Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
innov_menedzhment_bilet.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
875 Кб
Скачать
☆

Емтихан билеті № 26

  1. Инновациялық қызметті ұйымдастыру түрлері.

Инновациялық менеджмент тұрғысынан алғанда, инновациялық қызметпен айналысатын кəсіпорындар - инновациялық қызмет пен процесстерді коммерциялық мақсат үшін жүзеге асырады. Инновациялық қызметтерді үш түрлі деңгейде орналасқан ұйымдар жүзеге асырылады: 1. мемлекеттік деңгейде, ол түрлі ғылыми технопарктік кұрылымдар, ғылыми орталықтар; 2. ірі кəсіпкерліктегі қомақты компаниялар 3. шағын инновациялык компаниялар. Инновациялық қызметті атқарушы тұлғалар мыналар: 1. инновацияны жасаушы жəне іске асырушы жеке жəне занды тұлғалар; 2. технополистер, технологиялық парктер, технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар жəне инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары; 3. инновациялық қызметті реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар; 4. инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерін білдіретін жəне қорғайтын қоғамдық бірлестіктер Инновациялық менеджменттің басқару объектісі: 1. инновациялық жобалар мен бағдарламалар; 2.интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нəтижелері; 3. технологиялар, жабдықтар мен процесстер; 4. өндіріс пен кəсіпкерлік инфрақұрылымы; 5. өндірістік, баскарушылық, коммерциялық немесе өзге де процесстің сапасы мен тиімділігін едəуір жақсаратын, өзге де жаңа ұйымдык-техникалық, қаржы-экономикалық шешімдер инновациялық қызмет объектілері болып табылады.

  1. Кәсіпорынның инновациялық деңгейін анықтау.

Тəжірбие жүзінде инновациялық үрдістерді ұйымдастыру, жоспарлау, бақылаудың көптеген əдістері бар. Олардың көбісі иновациялық менеджмент, стратегиялық менеджмент, жобаларды басқару, менеджменттің жалпы теориясы сияқты пəндер мен ғылымдардың негізінде қалыптасқан. Жоғарыда айтылғандай, жаңа өнімнің рынокқа тиімді енуі мен пайдалы болуы инновациялық үрдістердің тиімді ұйымдастырылуы негізінде болады. Осы инновациялық процессті ұйымдастырудың тəжірибе жүзінде бірнеше түрі бар: - сатылы əдіс (оны немесе дəстүрлі, классикалық əдіс деп те атайды) - параллельді əдіс - интегралды əдіс Инновациялық қызметті ұйымдастырудың сатылы əдісі ол ұйымдағы функционалды бөлімдерде инновациялық процесстің сатылы түрде, яғни кезекпен жүзеге асыруына бейімделген. 7-сурет. Жаңа өнім шығару бойынша шешім компанияның басқару иерархиясының ең жоғарғы деңгейінде қабылданады. Онан соң ииновациялық жобаны бастау туралы мəлімет компанияның ғылым зерттеу бөліміне түседі. Бұл бөлім өз тарапынан зерттеу жұмыстарын атқарып, өнімнің жалпы техникалық қасиеттерін анықтап, эксперименталды сынақ жұмыстарын жүзеге асырады. Инновациялық жоба онан кейін маркетинг бөліміне жіберіледі. Маркетинг бөлімі, ғылыми зерттеу бөлімінің нəтижелері мен нұсқауларына сүйене отырып нарыққа зерттеу жасап, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтап, өнімнің түрін , түсін, сыртқы қабын тағайындайды.

  1. Инновациялық деңгейі бойынша кәсіпорындарды топтарға жіктеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]