- •1 Дәріс. Мемлекет, құқық және мемлекетік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2 сағ.)
- •1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
- •1.2 Мемлекеттің ұғымы, белгілері және мәні. Мемлекеттің нысаны
- •1.3 Құқықтың ұғымы мен белгілері
- •1.4 Құқық нормалары
- •2 Дәріс. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •2.1 Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері
- •2.2 Конституциялық құқықтың түсінігі, жүйесі және ғылымы
- •2.3 Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы Конституциялық негіздері
- •2.4 Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
- •3 Дәріс. Қазақстан Республикасы әкімішілік құқығының негіздері (1 сағ.)
- •3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері
- •3.3 Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •3.4 Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік жазалар
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •1.1 Азаматтық құқық ұғымы және құқықтық қатынас
- •1.2 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
- •1.3 Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және оның құқықтық
- •1.4 Міндеттеменің ұғымы және тараптары
- •5 Дәріс. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері (1 сағ.)
- •5.1 Отбасы құқығы: ұғымы, мәні мен принциптері
- •5.2 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары. Некенің жарамсыздығы
- •5.3 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •6 Дәріс. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы (1 сағ.)
- •6.1 Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі
- •6.2 Қаржылық-құқықтық нормалар және қаржылық-құқықтық қатынастар
- •6.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
- •6.4 Қазақстан Республикасының қаржылық бақылаумен бюджеті
- •7 Дәріс. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)
- •7.1 Еңбек құқығы пәні мен жүйесі. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі
- •7.2 Жеке еңбек шартының ұғымы, мерзімі, тоқтату және бұзу тәртібі
- •7.3 Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы
- •7.4 Материалдық жауапкершілік. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы
- •8 Дәріс. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағ.)
- •8.1 Қазақстан Республикасының Экология құқығының тарихы
- •8.2 Экология құқығының ұғымы, міндеттері және жүйесі
- •8.3 Экология құқығының объектілері мен принциптері
- •9 Дәріс. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)
- •9.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
- •9.2 Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстың санаттары
- •9.3 Қылмыс құрамның түсінігі және маңызы
- •9.4 Қылмыстық жаза: ұғымы, түрлері мен мақсаты
- •10 Дәріс. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (2 сағ.)
- •10.1 Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі
- •10.2 Әкімшілік іс жүргізу құқығының ұғымы, әдісі мен қағидаттары
- •10.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен сатылары
- •10.4 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні, кезеңдері мен ерекшеліктері
9.3 Қылмыс құрамның түсінігі және маңызы
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке – жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың құрамы деп – қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді атаймыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элемент жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.
9.4 Қылмыстық жаза: ұғымы, түрлері мен мақсаты
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі.
Сотталған адамға келтірілетін бас бостандығынан айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1) Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру .
2) Сотталған адамның құқығынан шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3) Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлік тәркілеу.
4) Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас босандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас босатандығынан шектеу;
ж) қамау;
и) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
к) бас бостандығынан айыру;
қ) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Қосымша жазалары сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
б) мүлкін тәркілеу қолданылу мүмкін (39-бап, 2-бөлігі).
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін.
Пысықтау сауалдары
1. Қылмыстық құқықтың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы.
2. Диспозицияның түсінігін және олардың түрлерін түсіндіріңіз?
3. Қылмыс санаттары нақты белгілері бойынша қандай топқа бөлінеді?
4. Қылмыс жасады деп танылған адамдарға қандай негізгі жазалар қолданылады?
Әдебиеттер тізімі
1. А.Н. Ағыбаев. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім). – Алматы, 2007.
2. Алауханов. Е. Қылмыстық құқық. Оқу құралы. – Алматы, 2013.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 167 Кодексi (өзгертулер мен толықтырулар 2014 ж.).
4.Уголовное право Республики Казахстан. Особенная часть: Учебник / Под ред. проф. А.Н. Агыбаева, Г.И. Баймурзина. – Алматы, 2013.
