Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фчж ответтер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207 Кб
Скачать
☆

Билет №16

1. Аралық ми. Аралықмидыңнегізгіқұрлымдары. Олардыңатқаратынқызметтері.

2. Эпифиз: гормондары және олардың гуморальдық реттеудег імәні.

3. Ас қорытылу жөнінде жалпы түсінік. Ас қорытылудуң түрлері. Ас қорыту физиологиясын зерттеу әдістері. Аралық ми (көне грекше: diencephalon, көне грекше: dia - аралық; көне грекше: enkephalon — ми) — пішіні сақина тәрізді үшіншіми қарыншасынын (қуысының) қабырғасын құрайтын ми діңгегінің алдыңғы бөлігі. Ол үш бөліктен: көру төмпегі бөлігі — таламустан, төмпекасты бөлігі гипоталамустан және төмпекүсті бөлігі — эпиталамустан тұрады. Нейроциттер денелерінен құралған таламустың орталық ядроларында жүлыннан жөне сопақша мидан келетін өрлеме сезімтал өткізгіш жолдар аяқталып, таламус нейроциттерінен басталатын өткізгіш жолдар жүйке толқындарын (импульсін) үлкен ми қыртысына жеткізеді. Аралық мидың таламус бөлігі (көру төмпегі) - орталық жүйке жүйесін ің төменгі бөліктерінен келетін сезімтал өткізгіш жолдардың реттеуші бекетінің (станциясының) және ми қыртысымен байланыстыру қызметтерін атқарады. Гипоталамус — аралық мидың көру жолы, сүр төмпек, қүйғьпи (воронка), гипофиз, емізікше дене бөліктерінен, ал эпиталамус - үшінші ми қарыншасының тамырлы қабығынан, эпифизден, жүгеншектің жұп түйінінен құралған. Аралық миға көру төмпешігі (таламус), төмпешікасты( гипоталамус), төмпешікүсті (эпиталамус) құрылымдары жатады. Аталған құрылымдар ІІІ ми қарыншасын жан-жағынан қоршап, оның қабырғасын құрады.

Таламус көп ядролы, көлемі және қызметі жағынан ең көрнектісі. Ол арқылы ми қыртысына әртүрлі сезім серпіністерін өткізетін жүйке талшықтары өтеді. 40 шақты ядролардан тұрады. Бұлар қызметінің маңызына қарайарнамалы,бейарнамалы,ұластырушы,қозғалтқышдеп бөлінеді. Арнамалыядроларына жұлынның өрлеуіш жеке талшықтары арқылы дене қабылдағыштарынан келетін түрлі сезімдік ақпараттармен бірге көзден, құлақтан шығатын сезім серпіністері жиылып, одан әрі ядролардың талшықтары арқылы ми қыртысына жеткізіледі.Бейарнамалы ядролар ми қыртысына тұтас активті әсер етеді, оның қозғыштық қасиетін, ырғақты электрлік белсенділігін реттейді. Бұл ядролардан ми қыртысына барған серпіністер қыртыс қозғыштығын жоғарылатып, арнамалы жолдарынан келген әсерлерге қыртыс жауабын күшейтеді. Ұластырушы ядроларға түрлі серпіністер таламустың арнамалы жолдарынан келіп түседі.Бұлар жоғары анализдік, синтездік үрдістеріне, ми қыртысының бірлестіруші қызметіне қатысады. Қозғалтқыш ядроларға мишықтан және қыртысасты базальдық ядролардан серпіністер келіп түседі және ми қыртысының қозғалтқыш зонасына проекциялық серпіністер жеткізеді. Сондықтан бұл ядролар қимылды реттейтін жүйе қатарына кіред.

2,Эпифиз немесепинеальдық без омыртқалы жануарлардың барлық класында кездеседі. Ол тек қолтырауын (крокодил) мен кит тәрізділердеғанаболмайды, бірақ бұл жануарлардың ортаңғы миының үстінде эпифиздік ұлпалар табылған.

Салқын қанды жануарлар эпифиз і фоторецепциялық аппарат болса, сүтқоректілерде ол эндокриндік без болыпесептеледі. Мысалы, кесірткенің "төбеліккөз" депаталатын мүшесінде көзбұршағы мен көздің торлы қабығының элементеріне ұқсас құрылымдар табылған. Бұл құрылым жарық өзгерістерін қабылдап, жануардың сыртқы орта жарықтығының өзгерістеріне байланысты реакцияларын туындатып отырады.

