- •1.Экология ғылымындағы «биоценоз», «биогеоцено», «экожүйе» ұғымдарының арақатынасын түсіндір.
- •2.Жер биосферасына ғаламшарлық деңгейдегі экожүйеретінде сипаттама беріңіз
- •3.Биосферадағыорганизмдердіңтүрәралуандылығын, ондағысистематикалықжәнефункционалдықтоптардыңарақатынасынсипаттаңыз
- •7. Экологиялық мониторинг ұғымына анықтама беріңіз, мониторинг түрлерін қысқаша сипаттаңыз.
- •Ластаушы көздер мониторингі
- •Аймақтық мониторинг
- •8. Экожүйелердің орнықтылығы мен биологиялық әралуандылығы арасындағы байланыстылықты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
- •9 Мемлекет деңгейінде және жекелеген аймақтарда флора мен фауна өкілдерін түгендеудің (инвентаризация жүргізудің) биологиялыұ әралуандылықты сақтау үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Экожүйелердің күйін бағалаудың тікелей және жанама әдістеріне мысалдар келтіріңіз
- •10. Мемлекеттік карантин қызметінің Қазақстандағы биологиялық әралуандылықты сақтап қалуға қосатын үлесін бағалаңыз.
- •12. Эталондық экожүйелер туралы түсінік, эталондық экожүйелердің мониторингтік зерттеулер жүргізудегі маңызын сипаттаңыз
- •13. Сулы–батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды қоррғауға бағытталған маңызды құжат Рамсар конвенциясының негізгі қағидаттарын тұжырымдаңыз
- •Қорғалатын сулы-батпақты жерлер жүйесін құру.
- •14. Халықаралық маңызы бар экожүйе есептелетін Алакөл–Сасықкөл көлдер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •20 Жойылып кету қауіпі төнген түрлерді in-situ және ex-situ сақтап қалу туралы түсінік, бүл әдістердің қолданылу әдістері
- •24. Таукен өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •25. Мұнай және газ өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы көрсетіңіз
- •26. Жайылымдық мал шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •27. Егін шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін мысалдар арқылы сипаттаныз
- •28. Рекреация және туризм салаларының қошаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін бағалаңыз
- •30. Биологиялық әралуандылық туралы конвенцияға сәйкес, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдаланудың қағидаттары.
- •31. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың Қазақстан экожүйелерінде көрініс табуы, мысалдар.
- •32. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын құрудың экологиялық маңызын, кадастр құру прициптерін қысқаша түсіндіріңіз.
- •34. Биологиялық әралуандылық туралы Конвенцияға сәйкес «биологиялық әралуандылық» ұғымын түсіндіріп өтіңіз
- •35. Биологиялық әралуандылықты сақтап қалудағы халықаралық ынтымақтастық принциптеріне сәйкес, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі міндеттемелерін баяндаңыз
- •36.Биологиялық әралуандылықты сақтап қалу мақсатында «Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасы» бойынша Қазақстанда атқарылған жобаларға баға беріңіз
- •37.Қазақстанның шөлді аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларға талдау жасаңыз
- •38. Қазақстанның таулы аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларды талдаңыз
- •39. «Халықаралық қызыл кітаптың» мақсатын және құрылу принципін қысқаша баяндаңыз
- •40. Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •41 Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •43. Табиғи және антропогендік экожүйелер: олардың арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтарын көрсететін кесте құрастырыңыз
- •44. Еуразияның неғұлым ірі құрлықтық биомдарына сипаттама беріңіз
- •45. Мемлекеттік табиғи қорықтар міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •46. Мемлекеттік табиғи қорықшалардың (заказниктердің) міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз.
- •48 Биосфералық резерваттардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіз, міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •49 Хайуанат бақтары мен ботаникалық бақтардың биологиялық әралуандылықты сақтауға қосатын үлесін сипатаңыз
- •50 Ех situ жағдайларда өсірілген жануарларды табиғи ортаға қайтарудағы қиыншылықтарды нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •51.«Қазақстанның қызыл
- •52. Табиғи экожүйелер антропогендік экожүйелерге қарағанда орнықты болып есептеледі, осындай көзқарасты жақтайтын дәлелдер келтіріңіз
- •53. Әлемдегі неғұрлым ірі экожүйелердегі адамның іс-әрекеті нәтижесінде болған өзгерістерді сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде бүлінген экожүйелерді қалпына келтіруге қатысты проблемаларға шолу жасчаңыз.
