- •Инновация түсінігі. Инновация теориясының қалыптасуы.
- •Инновация түрлері. Инновациялық қызметтің дамуы.
- •Емтихан билеті № 2
- •Инновацияның өмірлік циклы және функциясы.
- •Кәсіпорынның инновациялық қызметі.
- •Емтихан билеті № 3
- •Инновациялық идеяларды іздеу мен таңдаудағы әдістер.
- •Инновациялық қызметтің нормативтік базасы.
- •Инновациялық менеджменттің ұйымдық формалары
- •Емтихан билеті № 4
- •Инновациялық стратегиялар.
- •Инновациялық стратегиялар түрлері.
- •Инновациялық бизнес-жоспар.
- •Емтихан билеті № 5
- •Инновациялық ғылыми-техникалық бағдарламалар.
- •Инновациялық қызметті венчурлық қаржыландыру.
- •Интеллектуалдық меншік.
- •Емтихан билеті № 6
- •Инновациялық жобалар.
- •Емтихан билеті № 7
- •Емтихан билеті № 8
- •Емтихан билеті № 9
- •Қазақстан Республикасының индустриялық – инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы.
- •Емтихан билеті № 10
- •Ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өндiрiстер құру саласындағы әлеуеттi басымдықтар.
- •Қазақстанда инновациялық қорлардың даму бағыттары.
- •Шағын және орта бизнесті инновациялық тұрғыда дамыту.
- •Емтихан билеті № 11
- •Қазақстанда лизингті дамыту негіздері
- •Қазақстанда бизнес – инкубаторларды қалыптастыру.
- •Венчурлық бизнестің маңызы.
- •Емтихан билеті № 12
- •Қазақстанда ғылым мен инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау тетіктері.
- •Қазақстан Республикасында ғылыми – техникалық прогерсті басқару негіздері.
- •Емтихан билеті № 13
- •Емтихан билеті № 14
- •Инновациялық үрдістерді басқару жүйесі.
- •Инновациялық үрдістер және экономикалық даму.
- •Емтихан билеті № 15
- •Инновациялық үрдістің функционалдық біліктілігі.
- •Инновациялық әсер ету бағыттары.
- •Инновациялық үрдістерді басқару жүйесі.
- •Емтихан билеті № 16
- •Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерге талдау жасау.
- •Интелектуалдық меншік басқару обьектісі ретінде « Авторлық және сыбайлас құқықтар туралы», «Патентті заң» Қазақстан Республикасы заңдары.
- •Ғылымды ұйымдастыру және инновациялық ұйымдар мен кәсіпорындардың жіктелу нысандары
- •Емтихан билеті № 17
- •Қаржылар қажеттігін және қаржылық жағдайды бағалау.
- •Инновациялық қызметті басқарудың қаржы-экономикалық тұтқалары.
- •Емтихан билеті № 18
- •Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі тәуекелдіктерді азайту жолдары.
- •Венчурлық капитал, венчурлық фирма, венчурлық бизнес туралы ұғымдар.
- •Емтихан билеті № 19
- •Инновациялық жоба ұғымы және оның мазмұны.
- •Инновациялық жобалардың ұғымы мен мәні.
- •Басқару мәні мен қағидалары.
- •Емтихан билеті № 20
- •Инновациялық жобаларды жүзеге асыру.
- •Инновациялық процесс пен инновациялық қызмет түсінігі
- •Емтихан билеті № 21
- •Инновациялық жобаларды жүзеге асыру.
- •Инновациялық процесс пен инновациялық қызмет түсінігі
- •Емтихан билеті № 22
- •Инновациялық қызмет пен инновациялық процесс нәтижесінде пайда болатын тиімділік түрлері.
- •Инновациялық кәсіпкерліктің мәні.
- •Экономикалық дамудағы технологиялық кезеңдердің даму эволюциясы
- •Емтихан билеті № 23
- •Технологиялық кезеңдер.
- •Емтихан билеті № 24
- •Инновациялық өнімдер мен қызметтердің өмір циклдері.
