Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коршаган орта Көшкінбаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
347 Кб
Скачать
☆

54. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде бүлінген экожүйелерді қалпына келтіруге қатысты проблемаларға шолу жасчаңыз.

Қазіргі кезде экология ерекше маңызға ие .Жер бетінде халық санының өсуі, көптеген елдердің индустриялды дамуы, табиғат ресурстарын пайдалнуды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерін өсіре түсуде. Кейбір елдерде қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы соншалық, адамдар денсаулығына кері әсер ете бастады.Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл аударуға, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемі пайдалануға итермелейді.

Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеу керек, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Осыған байланысты алдыңғы кезекте, табиғатты пайдалану, экологиялық сараптау мен жобалауды кең қолдану, сондай-ақ табиғатты пайдаланудың обьективтік-экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды. Осылар қалыптасқан экологиялық жағдай адамдарды қиындықтар мен дағдарыс туралы сөз қылуды қойып, өздерінің ұлғайған тәбеттерін тежей отырып және табиғат ананың мүмкіндіктерімен есептесе отырып нақты істерге көшуге итермелеуі тиіс. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық даму кезеңдерінде орын алып отырды. Өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың nабиғатқа кері әсерінің нәтижелері, ғаламдық сипатқа ие болды.

Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе – теңдікті бұзбай, милиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Адамзат қоғамының үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.

Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі, оладың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамның алдында тұрған экологиялық мәселеллер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі- биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамуды тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген lамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. 1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Омында алғаш рет «Тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. 1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек: Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту. Еңбекке жарамды халықтың санын арттыру. Табиғат ресурстарын сақтау және тұрақты даму. Білім беру жүйесін жетілдіру. Отбасын жоспарлау. Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту. Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді. Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. Тұрақты тұрғын жерлер (Урбанизация) Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну; Ормандарды жоюмен күрес: Топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуан түрлілігін сақтауда маңызды роль атқарады. Үкіметтерге ормандардың тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру қажетШөлдену мен құрғақшылықпен күрес;

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану;

Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану;

Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру

Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою

Радиоактивті қалдықтарды жоюБалалар мен жастардың тұрақты дамудағы ролі

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру: Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа-райының өзгеруінің, ресурстарды пайдалану артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әртүрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты. Сонымен қатар конферецияда мәлімдеме мен екі концепция – климаттың өзгеруінің алдын алу мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен ретінде қарастыру керек. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты белгіленді». Республика президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдары аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып, ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйытқысы болды. Қазіргі кезде экономикалық мәселелерді интеграциялау іс- шаралары ісдестірілуде.

  • Бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз етуді ету;

  • Суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

  • Жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биоогиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс – шараларды қабылдау;

Билогиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданады.

Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:

  • Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;

  • Экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;

Тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «Қазақстан Республикасының экоогиялық қауіпсіздік» концепциясында қарасатырылған (Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір 1996 жыл). Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қажеттіліктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған медициналық, биологиялық, экоклогиялық, құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың біртұтастығы сақталатын антропогенді факторлардың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсерге ұшыраған. Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімнің артуы байқалып отырАдамзат тіршілік ету барысында табиғи қоршаған ортада өзінің жасанды антропогендік экожүйесін құра бастады. Ол мың жыл бұрын консумент «қатарынан» айырылды. Табиғаттың құнды заттарын жинады, ауылшаруашылық өсімдік, мал шаруашылығын құрды. Қазіргі күнде өзінің мақсатына қажетті өнімді керегіне пайдаланып, табиғи экожүйенің өзгеруіне әкеліп соқтырды. Энергетикалық экожүйе бұзылмайтын және бұзылатын болуы мүмкін. Жанар жағар май қолдануда адам баласы жүйеге энергияны көп қолданады. Ауыл шаруашылығына қажетті пайдалы жануарларды қорғай отырып, адамзат жабайы жыртқыш және өсімдік қоректі жануарларды құртты. Халық санының өсуі мақсатында адамдар тіршілік ету үшін адамзат экожүйені аяусыз тонауда.