- •56.Құрлықтықэкожүйелердегіфункционалдықтоптардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағынсипаттайтындиаграммаларқұрастырыңыз
- •57.Сулық экожүйелердегі функционалдық топтардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағын сипаттайтын диаграммалар құрастырыңыз
- •59. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи териториялардың категорияларын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •60. Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары, аймақ проблемаларын шешуге қатысты жобаларға талдау жасаңыз
20 Жойылып кету қауіпі төнген түрлерді in-situ және ex-situ сақтап қалу туралы түсінік, бүл әдістердің қолданылу әдістері
Өсімдіктер биотехнологиясы– ғылым мен өндірістің өсімдік органдары мен оларда жүретін биологиялық процестердің негізінде түбегейлі жаңа технологиялар құрып, адамға қажетті өнімдерді алуға мүмкіндік беретін жаңа саласы.. Бұл зерттеулердің негізгі бағыттары:гендік және клеткалық инженериягаплоидты биотехнологияклондық көбейтубиологиялық активті заттар алу, фиторемедиация, гендік банк жасау, т.б.Өсімдіктер биотехнологиясын қолданып көптеген жоғары өнімді өсімдік сорттары мен линиялары, дигаплоидтар, каллустық және клеткалық дақылдар, протопластар, вируссыз өркендер, дәрі-дәрмектер, белоктар, вакциналар, витаминдер, т.б. биологиялық активті қосындылар алынуда. сімдік клеткалары мен in vitro ұлпаларының морфогенезі және регенерациясы процестерінің биологиясы мен заңдылықтарын зерттеу және ос негізде сәндік гүл, тамақ және дәрілік өсімдіктердің жылдам және жалпылама көбейту биотехнологиясын құру;· сақтау, сұрыптау және коммерциялық мақсатта сирек, шаруашылық құнды өсімдіктер түрлерінің in vitro коллекциясын құру;· өсімдіктер негізінде биологиялық белсенді қосымшалар алу биотехнологиясын жасау.Жануарлардың жыныс жасұшаларының (гаметаларының) биологиялық банкі. Жануарлардың гаметаларының биологиялық банкі ұрғашылардың жыныс жасұшаларында (гонадаларда) орналасқан. Гаметалардың морфогенетикалық мүмкіншіліктері өте жоғары. Мысалы, тұған кезде ұрғашы қойлардың жыныс жасұшаларында 700 мың фолликулалар (гонаданың жасұшалары) болады; жыныс жасына келгенде 12000-86000 ұсақ фолликулалар және 100-400 үлкен фолликулалар болады. Еркек жануарлардың жұмыртқаларында сперматазоидтердің саны одан да көп (280-450 триллион). Осындай қордан табиғи жынысу жағдайда көбеюге қатысатын гаметалардың (жұмытқа жасұшалары және сперматазоидтер) саны бірден туатындарға 5-10, көптен туатындарға 40-80 паралар.
Биоәртүрлілікті in situ жағдайда сақтау
3. Орнықты даму бойынша БҰҰ бірінші конференциясында (1992 жылы 5 маусым, Рио-де-Жанейро) халықаралық келісім – Биологиялық әртүрлілік туралы конвенциясы қабылданды. Қазақстан Республикасы 1994 жылы Конвенцияны ратификациялап, келесі міндеттерді қабылдады:
ұлттық жоспарларда, бағдарламаларда және саясатта биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша шаралар қабылдау, олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау және мониторинг жүргізу;
in-situ және ex-situ биоәртүрлілігін сақтау, яғни экожүйелер мен табиғи мекен ортасын сақтау, сондай-ақ тіршілікке қабілетті популяция түрлерін өз табиғи ортасында, әсіресе қолға үйретілген немесе өсірілген түрлерге – өздерінің ерекше белгілері қалыптасқан ортасында қорғау және қалпына келтіру.