- •Ғылыми – техникалық прогресстің қазіргі менеджмент жүйесіндегі орны
- •3. Білім, ақпарат алмасу жүйелерін басқару инновациялық технологиялар менеджментінің бір элементі.
- •Емтихан билеті № 25
- •Инновациялық технологияларды басқару процессінде шешім қабылдау ерекшеліктері
- •Бәсеке дамының рыноктағы инновациялық технологиялардың құндылығы.
- •Емтихан билеті № 26
- •Инновациялық қызметті ұйымдастыру түрлері.
- •Кәсіпорынның инновациялық деңгейін анықтау.
- •Инновациялық деңгейі бойынша кәсіпорындарды топтарға жіктеу.
Емтихан билеті № 14
Инновациялық үрдістерді басқару жүйесі.
ҚР-ғы инновациялық үрдістерге талдау жасау.
Инновациялық үрдістер және экономикалық даму.
1. Инновациялық процеске келер болсақ, инновациялық процесс жаңа идеяның зерттелуі, дайындалуымен оның практикалық қолданысқа енуіне дейінгі мерзімді қажет етеді. Инновациялық үрдісті ұйымдастырудың 3 әдісі бар:
1. Кезекті ұйымдастыру - әр саты біткеннен кейін, оны жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылданады. Бұл қаржылық қауіптілікті (риск) төмендетеді, бірақ ұйымның әлеуетін толығымен пайдалануға мүмкіндік бермейді және жұмыс щығынын көтеріп жібереді.
2. Паралельлді ұйымдастыру—жұмыстың бітуін күтпей-ақ, паралеллді ұйымдастыру. Бұл уақытты қысқартады, бірақ тәуекелді жоғарылатады.
3. Интегративті ұйымдастыру - әртүрлі профилдің мамандары, білгір есепшілері біріге жұмыс жасау арқылы барлық мәселелерді шешеді.
Инновациялық үрдіс нәтижесі – бұл экономиканың әр түрлі салаларында қолданылатын және халықаралық саудада ерекше тауар болып табылатын технологиялық жаңалықтар. Инновациялық үрдіс өндіріс факторларына, кәсіпкерлік іс-әрекетті басқаруды ұйымдастыру формаларына, технологияның қозғалысына және солар арқылы аймақ экономикасына әсер етеді.
Инновациялық үрдістердің тиімді менеджменті үшін шаруашылық иерархиясының барлық деңгейлерін деинновациялық үрдістерді басқарудың, олардың инновациялық белсенділігін арттыру жолдарын жасаудың ең тиімдіқұралдарын таңдап алу қажет. Қазақстан Республикасында инновациялық үрдістерді басқаруды жетілдірусіз отандық экономиканы қазіргіжаһандық үрдістерге бейімдеу, қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығу және жылдам модернизациялау проблемасын шешу іс жүзінде мүмкін емес. Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерді дамытудың қазіргі жағдайын кешенді талдамалық бағалау, ол оның қарқынының жеткіліксіздігі мен тегіссіздігі, құрылымының ұтымсыздығы мен одан әрі жетілдіруде шаруашылық субъектілерініңмотивациялаудың ілсіз дәрежесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік берді. Мұның бәрі қызметке кәсіпорындардың инновациялық белсенділігіне мемлекеттік ықпал етудің тиісті шараларын жаңғыртуды және енгізуді, өнеркәсіпте инновацияларады стратегиялық басқаруды пайдалануды және сонымен қатар, шараушылық иеархияның барлық деңгейлерінде инновациялық мененджментті перспективалы жетілдіруді талап етеді.
