі хеморецепторлар арқылы тезірек жетеді. Орталықтағы хеморецепторлардың тыныс орталығына әсері шеткі хеморецепторға қарағанда күштірек болады.
3.Заттар және энергия алмасуының маңызы. Ассимиляция,диссимиляция үрдістері.
Зат алмасуы организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғұмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі үрдістен тұрады: ассимиляция-жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі, диссимиляция – зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сәтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға, айталық механикалық,, электр энергиясына, ақырында бұлардың бәрі жылуға айналады. Бұл энергия жасушада заттар түзілуіне, жасушалар мен ағзалардың, ағза жүйелерінің, тұтас адам денесі атқаратын қызметтеріне жұмсалады. Жасушалар құрлысы мен энергия қорының байырғы күйге келуі және бүкіл дененің өсіп-дамуы үшін қажетті мөлшерде оларға сырттан қоректік минералды заттар, витаминдер мен су қажетті уақытында түсіп отыруы шарт. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе белок өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнай ы ағзалары арқылы организм олардан уақытылы арылып отырады.
Зат алмасу тағамның, оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға келіп түсуінен басталады. Онан соң олар қортылып, денеге сіңеді , жасушаларда ассимиляция және диссимиляция үрдістері өтеді, шығару ағзалары арқылы тотығу өнімдері сыртқа шығарылады. Ал, жасуша ішінде өтетін зат алмасуы негізінен химиялық үрдіс.