Биоәртүрлілікке экожүйелердің табиғи жағдайдағы және адамның өсірген және баққан, еккен сортарынан, түрлерінен, жыныстарынан, ұрығынан алынған өсімдіктердің, микроағзалардың және жануарлардың барлық типтерінің түрлері, түрішілік формалары, әртүрлілігі жатады.
Биоәртүрліліктің жоғалу қаупі температураның артуымен, экожүйелердің сумен қамтылу жағдайының нашарлауы және сәйкесінше, шөлдену қырқынының тез жүруімен байланысты климаттың өзгеруі есебінен артады.
"Биологиялық әртүрлiлiк" өзгелердiң арасында өздерi бөлiгi болып табылатын жердегi, судағы және басқа да су экожүйелерi мен экологиялық кешендер болып табылатын барлық көздердегi тiрi ағзалардың саналуандығын бiлдiредi; бұл ұғым түр шеңберiндегi, түрлер арасындағы әртүрлiлiктi және экожүйелердiң әртүрлiлiгiн және "Биологиялық әртүрлiлiк" генетикалық ресурстарды, ағзаларды немесе олардың бөлiктерiн, таралымдарын немесе адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар экожүйелердiң кез келген басқа биотехникалық компоненттерiн қамтиды.
"In-situ жағдайлары" экожүйелер мен табиғи мекендеу орындары шеңберiнде генетикалық ресурстар өмiр сүретiн жағдайларды, ал қолға үйретiлген немесе өсiрiлетiн түрлерге қатысты - олар өздерiнiң ерекшелiк белгiлерiне ие болған ортадағы жағдайларды бiлдiредi. Ал "In-situ сақтау" экожүйелер мен табиғи мекендеу орындарын сақтауды, ал түрлердiң тiршiлiкке қабiлеттi таралымдарын олардың табиғи ортасында ұстауды және қалпына келтiрудi, ал қолға үйретiлген немесе өсiрiлетiн түрлерге қатысты - олар өздерiнiң ерекшелiк белгiлерiне ие болған ортада ұстауды және қалпына келтiрудi бiлдiредi.
In-situ сақтау
Әрбiр Уағдаласушы Тарап, бұл қаншалықты мүмкiн және қажет болса:
а) қорғалатын аудандардың немесе биологиялық әртүрлiлiктi сақтау үшiн арнайы шаралар қолдану қажет қорғалатын аудандардың жүйесiн құрады;
b) қажет болған жағдайда, қорғалатын аудандарды немесе биологиялық әртүрлiлiктi сақтау үшiн арнайы шаралар қолдану қажет қорғалатын аудандарды iрiктеудiң, құрудың және ұтымды пайдаланудың басшылыққа алынатын принциптерiн әзiрлейдi;
с) қорғалатын аудандарда немесе олардан тысқары жерлерде биологиялық әртүрлiлiктi сақтау үшiн, оларды сақтау мен орнықты пайдалану үшiн зор маңызы бар биологиялық ресурстарды реттейдi немесе ұтымды пайдаланады;
d) экожүйелердi, түрлердiң тiршiлiкке қабiлеттi таралымдарының табиғи мекендеу орындарын қорғауға және оларды табиғи жағдайларда сақтауға жәрдемдеседi;
е) қорғалатын аудандарға iргелес аудандарды қорғауға жәрдемдесу мақсатында осы аудандарда экологиялық негiзделген және орнықты дамуды көтермелейдi;
f) азып-тозған экожүйелердi оңалту және қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолданады және қауiп төнген түрлердi қалпына келтiруге, атап айтқанда, ұтымды пайдаланудың жоспарларын және басқа стратегияларын әзiрлеу мен жүзеге асыру арқылы қалпына келтiруге жәрдемдеседi;
g) сондай-ақ адам денсаулығы үшiн қауiптi де ескере отырып, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мен орнықты пайдалануға зиянды әсер ете алатын зиянды экологиялық зардаптары болуы мүмкiн биотехнологияның нәтижесi болып табылатын тiрi өзгертiлген ағзаларды пайдалануға және босатуға байланысты тәуекелдi реттеу, бақылау немесе шектеу құралдарын белгiлейдi немесе ұстанады;
h) экожүйелерге, мекендеу орындарына немесе түрлерге қатер төндiретiн бөгде түрлердi жерсiндiрудiң алдын алады, осындай жат түрлерге бақылау жасайды немесе жояды;
i) биологиялық әртүрлiлiктi сақтап және оның компоненттерiн орнықты пайдаланып, пайдаланудың қазiргi тәсiлдерiнiң үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн қажет жағдайларды жасауға ұмтылады;
j) өзiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мен орнықты пайдалану үшiн маңызы бар дәстүрлi өмiр салтын көрсететiн байырғы және жергiлiктi қауымдардың бiлiмдерiн, жаңалықтарын және практикасын құрметтеудi, сақтауды және қолдауды қамтамасыз етедi, осындай бiлiмдер, жаңалықтар және практика иелерiнiң мақұлдауымен және қатысуымен олардың кеңiнен қолданылуына жәрдемдеседi, сондай-ақ осындай бiлiмдердi, жаңалықтарды және практиканы қолданудан келетiн пайдаларды әдiлеттi негiзде бiрлесiп пайдалануды көтермелейдi;
Таулы өлкелердің агроәртүрлілігін in situ жағдайда сақтау.
