- •1.Экология ғылымындағы «биоценоз», «биогеоцено», «экожүйе» ұғымдарының арақатынасын түсіндір.
- •2.Жер биосферасына ғаламшарлық деңгейдегі экожүйеретінде сипаттама беріңіз
- •3.Биосферадағыорганизмдердіңтүрәралуандылығын, ондағысистематикалықжәнефункционалдықтоптардыңарақатынасынсипаттаңыз
- •7. Экологиялық мониторинг ұғымына анықтама беріңіз, мониторинг түрлерін қысқаша сипаттаңыз.
- •Ластаушы көздер мониторингі
- •Аймақтық мониторинг
- •8. Экожүйелердің орнықтылығы мен биологиялық әралуандылығы арасындағы байланыстылықты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
- •9 Мемлекет деңгейінде және жекелеген аймақтарда флора мен фауна өкілдерін түгендеудің (инвентаризация жүргізудің) биологиялыұ әралуандылықты сақтау үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Экожүйелердің күйін бағалаудың тікелей және жанама әдістеріне мысалдар келтіріңіз
- •10. Мемлекеттік карантин қызметінің Қазақстандағы биологиялық әралуандылықты сақтап қалуға қосатын үлесін бағалаңыз.
- •12. Эталондық экожүйелер туралы түсінік, эталондық экожүйелердің мониторингтік зерттеулер жүргізудегі маңызын сипаттаңыз
- •13. Сулы–батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды қоррғауға бағытталған маңызды құжат Рамсар конвенциясының негізгі қағидаттарын тұжырымдаңыз
- •Қорғалатын сулы-батпақты жерлер жүйесін құру.
- •14. Халықаралық маңызы бар экожүйе есептелетін Алакөл–Сасықкөл көлдер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •20 Жойылып кету қауіпі төнген түрлерді in-situ және ex-situ сақтап қалу туралы түсінік, бүл әдістердің қолданылу әдістері
- •24. Таукен өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •25. Мұнай және газ өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы көрсетіңіз
- •26. Жайылымдық мал шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •27. Егін шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін мысалдар арқылы сипаттаныз
- •28. Рекреация және туризм салаларының қошаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін бағалаңыз
- •30. Биологиялық әралуандылық туралы конвенцияға сәйкес, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдаланудың қағидаттары.
- •31. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың Қазақстан экожүйелерінде көрініс табуы, мысалдар.
- •32. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын құрудың экологиялық маңызын, кадастр құру прициптерін қысқаша түсіндіріңіз.
- •34. Биологиялық әралуандылық туралы Конвенцияға сәйкес «биологиялық әралуандылық» ұғымын түсіндіріп өтіңіз
- •35. Биологиялық әралуандылықты сақтап қалудағы халықаралық ынтымақтастық принциптеріне сәйкес, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі міндеттемелерін баяндаңыз
- •36.Биологиялық әралуандылықты сақтап қалу мақсатында «Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасы» бойынша Қазақстанда атқарылған жобаларға баға беріңіз
- •37.Қазақстанның шөлді аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларға талдау жасаңыз
- •38. Қазақстанның таулы аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларды талдаңыз
- •39. «Халықаралық қызыл кітаптың» мақсатын және құрылу принципін қысқаша баяндаңыз
- •40. Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •41 Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •43. Табиғи және антропогендік экожүйелер: олардың арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтарын көрсететін кесте құрастырыңыз
- •44. Еуразияның неғұлым ірі құрлықтық биомдарына сипаттама беріңіз
- •45. Мемлекеттік табиғи қорықтар міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •46. Мемлекеттік табиғи қорықшалардың (заказниктердің) міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз.
- •48 Биосфералық резерваттардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіз, міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •49 Хайуанат бақтары мен ботаникалық бақтардың биологиялық әралуандылықты сақтауға қосатын үлесін сипатаңыз
- •50 Ех situ жағдайларда өсірілген жануарларды табиғи ортаға қайтарудағы қиыншылықтарды нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •51.«Қазақстанның қызыл
- •52. Табиғи экожүйелер антропогендік экожүйелерге қарағанда орнықты болып есептеледі, осындай көзқарасты жақтайтын дәлелдер келтіріңіз
- •53. Әлемдегі неғұрлым ірі экожүйелердегі адамның іс-әрекеті нәтижесінде болған өзгерістерді сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде бүлінген экожүйелерді қалпына келтіруге қатысты проблемаларға шолу жасчаңыз.
