Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150 Кб
Скачать
☆

84 Сөздің буындық құрамын тексеруге мысал келтіріңіз

Сөздің буындық құрамын тексеру үшін әртүрлі буындар түрлері алынады. Балаға суретті атау ұсынылады. 3 жастағы баланы тексеруге 1,2,3 буынды сөздер беріледі. Үлкен жастағы балалар үшін буынның әртүрлі түрлері беріледі (екі дауыссыз дыбыстың қатар келетін, дауысты дыбыс әртүрлі позицияда келетін т.б). 5 жастан кейін балаға логопедтің артынан күрделі сөздерді қайталауға арналған тапсырмалар беріледі. Мектеп жасындағы балаларға буындық құрамы күрделі сөздерді,жағылтпашты оқу , буындық құрамы күрделі сөздерді көшіру және диктан жазу ұсынылады.

  • «Телеграф» ойныны. Сөзді «жіберу», оның ритмикалық құрлымын (буын саны) тоқылдату арқылы

  • «Доппен ойын». Сөзде қанша буын болса, допты жерге сонша рет буынды айтып соғу.

  • Сөзді буынға бөлу

  • «Кесілген суреттер » сөзде қанша буын болса, суретті сонша бөлікке бөліп, буындарды жазып қою.

  • « Жануарларды өз үйіне орналастыр » ойыны 1 қабатқа бір буынды сөз ит, екінші қабатқа сиыр т.б

  • Сөздердің бірінші буындарынан сөз құрау

Бала+қасық= бақа

  • Қай буын түсіп қалғанын табу

Қар—ғаш

84. Жазуды тексеруге тапсырма

Белгілі бір сөзді немесе сөйлемді бастырып жазу, диктант ретінде жазу, көшіріп жазу.

85. Танымдық процестерді дамытуға әдістеме. Зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту

  1. Ойыншықтарды (заттарды, әр түрлі тақырыптық топтардағы суреттерді) есіне сақтау және оларды белгілі бір кезектілікте орналастыру (доп, машина, шапка; щар, қасық, қарындаш).

  2. Мағынасы бойынша ұқсас суреттерді есінде сақтау (жаңбыр –қолшатыр; қар- шана).

  3. Белгілі түсті заттарды іріктеу (тек қызыл машиналарды, ақ кубиктерді т.б.).

  4. Белгілі пішінді фигураларды іріктеу (тек шаршыларды, үшбұрыштарды, дөңгелектерді).

  5. Ұсынылған қатардан артық затты табу: (3қызыл шаршы және көк; қуыршақ, сайқымазақ, Буратино және шапка; тон, пәлте, плащ және шкаф; қызыл машина, қызыл қайық, қызыл кеме және сары машина).

  6. Екі, үш, төрт бөліктен суреттерді құрастыру.

  7. Қораптың тесігіне сәйкес әр түрлі пішінді фигураларды іріктеу.

  8. Тірек суреттерге сүйеніп, жұмбақтарды шешу (мысалы; « жұмбақ»).

Балалардың зейінін, есте сақтауын, логикалық ойлауын дамыту

  1. Тек логопед атаған ойыншықтар мен заттарды есте сақтап, іріктеу (2-4дана).

  2. Алынып тасталған немесе қоып қойған ойыншықты табу, атау.

  3. Бір тақырып аясындағы ойыншықтарды есте сақтап, кез келген кезектілікте тізіп қою.

  4. Бір тақырып аясындағы 2-3 ойыншықты есте сақтап, логопед айтқан кезектілікте тізіп қою.

  5. Логопед атаған 2-3 сөзді есте сақтап, атауын атап шығу (мама, папа, апа).

  6. Ұсынылған бірнеше суреттер, заттар, ойыншықтардың (шар, доп, қылқалам; шапка, құлақшын, алма; алмұрт, банан, үстел) ішінен артығын тауып, атау.

  7. Контурлы суреттегі бейнеленген затты атау.

  8. Ойыншықты (затты) бір бөлшегі бойынша тауып, атау.

  9. Лексикалық тақырыптар: «Ойыншықтар», «Киімдер», «Жиһаз», «Ыдыс-аяқ», «Азық-түлік», «Көліктер».

86. Сөздің буындақ деңгейін дамытуға әдістеме.

3 тапсырма. Буын деңгейінде

«Буынды тап»

Мақсаты: баланың буынды талдауын тексеру

Сипаттамасы: педагог баладан жоғалған буынды табуын сұрайды.

Мысал: қа...даш, қы...нақ, ба...пан, жұ...қа және т.б.

4 тапсырма. Буын деңгейінде.

Мақсаты: баланың буынды талдауын тексеру.

Сипаттамасы: берілген сурет бойынша заттың атауында қанша буын бар екенін талдап шығуын сұрау.

Нұсқау: Мына суретте не бейнеленген? Бұл сөзде қанша буын бар? Бөліп, санайық.

Құрал-жабдықтар: балаға таныс заттардың бейнесі бар суреттер.