Тау экожүйелері. Батыс, Солтүстік, Шығыс Тянь-Шань, Алтай. Қазақстанның түлі аймақтарының экологиялық проблемалары көп жағдайда осы табиғи ландшафтардың қасиеттеріне байланысты. Ландшафтардың маңызды қасиеті- орнықтылығы , яғни антропогендік әсерге өзінің ресурстық және орта қалыптастырғыш қызметтері мен қасиеттерін сақтай отырып қарсы тұру қабілеті. Ландшафтардың ішіндегі табиғи құрам бөліктердің өзара тығыз байланысының салдарынан, олардың әрқайсысы антропогенез өтетін арнайы экологиялық орта болып саналады. Бір аумақта түрлі ландшафтардың кездесуі – осы аумақтың ландшафтық экологиялық (геоэкологиялық) жағдайының алуан түрлілігінң себепшісі.Қазақстан ландшафтары алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Жазықты аймақтарда ландшафтардың 4 типі, 10 тип тармағы, 485 түрі белгілі. Қазақстан аумағында 4 табиғи зона және 9 зона тармағы бар. Олардың барлығын типтер мен тип тармақтарына біріктіруге болады. Сонымен қатар таулы аймақтарда ландшафтардың биік белдеулілігі байқалады. Ол 3-5 биіктік белдеулік спектірінен тұрады. Таулы аймақтардың биіктік белдеулері 389 га жерді немесе Қазақстан аумағының 13,5 % -ын алып жатыр. Биіктік белдеулері спектрі тау жүйесінің географиялық орны мен абсолюттік биіктігіне байланысты. Қазақстан Республикасы солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуінде орналасқан.Қазақстан солтүстіктен оңтүстікке қарай 1600 км , шығыстан батысқа қарай 3000 км жерге созылып жатыр. Қазақстанда жазық жерлерге қарағанда таулы жерлердің көлемі аз. Мұнда жылу режимі әр маусымда әр түрлі, климат жағдайының , қар жамылғысының , өзендердің гидрологиялық режимдерінің маусымдылығы айқын байқалады. Қазақстан жерінің 10 пайызын таулы экожүйелер алып жатыр. Жазық жерге қарағанда тау экожүйелерінің ішкі құрылымы күрделі , әртүрлі болып келеді. Тауда ландшафтылы зоналар мен белдеулердің бір- бірімен орын алмасуы жиі кездеседі. Биіктіктегі орнына қарай Қазақстан тауы аласа, биіктігі орташа және биік таулы болып бөлінеді. Республиканың шығысымен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олар- Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысындағы Қырғыз алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем , Қазығұрт пен Қаратау таулары. Аласа таулы аймақтарға онша биік емес тау сілемдері мен Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай таулары жатады. Сондай-ақ аласа тау сілемдеріне Маңғыстау, Мұғалжар, Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы , Қызылтас, Баянауыл, Ерейментау, Шыңғыстау, Қаратау жоталары да кіреді. Қазақстанның аласа тауларында шөл, шөлейт, дала, орманда дала және орман типтес ландшафтар тараған. Климаттық, гидрологиялық жағдайлары, соларға орай қалыптасқан топырақ жамылғысы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі әртүрлі болып келеді. Қазақстандағы аса биік тауларға Тянь-Шаньдағы Өгем, Талас, Қырғыз, Іле Сырты, Күгней. Теріскей , Кетпен тау жоталары, Жоңғар Алатауындағы Қояндытау, Тоқсанбай, Солтүстік Жоңғар Алатауы тау жоталары, Сауыр тауы, Оңтүстік Алтай тау жоталары жатады.
