Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
innov_menedzhment_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆
  1. Инновациялық менеджменттің ұйымдық формалары

Инновациялық менджменттің негізгі түсініктері Қазіргі күнгі əдебиеттерге сай инновациялық менеджмент дегеніміз - инновациялық жобаларды басқару, жоспарлау, бақылау жəне инновациялық персоналды ұйымдастыру əдістемелерінің жиынтығы. Инновация дегеніміз - интеллектуалды еңбек нəтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім жəне жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз. Бірақ, ол өнімнің тек жаңалық қасиетіне иелігі инновация болуына жеткіліксіз. Ол нағыз инновация деп аталуы үшін, белгілі бір пайдалылық эффектісіне ие болу шарт. Инновация ұғымы - кəсіпорынның инновациялық қызметі — бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа; əдістерін, қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық жəне зияткерлік əлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қогамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады. Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологаянық жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады. Процесстік инновация- бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тəсілін жəне технологаяны едəуір жетілдіру, жабдықтарды жəне өндірісті ұйымдастыруды өзгерту. «Жаңалық» дəрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық жəне шетелдік практикада ұқсастығы жоқ жəне жаңа нəрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлер технологиясы жəне қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаалықтарға ие болады жəне үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің жəне жаңалыңтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт араылғы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде аныңталады. Кəсіпорынның инновациялық қызметін əзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары: - жаңалық идеяны əзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияның жəне бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу жəне конструкциялық жүмыетарды жүргізу; - өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу; - жаңа өнімді дайындауда технологиялық прогресті əзірлеу; - қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу жəне жаңа техниканың үлгілерін енгізу; - жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық -басқарушылық шешімдерді əзірлеу жəне енгізу; - қажетті ақпараттық ресурстарды жəне инновацияны аңпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу жəне əзірлеу; - қажетті ғылыми-зерттеу жəне конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру жəне қызметкерлерді арнайы əдіспен іріктеу; - лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу; - инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру жəне маркетингтік зерттеулерді жүргізу. Қазіргі күнгі əдебиеттерге сай инновацияларды жалпы үш түрге жіктейміз: 1. Инновация -өнім - өнімдік инновация) 2. Инновация –процесс (технологиялық инновация) 3. Ұйымдастырушы - басқару саласындағы инновация

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]