Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150 Кб
Скачать
☆

87. Ұсақ моторикаға әдістеме.

1 Тапсырма

Қағазбен жұмыс.

Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

1) мыжу – қолдың күшін дамыту (содан соң «домалақ шарик» пайда болады, оны белгілі бір арақашықтьқта тұрған себетке лақтыруға болады);

2) жырту – қимылдың арақатыстығын білуін дамыту.

Сипаттамасы: екі қолдың саусақтарымен қағазды ұстап екі жаққа тартамыз. Пайда болған жолақтарды қорапқа салып, оларды қайтадан шашып «жаңбыр» жасаймыз.

Құрал жабдықтар: әр түрлі кез келген қағаздар.

Ескерту!

* балаға осы жаттығуды жасатарда міндетті түрде қағазды қай жерден алатыныңызды көрсетіңіз. Және өзіңіз әрдайым қағазды тек сол жерден алыңыз. Себебі бала кез келген көзге түскен қағаздарды, кітаптарды немесе сол сияқты қажет заттардың барлығын жыртуға болады деп ойлап қалуы мүмкін.

* Балаға ескі кітаптар мен журналдарды жыртуға бермеңіз. Себебі біз кез келген ойынмен баланың өмірге деген қатысын, көзқарасын тәрбиелейміз. Ал бұл мысал кітапқа деген бұрыс көзқарасын дамытады.

3) Домаланған шарик қағаздан аппликация жасау.

Сипаттамасы: қағазды мыжу, оны жолақтарға жырту, шыққан жолақтарды төртбұрыш жасап жырту, әр пайда болған төртбұрыш қағаздарды алақанымен дөңгелетіп шарик жасау, домалақ шариктермен белгілі бір нәрсенің бейнесін салу.

2 Тапсырма

Бөтелкені ұсақ заттармен толтыру.

Мақсаты: қолдың ұсақ мотрикасын дамыту.

Сипаттамасы: пластикалық бөтелкеге үрме бұршақ, тастар, шариктерді салу.

Құрал жабдықтар: пластикалық бөтелке, тастар, үрме бұршақ, шариктер.

Нұсқау: жаттығудың нәтижесі болу үшін балаға оны қалай дұрыс орындау керектігін көрсету керек:

  • Ұсақ заттарды уыстап немесе екі саусақпен ұстауды үйрету – затты қалай ұстау керектігін көрсетіңіз.

  • Бір қолмен бөтелкені ұстап, екінші қолмен бөлшектерді бір-бірден салуға үйрету. Ең бастысы балаға бөлшекті дұрыс және бір-бірден алуды үйрету!

  • Ең соңында бөтелкенің қақпағын жауып, сілкілеп шыққан дауысты естіртіңіз.

3 Тапсырма

Тұзды қамырмен жұмыс.

Қамырдың құрамы:

1 стақан ұн,

3/4 стақан тұз,

5 ас қасығынан өсімдік майы,

кішкене жылы су және сәл крахмал қосамыз.

Әр түрлі түс жасау үшін қамырға гуашь және қызылша немесе сәбіз шырынын қосуға болады.

Дайындау тәсілі:

Тұзды минимальді мөлшердегі суға саламыз, барлығын қосып, қамырды илейміз.

Қамырмен жаттығулар.

Мақсаты: қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Сипаттамасы:

  1. Қамырды екі саусақпен кішкене үзіп-үзіп көз жасау.

  2. Қамырдың үстін басу, ұру, алақанмен қамырды жайып, саусақтармен, алақанмен шұжық жасау.

  3. Қамырға саусақтарының ізін жасау.

  4. Қамырды басқа да ұсақ бөлшектермен араластырып түрлі заттар жасау (горох, үрме бұршақ, вермишель, кеспе).

  5. Қамырдан сақина тәріздес дөңгелек жасап, оны жіпке тізуге болады.

88. Белсенді еліктеп сөйлеу әрекетін дамыту

  1. Атау:

а) таныс адамдардың, туысқандардың аты;

ә) жолдастырының, қуыршақтардың аты;

2. Еліктеу:

а) жануарлардың дауысына, қоршаған ортадағы дыбыстарға;

ә) музыкалық аспаптардың дыбыстарына.

89. Сөйлемейтін баланың логикалық ойлауын дамыту.

Мағынасы бойынша ұқсас суреттерді есінде сақтау (жаңбыр –қолшатыр; қар- шана).

Ұсынылған бірнеше суреттер, заттар, ойыншықтардың (шар, доп, қылқалам; шапка, құлақшын, алма; алмұрт, банан, үстел) ішінен артығын тауып, атау.

Қораптың тесігіне сәйкес әр түрлі пішінді фигураларды іріктеу.