21. Жергілікті өсімдік сорттары мен мал тұқымдарын сақтап қалудың Жердегі биологиялық әралуандылық үшін маңызын түсіндіріңіз. Қазақстанның климатының алуан түрлілігі онда барлық дерлік жылы аймақ өсімдіктерді өсіріп, мал шаруашылығымен де айналысуға мүмкіндік береді. Еліміздің солтүстік және орталық аймақтары дәнді дақылдарды әсіресе, бидай өсіруге өте қолайлы. Мұнда бидайдың қатты және жұмсақ сорттары өсіріледі. Қазіргі кезде ҚР әлемдік бидай өндіретін 10 елдің қатарына кіреді. Еліміздің Оңтүстік аймағында жемістермен қатар, дәстүрлі мақта және күріш егістігімен айналысады. Өсірілген мақта мен күріш экспортқа шығарылып отырады. Сонымен қатар, табиғи жайылымдық жерлер бәсекеге қабілетті және экологиялық таза мал өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді. Болашақта әр малдың басын 2 есе көбейту жоспарланып отыр. Ауылшарышылық шикізатын өңдеп нарыққа шығару да экономикалық жағынан елімізді алға тартады. Соның ішінде әсіресе болашағы зор сала сүт және ет өнімдерін өңдеу, көкөніс консервілерін жасау болып табылады. Мал шаруашылығына ауылшаруашылығының 45% сай келеді. Мал басы мен сүт-ет өнімдерін өндіру жыл сайын 5-10% артып келеді. Қазірде шетел мал тұқымдарын емес өз еліміздің жергілікті тұқымдарын селекциялап етті-сүтті бағыттағы малдарды алу жоспарланып отыр. Осы мақсатта аналық малдарды жасанды ұрықтандырып жас төлдерді алып жатыр. Осылайша мал саны мен сапасы артып отырса еліміз тек қана ішкі сұранысты ғана емес сонымен қатар, сыртқы сұраныстарды қанағаттандыра алады. Республикамызда жасанды ұрықтандыру 30% қамтып отыр. Малдар күніне азықтын 40% концентрат пен 20%-дан көп протеин алу қажет. Қазақстанның аборигенді жылқылары: Мұғалжар жылқысы – Қазірше бұл жалғыз асыл тұқымды өсіру әдісімен жабе түрінен алынған етті-сүтті бағыттағы тұқым. Көп жылдық жұмысты талап еткен әдістің ерекшелігі: арнайы емес аборигенді жылқыдан еш тұқым қанын араластырмай жаңа етті-сүтті бағыттағы тұқымның алынуында. Күшім жылқысы Тұқымды жергілікті қазақтың жылқысы мен биесін күрделі шағылыстыру әдісімен алған. 1930-1950 ж.ж. жергілікті жағдайға бейімделген жаңа тұқым алу үшін көптеген будандастырулар мен сұрыптау жасаған. 1950-1975 ж.ж. тұқым қуалайтын қасиеттерін сақтап қалумен шұғылданған. Күшім тұқымының ерекшелігі: басы пропорционалды, мойының ұзындығы орташа, денесі ықшам болып келеді. Қостанай тұқымы: Қостанай облысында алынып 1951 жылы мақұлданған. 50-ж.ж. жылқы тұқымы кавалерия үшін өсірілген. Қазірде ол мақсатта емес етті мақсатта өсіреді. Олар жайылымға бейімделген. Қазақ жылқысы – осыдан мыңдаған жыл бұрын Қазақстан территориясында тіршілік еткен жылқыларға ұқсас. Ол кезде салт жүріс пен ет-сүт мақсатта пайдаланған.Олар тек үйірмен өсірілген. Нарық пен жаугершіліктің арқасында Қазақстан территориясына өзге мемелекет, әсіресе Орталық Азияның жылқылары келе бастады. Алайда сырттан келген жылқылар сыртқы ортаға бейімделе алмай көп ұзамай өле бастады. Сондықтан жергілікті үйірде еш дақ қалдыра алмады. Тек еліміздің қысы қатал емес оңтүстік-батыс аумағында Орта Азиядан келген жылқылардың әсерінен адай жылқыларының түрі пайда болды. Адай жылқылары да салт жүріске бейімделген. Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстік-батысында жергілікті бұрыннан өсіп келе жатқан алманың 86, алмұрттың 10, шабдалының 12 сорты сонымен қатар, жабайы алманың 15 сорты мен шабдалының 8 сорты өсірілуде. Сонымен қатар алма, алмұрт, шабдалының биологиялық ерекшеліктері туралы (фенологиясы, өнімділігі, төзімділігі) ақпараттар жаңартылды. Ғалымдардың алдында тұрған басты мақсат - апорт сортының бұрынғы беделін қайтару.