- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №4
- •1.Әрекет потенциалы.
- •Билет №5
- •Билет №6
- •Қозу ырғағының трансформациясы.
- •Танымның бірінші сигналдық жүйесі.
- •2)Танымның екінші сигналдық жүйесі:
- •Бауырдың ас қорыту үрдісіне қатысуы.
- •Билет №7
- •Қаңқа еттері, қаңқа еттерінің құрылымдық ерекшеліктері. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері. Бұлшық ет жиырылуының молекулалық механизмі.
- •2. Қалқанша безінің гормондары. Олардың зат және энергия алмасуындағы, организмнің өсу, дамуындағы мәні. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясы.
- •3. Қан топтары (аво-жүйесі, резус-фактор). Қан құю.
- •Билет №8
- •3. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
- •Билет №9
- •Билет №10
- •Синапстардың жіктелуі.Химиялық синапстармен электрлік синапстар. Олардағы қозу өткізу механизмдеріндегі айырмашылықтар.
- •3.Жүрек қызметінің нервтік және гуморальдық реттелуі.
- •Билет №11
- •1Тежелу, орталық нерв жүйесіндегі тежелу,бастапқы тежелу,оның түрлері.
- •2Қалқанша маңы безі ........................
- •3Қанның құрамы мен қасиеті,қан плазмасы,оның химиялық физикалық қасиеті
- •3)Қан құрамы қызметі
- •Билет №12
- •1. Салдарлы тежелу. Сипаттамасы. Түрлері.
- •2. Ұйқы безінің эндокриндік қызметі. Ұйқы безінің гормондары. Олардың органикалық заттар алмасуын реттеудегі ролі.
- •3. Тыныс алу үрдісінің организмге маңызы. Тыныс алу жүйесіне жалпы сипаттама. Тыныс алу үрдісінің кезеңдері.
- •Билет №13
- •Билет №15
- •Билет №16
- •Билет №17
- •Билет №18
- •Билет №19
- •Билет №20
- •Билет №21
- •Көру талдағышы. Оның бөлімдері. Көздің жалпы құрлысы. Көздің оптикалық жүйесі.
- •Көздің оптикалық жүйесі.
- •3. Ұйқы және ояу күй. Ұйқы механизмдері туралы теориялар. Ұйқы кезеңдері, түрлері.
- •2. Қанның газдар тасымалдау қызметі. Қан мен ұлпа арасындағы газдар алмасуы.
- •Билет №22
- •Билет №23
- •Нерв талшықтары. Миелинді және миелинсіз талшықтар. Олар арқылы қозудың өткізілуі.
- •Есту талдағышының құрлысына жалпы сипаттама. Дыбысты қабылдау механизмі.
- •Органикалыќ заттар: белок, май, көмірсу алмасуы.
- •Билет №24
- •Билет №25
Билет №13
1.ОНЖ-дегі үйлесімділік құбылысы түсінігі. Теріс кері байланыс.,
иррадиация, индукция принциптері
Орталық нерв жүйесінің ең көрнекті және маңызды ұызметінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау. Мысалы, оң аяқты бүгетін еттердің орталығы қозып тонусы көтерілсе, дәл сол сәтте бүгілген аяқты жазатын еттердің орталығы тежеледі және жұлынның екінші жартысындағы аталған орталықтарда қарама-қарсы үрдістер туады, яғни бүгу орталығы тежеледі, ал жазу орталығы қозады. Сондықтан оң аяқ бүгілгенде, сол аяқ жазылады. Осының арқасында адам жүре алады. Адам бір сәтте тамақты шайнап және жұта алмайды, өйткені шайнау және жұту орталықтары бір мезгілде қозбайды. Біреуі қозғанда, екіншісі тежеледі. Сондай-ақ дем алу орталығы қозса, дем шығару орталығы тежеледі. Орталық нерв жүйесі де қозу мен тежелу үрдістерінің тууы мен сөнуін, орталықтардың қарым-қатынасын үздіксіз жөнге келтіріп үйлестіріп ортырады. Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық нерв ж-ңдегі субординация құбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақы қозу, конвергенция мен окклюзияның маңызы өте зор. Бұлармен қатар ОНЖ-дегі кездесетін бірнеше құбылыстар рефлекстерді үйлестіру негізін құрады қозу мен тежелудің жайылысы (иррадиациясы), бір жерге шоғырлануы (концентрациясы), үрдістердің индукциясы мен реципроктық тежелу, доминаттық қозу, кері байланыс, соңғы жол.
Жүйке орталығында пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістің тууына себепкер болады. Бұл индукция құбылысы. Ж . жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мәселен, жқлынның бір сегментінің жартысында бүгу орталығы қозады. Мұнымен бірге екінші жартысындағы жазу орталығы қозып, бүгу орталығы тежеледі. Келесіде осы үрдістер бірін-бірі алмастырады. Осыған орай индукция бір мезгілді және бір дәйекті кезекті болып бөлінеді.
Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч.Шерингтон репрокциялық тежелу деп атаған. Р.т-дің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды. Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді.
Доминаттық қозу белгілі-бір жағдайда уақытша бір орталық үстемдік ететін билеуші орталық бола алады. Үстем қозу орталығы басқа орталықтардың қызметін тоқтата алады.
