Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фчж ответтер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207 Кб
Скачать
☆

Билет №5

1. Парабиоз деп тірі ұлпаның күшті немесе үзақ тітіркендіруге тіршілік белгілерін (қозғыштық, өткізгіштік) уақытша, қайтарымды сипатга жоғалтуымен жауап беруін айтады. Бұл ілімнің негізін орыс ғалымы Н.Е.Введенский (1901) салған. Ол ұзаққа созылған тітіркендіру әсерімен нерв талшықтарында шектелген, таралмайтын қозу үрдісін, пайда болу зандылықтарын ашып, қозғыш ұлпаларда функционалдық өзгерістердің белгілі жүйемен әртүрлі сатыларда өрбитінін анықталған.

Парабиоз үш сатыда дамиды. Оның алғашқы сатысында нервті тітіркендіргенде күші мен жиілілігі әр түрлі тітіркендіргішке ет бірдей күшпен жиырылу арқылы жауап береді. Лабильділік өзгерісіндегі бұл сатыны Н. Е. Введенский теңестіру, немесе трансформациялау сатысы деп атаған. Осыдан кейін препарат күшті және жиі тітіркендіргішке әлсіз күшпен, ал әлсіз және сирек тпіркендіргішке - күшті реакциямен жауап береді. Бұл күйді бұрмалау, немесе парадоксалъдық саты деп атайды. Одан әрі препарат ешбір тітіркендіргішке жауап бермейді. Бұл тежелу сатысы. Тітіркендіргіш әсері одан әрі жалғасса, тежелу сатысы тереңдеп, тіршілік белгілері жойылады, парабиоз күйі қалыптасады. Ал тітіркендіргіш әсері тиылса, біртіндеп ұлпаның бастапқы функционалдық күйі қалпына келеді. Парабиоздан ұлпа кері тәртіппен шығады: алдымен ол тежелу сатысына, содан кейін бұрмалау және теңестіру сатыларына көшіп, біртіндеп оның қалыпты функционалдық күйі орнығады. Тітіркендіргіш әсері тиылмай, жалғаса берсе, парабиоз тіршіліктің тоқтауына - өлімге алып келеді. Парабиоз сатылары тіткендіргіштің күшті әсерінен ұлпаларда туындайтын функционалдық өзгерістердің, онымен байланысты өтюзгіштіктің төмендеуі салдарынан дамиды. Парабиоздың теңестіру сатысы ұлпаның альтерацияланған (еліткен) бөлігінің тітіркендіргіш әсеріне үйлесімді жауап қайтара алмауынан туындайды. Ұлпаның альтерацияланған бөлігі жиі, немесе күшті, тітіркендіргіштерге өз лабильділігіне сәйкес әрекет сипатын өзгерте жауап қайырады, сондықтан жауап-реакция күші тенгеріледі.

Парабиоздың бұрмалау сатысында лабилділікгің одан әрі төмендеуі салдарынан альтерацияланған бөлікке күшті тітіркеніс толық (абсолютгі) рефрактерлік жағдайында жетеді де, пессимумның туындауына себепкер болады. Бұл бөліктен тек әлсіз, сирек тітіркеністер ғана өтеді, себебі ол рефрактерлік күйдің салыстырмалы немесе экзальтациялық сатысында әсер етеді. Осыдан күшті, немесе жиі, тітіркендіргіш - әлсіз, ал әлсіз, немесе сирек, тітіркендіргіш - күшті жауап тудырады,

Тежелу сатысы лабильділіктің одан әрі төмендеп, толық рефрактерлік күйдің ұзара түсуімен байланысты туындайды. Мұндай жағдайда әрбір тітіркендіргіш әсері толық рефрактерлік кезеңмен сәйкес келеді де, қозу альтерацияланған бөлікген өткізілмейді. Осы жерге келіп жеткен қозу толқыны өзі ғана өшіп қоймай, сол жерде тітіркендіргіш әсерінен туындаған қозуды да өшіреді. Ұлпаның альтерацияланған бөлігі қозуды өткізбегенімен, өзінің қозғыштығын жоғалтпайды. Сондықтан, ұлпаның мұндай бөлігінде ерекше, ұзақ мерзімді сатылы қозу үрдісі туындайды. Н.Е.Введенскийдің парабиоз туралы ілімі қозу мен тежелудің өзара тығыз байланысты үрдістер екенін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл екі құбылыс организмнің тітіркендіруге қайтаратын жауабының екі түрлі бейнеленуі. Олардың туындауы ұлпаның лабильділігіне байланысты. Лабильділік жоғары болса тітіркендіргіш әсерінен пайда болған қозу толқыны еш өзгеріссіз тарайды, ал ұлпа лабильділігі төмендесе - қозу үрдісінің өткізілуі нашарлап, тежелу үрдісі пайда болады. Қозғыш ұлпада шектелген, таралмайтын қозу үрдісі туындаса, шектен тыс қозу саддарынан тежелу үрдісі пайда болады. Демек, қозу мен тежелу үрдістерінің негізі бір, тежелу - қозу үрдісінің дамуындағы белгілі бір сапалық сипаты өзгеше саты. Қозу мен тежелу қозғыш ұлпа әрекетінің екі түрде бейнеленуі.