Осы мақсатта көптеген шаралар іске асырылуда. «Қазақ жеміс және жүзім өсіру Институты» көптеген жылдар бойы осымен айналысып 115ке жуық сорттар жинаған. Ішіндегі ең жақсы дегендері бақтарға егіліп көбейтілуде. Қазірде осы бағдарлама ел басы Н. Ә. Назарбаевтың тапсырысымен аталған жоба мемлекеттік мағынаға ие болып отыр. Осы мақсатта апорт үшін биоклиматы ең қолайлы агроэкологиялық аумақтар таңдалып, оларға субсидиялық жеңілдіктер беріліп, инвестициямен қамтамасыз етіліп отыр. Апортты өсіруде тамшылап суландыру технологиясы пайдаланып отыр. Сонымен қатар, мерзіміммен минералды тыңайтқыштармен де қамтамасыз етіліп отыр. Ал шабдалы өсірілетін аумақ еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығысында аз . Ал өзге аумаққа тіптен жетпеген. Оның себебі, шабдалының қысқа төзімділігінің төмен болуымен, ерте гүлдеп, аз жеміс берумен түсіндіріледі. Алайда шабдалы өсіру үшін тұрақты жайлы аумақтар да бар. Ол оңтүстік Қазақстанның оңтүстік бөлігі, Қызылорда облысы мен Оңтүстік-шығыс және Алматы облысы аумағы. Төзімді есептелетін сорттар бұрыннан өсетін жергілікті түрлер. Соңғы жылдары ғалымдар Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауы етегінде жабайы шабдалы түрінен жаңа сорттар шығарып Алматы облысында өсіруде. Қазіргі таңтын негізгі мәселелерінің бірі – қоршаған ортаны сақтап қалу. Оның себебі, биоалуантүрлілік панетамыздың тіршілігін анықтайтын басты фактор болып есетеледі. Ал табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы апаттарға алып келіп, планетамыздың түрін өзгертуге алып келеді. өкінішке орай адамның әсерінен көптеген экожүйелер бұзылып, мәңгілікке жеке өсімдік пен жануарлар түрлері жойылып жатқан мәліметтер де аз емес. Биосферадағы құбылыстарға табиғат жылыжай эффектісін тудырып, климатты өзгертіп жауап беріп жатыр.
22. Каспий теңізі аймағының экологиялық проблемаларын және аймақтың биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларды қысқаша баяндаңыз. Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы — экологиялық жағдайлар. Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен қүстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайьга кету проблемасын туғызып отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солт. Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экол. жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өнді-ретін және оны кдйта өңдейтін көсіпорындар өсер етуде.Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып калу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды. Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады. Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр. Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтык экологиялық проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы бұл деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау қаласында «Каспий теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың белсенділігін бағалау» тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар болды. Мемлекетаралық деңгейде өткен кеңестік мақсаты — Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен біріге отырып, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Теңіз эко-жүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат койылды. Бұл игі істер адам баласының дүние-жүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.
