Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150 Кб
Скачать
☆

31. Сөйлеу тілінің шапшандығы және жатықтығын тексеру

Сөйлеу тілінің шапшандығы мен жаттықтығын тексерген кезде оның тұтықпаға байланысты ерекшелігі байқалады. Логопед тұтықпаның сөздің бірінші дыбысын немесе буынын бірнеше рет қайталайтын серіппелі дірілдеу /клоникалық/ дейтін немесе сөйлеп тұрып сөздің ортасында, көбінесе сөйлердің алдында кібіртіктеп кенет тоқтап қалатын құрысу /тоникалық/ дейтін түрлерін анықтап, ерекшеліктеріне назар аударады. Тұтықпаның кейде дірілдеуі басым, кейде құрысуы басым болып келетін дірілдеп-құрысу, құрысып-дірілдеу сияқты араласқан түрлері болуы мүмкін.

Одан басқа, сөйлеу тілінің кібіртектенуінің жиілігін және шапшандығын, бірқалыптылығын, жылдамдығын, баяулығын анықтайды.

Тұтықпа біркелкі больш көрінбейді, ол өздігінен сөйлеу тіліндегі дағдысынан өте тез көрінеді. Тұтықпаны тексеруді нақ осыдан бастайды. Логопед әр түрлі сұрактарымен баланы белсенді сөйлеуге тартады. Осыдан кейін баланың өздгінен сөйлеу тілінің ерекшелігі туралы логопедтің жалпы түсінігі қалыптасып болған соң, енді сұракка жауап және окығанын айтып беру арқылы оқуындағы тұтығуды анықтау керек. Өлеңді жатқа айтқызуға да болады. Бұл, осы, былай айтканда, деген сияқты және тағы басқа сөйлеу тілін бүлдіретін керексіз сөздерді қайталауымен қосылып, басының, қолының, аяғының да ретсіз ілесе қимылдауларына назар аударады.

Сөйлеу тілін тексеру барысында белгілі болған ауытқулар тіркеледі және айтылуындағы кемістіктерді, жазылуындағы қателерді, сөйлеу тілінің оқуын немесе сөйлем құрамының бұзылуының үлгісін сипаттайтын мысалдар келтіріледі. Анықталған ауытқулар талданады, салыстырылады және қорытынды түрінде жазып тіркеледі.

Қорытынды - бұл баланың тілінің дамуындағы анықталған барлық ауытқулардың құрамы, демек қажетті педагогикалық шараларды белгілеуді болжамдауға мүмкіндік беретін тексерудің мәліметтерінің қыскаша талдануы.

Бұдан былай қарай логопедиялық анықтамаға әр оқушының істеген жұмысының нәтижесі жүйелі түрде іріктеліп отырылады. Күні бұрын белгіленген жеке дамыту-түзету жұмыс бағдарламасы дәлелденіп және толықтырылып отырылады, ал кейде оқу барысында анықталған, сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу қорытындысы өзгереді.

32. Оқуын тексеру

Оқуының жағдайын тексеру үшін арнайы іріктеліп алынған сөйлемдерді пайдаланады, егер бала нашар оқитын болса, онда әріптерді оқып талдаудан бастайды.

Осы мақсатпен ысқырық және ызың, ұяң және катаң әріптерді атауды ұсынады, ал егер сөйлеу тілінің ақаулығына байланысты айта алмаса, онда ол әріптерді сөздің құрамынан немесе қолмен жазылған және таңбалы нұсқасын көрсетеді. Бала берілген әріптерді бірден танитын, танымайтынын анықтаудың манызы бар.

Бұдан кейін буындарды ОҚУДЫ тексереді. Құрамында қатар тұрған дауыссыз және дұрыс айтылатын да, дұрыс айтылмайтын да дыбыстары бар буындарды алдымен тура, сосын керісінше буындарды оқытады. Бұдан кейін сөздерді оқуға көшеді. Оқуды тексеру үшін алдымен жәй сөйлемдерді, сосын дыбыстық және морфологиялық құрамы бойынша күрделілеу сөздерді іріктеп алады. Оқытуға пайдалануға жарайтын сөздер: Марат, Рахат, Жанат, көрпе, тері, сағат, шана, тақия, қалпақ, қарлығаш, перде, дана, сабын, шапан. Бала оқыған сөздерін түсінетін, түсінбейтіндігін міндетті түрде тексеру керек. Бұны анықтау үшін оқыған сөзіне бір мағыналы сөздерді іріктеп алып, оны сөйлемнің құрамына еңгізуді, сосын соған лайықты суретті іздеуді ұсыну арқылы жасайды.

Түсінігін тексеру үшін бейнелі суреттердің және дыбыстың құрамы бойынша ұқсас сөздердің арнайы жиынтығын ұсынуға болады. Әрбір зат және әрбір сөз жеке-жеке анықтамаларда (карточкада) бөлек көрсетілген. Балаға анықтамада таңбаланған кез келген бір сөзді оқытады да, сол сөзбен аталатын затты басқа заттар бейнеленген суреттердің арасынан тауып алуды ұсынады. Мысалға берілетін сөздер мен соларға лайықты бейнелі суреттер: мысық, тышқан, қоян, түлкі, шалғы, бала, сағат, қасық, кітап, күрек. Одан кейін баланың білім деңгейіне сәйкес, мазмұны және көлемі оның түсінігіне оңай, әрі қолайлы, бірақ сыныпта қолданылмайтын жүйелі сөздерді және арнайы іріктеліп алынған қысқа мәтіндерді оқуын тексереді. Бала оқығанын қалай түсінгені сұраққа жауап немесе мазмұнын айтқызу арқылы міндетті түрде тексереді. Бұл әсіресе ауызекі сөйлеу тілін тексергенде сөздік қорының кедей екенін және сөйлем құрауының бұзылғанын анықтаған кезде маңызды.