- •1 Дәріс. Мемлекет, құқық және мемлекетік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2 сағ.)
- •1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
- •1.2 Мемлекеттің ұғымы, белгілері және мәні. Мемлекеттің нысаны
- •1.3 Құқықтың ұғымы мен белгілері
- •1.4 Құқық нормалары
- •2 Дәріс. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •2.1 Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері
- •2.2 Конституциялық құқықтың түсінігі, жүйесі және ғылымы
- •2.3 Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы Конституциялық негіздері
- •2.4 Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
- •3 Дәріс. Қазақстан Республикасы әкімішілік құқығының негіздері (1 сағ.)
- •3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері
- •3.3 Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •3.4 Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік жазалар
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •1.1 Азаматтық құқық ұғымы және құқықтық қатынас
- •1.2 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
- •1.3 Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және оның құқықтық
- •1.4 Міндеттеменің ұғымы және тараптары
- •5 Дәріс. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері (1 сағ.)
- •5.1 Отбасы құқығы: ұғымы, мәні мен принциптері
- •5.2 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары. Некенің жарамсыздығы
- •5.3 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •6 Дәріс. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы (1 сағ.)
- •6.1 Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі
- •6.2 Қаржылық-құқықтық нормалар және қаржылық-құқықтық қатынастар
- •6.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
- •6.4 Қазақстан Республикасының қаржылық бақылаумен бюджеті
- •7 Дәріс. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)
- •7.1 Еңбек құқығы пәні мен жүйесі. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі
- •7.2 Жеке еңбек шартының ұғымы, мерзімі, тоқтату және бұзу тәртібі
- •7.3 Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы
- •7.4 Материалдық жауапкершілік. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы
- •8 Дәріс. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағ.)
- •8.1 Қазақстан Республикасының Экология құқығының тарихы
- •8.2 Экология құқығының ұғымы, міндеттері және жүйесі
- •8.3 Экология құқығының объектілері мен принциптері
- •9 Дәріс. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)
- •9.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
- •9.2 Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстың санаттары
- •9.3 Қылмыс құрамның түсінігі және маңызы
- •9.4 Қылмыстық жаза: ұғымы, түрлері мен мақсаты
- •10 Дәріс. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (2 сағ.)
- •10.1 Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі
- •10.2 Әкімшілік іс жүргізу құқығының ұғымы, әдісі мен қағидаттары
- •10.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен сатылары
- •10.4 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні, кезеңдері мен ерекшеліктері
1.2 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
Азаматтық құқықтық нормалардың талаптарына сай туындайтын және бұл нормаларға тәуелді болатын жақтар арасындағы қатынастар азаматтық құқықтық қатынастар деп аталады.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері:
1) Жеке тұлға. Қ Р азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
2) Заңды тұлға. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады.
Заңды тұлғалар екіге бөлінеді:
1) Коммерциялық ұйым.
2) Коммерциялық емес ұйым.
Коммерциялық тұлғалар негiзi мақсаты ретiнде пайда табуды көздейдi және алынған таза пайданы қатысушыларға үлестiрiп бередi. Олар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив.
Комерциялық емес заңды тұлғалар керiсiнше, өз қызметiнде негiзгi мақсаты ретiнде пайда табуды көздемейдi және алынған пайданы қатысушыларға үлестiрмейдi. Олар: мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестік.
Осы құқықтық қатынасқа қатысушылар белгілі бір құқықтарға ие және соған сәйкес міндеттерге ие. Осы құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталған болса, сол нәрсе, оның объектісі болып табылады (Объектілері: мүліктік құқықтар мен игіліктер және мүліктік емес құқықтар мен игіліктер) Мүліктік құқықтар мен игіліктерге: заттар, ақша, бағалы қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер, бұйымды дараландыру құралдары және т.б. жатады. Жеке мүліктік емес құқықтар мен игіліктерге: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, ар-намысы, абыройы, игі атағы, іскерлік беделі, жеке өмірге қолсұқпаушылық, жеке құпия, отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қолсұқпаушылық құқығы жатады.
1.3 Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және оның құқықтық
реттелуі
Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген.
Мәмілеге мынадай белгілер тән:
1) Тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіруі.
2) Рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет.
3) Қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған азаматтық құқықтык қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы.
4) Мәміленің әрқашанда құқықтық салдарды туғызуы.
Мәміленің маңызы жақтардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен түрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру, әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындағанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар чегі, затты сатып алғанын айғақтайтын құжат және т.б.), сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтын белгілер үсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-кетер ештеңе жоқ.
Конклюденттік әрекет (латынша concludere — жасау) — сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК-тің 151-бабының 4-тармағы). Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып, мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.
Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл орайда мәмілелерді жасау кезінің өзіңде орындалатындарынан басқа жүз есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабыньщ 3-тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.
Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) Бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар).
2) Ақылы және ақысыз.
3) Нақты және консенсуалды.
4) Каузалды және абстрактылы.
5) Шартпен жасалған.
6) Биржалық.
Біржақты мәміле дегеніміз Заңдарға немесе талаптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Біржақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі өсиет қалдыру. Әдетте біржақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жакты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер (латынша concensus — келісім) — келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res — зат) келісімнің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.
Мәмілелерді азамат құқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негіз бен құқықтық мақсатты (causa) еншілейді. Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (abstrahere — қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру).