Кері байланыс жолдары. Рефлекс тоқтаған соң оның нәтижесі қабылдағыштарды тітіркендіреді. Олардан шыққан хабар ми қыртысы орталықтарындағы акцепторға жеткізіледі. Акцепторға рефлекс нәтижесінің бағдарламаға сәйкес не сәйкес еместігі анықталады. Егер рефлекстік әрекет көңілдегідей болса, рефлекс тоқталады. әйтпесе рефлекс мақсатқа жеткенше бірнеше рет қайталанады. Керісінше байланыс организмде кездесетін үрдістерді, әрекеттерді өздігінен реттеуді қамтамасыз етеді.
2.Бүйрек үсті бездері. Бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатының гормондары. Олардың маңызы
Бүйрек үсті безі сырт жағынан фиброзды қабықпен қапталған жұп без, салмақтары 6-12 г. Ол сыртқы қыртыстық қабатқа және ішкі –боз затқа бөлінеді. Қыртыстық қабат үш аймаққа бөлінеді: сыртқы-шумақты, ортаңғы-шоғырлы және ішкі – торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бозғылт зат хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромаффиндік торшалардан құралған. Бұл қабатта көптеген нерв талшықтары мен ганглиоздық нерв торшалары кездеседі.
Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар минералокортикостероидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон ), глюкокортикостероидтар (гидрокортизон, кортизон, кортикостерон), андерокортикоидтар (андростендион, андростерон,эстрон, прогестрон) болып 3 топқа бөлінеді.
гликогенге айналады, қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді.
Глюкокортикостероидтардың физиологиялық әсері. 1.ГКС зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді, әсіресе катаболизмдік үрдістерді күшейтеді. Мұндай жағдайда терінің, бауырдың, еттің, майдың, дәнекер және лимфа тіндерінің жасушалары нысана-жасуша ретінде болады. Тіндерде ГКС-дың әсерінен бірқатар ферменттердің белсенділігі күшейеді.
2.ГКС-дың майдың алмасуына әсерінен тіндегі липолиз артады, яғни май ыдырап қышқылдары бауырға өтеді.
ГКС көмірсулар алмасуына да әсер етеді. Олар бауырдағы глюконеогенезді күшейтеді, сондықтан гипергликемия, тіпті глюкозурия пайда болуы мүмкін, гликоген азаймайды.
ГКС-дың қабынуға, аллергияға қарсы тұру қабілеттерін арттыру, иммунодепрессивтік әсерінің маңызы ерекше
Минералокортикоидтардың физиологиялық әсері
Су мен тұздардың алмасуына ықпал етеді. Бұл бүйрек тінінде, тер және сілекей бездеріне,асқорыту жолының шырышты қабатындағы жасушаларға әсер ету арқылы іске асады.
Альдостерон кальций мен магнийдің сыртқа шығарылуын күшейтеді.
Андрокортикостероидтардың физиологиялық әсері Андростерон, эстрол және прогрестерон торлы зонаның жасушаларында түзіледі. Бұлар жыныс бездерінде түзілетін гормондар тәрізді әсер етеді. Бұлардың маңызы әсіресе балалық, кәрілік шақта зор болады.
3.Тромбоциттер. Олардың саны мен қызметтері. Қанның ұю реакциясындағы мәні
Тромбоцит-қан пластинкасы, екі жағы дөңес дөңгелек не сопақша құрылым, диаметрі 0,5-4 мкм. Сау адамның 1 л қанында 180-320х10ның 9 дәрежесі/л тромбоцит болады. Орта есеппен т. 8-11 тәулік жасайды.Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000-4000 қан пластинкасы бөлініп шығады.
Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі. Ол көптеген ферменттерден, олардың ішінде АҮФ және лизоцим, адреналин, норадреналин гормондарынан, 11-шақты қанды ұйытатын түрткілерден тұрады. Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиырылатын қабілеті бар белок тромбостенин кіреді.
Т-ң саны қанда кешке қарай күндізгіден көбірек, ол қуаныш, реніш,қайғы-қасірет т.б себептерден де, тамақ ішкеннен кейін де көбейеді. Қаннан сыртқа шыққан соң т-р тез бұзылады, сондықтан оларды санар алдында қанға химиялық заттар қосып тез санау қажет.
Қызметі
1.Ангиотрофикалық қан тамырды қоректендіру. Қан тамырларының қалыпты құрылысы мен қызметін сақтауда маңызы үлкен.Қантамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны т-р қаннан сорып алады да әлсін-әлсін, эндотелиймен түйіскен кезде оған беріп отырады.
2. Адгезивті агрегациялдық қызметі. Қан тамыры жарақаттанса, тромбоциттің пішіні өзгереді. Оның протоплазмасында өсіктер пайда болады. Олар жабысқақ келеді, эндотелий жарақаттанған жердегі негізгі мембранаға бекиді де, бір-бірімен жабысып, 10-20 тромбоциттен тұратын үйінді құрады. Бұл үрдіс агрегация деп атайды.Агрегаттар қантамырының қабырғасында жабысқан т-мен қосылып тығынға айналады.
3. Ангиотензивтік қызметі қан тамыры сақылауын тарылтады. Бұл жарылған т-ден босап шыққан серотиннің әсері.
4. Қан ұйыту қызметі. Тромбоцит құрамында қан ұюын тездететін заттар болады, араб санымен белгілейді. Олар қан ұюының тромбоциттік түрткілері деп аталады.
5. тромбоциттер қанның креаторлық байланысын, әсіресе қантамырларының табиғи құрылысын сақтайды.
Билет №14
