- •1.Экология ғылымындағы «биоценоз», «биогеоцено», «экожүйе» ұғымдарының арақатынасын түсіндір.
- •2.Жер биосферасына ғаламшарлық деңгейдегі экожүйеретінде сипаттама беріңіз
- •3.Биосферадағыорганизмдердіңтүрәралуандылығын, ондағысистематикалықжәнефункционалдықтоптардыңарақатынасынсипаттаңыз
- •7. Экологиялық мониторинг ұғымына анықтама беріңіз, мониторинг түрлерін қысқаша сипаттаңыз.
- •Ластаушы көздер мониторингі
- •Аймақтық мониторинг
- •8. Экожүйелердің орнықтылығы мен биологиялық әралуандылығы арасындағы байланыстылықты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
- •9 Мемлекет деңгейінде және жекелеген аймақтарда флора мен фауна өкілдерін түгендеудің (инвентаризация жүргізудің) биологиялыұ әралуандылықты сақтау үшін маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •11. Экожүйелердің күйін бағалаудың тікелей және жанама әдістеріне мысалдар келтіріңіз
- •10. Мемлекеттік карантин қызметінің Қазақстандағы биологиялық әралуандылықты сақтап қалуға қосатын үлесін бағалаңыз.
- •12. Эталондық экожүйелер туралы түсінік, эталондық экожүйелердің мониторингтік зерттеулер жүргізудегі маңызын сипаттаңыз
- •13. Сулы–батпақты алқаптарды мекендейтін құстарды қоррғауға бағытталған маңызды құжат Рамсар конвенциясының негізгі қағидаттарын тұжырымдаңыз
- •Қорғалатын сулы-батпақты жерлер жүйесін құру.
- •14. Халықаралық маңызы бар экожүйе есептелетін Алакөл–Сасықкөл көлдер жүйесіне сипаттама беріңіз
- •20 Жойылып кету қауіпі төнген түрлерді in-situ және ex-situ сақтап қалу туралы түсінік, бүл әдістердің қолданылу әдістері
- •24. Таукен өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •25. Мұнай және газ өнеркәсібінің қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы көрсетіңіз
- •26. Жайылымдық мал шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін мысалдар арқылы сипаттаңыз
- •27. Егін шаруашылығының қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін мысалдар арқылы сипаттаныз
- •28. Рекреация және туризм салаларының қошаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әссерін бағалаңыз
- •30. Биологиялық әралуандылық туралы конвенцияға сәйкес, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдаланудың қағидаттары.
- •31. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың Қазақстан экожүйелерінде көрініс табуы, мысалдар.
- •32. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрын құрудың экологиялық маңызын, кадастр құру прициптерін қысқаша түсіндіріңіз.
- •34. Биологиялық әралуандылық туралы Конвенцияға сәйкес «биологиялық әралуандылық» ұғымын түсіндіріп өтіңіз
- •35. Биологиялық әралуандылықты сақтап қалудағы халықаралық ынтымақтастық принциптеріне сәйкес, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі міндеттемелерін баяндаңыз
- •36.Биологиялық әралуандылықты сақтап қалу мақсатында «Ғаламдық экологиялық қордың шағын гранттары бағдарламасы» бойынша Қазақстанда атқарылған жобаларға баға беріңіз
- •37.Қазақстанның шөлді аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларға талдау жасаңыз
- •38. Қазақстанның таулы аймақтарының биологиялық әралуандылығына қатер төндіретін факторларды талдаңыз
- •39. «Халықаралық қызыл кітаптың» мақсатын және құрылу принципін қысқаша баяндаңыз
- •40. Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •41 Кәсіби және әуесқойлық (спорттық) аңшылықтың қоршаған табиғи ортаға және территориялардың биологиялық әралуандылығына әсерін бағалаңыз
- •43. Табиғи және антропогендік экожүйелер: олардың арасындағы ұқсастықтар және айырмашылықтарын көрсететін кесте құрастырыңыз
- •44. Еуразияның неғұлым ірі құрлықтық биомдарына сипаттама беріңіз
- •45. Мемлекеттік табиғи қорықтар міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •46. Мемлекеттік табиғи қорықшалардың (заказниктердің) міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз.