- •56.Құрлықтықэкожүйелердегіфункционалдықтоптардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағынсипаттайтындиаграммаларқұрастырыңыз
- •57.Сулық экожүйелердегі функционалдық топтардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағын сипаттайтын диаграммалар құрастырыңыз
- •59. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи териториялардың категорияларын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •60. Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары, аймақ проблемаларын шешуге қатысты жобаларға талдау жасаңыз
35. Биологиялық әралуандылықты сақтап қалудағы халықаралық ынтымақтастық принциптеріне сәйкес, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі міндеттемелерін баяндаңыз
Биологиялық сан алуандықты сақтаудағы және биологиялық ресурстарды тиiмдi пайдаланудағы жауапкершiлiктi, 1992 жылы маусымда Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму жөнiндегi Конференциясында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қол қойылған биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияның ауқымында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту қажеттiгiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдауы жөнiндегi Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi - Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенцияны мақұлдағаны жөнiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына - аталған Конвенцияның депозитарийiн мәлiм ететiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандылық туралы Конвенцияда көзделген мiндеттемелердi орындауын үйлестiру және бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiне жүктелсiн.
4. Қазақстан Республикасының осы Конвенция ережелерiнен туындайтын мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi жанынан қоғамдық негiзде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
5. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi: үш ай мерзiм iшiнде ведомствоаралық комиссия туралы ереженi бекiтiп, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша оның жеке құрамын айқындасын; жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң сирек және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғау, биологиялық сан алуандықты сақтау мақсатында осынау жануарлардың тiршiлiк ететiн жерлерi мен өсiмдiктердiң өсiп-өнетiн аудандарындағы шаруашылық қызметiн реттеу шараларын қабылдап, жануарлар мен өсiмдiктердiң жойылып кету қаупi бар түрлерi мен сұрыптарының саны мен ареалдарын сақтауға, қорғауға және қалпына келтiруге қатысты заңдық нормативтер мен ережелер әзiрлеу мен қабылдауды жүзеге асырсын
6. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, облыстардың әкiмдерi, мүдделi министрлiктер мен ведомстволар республика аумағында биологиялық сан алуандықты сақтау мақсатында қорғалымдар, қорықтар, табиғи ұлттық парктер, генетикалық резерваттар және басқа да қорғалатын аумақтар мен объектiлер желiсiн ұйымдастыруды көздесiн.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы Қазақстанның табиғи кешендерiнiң биологиялық сан алуандығын iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеудi күшейтсiн.
8. Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi республика аумағында генетикалық қорды сақтау және қолға үйретiлген жануарлардың аборигендiк тұқымдарын қалпына келтiру жөнiнде шаралар кешенiн, сондай-ақ селолық тауар өндiрушiлердiң биологиялық сан алуандықтың сақталуын қамтамасыз ететiн агроэкожүйелердiң биологиялық ресурстарын ұтымды пайдаланудың ғылыми негiздерiн әзiрлесiн.
9. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Ұлттық ғылым академиясы, Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, Қазақстанның табиғи жануарлар дүниесi мен өсiмдiктер әлемiне тән емес, әрi жат, араласуы мен бейiмделуi су және жер бетiндегi экожүйелерге белгiлi бiр дәрежеде зиян келтiруi мүмкiн түрлердiң жерсiнуiн болдырмау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
10. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi 1994 жылы биологиялық сан алуандықты сақтау және тұрақты түрде пайдалану саласында белгiленген тәртiп бойынша Халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенциядан туындайтын мiндеттемелердi орындауына байланысты мемлекет мұқтажы үшiн министрлiктерге, ведомстволар мен облыстық әкiмшiлiктерге жыл сайын қаржы қаражатын бөлудi қарастырсын.
12. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанындағы шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiк пен Қаржы министрлiгi басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан түсетiн сыртқы қаржылай және техникалық көмектi пайдалану бағыттарын айқындау кезiнде Қазақстан Республикасының биологиялық сан алуандық туралы Конвенция бойынша мiндеттемелердi қажеттi жобаларды ескеретiн болсын.