2. Нерв талшықтарының яғни нерв жасушала өсінділерінің ең негізгі қасиеті - өздері арқылы қозу импульстерін өткізу (тарату) болып есептеледі. Біртекті нерв жасушаларынан шығатын нерв талшықтары шоғырланып ортақ нерв жүйесі шеңберінде өткізгіш жолдар деп аталады.

Нерв талшықтарының морфологиялық белгісіне қарай балдырлы немесе миелинді және балдырсыз (миелинсіз) деп екі топқа айырады. Миелинді сезгіш және қозғағыш талшықтар сезім органдары мен қаңқа еттерін жабдықтайтын нервтердің, сондай-ақ вегетативтік нерв жүйесінің құрамына енеді. Миелинсіз талшықтар омыртқалы жануарларда негізінен симпатиқалық нерв жүйесіне тән.

Миелин қабығы миелоциттердің (Шванн жасушаларының) осьтік цилиндрді бірнеше қайтара орауының нәтижесінде пайда болады. Орамдар бір-бірімен кіргісіп тығыз майлы қорап - миелин қабығы түзіледі. Ол талшықтың бойында әрбір 1-2 мм сайын үзіліс жасайды. Мұндай ашық аймақтыі Ранвье үзілістері деп атайды, олардың диаметрі 1 мкм шамасында.

Балдырсыз талшықтарда миелин қабығы болмайды, олар тек Шванн жасушалаларымен (невриллемамен) ғана қапталған. Нерв талшықтарындағы құрылымдық элементтердің де әрқайсысының өзіне тиісті қызметі бар.

Невтерден қозу өтудің заңдары. Нерв арқылы қозу өтуге (таралуға) тән бірнеше ерекшеліктер бар.

1. Нерв талшығы морфологиялық функциональдық зақымданбаған, сау болуы керек. Мұны талшықтың анатомиялық және физиологиялық үзіліссіздік заңы деп атайды. Егер талшықты кесіп қиса немесе оның бір бөліміне жоғарғы не төменгі температурамен, я улы заттармен (мыс.тетродотоксинмен), анестетиктермен әсер етсе ол арқылы қозу өтпейді.

2. Екі бағытта өткізу, яғни нерв талшығы қозуды екі бағытта да өткізе алады. Бұл заңдылықты 1877 жылы өз тәжірибесінде Бабухин дәлелдеген.

3. Жекелеп өткізу. Қандай да болмасын шеткі нерв бағаны түрліше нерв талшықтарынан құралған. Онда қозғағыш, сезгіш және вегетавтивтік нерв талшықтары болады. Бірақ, єр нерв қозуды жекелеп өткізеді. Осыған орай бір нерв өзіндегі әр түрлі талшықтар арқылы түрлі шеткі органдарға импульстер жеткізіп, олардың қызметін өзгертеді. Мәселен, кезеген нерв көкірек қуысындағы барлық органдарды, құрсақ қуысындағы көптеген органдарды жабдықтайды.

4. Нерв талшығыныњ салыстырмалы шаршамайтындығы. Егер нерв-ет препаратын ұзақ уақыт ырғақты тітіркендірсек, біраздан кейін ет шаршап, жиырылуын тоқтатады, ал нерв қозу өткізу қабілетін жоғалтпайды. Бұл қасиетті 1883 жылды Введенский байқаған.