2. Қазіргі таңда Қазақстанда экономика салаларын диверсификациялау және инновацияларды ауқымды енгізу үшін жағдайлар жасауға тиісті мемлекеттік бағдарламалардың көп саны қабылданған. Инновациялық қызметті қоғамда, ғылымда, әлеуметтік өмірде, саяси жүйеде, өмірдің тағы басқа салаларында да кеңінен қолдануға болады. Жаңа жетістіктерге қол жеткізу жолындағы ізденіс және оларды дамыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану заман талабынан туындап отыр. Инновациялық процестерге бет бұру дегеніміз ─ бұрынғы даму жолдарын өзгерту, қоғамның барлық саласының даму динамикасын жаңарту, ғылыми-техникалық дамуға жаңа стимул беру мақсатында жұмыс істеу. Мұның өзі ғылым мен өндірісті тоқайластыру деген сөз. Осы мақсатта қабылданған еліміздегі «Инновациялық қызмет туралы» заң қоғамның, экономиканың дамуына жаңа сипат беруде. Бұл заңның негіздеріне сүйенетін болсақ, мұнда негізінен инновациялық саясат ─ мемлекеттік саясаттың құрамдас бір бөлігі әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуда осы бағытты басшылыққа алу керек. Бұл процесс бәсекеге қабілетті экономиканың қарышты қадам басуына ерекше әсер етеді. Инновациялық жаңа ғылыми идеялар озық технологияны қолдануға барлық жағдайлар жасау қажет екенін көрсетеді. Жаңа жетілдіргіш ақпараттық технологиялық процестер үрдісін қоғамды басқару саласынан бастап, өндірістің барлық салаларында қолдану керек екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Инновациялық саясаттың басты мақсаты ─ отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл-ауқатын көтеру және қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан да жаһандық процесс туғызған инновациялық қызмет кез келген мемлекеттің даму тарихында ерекше орынға ие. Еліміздегі ішкі және сыртқы геосаяси және экономикалық жағдайдың тұрақтануы мен инновациялық қызметтің, ғылыми-техникалық саясаттың даму қарқыны да өзгеруде.
3. Инновациялық үрдіс — кезең-кезеңмен өтетін процес. Инновациялық үрдіс — кез келген экономика субъектісінің инновациялық қызметі. Басты бағыты аяқталған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жаңа немесе жетілдірілген өнім түріне келтіріп, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процестің нарыққа сату. Инновациялық процесстің маңызы – жаңалықтардың инициациялық мақсат бағытымен жүретін әрекеттер. Яғни жаңа өнімдерді өңдеп, оларды базарларға сату және әрі қарай диффузияландыру. Инновациялық процестің құрылымына 7 элемент кіреді. Олардың бір жүйелілікке бірігу нәтижесінде инновациялық процестің құрылымын құрайды.1. Инициация;2. Инновацияның маркетингі;3. Инновацияны өндіріп шығару;4. Инновацияны сату; 5. Инновациялардың өтуі; 6. Инновацияның экономика тиімділігін бағалау; 7. Инновацияның диффузиясы. Инновацияның диффузиясы — тауарларды сыртқы нарықтарға көпшілікке тарату кезеңі. Ол инновациялардың өту функциясына ұқсас, яғни қалаған тарату каналдарымен немесе басқа өтім желілері арқылы инновацияларды тұтынушыларға дейін жеткізіп салу қызметін атқарады.
Соңғы жылдар ішінде Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2011 жылы елдің ішкі жалпы өнімі (ІЖӨ) 7,5%-ға артты. Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес, жаңа, ең озық өндірістер ашылуда. Экономикамыз елдің және оның азаматтарының өсіп-өркендеуі үшін дамытылуда. Әрбір жобаның, әрбір экономикалық өсімнің сандық көрсеткішінің артында әр дербес отбасының молшылығы, еліміздің барлық азаматтарының бақуатты өмірі тұр.
Жаңа кәсіпорындар мен зауыттардың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашады. Өндірістің өсуі бюджетке салық түсімдерінің көбеюіне себепші болады. Ал бұл жаңа балабақшалар, мектептер салуға, денсаулық сақтау нысандары үшін заманауи техника алуға мүмкіндік туғызады. Экономикалық табыстар арқасында барлық қазақстандықтар медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен қамтылған.
