- •1 Дәріс. Мемлекет, құқық және мемлекетік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар (2 сағ.)
- •1.1 Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
- •1.2 Мемлекеттің ұғымы, белгілері және мәні. Мемлекеттің нысаны
- •1.3 Құқықтың ұғымы мен белгілері
- •1.4 Құқық нормалары
- •2 Дәріс. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •2.1 Қазақстан Республикасында Конституциялық заңдардың қалыптасу кезеңдері
- •2.2 Конституциялық құқықтың түсінігі, жүйесі және ғылымы
- •2.3 Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы Конституциялық негіздері
- •2.4 Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
- •3 Дәріс. Қазақстан Республикасы әкімішілік құқығының негіздері (1 сағ.)
- •3.2 Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері
- •3.3 Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі
- •3.4 Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік және әкімшілік жазалар
- •4 Дәріс. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері (2 сағ.)
- •1.1 Азаматтық құқық ұғымы және құқықтық қатынас
- •1.2 Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері мен объектілері
- •1.3 Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және оның құқықтық
- •1.4 Міндеттеменің ұғымы және тараптары
- •5 Дәріс. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері (1 сағ.)
- •5.1 Отбасы құқығы: ұғымы, мәні мен принциптері
- •5.2 Некеге тұрудың тәртібі мен шарттары. Некенің жарамсыздығы
- •5.3 Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
- •6 Дәріс. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы (1 сағ.)
- •6.1 Қаржы құқығының түсінігі, пәні, әдісі
- •6.2 Қаржылық-құқықтық нормалар және қаржылық-құқықтық қатынастар
- •6.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
- •6.4 Қазақстан Республикасының қаржылық бақылаумен бюджеті
- •7 Дәріс. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағ.)
- •7.1 Еңбек құқығы пәні мен жүйесі. Еңбектік құқықтық қатынастардың түсінігі
- •7.2 Жеке еңбек шартының ұғымы, мерзімі, тоқтату және бұзу тәртібі
- •7.3 Жұмыс уақыты. Демалыс уақыты. Жалақы
- •7.4 Материалдық жауапкершілік. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының ұғымы
- •8 Дәріс. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағ.)
- •8.1 Қазақстан Республикасының Экология құқығының тарихы
- •8.2 Экология құқығының ұғымы, міндеттері және жүйесі
- •8.3 Экология құқығының объектілері мен принциптері
- •9 Дәріс. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері (2 сағ.)
- •9.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі
- •9.2 Қылмыстық құқықтың принциптері. Қылмыстың санаттары
- •9.3 Қылмыс құрамның түсінігі және маңызы
- •9.4 Қылмыстық жаза: ұғымы, түрлері мен мақсаты
- •10 Дәріс. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (2 сағ.)
- •10.1 Іс жүргізу құқығының конституциялық негізі
- •10.2 Әкімшілік іс жүргізу құқығының ұғымы, әдісі мен қағидаттары
- •10.3 Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен сатылары
- •10.4 Қылмыстық іс жүргізу құқығының мәні, кезеңдері мен ерекшеліктері
8.2 Экология құқығының ұғымы, міндеттері және жүйесі
Экология (грекше oikos – үй, мекен, logos – ғылым) – жанды организмдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
«Қазақстан Республикасының экология құқығы» – айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.
Ол заңдардың міндеттері:
– адамның тұруы үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету, табиғи қорларды ұтымды пайдалану, жаңғырту және неғұрлым ұзақ мерзімге сақтау, айналадағы табиғи ортаны сауықтыру мен жақсарту, оған шаруашылық және өзге де қызметтің зиянды ықпал жасауына жол бермеу мақсатында айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеу;
– осы қоғамдық қатынастар саласында азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың құқықтарын қорғау;
– табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын белгілеу;
– әр алуан экологиялық жүйелер мен ландшафтарды (өңірлерді), бірегей табиғи объектілерді және соларға байланысты мәдени мұраны сақтау;
– қоғамдық қатынастардың осы саладағы заңдылық және құқықтық тәртібін нығайту.
