Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коршаган орта Көшкінбаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
347 Кб
Скачать
☆

48 Биосфералық резерваттардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіз, міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз

2012 жылы 11 шілде күні ЮНЕСКО-ның Париж қаласында өткен «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіру кеңесінің ұйғарымы бойынша дүниежүзінің отыздан астам мемлекетінен келіп түскен өтініштерді сараптай келе, әлемдегі 15 табиғи қорыққа биосфералық табиғи қорық мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.

Әлемдегі осы 15 биосфералық табиғи қорық мәртебесін иеленген табиғи қорықтардың бірі – біздің еліміздегі Қорғалжын мемлекеттік биосфералық табиғи қорығы екендігін ерекше мақтаныш сезіммен атап айтуға болады.

1973 жылы БҰҰ-ның қарамағындағы білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын арнайы ұйым ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific, and Cultural Organization - UNESCO) «Адам және биосфера» (МАБ) деп аталатын ғаламдық деңгейдегі ғылыми-экологиялық бағдарлама қабылдап, Жер ғаламшарының әртүрлі географиялық табиғи белдемдерінде бұрыннан ұйымдастырылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында (ЕҚТА), яғни мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтарға биосфералық резерваттар мәртебесін беруге шешім қабылдаған болатын. Ол үшін әрбір мемлекет өз аумағындағы ЕҚТА-дың (табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи саябақтардың) табиғи құндылықтарын жан-жақты анықтап, халықаралық комитетке ұсыныс жасауы қажет. Мұндай ұсыныстарды арнайы құрылған сараптамашылар тобының талқылауына салып, соның қорытындысы бойынша шешім қабылдайды.

Биосфералық резерваттарды кейде «Биосфералық қорықтар» деп те атайды. Мұндай мәртебені иеленген биосфералық қорықтар ЕҚТА-дың ғаламдық деңгейіндегі жеке тобы болып саналады және олар Әлемдік биологиялық резерваттар жүйесінің (ағылшынша: World Network of Biosphere Recerves) тізіміне тіркеледі.

Биосфералық резерваттар мәртебесін иеленген ЕҚТА-тар аумағының табиғаты адамның іс-әрекеттерінен бастапқы табиғи қалпынан онша өзгере қоймаған ауқымды аумақтарды қамтиды әрі белгілі бір географиялық табиғи белдемдерге тән ерекшеліктері бар аумақтар тіркеледі.

Биосфералық резерваттар негізінен табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдікті сақтау және қоршаған табиғи ортаның тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, әлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне тіркеліп, халықаралық деңгейде бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, өзара тәжірибе алмасады және табиғатта болып жатқан түрлі өзгерістерге алдын ала болжам жасап, қоғам мен табиғат арасындағы келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін тиімді шаралар қабылдап отырады.

Биосфералық резерваттардың аумағы негізінен 3 белдемге бөлінеді. Оның біріншісі орталық (ядролық) белдем деп аталады. Бұл белдемде тек қана ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ешқандай шаруашылық жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді, яғни бұл белдемнің барлық табиғат байлықтары қатаң түрде қорғалады.

Биосфералық резерваттардың екінші белдемі буферлік белдем деп аталады. Бұл белдем орталық белдемді қоршай орналасады да, онда табиғат байлықтарына жағымсыз әсер етпейтін туризмді дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және экологиялық білім мен тәрбие жұмыстарын жүргізу шараларына ерекше көңіл бөлінеді.

Биосфералық резерваттардың үшінші белдемі шектеулі шаруашылық белдемі деп аталып, онда елді мекендер орналасады және табиғат қорғау жұмыстарына жағымсыз әсер етпейтін кейбір шаруашылық жұмыстары жүргізіледі.

Биосфералық резерваттарды ұйымдастыру жұмыстары алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысынан басталды. 1976 жылы АҚШ-та тұңғыш рет биосфералық резерват ұйымдастырылып, онда ұзақ уақытқа арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленді. Сонымен қатар, осы жылы биосфералық резерваттар ұғымына нақты анықтама берілді.

