Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150 Кб
Скачать
☆

20. Артикуляциялық аппараттың құрылымын тексеру

Тексеру артикуляциялық мүшелердің анатомиялық құрылымын анықтаудан басталады: -ерін-жалпақ, қалың, жарықшақ; -қатты таңдай-өте жоғары әрі тар, өте төмен әрі жалпақ, жырықтары; -тістер-түрлері мен көлемі (кіші, ұсақ), саны (артық, жетіспеуі); -тіл-үлкен, жіңішке, тіл асты сіңірі қысқа, қалыпты; -кішкентай тіл-қысқа, айырылған. Кішкентай тілдің айырылғандығы баланың таңдайының жырықтығының нышаны болуы мүмкін; -тістену, қабысу (астыңғы және үстіңгі жақ сүйектерінің орналасуы). Қалыпты жағдайда бүйірлі тістер бірдей денгейде түйісіп тұрғанда үстіңгі тістер біршама алға қарай шығып турады. Тістенудің (прикус) әр түрлі ауытқулары кездеседі. Прогения -астыңғы жақтар үстіңгі жақтарға қарағанда шығыңқы келеді; прогнатия – үстіңгі жақ өте шығып тұрады; бүйірлік қабысу – бүйірлік азу тістердің арасында саңылау қалады; алдыңғы ашық қабысу –алдыңғы күрек тістердің арасында саңылау қалады. Сөйлеу мүшелерінің құрылысындағы анатомиялық ақаулықтар тіл дыбыстарын айтуға әсерін тигізеді. Мысалы, үлкен икемсіз тілдің салдарынан ызың, ысқырық, Р дыбыстары бұзылып айтылуы мүмкін. Өте жоғары, тар таңдай да ысқырық, сонорлы дыбыстардың бұзылуына себеп болады. Астыңғы және үстіңгі жақтардың дұрыс қабысып тістенбеулері немесе тістердің орналасуындағы ақаулықтар кейбір тіл дыбыстарының тіс аралық, бүйірлік айтылуына себеп болуы мүмкін. Содан соң артикуляциялық аппараттың қимылдау функциясын тексереді. Ол үшін әр түрлі жаттығулар пайдаланады. Жаттығулар сөздік нұсқау немесе көрсету арқылы орындалады. Еріннің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге келесі жаттығулар қолданады: -ерінді түйістіру; -ерінді О дыбысын айтқандай дөңгелету, біраз ұстап тұру; -тілді түтікшеге ұқсас ұстап тұру (У дыбысын айтқандай); -жымию – ерінді күлгендей ұстау. Төменгі жақтың қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар: -төменгі ерінді оңға қозғау; 35 -төменгі ерінді солға қозғау; -төменгі ерінді алға шығару. Тілдің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар: -жалпақ тілді астыңғы ерінге салып ұстап тұру (1-5 дейін санап); -жалпақ тілді үстіңгі ерінге тигізіп ұстап тұру (1-5 дейін санап); -жалпақ тіл; -жіңішке тіл; -жоғарғы ерінді жалау; -жоғарғы, төмен ерінді жалау; -тілдің ұшын жоғарғы тістерге, таңдайға тигізіп ұстау; -жалпақ - жіңішке тіл жасау (бірнеше рет қайталанады); Жұмсақ таңдайды тексеру үшін «А» дыбысын екпінді айтқызып, жұмсақ таңдайдың көтеріліп, төмен түсуі анықталады. Артикуляциялық жаттығуларды орындау барысында логопед қимыл- қозғалыстардың төмендегідей сапасына көңіл бөледі: -нақтылығы; -көлемі; -бір қимылдан екінші қимылға өтуі; -бір қалыпты ұстап тұруы. Тіл қимыл-қозғалысының бұзылуы, әсіресе сал ауырумен ауырған немесе әлсізденген, алалиядан зардап шеккен балалар арасында жиі кездеседі. Ондай балаларды тексеру барысында қосымша жаттығулар пайдаланады. Артикуляциялық аппраттың динамикалық қимылын ұйымдастыруын тексеру үшін алдымен көрсетіп, содан соң нұсқау арқылы қимыл кешендерін қайталатады: -тістену, тілді шығару, сосын ауызды кең ашу; -тілді бір жаққа бұру, жоғары көтеру, алға шығару; -ауызды кең ашу, тілдің ұшын төменгі тістерге тигізу, сосын жоғары тістерге тигізу, жоғарғы ерінге қою. Тексеру барысында жеке сынақтармен қоса функционалдық сынақтар қолданады (Е. М. Мастюкова, 1989). 