Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коршаган орта Көшкінбаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
347 Кб
Скачать
☆

25. Мұнай және газ өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы көрсетіңіз

Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің алғашқы ондығына кіріп отыр. Мемлекетіміздің Республикалық балансында 212 көмірсутекті кен орындары бар. Мұнайдың қоры жағынан қарасақ, территориямыздың 62% жерінде мұнай кен орындары орналасқан. Тек қана Каспий теңізі қайраңындағы мұнай қоры 13 млрд.т. Ал, Ақтөбе облысында жылына 4,5 млн.т.мұнай өндіріледі. Мұнайгаз комплексі  бірден – бір қоршаған ортаны зиянды заттармен жабдықтаушы екендігін қазіргі уақытта өте белгілі. Әсіресе, көмірсутек күрделі құрамдары  геологиялық  жоғарғы беткі қабаттардың ластануы тіршілік орталарының деградациялануына әкелуде, халықтың денсаулығына залалын тигізуге алып келуде және әлеуметтік  алдыңғы өте маңызды да өткір экологиялық проблема болып қалуда. Қазақстанда  мұнайгаз өндіру өнеркәсіп  шаруашылығын алдыңғы орын алатын аймақтар Атырау облысы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызыл орда  облыстары. Экологиялық жоғары қауіпті аймаққа Атырау облысы жатады, яғни барланған (шоғырланған) органикалық және минералдық шикізат қорынан дүние жүзінде алғашқы орынды алады. Мұнай және  мұнай өнімдері топырақта, суда, өсімдіктерде  жинақталып, қоректік тізбек арқылы жануарлармен  адам  ақзаларына  түседі, ауданның экологиялық  жүйе жағдайына және  тұрғындардың  денсаулығына әсер етуде. Мұнай  өндіру кәсіпорындары - Мартыши, Доссор, Құлсары, Комсомольск, Сагыз, Қошқар, Қаратон, Теңіз.Мұнай өңдеу  және мұнайхимия  өнеркәсіптері жетілуде, негізгі өнім түрлері: жанғыш майы  материалдар, электродты кокс, полиэтилен, полипропилен сонымен қатар 200- ден астам өнеркәсіп объектілер орналасқан, қалдықтары мен тастанды зиянды заттарымен қоршаған ортаны ластайды.Қазір істеп жатқан мұнай – газы бар ірі кен орындар – Теңіз, Қарашығанақ т.б. осы Каспий ойпатындағы кен орындары мен Каспий теңізінің қайраңындағы (шельфіндегі) мұнайдың қоры 7млрд. шамасында. Тек Қарашығанақ (1979жылы ашылған, 450 км жер көлемін алып жатыр) өзінде 21,3 триллион м3 табиғи газ, 644млн.газ конденсаты, 189млн. тонна мұнай бар. Мұнайдың табиғатқа әкелетін зардаптары: Қоршаған ортаның ластануы іздеу – барлау және мұнай, газ өндіретін ұңғымалар (скважиналар) құрылысынан басталады. Бұл кездегі ластаушы көздерге бұрғылау қондырғыларында орнатылған дизельдерден шығатын түтіндер, азот пен көміртек оксидтері, шаң, бұрғылау ерітінділері және т.б. Бұрғы мұнарасынан 800 алшақтыққа дейін топырақ және өсімдіктер бұрғылау сұйығымен (құрамында 20ға жуық химиялық реагенттер болады) ластанып, зардап шегетіні ғылыми түрде дәлелденген.

Мұнайды алғанда табиғатқа тиетін зардаптар мынадай: Апатты жағдайлардың болуын азайту мақсатында көптеген шаралар қолдануға тиіс. Мысалы, коррозиямен күресудің нәтижелі жолдарын іздестіру және тасмалдау құбырларын жиі тексеру, жөндеу жұмыстарын уақытылы ұйымдастыру. Мұнайды жер бетіне шығару үшін біраз жер ресурстарының әр түрлі құрылыс обьектілерін салуға айналымнан шеттелуі, жер сұрқының бұзылуы, ластануы.Ластаушы заттар бөлініп, атмосфераның жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, топырақтың бұлармен ластануы.Мұнаймен қоса жер бетіне жоғары минералды судың шығуы.Бұрғылауда шыққан қалдықтарды көму. Мұнайдың төгілуі. Мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны ластайды. Ластанудың жалпы бірнеше түрі бар. Олар инградиентті, параметрлі, биоценотикалық, стационалдық болып бөлінеді.  Негізінде негативті әсерді мұнай шығаратын кәсіпорындар атмосфералық ауаға тигізеді. Осы өндірістен шығатын ластаушы компоненттерге көмірсутектері (48%), көміртек оксиді (33%), қатты заттар (20%) жатады. Осы салада мұнаймен бірге қосыла шығатын газ әлі толығымен қолдануын таппағанына байланысты, жыл сайын оның көлемінің 20% пайдасыз алауда жағылады, сондықтан қоршаған ортаны ластаумен қатар табиғи ресурс ысыраптанылады. Осыған байланысты бұл газдарды кәдеге асыру жолдарын іздестіру қажет. Бұрғылайтын қондырғылармен магистралдық газ – мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның, әсіресе жер бетіндігі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайдың тууының негізгі себебі тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап жарылуы(90,5%), сонымен қатар құрылыс техникасының осы құбырларды басып езіп кетуіне немесе технологиялық және құрылыстық ақаудың болуына да байланысты келеді. Мұнай шығаратын өндірістер басқалармен салыстырғанда суды көп жұмсайтын болғандықтан олардың суаттарға жіберетін ластанған ақаба суларының көлемі де жеткілікті. Қоршаған ортаның мұнаймен ластануы инградиентті ластануға жатады. Өнеркәсіптік энергоқондырғыларда, жылу электро-станцияларында, т.с.с. мұнай өнімдерін жағу салдарынан ауа басейінің зиянды заттармен ластануы қауіптірек болады. Мұнай өнімдерінде кездесетін күкіртті және азотты заттар, жану кезінде күкірт оксидін түзеді, ондай оксидтер аппаратураны коррозияға ұшыратады, атмосфераға қосылып, ауа ағысымен таралады, олар барлық тіршілік атаулыға өте қауіпті болады. Мұндай элементтерді бөліп шығару мақсатымен мұнай өнімдеріне гидро тазалау қолданып өңдейді – сутегіні қатыстырып, катализатор қосып, қыздырады. Бұл кезде күкіртті заттар мен азоты бар заттар айырылады да күкіртсутегі Н2S мен амиак NH3 түзіледі. Ол заттарды бөліп алып падаланады. Көмірсутек өндірісте күкірт және күкірт қышқылын өндіру үшін жұмсалады. Өндіріс қалдығынан алынған күкірт қышқылы, колчедан негізінде өндірілетін қышқылдан көп арзан болатын көрінеді. Мұнай өңдейтін және мұнай газ зауыттарында айналадағы ортаны сақтаудың басқа да қорғаныс шаралар бар.