- •1.Экология ғылымындағы «биоценоз», «биогеоцено», «экожүйе» ұғымдарының арақатынасын түсіндір.
- •2.Жер биосферасына ғаламшарлық деңгейдегі экожүйеретінде сипаттама беріңіз
- •3.Биосферадағыорганизмдердіңтүрәралуандылығын, ондағысистематикалықжәнефункционалдықтоптардыңарақатынасынсипаттаңыз
- •7. Экологиялық мониторинг ұғымына анықтама беріңіз, мониторинг түрлерін қысқаша сипаттаңыз.
- •Ластаушы көздер мониторингі
- •Аймақтық мониторинг
- •8. Экожүйелердің орнықтылығы мен биологиялық әралуандылығы арасындағы байланыстылықты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
- •9 Мемлекет деңгейінде және жекелеген аймақтарда флора мен фауна өкілдерін түгендеудің (инвентаризация жүргізудің) биологиялыұ әралуандылықты сақтау үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Экожүйелердің күйін бағалаудың тікелей және жанама әдістеріне мысалдар келтіріңіз
- •10. Мемлекеттік карантин қызметінің Қазақстандағы биологиялық әралуандылықты сақтап қалуға қосатын үлесін бағалаңыз.
- •12. Эталондық экожүйелер туралы түсінік, эталондық экожүйелердің мониторингтік зерттеулер жүргізудегі маңызын сипаттаңыз
- •13. Сулы–батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды қоррғауға бағытталған маңызды құжат Рамсар конвенциясының негізгі қағидаттарын тұжырымдаңыз
- •Қорғалатын сулы-батпақты жерлер жүйесін құру.
- •14. Халықаралық маңызы бар экожүйе есептелетін Алакөл–Сасықкөл көлдер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •20 Жойылып кету қауіпі төнген түрлерді in-situ және ex-situ сақтап қалу туралы түсінік, бүл әдістердің қолданылу әдістері
- •24. Таукен өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •25. Мұнай және газ өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы көрсетіңіз
- •26. Жайылымдық мал шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •27. Егін шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін мысалдар арқылы сипаттаныз
- •28. Рекреация және туризм салаларының қошаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін бағалаңыз
- •30. Биологиялық әралуандылық туралы конвенцияға сәйкес, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдаланудың қағидаттары.
- •31. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың Қазақстан экожүйелерінде көрініс табуы, мысалдар.
- •32. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын құрудың экологиялық маңызын, кадастр құру прициптерін қысқаша түсіндіріңіз.
- •34. Биологиялық әралуандылық туралы Конвенцияға сәйкес «биологиялық әралуандылық» ұғымын түсіндіріп өтіңіз
- •35. Биологиялық әралуандылықты сақтап қалудағы халықаралық ынтымақтастық принциптеріне сәйкес, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі міндеттемелерін баяндаңыз
- •36.Биологиялық әралуандылықты сақтап қалу мақсатында «Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасы» бойынша Қазақстанда атқарылған жобаларға баға беріңіз
- •37.Қазақстанның шөлді аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларға талдау жасаңыз
- •38. Қазақстанның таулы аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларды талдаңыз
- •39. «Халықаралық қызыл кітаптың» мақсатын және құрылу принципін қысқаша баяндаңыз
- •40. Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •41 Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •43. Табиғи және антропогендік экожүйелер: олардың арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтарын көрсететін кесте құрастырыңыз
- •44. Еуразияның неғұлым ірі құрлықтық биомдарына сипаттама беріңіз
- •45. Мемлекеттік табиғи қорықтар міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •46. Мемлекеттік табиғи қорықшалардың (заказниктердің) міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз.
- •48 Биосфералық резерваттардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіз, міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •49 Хайуанат бақтары мен ботаникалық бақтардың биологиялық әралуандылықты сақтауға қосатын үлесін сипатаңыз
- •50 Ех situ жағдайларда өсірілген жануарларды табиғи ортаға қайтарудағы қиыншылықтарды нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •51.«Қазақстанның қызыл
- •52. Табиғи экожүйелер антропогендік экожүйелерге қарағанда орнықты болып есептеледі, осындай көзқарасты жақтайтын дәлелдер келтіріңіз
- •53. Әлемдегі неғұрлым ірі экожүйелердегі адамның іс-әрекеті нәтижесінде болған өзгерістерді сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде бүлінген экожүйелерді қалпына келтіруге қатысты проблемаларға шолу жасчаңыз.
