Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
150 Кб
Скачать
☆

59.Сөйлеу тілін тексеру принциптері

60. Ауызша сөйлеу тілін тексеруді бағалау

61.Дыбыстардың айтылуын тексеруге мысал келтіріңіз

Дыбыс айтудың кемістіктері әр түрлі тіл бұзылыстарында жиі кездеседі, сондықтан артикуляциялық аппаратты, дыбыс айтуын, фонематикалық түсінігін тексеру барысында алынған деректерді салыстырып, талдау бұзылыстың себептері мен түзету жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдерін анықтауда маңызы зор.Дыбысайтуды тексеру екі бағыттан тұрады, оның бірі артикуляциялық –дыбыстың пайда болу ерекшелігін анықтау және дыбысты айту кезіндегі артикуляция м

үшелерінің қимылдары. Екіншісі –фонологиялық-тіл дыбыстар (фонема) жүйесін әр түрлі фонетикалық жағдайда ажырату. Бұл екі аспект бір бірімен тығыз байланысты.Логопедиялық арнайы әдебиетте

рде дыбыс айту бұзылыстарын 4 түрге бөледі:-дыбысты мүлдем айтпа;

-дыбысты бұзып айту;-

дыбысты тұрақты алмастыру;

-дыбысты шатастыру.

Дыбыс айтуды тексерудің негізгі мақсаты–фонеманың бұзылу түрін, бейімдейтін себептерін анықтау болып табылады. Сөйлеу тіліндегі дыбыстарды тексеру фонетикалық топтар бойынша жүргізіледі.

Дыбыстарды былай топтастыруға болады:

1)дауысты дыбыстар: а, ә, о, у, э, и, ы, і, ұ, ү, ө

2)дауыссыз дыбыстар:

а) ысқырық, ызың, аффрикаттар: с, з, ц, ш, ж, ч, щ, т.б

б) үнді дыбыстар: р, л, й;

в) қатаң және ұяң дыбыстар: п-б, т-д, к-г, қ-ғ, ф-в, с-з, ш-ж және жіңішке айтылулары.

Жіңішке дауыссыз дыбыстардың айтылуы жуан дауыссыздардың айтылуынан кейін анықталады.-Дыбыс айтуын тексеру мынандай кезектілікпен жүргізіледі:

-дыбысты жеке тұрған күйінде айтқызу;

-буында айтқызу (ашық, жабық буында, ортасында);

-сөзде айтқызу (дыбыс сөздің басында, ортасында, аяғында болу керек);

-сөйлемде айтқызу.

Тексеруге арналған сөздер фонетикалык және дидактикалық негізде баланың жас ерекшелігін ескере отырып сұрыпталады. Мысалы, "С" дыбысының айтылуын тексеру үшін "Мен айтамын, сен қайтала" ойынын ойнау арқылы жеке дыбысты буында айтылуын тексеруге болады.

С-С-С

Са -со -су –сы

Ас, ос -ус –ыс

Сла -сло -слу

62. Сөйлеу тілінің сенсомоторлы деңгейін тексерудің 2-3 тәсілін көрсетіңіз

Естіп қабылдауға:Қазір магнитафон көмегімен 10 сөз оқылады.Оны есте сақтауға тырысу керек.45 секунд ішінде сөздерді жазыңдар. «Тоқта» дегенде қаламдарыңды қойыңдар. Ендрге 2 сериялы сөздер беріледі.

1 серия сөздер 2 серия сөздер

  1. Үстел 1. Етік

  2. Бор 2. гараж

  3. Парк 3.кран

  4. Аяқ 4.футбол

  5. Терезе 5.айна

  6. Қорап 6.көлік

  7. Қол 7.киви

  8. Телефон 8.велосипед

  9. Қуырашақ 9.попугай

Көріп қабылдауға:Балаға алдымен 4 сурет беріледі. Суреттер а-б,в-г әрбір суреттерді бала қарауына 10 секунд уақыт беру керек. Содан, кейін бала сол қараған суреттерді басқа қағазға салып көрсету керек.