1 сынақ. Ауызды ашып, тілді алға шығарып, тілді қимылдатпай ұстап тұрған қалпында оңнан солға қимылдаған затты (қарандаш, саусақ) басты бұрмай көзбен қадағалау. Тілді ұстап тұруы бағаланады, синкинезияның байқалуы анықталады. 2 сынақ. Тілді жоғары, төмен қимылдату, бұл кезде тексерушінің қолы баланың мойнында ұсталады. Мойынның бұлшық еттерінің қатаюы бар ма жоқ па, синкинезияның байқалуы анықталады. Артикуляциялық қимылдың бір қимылдан екінші қимылға өту мүмкіндігін анықтау үшін дыбыс немесе буын қатарынан айтқызуға болады. Мысалы, А-ИУ; У-И-А; КА-ПА-ТА; ЛАР-РАЛ; ТА-ТУ. Қосымша жаттығулар мен сынақтар дизартрияның көмескі түрін анықтау мақсатымен қолданылады. 36 Егер балада бір қимылдан екінші қимылға көшкенде қиындық туындаса, ол оральдік праксисының бұзылуын көрсетеді. Кей жағдайда бала қимылдарды айнасыз қайталай алмайды, логопед тілдің, еріннің, беттің қай (нуктесіне) жеріне қол тигізгенін сезінбейді. Мұндай жағдайлар көбінесе дизартриямен зақымдалған балаларда кездеседі. Ондай балалардың міндетті түрде ерін, тіл, жұмсақ таңдай бұлшық еттерінің тонусын бақылап, талдау қажет (тілдің қалпы, тремор, гиперкинез, тілдің конфигурациясы, әлсіздігі, жұмсақ таңдайдың салбырауына көңіл бөледі). Сонымен қатар мимикалық бұлшық еттердің қалпын тексеру қажет: 1. Маңдай бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру: - қасты көтеру, қабақ түю, маңдайды жиыру. 2. Көздің қимылын тексеру: - көзді қатты, жеңіл жұму, оң көзді, сосын сол көзді жұму, көзді қысу. 3. Мойынның бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру: - оң ұртын бұртыйту, 3 сек. ұстау; - екі ұртын бұртыйту, 3 сек. ұстау; - бір ұртынан екіншіге ауаны үрлеу; - ұрттарын ауыз қуысына тартып ұстау (1-5 дейін). Жаттығуларды орындау барысында бақылау қажет: - қимылдың мөлшері (толық-барлық қимылдарын орындады; толық емес- қимыл жартылай орындалды; қимыл мөлшері бұзылған – қимыл кезектілігі бұзылды немесе кейбір қимылды орындамай тастап кетті); - нақтылығы (сақталған – барлық қимыл кезектілікпен орындалды; бұзылған-артикуляцияны іздеу немесе қосымша қимылдар жасады); - тонусы (сақталған – қимыл қажетті күшпен жасалды, бұзылған – қимылдар жартылай әлсіз, жеткіліксіз орындалды); - қимылдың жылдамдығы (қалыпты – бір қимылмен екіншісінің арасында үзіліс байқалмады; баяу – қимылдардың арасында 3-5 сек. үзіліс байқалды; жылдам – бір қимылды аяқтамай, екінші қимылға көшеді); - синкинезиялар (жоқ, бар – артикуляциялық, мимикалық бұлшық еттерінде байқалады). 4. Символикалық праксисті тексеру үлгі, содан соң нұсқау бойынша тексеріледі: ысқыру, сүю, жымию, тістену, таңдай қағу.