- •56.Құрлықтықэкожүйелердегіфункционалдықтоптардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағынсипаттайтындиаграммаларқұрастырыңыз
- •57.Сулық экожүйелердегі функционалдық топтардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағын сипаттайтын диаграммалар құрастырыңыз
- •59. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи териториялардың категорияларын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •60. Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары, аймақ проблемаларын шешуге қатысты жобаларға талдау жасаңыз
60. Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары, аймақ проблемаларын шешуге қатысты жобаларға талдау жасаңыз
Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді.
Аралға құятын екі ірі өзен - Әмудария мен Сырдария суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді суландыруға пайдалану. Бұл онсыз да булануы көп шөл зонасындағы теңіз суының тартылуына әкеп соқты.
Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 га тоғай, жануарлар дүнесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң шөлге айналды. Теңіздің тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды.
Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажает ететін күріш, мақта дақылдарын барныша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды. Арал өңірінде атмосферада көмірқышқыл газының мөлшері 1860 жылдан 1955 жылға дейін 15 пайызға, ал 2000 жылға дейін 1950 жылғымен салыстырғанда 25 пайызға көбейді. Аралдың 66 мың шаршы шақырым су айдынынан бүгінгі күнге 20 мың шаршы шақырымға жуық су айдыны ғана қалды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтердің қалдықтары, тіпті гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар бар. Аралдың ендігі жауы жел мен күн. Өйткені жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда болған улы заттар екінші ауданға таралады. Табиғатта шекара жоқ. Арал теңізінің кеуіп қалған табынан көтерілген тұзды шаң ауаның ағымымен соңғы жылдары «Памир» сілемдеріндегі мұздықттарды да еріте бастады.Бұдан келіп сол таулардың құзар басына қардың орнына жып-жылы тұзды жауындар жаууда, себебі бір текше сантиметр ауаның құрамында ондаған мың түйір шаң тозаң болады.
Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.
Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
5. Жер асты суларын пайдалану.
6. Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
Арал проблемасын елбасымыз Н.Назарбаев тұрақты даму жөніндегі Йоханнесбургте өткен бүкіл әлемдік саммитте сөйлеген сөзінде ерекше атап көрсетті. Тартылып бара жатқан Арал теңізін көріп отырып мәселені шешуге өзге елдердің көмек көрсетпегенін президентіміз қадап айтты. Ал мұның зардабын өзге елдердің енді өздері тартып отыр. Сондықтан “Арал тағдыры-әлем тағдыры” деуге де артық емес.
Арал маңындағы территория қазіргі кезде қатты өзгеріке ұшырауының себебі, Қызылорда мен Шардара массивтерінің жерлері суарылғандықтан осы мәселеге соғылуда. Суару – ылғалы аз жерлерді су жеткізу арқылы қолдан суару, топырақтағы су қорын арттыру.
XX ғасырдың басында Сырдария мен Арал теңізі табиғи түрде өзгеріске ұшырамаған болып есептелінді. Кей жерлерде адамдар толық қоныстанбаған болды. Кейіннен адамдардың шаруашылық әрекетінен территория ластана бастады. Адамдар біртіндеп шаруашылық әрекет арқылы күріш егіп, бау-бақша еге бастады.
Осы аймақта кейіннен судың топырақты шаю үрдістері тарай бастады. Тоғай сияқты аңғарлық және жайылмалық жерлерді ауылшаруашылық тұрғыда пайдалану үшін, тазарту арқылы адамдар жабайы аңдар мен балықтардың жоғалып кетуіне де себепкер болды. Қазір бұл үрдістер қалпына келмейтін түрлерге айналуда. Сырдария өзенінің және оның салаларының жайылмалық террасаларын жырту нәтижесінде топырақтың екінші рет тұздануы мен шайылуы анықталуда. Осының барлығы топырақтың дефляциясына әкеліп соғуда.
Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Қазір «арал тағдыры – адам тағдыры» деген қанатты сөз кеңінен тараған. Келтірілген мысал бір ғана емес, мысалы су, басқа құрам бөліктердің бүкіл табиғат кешенінің өзгеріп, экологиялық апат аймағына айналғанын дәлелдей түседі.
