- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •1.Әрекет потенциалы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Қозу ырғағының трансформациясы.
- •Танымның бірінші сигналдық жүйесі.
- •2)Танымның екінші сигналдық жүйесі:
- •Бауырдың ас қорыту үрдісіне қатысуы.
- •Билет №7
- •Қаңқа еттері, қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктері. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі.
- •2. Қалқанша безінің гормондары. Олардың зат және энергия алмасуындағы, организмнің өсу, дамуындағы мәні. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясы.
- •3. Қан топтары (аво-жүйесі, резус-фактор). Қан құю.
- •Билет №8
- •3. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Синапстардың жіктелуі.Химиялық синапстармен электрлік синапстар. Олардағы қозу өткізу механизмдеріндегі айырмашылықтар.
- •3.Жүрек қызметінің нервтік және гуморальдық реттелуі.
- •Билет №11
- •1Тежелу, орталық нерв жүйесіндегі тежелу,бастапқы тежелу,оның түрлері.
- •2Қалқанша маңы безі ........................
- •3Қанның құрамы мен қасиеті,қан плазмасы,оның химиялық физикалық қасиеті
- •3)Қан құрамы қызметі
- •Билет №12
- •1. Салдарлы тежелу. Сипаттамасы. Түрлері.
- •2. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі. Ұйқы безінің гормондары. Олардың органикалық заттар алмасуын реттеудегі ролі.
- •3. Тыныс алу үрдісінің организмге маңызы. Тыныс алу жүйесіне жалпы сипаттама. Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
- •Билет №13
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Көру талдағышы. Оның бөлімдері. Көздің жалпы құрлысы. Көздің оптикалық жүйесі.
- •Көздің оптикалық жүйесі.
- •3. Ұйқы және ояу күй. Ұйқы механизмдері туралы теориялар. Ұйқы кезеңдері, түрлері.
- •2. Қанның газдар тасымалдау қызметі. Қан мен ұлпа арасындағы газдар алмасуы.
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Нерв талшықтары. Миелинді және миелинсіз талшықтар. Олар арқылы қозудың өткізілуі.
- •Есту талдағышының құрлысына жалпы сипаттама. Дыбысты қабылдау механизмі.
- •Органикалыќ заттар: белок, май, көмірсу алмасуы.
- •Билет №24
- •Билет №25
Билет №6
ОНЖ -гі ырғақтың трансформациясы, әрекет соңы, конвергенция, окклюзия, жеңілдену, шаршау құбылыстарына сипаттама бер.
Қозу ырғағының трансформациясы.
Нерв орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де нерв орталығының жұмыс органына жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік нервке түскен бір стимулға жауап ретінде нерв орталығы жұмыс органына қозу импульстарының тобын жібереді. Нерв орталықтарынан шеткі жұмыс органдарына секундына 50-200 нерв импульстары түседі.
2) Әрекет соңы. Бұл қасиет жауап реакциясының ұзақтығы тітіркендіру ұзақтығынан артық бола алуында. Неғұрлым тітіркендіру күші жоғары болса және оның әсер ететін уақыты көп болса, соғұрлым әрекет соңы да ұзаққа созылады.
3) Нерв орталықтарының шаршауы. Нерв талшықтарына қарағанда нерв орталықтары жеңіл және тез шаршайды. Сондықтан да афферентік нерв талшықтарын ұзақ тітіркендіруден бастапқы кезде рефлекторлық акт біртіндеп әлсірей келе, ақырында тіпті тоқтайды.
Н.И. Веденский орталыққа тепкіш нейронды тітіркендіргенде рефлекторлық жауаптың 10-40 сек. кейін жоғалғанын байқаған. Одан кейін ол тітіркендіруді орталықтан тепкіш нервке көшіріп, рефлекстің қайта пайда болатынын байқаған. Бұл бақылау шаршаудың орталық нерв жүйесінде туындайтынын дәлелдейді.
4) Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық нерв жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылы бір мезгілде нерв орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әр түрлі нерв жолдары арқылы импульстер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.
Танымның бірінші және екінші сигналдық жүйелері. Сипаттамасы. Маңызы. Екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы.
Танымның бірінші сигналдық жүйесі.
Бірінші сигналдық жүйе адамдарда да, сонымен қатар жануарларда да бар.
Бізге белгілі нерв жүйесінің жоғары бөліміне келіп, сыртқы орта мен организмнің өзіндегі өзгерістер мен құбылыстарды сигналдайтын импульстердің көзі сол өзгерістер мен құбылыстардың өздері болып табылады. Ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі немесе бірінші сигналдық жүйе.
Бірінші сигналдық жүйенің әрекеті сөзден басқа (айтылу, жазылу, жесттік сөз (қимылдық)) тітіркендіргіштерге қалыптасқан. Олар рефлекстер түрінде көрініс береді.
2)Танымның екінші сигналдық жүйесі:
Екінші сигналдық жүйе дегеніміз тіл(сөз) арқылы адамның қоршаған орта болмысын танып білуі. «Сигналдардың сигналы» И.П.Павлов
Адамдар қоғамының дамуы қарым-қатынастың құралы ретінде тілді дамытты. Ұғынықты сөйлеу тіл адамға ғана тән ұғынықты сөз сигналы арқылы біз заттардың пішінін, формасын, қасиетін және де айналада болып жатқан құбылыстарды жеткізе аламыз.
Екінші сигналдық жүйе арқылы адам болмысты толығырақ, анығырақ бейнелейді, сонымен қатар қоршаған ортадан ақпаратты алады. Екінші сигналдық жүйе адамның жоғары ой-сана қабілетінің негізі болып табылады.
Сөз сөйлеудің өзі рефлекторлық сипатта болады. Бұл пікірді кезінде И.М.Сеченов айтқан болатын. Дыбыс сіңірлеріне, тілге және бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульстер осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Екінші сигналдық жүйенің таңқаларлық бір ерекшелігі-шартты байланыстардың жасалуының жылдамдығы өте шапшаң жүреді.
