Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150 Кб
Скачать
☆

33. Жазуын тексеру

Баланың жазуын тексерудің үлкен маңызы бар, себебі ол жазуды меңгеру дағдысының денгейін ғана емес, сонымен бірге ақаулыктарының түрлерін де анықтауға мүмкіндік береді. Жазу дағдысын жат жазу арқылы тексереді. Қателердің себебін және ерекшелігін анықтау үшін дағдылануға байланысты сөздерден немесе қыска сөйлемдерден жат жазу жазғызады. Жат жазу үшін сұрыптап алынатын сөздер немесе сөйлемдер мүмкіндігінше оқу бағдарламасынын талабынан шықпауы керек, сонымен бірге олардың құрамында айтылуында жиі бұзылатын дыбыстары бар сөздер неғұрлым көбірек болғаны дұрыс. Осыған орай логопед төменгі сыныптың оқушыларына лайықтап жат жазу үшін сөздерді сұрыптап алады.

Сонымен бірге көшірме жазуын да тексереді. Жат жазуындағы жіберілген қателері мен көшірме жазуындағы жіберілген қателерді салыстырып, теңестіреді. Жазуды енді үйрене бастаған балаларға жат жазуды әріптерді жазғызудан бастайды. Балаға өзінің сөйлеу тілінің айтылуындағы жиі бұзылатын дыбыстарды жазғызады. Бала буындарды немесе қыска сөздерді айтумен қалай жазатынын тексереді.

Жазғызудың орнына кеспе әліппеден қиылып алынған әріптерді теріп сөз құрайды. Жат жазумен қатар баланың айтуымен жазуында байкалмайтын кейбір қателерін жеке сөйлемді құрастыруының бұзылуын, сөздік қорының жеткіліксіздігін анықтауға мүмкіндік беретін өздігінен жазуын тексеру керек. Тексерудің мұндай жолы сондай-ақ баланың тұтас алғанда сөйлеу тіліндегі жазуын қай шамада меңгеретінін түсінуге мүмкіндік береді.

Өздігінен жазуын тексеру үшін күрделі әр түрлі бейнедегі суреттерді ұсынады. Жазуды әлі жеткілікті меңгермеген балаларға жеңіл бейнеленген суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып, оқиға желісін баяндап немесе одан да гөрі жеңілдеу суреттегі бейнеленген заттардың аттарын немесе қимыл - әрекеттерін жазуды ұсынады.

Жазуын тексерген кезде барлық назарды жазу барысының ерекшелігіне (бала сөзді фонетикалық тұрғысынан бірден дұрыс жаза ма немесе керекті дыбысты іздеп, ол сөзді бірнеше рет қайталап айта ма) және бұндағы кездесетін қателеріне бағыттау керек. Сонымен қатар ызың және ысқырық, ұяң және қатаң, р және л, жіңішке және жуан дыбыстарды ажыратуына, шатастыру, алмастырудың түрлеріне көңіл бөлу керек.

Бұдан басқа баланың дыбысты түсіріп қалдыру, орнын ауыстыру, артық дыбысты қосу, әр түрлі сөздерді қосып жазу, бір сөзді бөлшектеп жазу сияқты қателерді жіберетін, жібермейтіндігі де ескеріледі. Бұл қателер сөздің дыбыстық талдануының жетктіліксіздігін, сөздегі дыбыстарды анықтап және бөлуді, олардың жүйелігін айқындауды толық білмейтіндігін көрсетеді.

34. Сөздік қорын тексеруге арналған сөздік материалдарды іріктеу қағидалары

Баланың ауызекі сөзін бақылай отырып сөздік қорының қаншалықты деңгейде екенін анықтап білуге болады. Бірақ кейбір жағдайларда баланың сөйлеу тіліндегі белсенділігін және сөздің мағынасын түсінудегі енжарлығын арнайы тексеруді керек етеді.

Баланың жас мөлшеріне және сөйлеу тілінің мүмкіндігіне қарай сөздік қорын зерттеу үшін заттардың аттарын атау, жалпы аттарын табу, қарсы мәндес және ұқсас мәндес сөздерді атау, түбірлес сөздерді іріктеу, сөйлемдегі сөздерді ауыстыру сияқты бірсыпыра арнайы тәсілдер қолданылады.

Ең қарапайым және аса көп тараған тәсілдердің бірі заттардың атын атау, балаға аттарын атай алатын заттарды немесе оның әрекетін және белгісін бейнелейтін суреттерді көрсетеді. Баланың сөйлеу тілінің белсенділігін тексеру үшін логопед оған затты немесе суретті көрсетіп, Мынау не? Мынау кім? Не істеп жатыр? Қандай? Кімдікі? деген сұрақтарды қояды. Бала затты немесе суретті атау керек. Бұндай тәсілді тіпті мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорының деңгейін тексеру үшін де қолданады. Әдетте сөйлеу тілі дұрыс дамып, мектеп жасына дейін-ақ айтарлықтай мол сөздік қор жинаған бала заттың атын, әрекетін, сапасын атауда ешқандай қиналмайды.

Заттар және суреттер тақырыпқа іріктеп алынған болу керек, мысалы, ойыншық, ыдыстар, киімдер, аяқ киімдер, жануарлар, үй жабдықтары, әр түрлі кәсіптің адамдары, жиһаздар.

Сөз қорын тексеруге қажет лексикалық және көрнекілік материалдар мына қағидаларға сәйкес іріктеледі:

- семантикалық (тексеруге заттың атын, оның бөлшегін, іс-әрекетін, сапа, сипатын, уақытты, кеңістікті білдіретін сөздер іріктеледі);

- лексикалық - грамматикалық (тексеруге қажет зат есім, сын есім, етістік, үстеу, т.б. әр түрлі сөз таптарын кіргізу қажет және ол сөздер баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек);

- тематикалық немесе тақырыптық-лексикалық материал тақырып бойынша топталады: киім, жеміс, т.б.

Тексеруге қажет сөздер мектептің немесе мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламасына сәйкес құрастырылады. Сонымен қатар сөйлеу тілі бұзылған балаларға сөздік-буындық құрамы қолжетерлік, қолайлы болуын ескеру қажет. Тексеру қорытындысын талдау барысында сөз қорында қандай лексикалық топтардағы сөздерді қолданбайды, алмастырады, қандай сөздерде қателер кездесетініне көңіл бөлу керек.

35. Тексеру нәтижесінде алынған мағлұматтар жанжақты талданып, бағаланады. Сөйлеу тілінің лексикалық жағының қорытындылауында сөздік қоры жағдайы жалпылама сөздерді қолдануы, антоним, синоним сөздердің мағынасын түсінуі, белгілері бойынша топтастыруы және тапсырмаларды орындау барысындағы кездескен қиыншылықтар көрсетіледі.