- •1 Дәріс. Мемлекет, құқық және мемлекетік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2 сағ.)
- •1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
- •1.2 Мемлекеттің ұғымы, белгілері және мәні. Мемлекеттің нысаны
- •1.3 Құқықтың ұғымы мен белгілері
- •1.4 Құқық нормалары
- •2 Дәріс. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •2.1 Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері
- •2.2 Конституциялық құқықтың түсінігі, жүйесі және ғылымы
- •2.3 Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы Конституциялық негіздері
- •2.4 Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
- •3 Дәріс. Қазақстан Республикасы әкімішілік құқығының негіздері (1 сағ.)
- •3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері
- •3.3 Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •3.4 Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік жазалар
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •1.1 Азаматтық құқық ұғымы және құқықтық қатынас
- •1.2 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
- •1.3 Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және оның құқықтық
- •1.4 Міндеттеменің ұғымы және тараптары
- •5 Дәріс. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері (1 сағ.)
- •5.1 Отбасы құқығы: ұғымы, мәні мен принциптері
- •5.2 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары. Некенің жарамсыздығы
- •5.3 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •6 Дәріс. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы (1 сағ.)
- •6.1 Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі
- •6.2 Қаржылық-құқықтық нормалар және қаржылық-құқықтық қатынастар
- •6.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
- •6.4 Қазақстан Республикасының қаржылық бақылаумен бюджеті
- •7 Дәріс. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)
- •7.1 Еңбек құқығы пәні мен жүйесі. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі
- •7.2 Жеке еңбек шартының ұғымы, мерзімі, тоқтату және бұзу тәртібі
- •7.3 Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы
- •7.4 Материалдық жауапкершілік. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы
- •8 Дәріс. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағ.)
- •8.1 Қазақстан Республикасының Экология құқығының тарихы
- •8.2 Экология құқығының ұғымы, міндеттері және жүйесі
- •8.3 Экология құқығының объектілері мен принциптері
- •9 Дәріс. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)
- •9.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
- •9.2 Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстың санаттары
- •9.3 Қылмыс құрамның түсінігі және маңызы
- •9.4 Қылмыстық жаза: ұғымы, түрлері мен мақсаты
- •10 Дәріс. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (2 сағ.)
- •10.1 Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі
- •10.2 Әкімшілік іс жүргізу құқығының ұғымы, әдісі мен қағидаттары
- •10.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен сатылары
- •10.4 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні, кезеңдері мен ерекшеліктері
7 Дәріс. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)
Жоспар:
1) Еңбек құқығы пәні мен жүйесі. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі.
2) Жеке еңбек шартының ұғымы, мерзімі, тоқтату және бұзу тәртібі.
3) Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы.
4) Материалдық жауапкершілік. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы.
Дәрістің мақсаты: «еңбек» және «жеке еңбек шарты» түсініктерінің мазмұнын ашу; еңбектік құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілерін көрсету; жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы ұғымына сипаттама беру; еңбекке жарамсыз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету саласындағы қатынастарды және осыларға қатысы бар заңды деректерді анықтау, олар жөнінде туындаған дауларды шешу.
7.1 Еңбек құқығы пәні мен жүйесі. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі
Еңбек құқығының пәні – еңбекке қаблеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда азаматтардың еңбегін қолдану жөнінде қалыптасатын жеке дара да, сондай – ақ ұжымдық та қоғамдық қатынастарды құрайды. Еңбек құқығының жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше.
Еңбек құқығы дегеніміздің өзі – меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық категориясының жалдамалы еңбекке байланысты қоғамдық еңбек қатынастарын реттейтін құқықтың жеке саласы.
Еңбек құқығының қағидалары дегеніміз – қазіргі заңдылықта бекітілген, еңбек құқығының нормаларының мәнін және еңбек саласын құқықтық реттеуде мемлекеттің негізгі бағыттарын білдіретін негізгі бастамалар. Еңбектік құқықтық қатынастарға жұмысшы (қызметкер) мен жұмыс беруші (ұйымдар, меншік иелері және т.б.) қатысады.
Еңбектік құқықтық қатынастар дегеніміз – азамат бекітілген ішкі еңбек тәртібіне сәйкес бағына отырып, белгілі бір жұмысты атқару үшін еңбек ұжымына кірген кезде пайда болатын өндірістік қатынастардың бір түрі.
Еңбектік құқықтық қатынастардың өзіне тән мынадай белгілері болады:
Біріншіден, бұл қатынастар сол кәсіпорын, мекеме, ұйымның ішкі еңбек тәртібінің шегінде жүреді;
Екіншіден, бұл қатынастар тек қана жұмысшы (қызметкер) белгілі бір еңбек ұжымына кірген кезде ғана пайда болады;
Үшіншіден, жұмысшының (қызметкердің) еңбек ұжымына кіруі нақты заңды деректермен белгіленеді (жеке еңбек шартына тұрады, қызметке тұруы жөнінде бұйрық шығарылады);
Төртіншіден, еңбек қатынастары сол жұмысшының (қызметкердің) белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаратынын, ал кәсіпорын әкімшілігі аталған жұмыстық орындалуы үшін қажетті жағдай жасауын міндетіне алғандығын білдіреді.
7.2 Жеке еңбек шартының ұғымы, мерзімі, тоқтату және бұзу тәртібі
Жеке еңбек шарты – бұл қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екіжақты келісім.
Қызметкерлердің негізгі құқықтары:
1) Жұмыс берушімен еңбек туралы заңда белгіленген тәртіппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға.
2) Еңбегі үшін ақы алуға.
3) Демалысқа.
4) Кепілдіктер мен өтемақылар алуға.
5) Еңбек дауларын тараптардың (қатысушылардың) келісуімен немесе сот тәртібімен шешуге.
6) Ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға.
7) Өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға және т.б. құқықтары бар.
Қызметкерлердің негізгі міндеттері:
1) Жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға.
2) Еңбек тәртібін сақтауға.
3) Жұмыс процесінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтіруге жол бермеуге.
4) Жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп тапсырылған, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Жеке еңбек шартының мерзімі:
1) Белгісіз мерзімге.
2) Белгілі бір мерзімге.
3) Белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалады.
Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады, кемінде екі дана етіліп жасалады және оған тараптар қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі.
Жеке еңбек шартын тоқтату негіздері:
1) Мерзімнің бітуі бойынша.
2) Тараптардың еркіне байланысты емес мән – жайлар бойынша тоқтатылады.
Жеке еңбек шартын бұзу негіздері:
1) Тараптардың келісімі бойынша.
2) Тараптардың бірінің бастамасы бойынша.
3) Заң актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша бұзылады.