3.Ащы ішек ас қорыту жолының ең ұзын бөлігі. Оның ұзындығы ірі қарада 40-49 м, түйеде 20-25 м, қойда 24-26, жылқы мен шошқада 20 м шамасында, сыйымдылығы ас қорыту жолы сыйымдылығының 20-30 пайызын құрайды. Ащы ішек қуысына өт, ұйқы, безінің сөлі және ішек сөлі құйылады. Осы сөлдер құрамындағы ферменттер әсерімен ішек қуысыңда белоктар -амин қышқылдарына, көмірсулар -моносахаридтерге, майлар - глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды, демек соңғы ыдырау өнімдері пайда болады. Аталған өнімдер ас қорыту жолының осы бөлімінде денеге үлкен қарқынмен сіңеді. Оған ішектің кілегей қабығының құрылымдық ерекшеліктері мүмкіндік береді. Кілегейлі қабықтың ішек қуысына қараған бетінде орасан көп микроскопиялық өсінділер -бүрлер болады. Бұл бүрлер бір қабат призма тәрізді Жасушалармен көмкерілген. Олардың дәнекер ұлпадан құралған нәзік тұлға сүйеніші болады да, оның ішінде қан тамырларының капиллярлары, лимфа тамырлары, көрсеткіші 5,5-6,5, тығыздығы 1,035-1,045, ал бауыр өтінде бұл көрсеткіш тиісінше - 7,4 - 8,0 және 1,010 - 1,015.

Ас қорыту процесінде өт маңызды рөл атқарады. Өт ұйқы безі сөлі мен ішек сөлі құрамы ндағы ферменттердің әрекетін жандандырады, оның құрамы ндағы өт қышқылдарының тұздар ы майларды эмульсиялап, олардың қорытылуын жеңілдетеді, майлардың ыдырау өнімдерінің сінуін қамтамасыз етеді. Өт ішек қимылын күшейтіп, қарыннан өткен қышқыл жынды бейтараптайды, ішек қуысында ферменттер ерекетіне қолайлы жағдайлар туғызады, майда еритін А, Д, Е, К дәрмендәрілерінің сіңуін жеңілдетеді.

Төулігіне адам 7001200 мл, ит - 200- 300 мл, қой - 800- 100 мл, шошқа - 2,5 - 3 л, жылқы - 5-6 л, ірі қара - 7-9 л өт бөледі.

Бауыр зат алмасу процесінде де маңызды орын алады, тосқауыл-дық (барьерлік) қызмет атқарады. Бауырда гликоген жинақталады, амин қышқылдары күрделі биохимиялық өзтерістерге үшырап, жылу түзіледі, зат алмасу процесінің барысында түзілген уытты заттар (ам~ миак, индол, фенол, скатол, крезол т.б.) залалсызданады.

Ұйқы безі

Ас қорыту процесінде өт маңызды рөл атқарады. Өт ұйқы безі сөлі мен ішек сөлі құрамы ндағы ферменттердің әрекетін жандандырады, оның құрамы ндағы өт қышқылдарының тұздар ы майларды эмульсиялап, олардың қорытылуын жеңілдетеді, майлардың ыдырау өнімдерінің сінуін қамтамасыз етеді. Өт ішек қимылын күшейтіп, қарыннан өткен қышқыл жынды бейтараптайды, ішек қуысында ферменттер ерекетіне қолайлы жағдайлар туғызады, майда еритін А, Д, Е, К дәрмендәрілерінің сіңуін жеңілдетеді.

Төулігіне адам 7001200 мл, ит - 200- 300 мл, қой - 800- 100 мл, шошқа - 2,5 - 3 л, жылқы - 5-6 л, ірі қара - 7-9 л өт бөледі.

Бауыр зат алмасу процесінде де маңызды орын алады, тосқауыл-дық (барьерлік) қызмет атқарады. Бауырда гликоген жинақталады, амин қышқылдары күрделі биохимиялық өзтерістерге үшырап, жылу түзіледі, зат алмасу процесінің барысында түзілген уытты заттар (ам~ миак, индол, фенол, скатол, крезол т.б.) залалсызданады.

Ұйқы безі - аралас без, оған әрі ішкі секрециялық, әрі сыртқы секрециялық қызмет тән. Сыртқы секрециялық қызмет нәтижесінде бұл без сөл бөліп, ас қорыту процесінде маңызды рөл атқарады.

Ұйқы безінің сөлі түссіз, мөлдір, сілтілік реакцияси бар (рН -7,2- 8,5) сұйық зат. Оның құрамында 98 - 99% су және 1-2% органикалық және бейорганикалық заттардан құралған құрғақ зат болады. Ұйқы безі сөлінің ферменттік құрамы өте күрделі. Әрекеттеріне қарай ферменттерді үш топқа жіктеуге болады. Трипсиноген, химотрипсиноген, карбоксиполипептидаза, пептидаза ферменттері - белоктарды; амилаза, мальтаза, лактаза ферменттері - көмірсуларды; липаза, фосфолипаза ферменттері - майларды ыдыратады.