21. Артикуляциялық аппараттың қозғалысын тексеру

Еріннің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге келесі жаттығулар қолданады: -ерінді түйістіру; -ерінді О дыбысын айтқандай дөңгелету, біраз ұстап тұру; -тілді түтікшеге ұқсас ұстап тұру (У дыбысын айтқандай); -жымию – ерінді күлгендей ұстау. Төменгі жақтың қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар: -төменгі ерінді оңға қозғау; 35 -төменгі ерінді солға қозғау; -төменгі ерінді алға шығару. Тілдің қимыл-қозғалыс функциясын тексеруге арналған жаттығулар: -жалпақ тілді астыңғы ерінге салып ұстап тұру (1-5 дейін санап); -жалпақ тілді үстіңгі ерінге тигізіп ұстап тұру (1-5 дейін санап); -жалпақ тіл; -жіңішке тіл; -жоғарғы ерінді жалау; -жоғарғы, төмен ерінді жалау; -тілдің ұшын жоғарғы тістерге, таңдайға тигізіп ұстау; -жалпақ - жіңішке тіл жасау (бірнеше рет қайталанады); Жұмсақ таңдайды тексеру үшін «А» дыбысын екпінді айтқызып, жұмсақ таңдайдың көтеріліп, төмен түсуі анықталады. Артикуляциялық жаттығуларды орындау барысында логопед қимыл- қозғалыстардың төмендегідей сапасына көңіл бөледі: -нақтылығы; -көлемі; -бір қимылдан екінші қимылға өтуі; -бір қалыпты ұстап тұруы. Тіл қимыл-қозғалысының бұзылуы, әсіресе сал ауырумен ауырған немесе әлсізденген, алалиядан зардап шеккен балалар арасында жиі кездеседі. Ондай балаларды тексеру барысында қосымша жаттығулар пайдаланады. Артикуляциялық аппраттың динамикалық қимылын ұйымдастыруын тексеру үшін алдымен көрсетіп, содан соң нұсқау арқылы қимыл кешендерін қайталатады: -тістену, тілді шығару, сосын ауызды кең ашу; -тілді бір жаққа бұру, жоғары көтеру, алға шығару; -ауызды кең ашу, тілдің ұшын төменгі тістерге тигізу, сосын жоғары тістерге тигізу, жоғарғы ерінге қою. Тексеру барысында жеке сынақтармен қоса функционалдық сынақтар қолданады (Е. М. Мастюкова, 1989). 1 сынақ. Ауызды ашып, тілді алға шығарып, тілді қимылдатпай ұстап тұрған қалпында оңнан солға қимылдаған затты (қарандаш, саусақ) басты бұрмай көзбен қадағалау. Тілді ұстап тұруы бағаланады, синкинезияның байқалуы анықталады. 2 сынақ. Тілді жоғары, төмен қимылдату, бұл кезде тексерушінің қолы баланың мойнында ұсталады. Мойынның бұлшық еттерінің қатаюы бар ма жоқ па, синкинезияның байқалуы анықталады. Артикуляциялық қимылдың бір қимылдан екінші қимылға өту мүмкіндігін анықтау үшін дыбыс немесе буын қатарынан айтқызуға болады. Мысалы, А-ИУ; У-И-А; КА-ПА-ТА; ЛАР-РАЛ; ТА-ТУ. Қосымша жаттығулар мен сынақтар дизартрияның көмескі түрін анықтау мақсатымен қолданылады. 36 Егер балада бір қимылдан екінші қимылға көшкенде қиындық туындаса, ол оральдік праксисының бұзылуын көрсетеді. Кей жағдайда бала қимылдарды айнасыз қайталай алмайды, логопед тілдің, еріннің, беттің қай (нуктесіне) жеріне қол тигізгенін сезінбейді. Мұндай жағдайлар көбінесе дизартриямен зақымдалған балаларда кездеседі. Ондай балалардың міндетті түрде ерін, тіл, жұмсақ таңдай бұлшық еттерінің тонусын бақылап, талдау қажет (тілдің қалпы, тремор, гиперкинез, тілдің конфигурациясы, әлсіздігі, жұмсақ таңдайдың салбырауына көңіл бөледі). Сонымен қатар мимикалық бұлшық еттердің қалпын тексеру қажет: 1. Маңдай бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру: - қасты көтеру, қабақ түю, маңдайды жиыру. 2. Көздің қимылын тексеру: - көзді қатты, жеңіл жұму, оң көзді, сосын сол көзді жұму, көзді қысу. 3. Мойынның бұлшық еттерінің қимылының мөлшері мен сапасын тексеру: - оң ұртын бұртыйту, 3 сек. ұстау; - екі ұртын бұртыйту, 3 сек. ұстау; - бір ұртынан екіншіге ауаны үрлеу; - ұрттарын ауыз қуысына тартып ұстау (1-5 дейін). Жаттығуларды орындау барысында бақылау қажет: - қимылдың мөлшері (толық-барлық қимылдарын орындады; толық емес- қимыл жартылай орындалды; қимыл мөлшері бұзылған – қимыл кезектілігі бұзылды немесе кейбір қимылды орындамай тастап кетті); - нақтылығы (сақталған – барлық қимыл кезектілікпен орындалды; бұзылған-артикуляцияны іздеу немесе қосымша қимылдар жасады); - тонусы (сақталған – қимыл қажетті күшпен жасалды, бұзылған – қимылдар жартылай әлсіз, жеткіліксіз орындалды); - қимылдың жылдамдығы (қалыпты – бір қимылмен екіншісінің арасында үзіліс байқалмады; баяу – қимылдардың арасында 3-5 сек. үзіліс байқалды; жылдам – бір қимылды аяқтамай, екінші қимылға көшеді); - синкинезиялар (жоқ, бар – артикуляциялық, мимикалық бұлшық еттерінде байқалады). 4. Символикалық праксисті тексеру үлгі, содан соң нұсқау бойынша тексеріледі: ысқыру, сүю, жымию, тістену, таңдай қағу.