Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150 Кб
Скачать
☆

6. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексеру

Сөйлеу тілінің бұзылуы есту қабілетінің нашарлауына көп байланысты. Бұл екі келеңсіздіктің бірімен-бірі тығыз байланысты екеніне ата-аналар көңіл аудармайды, сондықтан да логопедтің алдына өтінішпен барған кезде баланың нашар еститінін көбінесе ескертпейді. Сондықтан сөйлеу тілін

тексермес бұрын оның есту қабілетінің дұрыстығына көз жеткізіп алу керек. Егер баланың есту қабілеті жөнінде отоларингологтан анықтама болмаса, онда оны логопед өзі тексереді. Есту қабілетін сыбырлап сөйлегенді ұғынуын талдау арқылы тексереді. Жеке сөзді немесе қысқа сөйлемді баланың құлағының түбінен бастап бірде қатты, бірде ақырын, бірде сыбыр дауыспен кезек-кезек біртіндеп алыстатып айта отырып есту қабілетінің шамасын әр түрлі қашықтықтан тексереді. Есту кабілеті дұрыс бала, логопедтің 6-7 м. жерден сыбырлап айтқан сөзі мен қысқа сөйлемін жақсы естиді және қайталайды. Бала логопедтің сөзін теріс қарап тұрып қайталайды. Баланың есту кабілетін жақыннан бастап, сосын ара қашықтығын біртіндеп алыстата отырып тексереді. Тексеру жүргізетін бөлменің бұндай сынаққа ыңғайы келмесе, онда логопед керекті қашыктыққа сәйкес келетіндей етіп теріс қарап тұрып сөйлеп тексереді. Құлағының жеңіл мүкістігі бар бала бір қалыпты дауыспен сөйлеген сөзді 6-дан 8 метрге дейінгі, ал сыбырлаған сөзді 3 метрге дейінгі қашықтықтан естиді. Құлағының мүкістігі ауыр баланың есту қашықтығының алшақтығы қысқарады және соған лайық сыбырлаған сөзді анық естуі мен оны қайталауы қиындайды. 1 метрге жетпейтін қашықтықта сыбырлаған сөзді анық түсіне алмаса, онда есту мүкістігінің ауыр екендігін көрсетеді. Тексеруге кірісерде логопед ең алдымен баланың сөйлеу тілінің толықтығы, анықтылығы, ырғақтығы, жатықтығын толығымен түсініп алуы керек. 7. Сөйлеу тілін тексерудің кезеңдері, міндеттері

Сөйлеу тілін тексеу 3 кезеңнен тұрады.

1кезең-Бағдарлау кезеңі

2кезең-Сөйлеу тілін және іс әрекетін бағдарлау кезеңі

3кезең-Оқу барысында баланы динамикалық бақылау және сөйлеу қорытындысын анықтау кезеңі

Сөйлеу тілін тексерудің негізгі міндетіне

-ата-ана мен педагогпен әңгімелесу және құжаттармен танысу барысында баланың тәрбие жағдайы мен дамуын анықтау

-жетекші іс-әрекетінің деңгейін анықтап,жас мөлшеріне сәйкестендіру

-Танымдық процесстерінің,эмоционалдық тұлғалық ерекшеліктерін анықтау

-байланыстырып сөйлеуін анықтау

-тіл жүйесінің компоненттерін меңгеру деңгейін анықтау

8. Сөйлеу тілін тексерудің бағдарлау кезеңіне сипаттама, міндеттері таппадымго кыздааар

9. Сөйлеу тілін диагностикалық кезеңіне сипаттама.Диагностикалық кезең іс-әрекеті - түрлі тексеру тәсілдерін пайдалану үрдісінде сөйлеу жүйесінің әртүрлі компонентерінің бұзылуын анықтау мен қатар, оның сипаты, денгейі, күрделілігі және болашақ мүмкіндігі анықталады. Тексерудің негізгі мақсаттары мен міндеттері: -ата-ана мен педагогпен әңгімелесу және құжатармен танысу барысында баланың тәрбие жағдайы мен дамуын анықтау; -жетекші әс-әрекетінің денгейін анықтап жас мөлшеріне сәйкестендіру; 28 -танымдық процестерінің, эмоционалдық тұлғалық ерекшеліктерін анықтау; -байланыстырып сөйлеуін анықтау; -тіл жүйесінің компоненттерін меңгеру денгейін анықтау. Логопедиялық тексеру барысында алынған мағлуматтарды жинақтап, талдап, сөйлеу тілінің бұзылуын анықтауда толығымен келесі қағидаларға сүйену қажет: -даму қағидасы; -жүйелік; -сөйлеу тілінің бұзылыстарын психикалық дамудың басқа жақтармен байланысты көрсету. Диагностика – бұл диагноз қоюдың теориясы мен тәжірибесі. Біріншісі – диагнозды қою,бұнымен теоретикалық диагностика тығыз байланыста. Екіншісі–тәжірибелік диагностиканың шұғылданатын диагнозды қою әрекетінің өзі. Диагностың негізгі мақсаты жекеліктен жалпыны, типтік, әдеттегіні көру. Диагностың негізгі мақсаты жекеден жалпылықты,ортақтықты, типтілікті көру, анықтау. «Диагноз» - бұл әрқашан жалпы сипаттағы нақты жағдайды анықталған құбылысқа, көрініске әкеліп,жеткізіп,қорытындысын шығару. Әдетте жинақы,біртұтас,тұтастық диагноз көптеген жекелікті жинақтау нәтижесі, қорытындысы ретінде пайда болады. Педагогикалық диагностика өзінің мақсаты, міндеті, қолдану саласы бар ретінде қалыптасып, ғылымға дербес,жеке сала ретінде 20 ғасырдың екінші жартысында бөлініп шықты. 10.Сөйлеу тілінің тексерудің аналитикалық кезеңі.