- •1 Дәріс. Мемлекет, құқық және мемлекетік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2 сағ.)
- •1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
- •1.2 Мемлекеттің ұғымы, белгілері және мәні. Мемлекеттің нысаны
- •1.3 Құқықтың ұғымы мен белгілері
- •1.4 Құқық нормалары
- •2 Дәріс. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •2.1 Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері
- •2.2 Конституциялық құқықтың түсінігі, жүйесі және ғылымы
- •2.3 Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы Конституциялық негіздері
- •2.4 Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
- •3 Дәріс. Қазақстан Республикасы әкімішілік құқығының негіздері (1 сағ.)
- •3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері
- •3.3 Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •3.4 Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік жазалар
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •1.1 Азаматтық құқық ұғымы және құқықтық қатынас
- •1.2 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
- •1.3 Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және оның құқықтық
- •1.4 Міндеттеменің ұғымы және тараптары
- •5 Дәріс. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері (1 сағ.)
- •5.1 Отбасы құқығы: ұғымы, мәні мен принциптері
- •5.2 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары. Некенің жарамсыздығы
- •5.3 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •6 Дәріс. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы (1 сағ.)
- •6.1 Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі
- •6.2 Қаржылық-құқықтық нормалар және қаржылық-құқықтық қатынастар
- •6.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
- •6.4 Қазақстан Республикасының қаржылық бақылаумен бюджеті
- •7 Дәріс. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)
- •7.1 Еңбек құқығы пәні мен жүйесі. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі
- •7.2 Жеке еңбек шартының ұғымы, мерзімі, тоқтату және бұзу тәртібі
- •7.3 Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы
- •7.4 Материалдық жауапкершілік. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы
- •8 Дәріс. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағ.)
- •8.1 Қазақстан Республикасының Экология құқығының тарихы
- •8.2 Экология құқығының ұғымы, міндеттері және жүйесі
- •8.3 Экология құқығының объектілері мен принциптері
- •9 Дәріс. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)
- •9.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
- •9.2 Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстың санаттары
- •9.3 Қылмыс құрамның түсінігі және маңызы
- •9.4 Қылмыстық жаза: ұғымы, түрлері мен мақсаты
- •10 Дәріс. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (2 сағ.)
- •10.1 Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі
- •10.2 Әкімшілік іс жүргізу құқығының ұғымы, әдісі мен қағидаттары
- •10.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен сатылары
- •10.4 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні, кезеңдері мен ерекшеліктері
3.3 Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Атқарушы билік органдары – тиісті құзірет берілген, белгілі бір аумақ шеңберінде атқарушы-өкім етуші қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік аппараттың бір бөлігі. Атқарушы билік органына – Үкімет, министрліктер, агенттіктер, комитеттер, комиссиялар, ведомстволар, инспекциялар, басқармалар, департаменттер, әкімияттар,бөлімдер жатады.
Үкімет – ҚР атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Министрлік – тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы боп табылады. Ғылым, Білім, Денсаулық сақтау, сыртқы істер, ішкі істер, қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, индустрия және сауда, қорғаныс, қаржы, т.б.
Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган. қаржы полициясы, стастика жөніндегі агенттік, көші қон және демография жөніндегі агенттіктер.
Комитет, мысалы ұлттыз қауіпсіздік комитеті – бұл орталық атқарушы органдардың жүйесіне кірмейтін, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және оған есеп беріп отыратын арнайы мемлекеттік орган.
Ведомство – орталық атқарушы органның құзіретінің шегінде арнайы атқару, бақылау, қадағалау міндеттерін жүзеге асырады. Су ресурстары жөніндегі комитет, мал дәрігерлік қадағалау комитеті;
Республика комиссиялары – ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі республикалық комиссия; ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия.
Жергілікті атқарушы билік органдары – бұған жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.
Әкім – ҚР Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған ҚР орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын, атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттілігі берілген тиісті аумақтың әлеуметтік экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.
3.4 Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік жазалар
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғандығы үшін әкімшілік жауап пен жазаға тартылатын заңға қайшы, қоғамға қауіпті, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.
Әрекет дегеніміз – белсенді түрде заң талаптарын, міндеттерін орындамау және тыйым салынған әрекеттерді жасау. Әрекетсіздік дегеніміз - өзіне жүктелген міндеттерді орындамау (енжар түрде).
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың фактілік негізі болып есептеледі.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:
1) Құқыққа қайшылығы.
2) Кінәлілігі.
3) Көп тарағандығы.
4) Жазаланатындығы.
5) Қоғамға қауіптілігі.
Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы дегеніміз – қоғамға қауіпті әрекеті үшін әкімшілік жауаптылыққа тартуға толық негіз беретін белгілердің жиынтығы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы мына 4 элементтен тұрады:
1) Объект.
2) Объективтік жағы.
3) Субъект.
4) Субъективтік жағы.
Әкімшілік жауаптылық дегеніміз – уәкілетті органның немесе лауазымды тұлғаның әкімшілік заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдануынан көрінетін заңды жауаптылықтың ерекше түрі.
Әкімшілік жаза дегеніміз - әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттің уәкілетті органы немесе лауазымды тұлға қолданатын мемлекеттік әсер ету шарасы. Әкімшілік жазалар құқық бұзушыға моральдық немесе материалдық әсер етуді көздейді.
Мерзімі бойынша әкімшілік жазалар: бір реттік (разовый), бір мерзімдік (единовременный), созылмалы, негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі және қосымша жазалардың тағайындалу тәртібі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің 46-бабында көрсетілген.
Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлері.
а) Ескерту.
б) Айыппұл.
в) Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою.
г) Тәркілеу.
д) Арнаулы құқықтан айыру.
е) Әкімшілік қамау.
ж) Кәсіпкерлік қызметке қадағалау жасау.
и) Белгілі бір қызмет түріне лицензиясынан (патент) айыру.
Пысықтау сауалдары
1. Әкімшілік құқықтың қандай әдістерді бар?
2. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне сипаттама беріңіз.
3. Атқарушы билік органына кімдер жатады?
4. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы дегеніміз не?
Әдебиеттер тізімі
1. Баянов Е. Әкімшілік құқық. – Алматы, 2007.
2. под.ред. Р.А. Подопригоры. Административное право. – Алматы, 2010.
3. Ибрагимов Х. Ю. Административное право РК. – Алматы, 2012.
4. Ақымбеков О.Қ., Алпысбаева М.А. Әкімшілік құқық.(оқу құралы). Алматы, 2010.
5. Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, «Мастер По» ЖШС, 2012. – 336 бет.
