Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фчж ответтер.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
207 Кб
Скачать
☆

3. Қан топтары (аво-жүйесі, резус-фактор). Қан құю.

Адамдардың 85%-нда эритроцит құрамында оң Резус-фактор, ал 15%-нда теріс Резус-фактор. болады. Резус-фактор жүйесінде бірнеше әр түрлі антигендер, сондай-ақ Hr тобы болады. Осы топ пен резус (Rh) қосылып, ортақ жүйе Rh — Hr құрады. Rh-тің құрамында Д, С, Е, ал Hr-те д, с, е агглютиногені бар. Hr агглютиногені адамдардың 83%-нда эритроцит құрамында кездеседі. Резус-фактор тұқым қуалайды және өмір бойына өзгермейді. Қан құйғанда қан топтары сияқты Резус-фактор да қатаң есепке алынады, себебі, бұл кезде Rh — Hrагглютиногендер жүйесінде арнайы антидене түзіледі; организмге антигенді қайталап құйғанда, “антиген — антидене” реакциясы пайда болуы мүмкін, ал бұл организмнің қалыпты қызметін бұзады

 Адамның немесе бір түр дарақтарының иммунологиялық белгілеріне - эритроциттер құрамында агглютиногендердің, плазмада -агглютининдердің болуы болмауына қарай, - ерекшеленетін қан белгілерінің бірлестігін қан топтары дейді. Австрия ғалымы Кландштейнер (1901) мен чех ғалымы Я.Янский (1907) зерттеулері нотижесінде эритроциттерде А және В деген екі түрлі агглютиноген-дер (антигендер), ал плазмада екі түрлі агглютининдер (антиденелер-жабыстырғыш заттар), - ά және β болатыны анықталған. Қан құрамында олар жеке-жеке, қос-қос немесе тіпті болмауы мүмкін. Агглютиноген А(В) мен агглютинин ά (β) аттастар деп аталады. ά агглютинин А агглютиногені бар эритроциттерді, ал β агглютинин - В агглютиногені бар эритроцитгерді жабыстырады. Сондықтан бір адамның қанында өр тектес агглютиноген мен агглютинин ғана болады. Адамда олар төрт түрлі бірлестікте немесе топта кездеседі: 1(0) топ қанының эритроциттерінде агглютиногендер болмайды, ал плазмасында а мен 3 агглютининдері болады. II (А) топта - агглютиноген А мен агглютинин β, /// (В) топта - агглютиноген В мен агглютинин ά болады. IV (АВ) тобында А және В агтлютиногендері болады да, агглютининдер болмайды. Егер қан құйғанда донор (қан беруші) қанының эритроциттері реципиенттің (қан қабылдаушы) аттас агглютининімен кездессе, эритроциттер агглютинациясы (жабысу) жүреді. Мұндай қандар сәйкес емес қандар деп аталады.

Қаны  I топқа жататын адамға тек I топтың қанын құюға болады, ал IV  топ қанын басқа топтардағы адамдардың барлығына құюға болады. Сондықтан қаны I топқа жататьш адамдарды өмбебап донор. Қаны IV топқа жататыңдарға барлық топ қанын құюға болады, оларды әмбебап реципиенттер дейді. Қазіргі кезде АВО жүйесінен басқа 200-ден астам әр түрлі агглютиногендердің болатыны анықталған. Бұл агглютиногендерге қарсы дайын агглютининдер болмайды және организмде түзілмейді, сондықтан оларды ескермейді. Олардың арасында тек бір агглютиноген - резус-факторға (Rh) ғана көңіл аударады. Дүние жүзіндегі адамдардың 85 пайызының қаныңда резус фактор болатын көрінеді (резус оң қан, Rh+), ал 15 пайызында бұл агглютиноген болмайды (резус теріс қан, Rһ-). Теріс резус-факторлы адамға оң резус-факторлы қан қүйылса реципиент организмінде қорғағыш денелер - антирезус-фактор түзіледі. Осындай реципиентке екінші рет оң резус-факторлы қан құйылса, дайын антирезус-фактордың әсерімен эритроциттер жабысып, агглютинация процесі жүреді. Теріс резус-факторлы ана оң резус-факторлы бала көтерсе де осындай қүбылыс байқалады.

Қанның тобы мен резус-факгор белгілі заңдыпықпен тұқым қуалады.