23. Шөл экожүйелерінің өзіндік ерекшеліктерін, шөл экожүйелерінің орнықсыздық себептерін түсіндіріңіз. Шөл және шөлейт зонасы Қазақстанның 900 км солтүстіктен оңтүстікке, 3000 км шығыстан батысқа дейін алып жатыр. Бұл зона өзін ің өте құрғақтығымен ерекшеленеді. Әдетте, шөл жерлердің түні салқын, күні ыстық келеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 10-200 мм, ал судың булануы 10-12 есе жоғары. Қыстың өте суық айының температурасы орташа -5,15 С. Қар жамылғысы болымсыз 5-10 см. Жазғы температура +40-45 С дейін жетеді. Солтүстік бөлігінде шілденің орташа температурасы +25 С- ға дейін барады. Жердің шаңын көтеріп, жапырақтың үстінгі қабатын кептіріп соғатын жел де осы зонаға тән. Шөл және шөлейт зонадағы вегетациялық кезең орта есеппен 220-240 күнді құрайды. Әдетте бұл зона екі зонаға бөлінеді- солтүстік және оңтүстік. Экожүйенің мамандары бес ендік зонаға бөледі- солтүстік далаға айналған жерлер, орта, оңтүстік, құрғақ тау етегі және өте құрғақ тау етегі. Шөлдер рельефтердің ерекшелігімен ажыратылады. Қазақстанда құмды шөлдер көп ( Қызылқұм, Мойынқұм, Сары-Есік Атырау, Арла бойы Қарақұмы). Қазақстанда сазды шөлдер, құмды шөлдердің арасында немесе солармен қатар тұрады. Ең ірі сазды шөлдер – Үстірт пен Бетпақдала. Тасты шөлдер Орталық Қазақстанға тән. Лессті сазды жерлер - Оңтүстік Қазақстан тауларының айнала кең алқабын алып жатыр. Сорлы шөлдер барлық шөлді аймақта ұсақ сулы орындарда кездеседі. Шөлді аймақтағы өсімдіктер бірлестігін негізінен астық тұқымдастары- бұталы, құмды бұталы, эфимериодты-жартылай бұталы, бұталы-сексеулді, эфимериодтарға бай үлкен шөптермен және жартылай бұталықты және эфимериодты - псаммофитті- бұталы. Шөл экожүйелерінің орнықсыздық себептері: шөл зонасы жайылымға қарқынды пайдаланылады. Кейде күш мөлшерден тыс түседі. Сексеуіл отқа жағу үшін кеседі. Сондықтан белгілі бір жерлерді қорғауға алу қажеттігі туады. Тау етегі шөлдері белгілі бір мөлшерде пайдаланылады. Соңғы жылдары шөлдердің жекелеген аймақтарына техногенді күш түсіру ұлғайп келеді. Шөл зонасы табиғи күйінде сақтау үшін құрылған- Үстірт, Барсакелмес және Алакөл қорықтары бүкіл зона бойынша кездесетін биологиялық алаун түрліліктің сақталуын қамти алмай отыр. Қазақстан жеріндегі ең үлкен шөл-Бетпақдалада өте тамаша спиреантус дейтін бұта өседі. Мұның жылтыр жасыл түсті жиегі иректелген,ұсақ қатты жапырақтары бар, сонымен қатар шашақтанып біткен ақшыл көгілдір түсті әдемі гүлдері болады; олар ұқсақтығы болмаса, көбіне алмұрт гүліне ұқсас келеді. Спиреантус Бетпақдаланың кейбір жерлерінде ғана өседі. Бұл бұта- ертеден бері келе жатқан өсімдік. Бірнеше ондаған миллион жылдар бұрын жер жұзінде адам болмаған кезде Бетпақдала шөлінің орны ылғалды дала болған және мұнда тропик ормандары өсіп, климаты ыстық келген. Спиреантус – сол заманнан қалған өсімдіктердің бірі. Өзінің сақталып қалуына сыртқы жағдайы қолайлы болғандықтан аздаған жерлерде ғана сақталып қалған ескі заман өсімдіктерін реликт деп атайды. Спиреантус Қазақстан жерінің шөлдерінде өте сирек кездеетін реликт болып табылады.