Сүтқоректілерде эпифиз ортаңғы мидың төрт төмпешігінің алдыңғы екітөмпешіктерінің арасында орын теуіп, мидың үшінші қарыншасы мен арнаулы сабақша арқылы жалғасады. Ол дәнекер ұлпалы қабықпен қапталғаны, көмескі бөлшектерге бөлінген тығыз құрылым. Оның бөлшектері пинеальдық және глиялық торшалардан құралады. Бұл торшалар фоторецепциялық қабілетін жоғалтып, бездік ұлпаға айналған.

Эпифиз серотонин және мелатонин деген биологиялық белсенді заттар бөледі. Бездекүңдіз серотониннің, түңде мелатониннің мөлшері көбейіп отырады. Бұл заттар терінің пигменттік торшаларына әсер етеді.

Эпифиз жыныс бездеріне тежеуш іықпалетіп, жыныстық жетілу процесін реттейді. Жастық (ювенильдік) кезеңде без мезгілсіз жыныстық жетілуден сақтайды, организмнің жалпы (физиологаялық) жетілуі мен жыныстық жетілуінің арасыңдағы үйлесімдікті қалыптастырады.

3,Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарын денеге жеңілсіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.

Адам мен жануарлар ас қорытуы жүйес і ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзынабойыншабірнешереткеңейіп-тарылыпотырады. Ішкіжағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. Әр без құрамы белгілі біршекте өзтеріп отырады, өзіндік қасиеттері бар сөл бөледі. Бұл сөлдердің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар – ферментер болады.

Асқорыту түрлері

Адам мен жануарлар ас қорыту ағзалары күрделі эволюциялық даму жолынан өткен, сол себепі ітіршілік ортасының жағдайына, қоректік заттардың қасиеттері мен табиғатына байланысіы ас қорытудың бірнеше түрлері (механизмдерді) қалыптасқан. Олар мыналар:

1. Жасушалық ас қорыту түрлі тығыз немесе сұйық заттарды.Жасуша ішіне сіңіріп, оларды цитоплазма ферменттерінің әсерімен ыдырату процестерімен бейнеленеді. Фагоцитоз (тығыззаттардысіңіру) және линоцитоз (сұйықтамшылардықарбу) құбылыс тары осы Жасушалық ас қорытудың белгісі. Жасушалық ас қорыту бір Жасушалы қарапайым

Жануарларға тән .

2. Жасушадантыс ас қорыту. Көптеген қоректік заттар молекула-сының мөлшері.Жасушалар мөлшерінен әлде қайда үлкен, Сондықтан оларды ыдырату процестері арнаулы маманданған Жасушалардан тыс, олардың сыртында жүреді. Ас қорытудың бұл түрі куыстық және мембраналық болып екіге бөлінеді.

Куыстық ас қорытукарын мен ішектің куысына бөлінген сөлдердің құрамындағы фермештердің әрекетімен атқарылады.

Мембраналық ас қорыту Жасуша мембранасының сыртқы беткейіне жабысқан немесе сол мембрана құрамына енетін ферменттердің әсері мен жүреді. Бұл ферменттер тек жасуша беткейімен жанасқан қоректік заттарға ғана әсер етеді, сондықтан ас қорытудың бұл түрін жанаспалы немесе қабырғалық ас қорьтту деп те атайды.

3. Сыртта ас қорыту қоректік заттардың организмнен тысыруымен сипатталады. Ас қорытудың бұл түрі кейбір буынаяқтылар

класында кездеседі. Мысалы, өрмекшілер өз торына түскен жәңдікгерге

өздершің ас қорыту сөлдерін арнаулы аппараттары арқылы егеді де,

құрбандық денесінде қоректік заттардың ыдырау өнімдері бөлінген

соң, оларды дайын күйінде сорып алу арқылы қорекгенеді.

4. Ұжымдық (коллективтік) асқорыту аралар, термиттер, құмырсқалар сияқты жәндіктерге тән. Оларда ас қорыту процессі бірнеше

өкілдің (индивидтің) қатысуымен жүреді, сондықтан да илеуінен

бөлініп алынған жеке өкілдер ұзақ тіршілік ете алмайды.