Осы аймақта күрішті белсенді егу барысында және суды ұтымсыз пайдаланудың барысында су ресурстары қатты ластанған. Территорияда судың бөлігіне лақтырма сулар түскендіктен тіпті жер асты суларының ластануына әсер етуде. Осы проблемаларды шешу үшін арнайы Үкімет тарапынан Кешенді бағдарлама қабылдану керек
61. Кіші Арал . акваториясын оқшаулау жобасының бірінші кезеңінде атқарылған шараларға шолу жасаңыз, оқшаулаудың аймақтың биологиялық әралуандылығын қалпына келтіруге тигізген әсерін бағалаңыз Солтүстік Арал теңізі, Кіші Арал – Арал теңізінің шағын солтүстік бөлігі, бұрынғы Көкарал түбегі мен Берг бұғазы (мойнағы) арқылы (Көкарал бөгеті арқылы) бөлінген. Жер аумағы 0,9 мың км2. Кіші Аралдың Шевченко, Сарышығанақ, Бутаков атты шығанақтары бар. Теңіздің солтүстік-батыс бөлігінде Шұбартарауыз солтүстігінде Көктырнақ түбектері орналасқан. Көкарал жағалауы құмдақты, орталық бөлігіндегі абсолют биіктігі 161 м. Бөгеттің деңгейі 40 м. болған жағдайда бөгеттің орталық бөлігі мен Шевченко шығанағындағы су көлемі 21 км3 -ге дейін жетеді де Бутаков пен Сарышығанақ шығанақтарында су мүлдем болмайды. Сондықтан, Кіші Арал теңізінің су деңгейін 42 м-ге жеткізу көзделіп отыр. Сонда судың көлемі 27 м3 жетеді. Толық мәнді экология-экономикалық жұмыс істеу үшін Кіші Аралдың су көлемі 34 км3 -ден кем болмауы керек. Ол үшін келешекте Көкарал бөгетінің екінші, үшінші кезеңдерін салу көзделіп отыр. Арал теңізінің тағдыры бүгінде әлем жұртшылығын толғандырып отырғаны рас. Арал теңізінің бассейні Қазақстан және Өзбекстан территориясын алып жатыр. Теңіз бассейніне Әмудария мен Сырдария өзендері енеді. Осы өзендер басты шекарааралық су артериялары болып саналады. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан секілді алты елдің аумағын қамтиды. Сондықтан да су үлестері мен суармалы жерлердің бөлігі осы елдер арасында әртүрлі деңгейде. Арал проблемасы қазіргі уақытта тек осынау алты мемлекеттің үлесіндегі мәселе болып отырған жоқ. Аралдағы экологиялық жағдай келешекте әлем елдерінің де климатына елеулі әсерін тигізетін апат ретінде қарастырылуда. Бұған дәлел, Арал бассейнінен ұшқан тұз қиыршықтарының әуе арқылы ұшып, циклон арқылы осы аймақтан тыс құрлықтардың климатына әсер етуі. Арал қасіреті алдағы уақытта бүкіл әлемнің қасіретіне айналуға шақ қалып отыр. Тіпті сонау Гималай, Скандинавия тауларында Арал тұзының қалдықтары табылып жатыр. Ал егер де Арал түгелдей тартылып кетсе, планета климатының қандай жағдайға ұшырайтыны айтпаса да түсінікті. Сол себепті жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, бүкіләлемдік деңгейде Арал теңізін құтқару жобасының екінші сатысын қаржыландыру керек. Халықаралық ұйымдар мен демеушілер қаражаттарын Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға пайдалану – теңізді сақтап қалудың бірден-бір жолы. Айта кету керек, бірінші сатысында едәуір оң нәтижелер байқалуда. Арал бассейнін қалпына келтіру жобасының құрамдас бөлігі ретінде Аралдың Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігінің су деңгейін көтеріп, арнасын кеңейту үшін 13 шақырымдық бөгет салынды. Аралға құятын өзен суын үнемдеу үшін Орталық Азия елдері су ресурстарын үнемді пайдалануға ниет білдіре бастады. Қазақстан Үкіметі Дүниежүзілік банктің өкілдерімен бірігіп, Аралдың Қазақстанға қарайтын солтүстік бөлігін қалпына келтіру үшін жақсы мүмкіндіктерді қолға алуда. Сонымен қатар қор Арал теңізінің дағдарыс зардаптарын тоқтату немесе азайту, теңіз бассейнінің арнайы жобалары мен бағдарламаларын іске асыру және осы апатты бақылай отырып, халықаралық қауымдастыққа мәлімдеп отыруды міндеттеніп отыр.
62.ІлеБалқашбасейнініңэкологиялықпроблемаларынатапшығыңызжәнеаймақтыңбиологиялықәралуандылығынақатертөндіретінфакторларғаталдаужасаңыз
Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр. 1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы Іле-Балқаш алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.
