Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коршаган орта Көшкінбаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
347 Кб
Скачать
☆

9 Мемлекет деңгейінде және жекелеген аймақтарда флора мен фауна өкілдерін түгендеудің (инвентаризация жүргізудің) биологиялыұ әралуандылықты сақтау үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.

Биологиялық алуан түрлілікті дәл тізімге алып түгендеп яғни инвентаризация жасап жүйеге келтірілген мәліметтер болғанда ғана конвенция ережелерін талабын тиімді орындау шараларын жасауға болады. Қазақстанда бұл бағытта біраз жұмыстар жасалды. Бірақта, әліде келешекте көп жұмыстар жасалуы керек.Тың жерлерді жаппай жыртудың, топырақ эрозиясының, табиғаттың техногенді және ауылшаруашылық ластануының нәтижесінде далалар және таулардағы далалық белдеулерде жануарлар дүниесі зардап шекті. Көптеген жәндіктер (насекомдар) – фитофагтар, өсімдіктерді тозаңдандыратын аралар, жыртқыш және арамтамақ буынаяқтылар және басқада пайдалы омыртқасыздар сирек немесе тіптен жойылып кетті. Зооценоздар құрылымы өзгерді. Пайдалы омырқасыздардың түрлік құрамы кедейленіп олардың сандары азайып қана қоймай кейбір зиянды омырқасыздар сандары көбейді. Мысалы ауыл және орман шаруашылығы зиянкестері- эврибионттар көбейді.Екінші жағынан тар маманданған түрлер, оның ішінде сирек кездесетін, конеден қалған (реликт) және байырғы (эндем) түрлер сандары күрт азайып, кейбір жерлерде тіпті жойылып кетті.Омырқасыздар фаунасындағы үлкен өзгерістер әсіресе олардың сандарының азаюы ірі өнідіріс орталықтары маңайында әскери полигондар территориясында және пайдалы қазбаларды өндіру аудандарында байқалады.Қазақстан Фаунасындағы қолайсыз, теріс өзгерістерді Қазақстан Қызыл кітабынан көруге болады. “Қызыл кітапқа” жәндіктердің (насекомые) 96 түрі, былқылдақ денелілердің-6түрі, буылтық құрттардан (кольчатные червы) 2 түр, шаян тәрізділерден (разкнообразные)- 1 түр кіргізілген омыртқалылардан 125 түр (түр тармағы, популяциялар) кіргізілген оның ішінде құстар-56 балықтар-16 Бауырмен жорғалаушылар - (пресмыкающиеся) 10-қосмекенділер(земноводные)-3қызыл кітапқа енгізілген сүтқоректілердің 40 түрінің ішінде 9 түріне жоғалып кету қаупі төніп тұр. Ол 9 түрдің ішінде 4 түрі (қызыл қасқыр, Европа су күзені-норка, қабылан-гепард, қызыл құм тау қойы) Қазақстан территориясынан әлдеқашан жоғалып кеткен.

Сандары азайып бара жатқан топқа немесе категорияға жататындар: Қуланның Түркмендік түршесі, Архардың Тянь-Шандық түршесі Орта Азиялық су құндызы (Видра), батыс Тянь-Шань эндемі Мензбир суыры (сурок) жұпар тышқан (Выхухоль).

Жоғалып бара жатқан түрлерге жататын құстардың 15 түрінің ішінде мрамор шүрегейін (Мраморный чурок) Қазақстан территориясында 20 жылдан бері ешкім кездестірген жоқ.Ақ дегелек (Белый айст) жоғалып кету алдында тұр.Жоғалып кету алдында ірі сұңқардың (сокол) үш түрі (Балобан, Сапсан, Шахин апаттық жағдайда тұр. Әсіресе Балобан сұңқары Арабтардың сүйікті обьектісі болғандықтан құстардың бағасы өте жоғары болуына байланысты оларға үлкен зиян келуде. Бірінші категорияға енген құстардың ішінде мыналарды атап көрсетуге болады: Қызғылт-бірқазан (розовый пеликан), дуадақ-(дрофа), Тарғақ- (кречетка), мойнақ- шағала- (Реликтовая чайка), Ақбас үйрек –(Савка) балықшы тұйғын- (скопа), ұзынқұйрық орлан- (орлан долгохвост).

