Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150 Кб
Скачать
☆

36. Анамнез жинау

Анамнез жинау барысында сөйлеу тілінің, моторикасының ерекшеліктері туралы деректер логопедке баланың жағдайын дұрыс бағалауға, сосын логопедиялық түзету жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Анамнезді мүмкіндік болса анасымен әңгімелесу барысында жинақтау тиімді, болмаса жақындарынан жиналады.

Ата-анасымен әңгімелесу барысында анықталатын:

1.Жүкті болу мен босануы:

2.Бір жасқа дейінгі кезең:

-отбасының жағдайы;

-ұйқысы, тәбеті;

-немен ауырды (инфекциялық, соматикалық);

-моторлы дағдылары (басын қашан ұстады, отырды, жүрді).

3.Сөйлеу анемнезі:

-уілдеу, былдырлау уақыты;

-уілдеуі мен былдырлаудың ерекшеліктері (белсенділігі, дыбыстардың сипаты, әртүрлігі, дауыс реакциясының сипаты);

-алғашқы сөздің пайда болған уақыты;

-алғашқы сөйлемнің, байланыстырып сөйлеу уақыты;

-фразалық сөйлемге көшкен кезеңдегі байқалған қиындықтар;

-сөйлеу тілінің бұзылыстары.

4.Баланың тәрбие жағдайы:

5.Мектеп жасына дейінгі балаларға қажет қосымша деректер.

6.Мектеп жасындағы балаларға қажет қосымша деректер.

37. Танымдық процестерді тексеру әдістемелері

Танымдық процестерге қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял, зейін, түйсік жатады.

Танымдық процестерді тексеру әдістемелеріне: кеспе сурет, төртінші артық, леонтьев әдістемесі, сеген тақтасы, геометриялық фигураларды салыстыр және т.б. жатқызуға болады.

38) Сөздің буындық құрамын тексеру

Тексеру барысында сөздің буындық құрамын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Сөздің буындық құрамының бұзылуының төмендегідей түрлері кездеседі: - буын санының қысқарылуы (бапан-балапан); - буындарды жеңілдету (үтель-үстел); - буын қосу (қарағаш–қарағағаш); - буындарды ұқсастыру (рарамал-орамал); - буын, дыбыстардың орнын ауыстыру (ас-қа-бақ – аспабақ). Кейбір балалардың сөздің буындық құрылысының бұзылатындығы байқалады. Бұндай балалар сөйлеу тілінде сөздің дыбыстары мен буындарының орындарын ауыстырып шатастырады немесе мүлдем айтпай түсіріп қалдырады немесе керісінше артық дыбыстарды және буындарды қосып алады. Мысалы, “ескек” сөзін “екесек” деп, “кітап” - “каптап”, “бұтақ” - “бақ” деп өзгертеді. Осының барлығы сөздің құрамындағы буындардың және дыбыстардың шатасып, сөздің буындық құрылысының бұзылғандығын көрсетеді. Бұндай жағдайлар әсіресе үндестігі жағынан ұқсас дыбыстардың қатар келуінің салдарынан немесе қос сөзден құрылған күрделі тіркестердің қиындығынан жиі болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін тексерген кезде берілетін тапсырмадағы сөздерді үндері ұқсас дыбыстардың, сөздердің, қос сөзді қиын тіркестердің, сөздің басында, ортасында, соңында дауыссыз дыбыстардың қатар келіп айтылуын қиындататын құрылысы әр түрлі буындардан тұратын сөздерден іріктей білу қажет. Бала алдымен бейнелі суреттегі көрсетілген оқиға желісін өз сөзімен өз бетінше айтып береді, сосын айтқан сөзін қайталайды. Балаға берілген бейнелі суретте тексеруге пайдаланатын сөздер көптеп кездесетін болу керек. Мысалы, кітап, дәптер, ескек, милиционер, шар, бұтақ, бала, тарақ, жапалақ, теңіз, терезе, бүлдірген, қарлығаштар, т.б.