Экология құқығының негізгі табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, ұдайы молайту және қорғау салаларындағы қатынастар болып табылады.
Экология құқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде салаларға бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақырыбы институтын құрайды.
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді – жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Жалпы бөлімде қаралған мәселелер:
– экология құқығының түсінігі және тақырыбы, жүйесі;
– экология құқығының объектілері мен принциптері;
– экология құқығының тарихы және негіздері;
– табиғат қорларына мемлекеттің меншік құқығы;
– азаматтардың табиғатты пайдалану құқығы және айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуының құқығы;
– табиғатты пайдалануды және айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың ұйымдық – құқықтық нысандары;
– айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау;
– экология туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.
Ерекше бөлімде қаралған мәселелер:
– жердің құқықтық жағдайы және оны қорғау;
– жер қойнауының құқықтық жағдайы және оны қорғау;
– судың құқықтық жағдайы және оны қорғау;
– орманның құқықтық жағдайы және оны қорғау;
– атмосфералық ауаны құқықтық қорғау;
– жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану;
– айрықша қорғалатын табиғат объектілерінің құқықтық жағдайы;
табиғатты халықаралық құқықтық қорғау.
8.3 Экология құқығының объектілері мен принциптері
Экология құқығының объектілері – айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамның экологиялық денсаулығы мен өмірі.
Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарына – мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштері және басқа осы сияқты байлықтар жатады.
Жер қойнауына шаруашылыққа пайдаланатын табиғи ортаның бір бөлігі – жер асты мен пайдалы қазбалары жатады. Су көзіне – жер үстіндегі және жер астындағы сулар мен табиғи мұздақтар, ормандарға табиғи ағаштар мен бұталы алқаптар жатады.
Табиғи ресурстар – азық – түлік, дәрі – дәрмек, киім, құрылыс материалдары, тағы басқа пайдалы заттар алынатын байлық көздері.
Табиғи ресурстар қалпына келетін, жаңартылатын, қалпына келмейтін, жаңартылмайтын, сарқылатын, сарқылмайтын түрлерге бөлінеді.
Айрықша қорғалатын табиғат объектілеріне қорықтар, ұлттық, тарихи, табиғи және мемориалдық парктер, заказниктер, (сұраушылар) табиғат ескерткіштері, қорық аймақтары, ботаникалық және зоологиялық бақтар, дендрарийлер, сондай – ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктер, курортты және рекреациялық аймақтар жатады.
Экология құқығының принциптері – мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы түпкі бастамасы.
Принципте жүзеге асыруын қарастырған:
– адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басқа да қызмет түрінен басымдылығы, айналадағы табиғи ортаның тұрмысы, еңбек және демалыс үшін қолайлы болуына азаматтар құқығының нақты кепілдіктерін қамтамасыз ету;
– айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадағы табиғи ортаға зиянды зардаптар жасалуын шектеу;
– табиғатты жалпы тегін пайдалану;
– табиғатты ақы төлеп арнайы пайдалану;
– табиғатты қорғау және табиғатты қалпына келтіру тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу;
– айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау, оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау және т.б.
Пысықтау сауалдары
1. Қазақстан Республикасының экология құқығының қалыптасу кезеңдерін атаңыз.
2. Қазақстан Республикасының экология құқығы дегеніміз не?
3. Қазақстан Республикасының экология құқығының объектілеріне не жатады?
4. Экология құқығының принциптерін атаңыз?
Әдебиеттер тізімі
1. БайдельдиновД.Л. Қазақстан Республикасының Экологиялық құқығы. Оқулық. – Алматы, 2007.
2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау. – Алматы, заң әдебиеті, 2009.
3. Иштаева Ф.Қ. Экология: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008.
4. Стамқұл ұлы Ә. ҚР Экологиялық құқық: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2005.
5. Абдимуратов Ж.С, Санатова Т.С. Экология. – Алматы, 2007.
6. Оспанова Г.С, Бозшатаева Г.Т. Экология. – Алматы, 2007.