Құстардың 15 түрінің сандары азаюда. -Бұйра бірқазан (пеликан кудрявый), Сарықұтан (Цапля желтая), Қарабаи (каравайка), Қоқиқаз (Фламинго), Жалбығай (Колпица), қызылжемсау қарашақаз(краснозобая казарка) Сұңқылдақ аққу (Лебедь кликун), жыланша (змееяд), аққұйрық су бүркіт (орлан-белохвост), Алтай ұлары (Алтайский улар), Көкмаңдай (султанка), безгелдек (Стрепет), Жек дуадақ (Джек), қарабас Өгіз шағала (Хохотун черноголовый), үкі (филин). Жоғарыда келтірілген түрлерден негізінен ауланатын құстар түрлері немесе ерекше сұраныс бар Сұңқарлар және үкі- (бас киімдерді әшекейлеу үшін қауырсындары алынады) және т.б. сандарының азайып бара жатқанынын байқауға болады. Қосмекенділерден ең сирек кездесетіндері қызыл аяқ бақа-(лягушка сибирская) бауырмен жорғалаушылардан- сұр кесел-(варон серый).

Қазақстан флорасын түгендеу (инвентаризациялау).

 Биологиялық алуан-түрлілікті сақтау - бұл ғаламдық мәселе. Сондықтан осы мәселеге арналған халықаралық конвенциялар да, жеке елдердің бағдарламалары да бар. Қазақстан Республикасындада «Биологиялық алуан-түрлілікті сақтаудың Ұлттық стратегиясы (Көкшетау,1999)» дайындалған. Бұл ретте, жоғары технологиялар саласындағы,техникалық прогрестің ұшар басындағы жаңа ғылыми бығыттармен қатар, бірнеше ғасырлық даму тарихы бар - география, ботаника және зоология сияқты дәстурлі ғылымдардың маңызы арта түсуде.

Табиғат қорғау іс-әрекеттерін жоспарлау және қорғау объектілерін анықтау үшін аймақтардағы биологиялық түрлердің географиялық таралуы мен экологиялық икемділігі туралы толық ақпарат қажет. Бұл өсімдіктер дүниесінің құнды объектілерін табиғи және мәдени жағдайда сақтаудың негізі екендігі баршаға мәлім қағида (Байтулин, Аралбаев, 2000). Бұқара халықты биологиялық алуан-түрлілікті қорғауға жұмылдыру үшін, мұндай зерттеулердің нәтижелері сапалы басылған анықтамалық құралдар, атластар, каталогтар және т.б. ретінде жарық көруі керек.

Биологиялық алуан-түрлілікті сақтау жолдарын жоспарлау және ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың торабын жасау үшін, флораны түптен-түгендеу өте қажет. Бұл ретте, жекелеген облыстардың мемлекеттік өсімдіктер кадастрын жасау алғашқы маңызды қадам болып табылады. Ол кадастрлар табиғат қорғау ісінің және биоалуантүрлілікті сақтаудың ғылыми негізі болып табылады.

Кадастр төмендегі мәселелерді шешуге мұрындық болады:

- түрлердің географиялық таралуы мен экологиялық сипаттамалары келтірілген облыстың

флорасын толығымен түптен-түгендеу;

- жедел қорғауды қажет ететін өсімдік түрлерін анықтау, олардың өсу ортасын дәл

анықтап тіркеу және популяцияларының қазіргі жайына баға беру;

- флораның сирек элементтерін қорғаудың тиімді жолдарын жасау және табиғат қорғау

ұйымдарының көмегімен іске асыру.

Кадастр материалдарының терең талдануы флораның өзгеру бағытын анықтауға

мүмкіндік береді және аумақтағы мониторингтік ізденістердің негізі бола алады. Жедел

түрде флораны түптеп-түгендеу қажеттілігі әсіресе қарқынды игеріліп жатқан, өзіндік

ерекшеліктері бар аймақтар үшін өте өзекті мәселе.