Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
innov_menedzhment_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆

Емтихан билеті № 10

  1. Ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өндiрiстер құру саласындағы әлеуеттi басымдықтар.

Қазiргi экономикалық дамудың негiзгi сипаттамаларының бiрi уақыттың белгiлi бiр кезеңiнде озық ғылыми-технологиялық әзiрлемелердiң негiзiнде жасалған технологияларды кезең-кезеңiмен ауыстыру процесiмен белгiленген оның әркелкi сипаты болып табылады. Технологиялық тәртіптерд ауыстыру сәтiнде осының алдындағы кезеңде көшбасшылықта болған елдер капиталдың құнсыздануына және бұрынғы өндiрiстерде iстеген қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн жоғалтуына тап болады. Жаңа өндiрiстiк-технологиялық жүйенi қалыптастыруда жетiстiктерге қол жеткiзiп үлгерген елдер дәстүрлі жұмсау салаларынан сырғып бара жатқан капиталды тарту орталықтарына айналуда. Бағдарлама индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс. 

Негiзгi бағыттары мыналар болуы тиiс:  1. Жоғары технологиялық өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн құруға жәрдемдесу;2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргі заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымдық қазiргi заманғы элементтерi қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және с.с.) құру;  3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қолда бар ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану. Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдары мен жануарлардың жаңа сұрыптары мен генотиптерi, бактериялардың штамдары және басқалары); ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялары; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау; химия өнiмдерi және басқалары. 4. Мынадай қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттар саласында зерттеулер жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жacaу: жаңа материалдар мен химиялық технологиялар; аппараттық технологиялар. 5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.

  1. Қазақстанда инновациялық қорлардың даму бағыттары.

Ұлттық инновациялық қор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, ұлттық басқарушы компания жалғыз акционері болып əрекет ететін, акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады. Ұлттық инновациялық қор ұлттық даму институты болып табылады. Бұл қордың негізгі мақсаты елдегі инновациялық белсенділікті арттыру, соның ішінде, жоғары технологиялық жəне ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жəрдемдесу. Ұлттық инновациялық қордың міндеттері: - инновациялардың құрылуын жəне енгізілуін қаржыландыруды жүзеге асыратын инновациялық қорлар мен инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына бақылаусыз қатысу; - инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз қатысу жəне қаржылық лизинг арқылы инновациялар құруды жəне енгізуді қаржыландыру; - инновациялық инфрақұрылымды дамыту; - сыртқы нарықтарға отандық инновацияларды жылжыту; -инновациялық технологиялармен алмасу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 1. «Ұлттық Инновациялық Қор» - жарғылық капиталы мемлекеттің 100% қатысуымен 2003 жылдың 30 мамырындағы «Ұлттық Инновациялық Қор» АҚ құру туралы Үкіметтің шешімімен құрылған. Қор қызметінің мақсаты - мемлекеттегі инновациялық белсенділікті көтеру үшін жағымды климатты құру, сонымен бірге ғылыми сиымды жəне жоғарғы технологиялық өндірістің дамуына қолдау көрсету, жаңа инновациялық жобалар мен жаңа технологияларды ынталандыру болып табылады. 2. «Маркетингтік зерттеу жəне талдау орталығы» - нарықта 2003 жылдың тамызынан бері кеңес беру қызметі бойынша жұмыс істеп келеді. Орталық салаға кешенді талдау мен саланың бəсекелестік ортасына жəне болашақтағы дамуына болжау жасайды. Бағаны анықтау, сұраныс пен ұсынысқа зерттеулер жүргізеді. 3. «Қазақстанның Даму Банкі» - ҚР Президентінің жарлығы бойынша 2001 жылдың 25 сəуірінде кұрылған. Жарғылық капиталы мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған. Акционерлері ҚР Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар. Даму Банкінің қызметінің мақсаты - мемлекеттегі инвестициялық қызметтің тиімділігін көтеру жəне жетілдіру, мемлекет экономикасы үшін сыртқы жəне ішкі инвестицияларды тарту, оларға қолдау көрсету жəне өңдеуші өнеркəсіптер мен өндірістік инфрақұрылымды дамыту. Қазақстанның Даму Банкi Қазақстанның Даму Банкiнiң негiзгi мiндетi ұзақ мерзiмдi жəне орташа мерзiмдi төмен проценттi банк кредиттерiн, оның iшiнде экспорттық кредиттер беру арқылы, сондай-ақ басқа кредиттiк институттар беретiн заемдар мен кредиттер бойынша кепiлдi мiндеттемелер беру арқылы жеке сектор мен мемлекеттiң бастамаларына (инфрақұрылымдық жобалар бөлiгiнде) қаржылай қолдау көрсету болып табылады. 4. «Инжиниринг жəне технологиялар трансферті орталығы» Орталық миссиясы ҚР-ң технологиялық дамуына сервистік қолдау көрсету. Мақсаты - ҚР инновациялық қызметтің тиімділігін жəне инновациялық белсенділігін көтеру болып табылады. 5. «Қазақстанның Инвестициялық Қоры» ҚР-ң мемлекеттік даму институттарынын бірі болып табылады. Қордың мақсаты - экономикалық шикізаттық емес секторында бəсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бағыттамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кəсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету. 6. «Шағын кəсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамы. Қор мемлекеттік негізгі мақсаты болып жаңа өндіріс жəне жұмыс орындарының құрылуын қамтамасыз ететін шағын кəсіпкерлікті дамыту жəне қолдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]