1983 жылы Белоруссияның астанасы Минск қаласында биосфералық резерваттарға арналған алғашқы Конгресс болып, онда биосфералық резерваттар жүйесін алдағы уақыттарда дамытудың жоспары белгіленді.

1992 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Жер ғаламшарындағы табиғи қоршаған орта туралы Саммит ұйымдастырылып, онда биологиялық алуантүрлілік Конвенциясы қабылданды. Бұл Конвенцияда ғаламдық деңгейдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелерді табиғи қоршаған орта мәселелерімен байланыстыра отырып шешу қажеттігі айрықша атап өтілді.

1995 жылы биосфералық резерваттар стратегиясы мен ережелері қабылданып, Әлемдік биосфералық қорықтар жүйесін дамыту мәселелері жан-жақты талқыланды. Соңғы жылдары дүниежүзі бойынша биосфералық резерваттар ұйымдастыру шаралары қарқынды түрде қолға алынды. Биосфералық резерваттарды ұйымдастырудағы негізгі мақсат – биологиялық алуантүрлілікті (гендік, түрлік, экожүйелік) сақтап қалу, оларды қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Қазіргі кезде (2011 жылы) дүниежүзінің 564 мемлекетінде 109 биосфералық резерваттар тіркелді. Оған биылғы жылы (2012 жылы) тағы да 15 биосфералық резерват қосылып отыр.

Биосфералық резерваттарда биологиялық алуан-түрлілікті сақтап қалу туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары ғаламдық деңгейде жүргізіледі. Соңғы жылдары дүниежүзінің түрлі аймақтарында адамның шаруашылық іс-әрекеттерінің табиғатқа және оның түрлі байлықтарына әсер етуі жылдан-жылға қарқынды түрде жүріп жатқандығы байқалады. Мысалы, 1600 жылдан бастап Жер бетінде ресми деректер бойынша құстардың 74 түрі, сүтқоректілердің 63 түрі мүлде жойылғандығы анықталды. Дәйекті деректер бойынша қазіргі кезде Жер бетінен маржан полиптерінің – 27%, акулалардың – 17 %, қосмекенділердің - 21 % , құстардың – 12 % және сүтқоректілердің 21 %-на жойылып кету қаупі төнгендігі анықталып отыр.

Қазіргі кезде биолог ғалымдардың ресми деректері бойынша апта сайын өсімдіктердің 1 түрі, күн сайын жануарлардың 1-10-ға дейін түрі жойылып отыратындығы анықталған. Табиғаттан өсімдіктің 1 түрінің жойылуы олармен қоректік тізбекте байланыста болатын 30-ға жуық ұсақ жануарлар түрлерінің жойылуына әсер ететіндігі дәлелденген.

Биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалуда биосфералық резерваттардың маңызы зор екендігі белгілі. Қазіргі кезде Жер шарында құрылықтың – 14%, Әлемдік мұхиттардың – 1 %–ның аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұның өзі дүниежүзі бойынша жойылып кету қаупі төнген 65 түрлі ағзаны сақтап қалып отырғандығы анықталған.

2020 жылға дейін Жер бетіндегі құрлықтың – 25 пайызын, ал әлемдік мұхиттардың 15 пайыз аумақтарында ЕҚТА ұйымдастыру мәселелері қарастырылуда.

2010 жылы мамыр айында Алматы қаласында Халықаралық «Адам және биосфера» бағдарламасының аясында және ЮНЕСКО-ның, Қазақстан Республикасы Ғаламдық Экологиялық Қорының (ҒЕҚ) қолдауымен биосфералық резерваттарға ұсынылатын ЕҚТА-ды анықтау және Орталық Азия аумағында трансшекаралық биосфералық резерваттарды ұйымдастыру жайында арнайы мәселе қаралып, онда алдағы уақыттарда Қорғалжын табиғи қорығын Әлемдік биосфералық резерваттар жүйесіне тіркеуге қажетті құжаттар дайындау шаралары қарастырылған болатын.