Экологиялық зардап проблемасы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18.12»Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау»туралы заңға сәйкес шешіледі.Халықаралық бағдарламаға сәйкес ядролық сынақ зардабының әсері зерттелінуде. Істен шыққан аймақтарды қалпына келтіру негізінде табиғи экожүйені қалпына келтіру бағдарламасы даярлануда.Экологиялық проблеманы шешудің басты жолы-адамдардың өндірістік және басқа да іс-әрекетін әрбір адамның мүддесіне сай етіп ойластыруды қамтамасыз ету.Қазіргі кезде дүние жүзі елдері экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында бірігіп жұмыс жүргізе бастады.Бұл БҰҰ-ның 70-жылдары ұсынған «Жер біреу ғана» деген бағдарламасын жүзеге асыруды көздейді.

Климаттың өзгеруімен, энергетикалық мәселелермен, су және азық-түлік қауіпсіздігімен, сондай-ақ аймақтық шиеленістермен байланысты үдемелі жаһандық қауіп-қатерлер жаңа шешімдерді және барлық әлемдік қауымдастық күшінің жұмылдырылуын талап етеді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барған сайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды. Осылардың нәтижесінде жеріміздің ауасы тарылып, өзен-көлі бүлініп, жайылымдардың топырағы тілініп, қоршаған ортамыз көз алдымызда азып-тоза бастады. Мұның соңы азынаған желге, ащы және улы жаңбырға, ормандардың мезгілсіз қурауына, ауа райының бұзылуына, қоршаған ортаның әр түрлі улы қосылыстармен ластануына әкеліп соқтырды. Қоршаған ортадағы тепе-теңдіктер бұзылды. Адамдардың денсаулығы нашарлап аурулардың түрлері және саны көбейді. Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Осыған байланысты, Орнықты даму бойынша БҰҰ бірінші конференциясында (1992 жылы 5 маусым, Рио-де-Жанейро) халықаралық келісім – Биологиялық әртүрлілік туралы конвенциясы қабылданды. Қазақстан Республикасы 1994 жылы Конвенцияны ратификациялап, келесі міндеттерді қабылдады: ұлттық жоспарларда, бағдарламаларда және саясатта биологиялық әртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану бойынша шаралар қабылдау, олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау және мониторинг жүргізу;

in-situ және ex-situ биоәртүрлілігін сақтау, яғни экожүйелер мен табиғи мекен ортасын сақтау, сондай-ақ тіршілікке қабілетті популяция түрлерін өз табиғи ортасында, әсіресе қолға үйретілген немесе өсірілген түрлерге – өздерінің ерекше белгілері қалыптасқан ортасында қорғау және қалпына келтіру.

55.Жердегі тірі организмдердің ірі систематикалық топтарының арасалмағын көрсететін диаграмма құрастырыңыз. Тірі организмдер дүниесі - құрылымы және биосферадағы функциялық рөлі жөнінен тірі организмдердің ең ірі бірлестіктері тірі организмдер дүниесінің 5 түрі сараланады. Прокариот жоғары дүниесі екі дуниені — архибактериялар мен бактерияларды қамтиды, олар: редуценттер рөлін атқаратын ядросыз организмдер, биологиялық азот ұстаушылар, продуцент- хемотрофтар мен продуцент-фототрофтар (цианбактериялар). Эукариот жоғары дүниесі үш дүниені қамтиды, олар: Өсімдіктер — хлорофилы бар бір клеткалы және көп клеткалы организмдер, мұның өзі олардың фотосинтезді жүзеге асырып, экожүйелерде продуценттер (фотоавтотрофтар) болуына мүмкіндік береді. Жануарлар — дайып органикалық (тірі не елі) заттекпен көректепетіп гетеротрофтық организмдер. Бұл өте-мәте әр алуап топ экожүйелерде консументтер мен редуценттер рөлін атқарады. Жануарлардың барынша жылжымалылығы нәтижесінде олар органикалық заттектің орнын ауыстыруда (өсімдіктердің тұқымы мен тозаңын тасуды қоса) "көлік құралдары" болады, қөректері алуан түрлі болғандықтан (өсімдіктермен әр түрлі жануарлар, микроорганизмдер, саңырауқұлақтар), — экожүйелердегі экологиялық тепетеіңікті реттеушілер болып табылады. Саңырауқұлақтар — (микроскоптық ашытқы клеткаларынан, өңездерден альт түрлеріпе дейінгі) организмдердің ұланғайыр тобы, олар органикалық заттектің редуценттері рөлін атқарады, өсімдіктердің топырақтан минералдық заттектер мен су сіңіруіне жәрдемдесіп, олармен сөлбеспелік байланыстар түзеді және өсімдіктер мен жануарлар популяцияларының тығыздығың реттейтін паразиттер болып табылады. Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп - қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (гр. bios - өмір, koinos - жалпы, ортақ) - бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроазғалар популяцияларының жиынтығы.

Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 жылы неміс зоологи Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз тірі ағзалардың жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан фитоценоздан (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроазғалар жиынтығы) тұратын жүйе.

Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан, тірі және өлі бөліктерінің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестіктерімен қоныстанған кеңістік - биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орын ретінде қарастырсақ, онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан азғалар кешеңі деп Қарауға болады. Біркелкі өсімдіктер жамылғысы бар қауымдастықтарды, мысалы, шалғындық биоценозы, батпақ биоценозы деп атайды. Біршама майда қауымдастықтарға: «микроқауымдастық», «синузиялар», «консорциялар» және т.б. ұғымдары қолданылады. Адам қолымен жасалған биоценоздарды «агроценоз» деп атайды. Кез-келгек жүйенің құрылымы - ондағы бөліктердің байланыстары мен ара қатынастарындағы заңдылықтар. Биоценоз құрылымы көпқырлы, соған байланысты оны зерттеу кезінде әртүрлі аспектілерін (биоценоздың түрлік, кеңістіктегі, экологиялық құрылымдарын) бөліп қарайды. Әрбір биоценоздың өзіндік түрлік құрамы қалыптасқан. Сондықтан биоценозда бір түрдің популяциялары өте көп болса, екіншілері керісінше аз болуы мүмкін. Осыған байланысты биоценоз ондағы түрлердің санымен және сапасымен сипатталады Биоценоздың түрлік құрылымы деп ондағы түрлердің алуантүрлілігін және олардың салмақтары мен сандық мөлшерінің ара қатынасын айтады. Түрге бай және кедей биоценоз түрлері бар. Жылуы аз полярлық арктикалық шөлдерде және солтүстік тұндраларда, ылғалы жеткіліксіз ыстық шөлді аймақтарда, қатты ластанған ақаба суларда - бір немесе бірнеше фактордың орташа оптималды мөлшерден ауытқыған орталарда қауымдастықтар түрге жұтаң, кедей болады. Мұндай ортаның қолайсыз жағдайында тек аз ғана түрлер тіршілік ете алады. Сондай-ақ жиі-жиі өзгерістерге ұшырап тұратын, мысалы, жыл сайын өзендердің арнасынан шығып су басып қалатын, гербицидтер қолданылып жер жыртылатын егістіктерде немесе басқа да антропогендік әсерлерге ұшырап отыратын биоценоздарда да түрлік құрам төмен болады. Керісінше, ортаның абиотикалық факторлары оптималға жақын жерлердің бәрінде биоценоздар түрлік құрамға бай болады. Бұларға мысал ретінде тропикалық ормандарды, маржанды рифтерді, шөлді аймақтардағы өзен аңғарларын айтуға болады. Сонымен қатар биоценоздардың түрлік құрамы, сол биоценоздардың қаншалықты ұзақ уақыттан бері өмір сүріп келе жатқанына да байланысты. Әдетте жас, жаңадан пайда болған биоценоздарда ертерек қалыптасқан қауымдастықтармен салыстырғанда түрлік құрам аз болады. Адам қолымен жасалған биоценоздарда да (егістік, бау-бақша) табиғи жүйесі ұқсас қауымдастықтарға (орман, дала, шалғындық, батпақ) қарағанда түрлік құрам жұпыны болады. Алайда ең түрге кедей деген биоценоздардың өзінде әртүрлі систематикалық және экологиялық топтарға жататын бірнеше ондаған түрлер тіршілік етеді. Мысалы, бидай егілген агроценоздарда бидайдан басқа аз да болса әртүрлі арам шөптер, жәндіктер - бидай зиянкестері және фитофагтармен қоректенетін жыртқыштар, тышқан тәрізді кеміргіштер, омыртқасыздар, топырақ қабатындағы майда азғалар, патогенді саңырауқұлақтар және басқа да көптеген түрлер тіршілік етеді. Бүкіл құрылық тағы дерлік және көптеген су биоценоздарының құрамына микроазғалар, өсімдіктер және жануарлар кіреді. Алайда кей жағдайларда өсімдіктері жоқ (мысалы, үңгірлерде, судың терең қабаттарында), сирек жағдайда тек микроағзалардан тұратын (мысалы, су түбіндегі анаэробты ортада, көмірсутекті су көздерінде және т.б.) биоценоздар түзіледі.