- •48 Биосфералық резерваттардың құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіріңіз, міндеттерін тұжырымдаңыз, биологиялық әралуандылықты сақтаудағы ролін сипаттаңыз
- •49 Хайуанат бақтары мен ботаникалық бақтардың биологиялық әралуандылықты сақтауға қосатын үлесін сипатаңыз
- •50 Ех situ жағдайларда өсірілген жануарларды табиғи ортаға қайтарудағы қиыншылықтарды нақты мысалдар арқылы түсіндіріңіз
- •51.«Қазақстанның қызыл
- •52. Табиғи экожүйелер антропогендік экожүйелерге қарағанда орнықты болып есептеледі, осындай көзқарасты жақтайтын дәлелдер келтіріңіз
- •53. Әлемдегі неғұрлым ірі экожүйелердегі адамның іс-әрекеті нәтижесінде болған өзгерістерді сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •54. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде бүлінген экожүйелерді қалпына келтіруге қатысты проблемаларға шолу жасчаңыз.
- •56.Құрлықтықэкожүйелердегіфункционалдықтоптардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағынсипаттайтындиаграммаларқұрастырыңыз
- •57.Сулық экожүйелердегі функционалдық топтардың (продуценттер, консументтер, редуценттер) арасалмағын сипаттайтын диаграммалар құрастырыңыз
- •59. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи териториялардың категорияларын сипаттайтын кесте құрастырыңыз
- •60. Арал теңізі аймағының экологиялық проблемалары, аймақ проблемаларын шешуге қатысты жобаларға талдау жасаңыз
Ластаушы көздер мониторингі
ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі.
Аймақтық мониторинг
антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау.
Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.
Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.
8. Экожүйелердің орнықтылығы мен биологиялық әралуандылығы арасындағы байланыстылықты мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
Экологиялық тұрақтылық – экожүйенің қоршаған ортаның сыртқы және ішкі факторларының әсеріне төтеп беріп, өзінің құрылымы мен функциясын сақтап қалу қабілеті. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортаның тұрақтылығын антропогендік әсерлерге төтеп бере алатын жағдайда ғана, яғни, тұрақтылық шегінен шықпағанға дейін сақтай алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын кез келген геологиялық кезеңдерде миллиондаған жылдар бойы өзгеріссіз сақтап отырды. Экологиялық тұрақтылық болу үшін – кез келген табиғи қауымдастықтағы тірі организмдердің түрлік құрамының, олардың санының, өнімділігінің, кеңістікте таралуының біршама тұрақтылығы, яғни тепе-теңдігі болу керек. Әрбір нақты экожүйеде организмдердің түрімен, құрамымен, санымен және олардың метаболизм типімен байланысты өз ерекшеліктері болады. Бұл жағдайда автотрофты және гетеротрофты организмдердің арақатынасының, сондай-ақ организмдердің бір-біріне және тіршілік ортасына тән сипатты бейімделуінің шешуші маңызы бар. Бұл факторлардың эволюция процесінде қалыптасқан жиынтығы экожүйелердің тұрақтылығын немесе олардың гомеостазын қамтамасыз етеді.
Гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) – жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы.
Экожүйелердің орнықтылығы өлшеміне көбінесе олардың түрлік әр алуандылығы алынады. Ол неғұрлым жоғары болса экологиялық тепе-теңдік соғұрлым сенімді сақталады. Қоршаған орта жағдайларының осы экожүйе үшін дағдылы шектен шығып кеткен ауытқулары кезінде экологиялық тепе-теңдік бұзылып, бір түрлер санының азаюына және екінші бір түрлердің күрт көбеюіне әкеледі. Мысалға, көптеген организмдер өздерінің түрлерін жағымды, оптамилды жағдайда экспонентті түрде көбейеді. Бұны популяциялық жарылыс деп атайды. Бірақ бір түрдің жылдам көбеюі, басқа орнықты тізбектерге әсерін тигізбейді. Себебі, экожүйеде көптеген жыртқыштар, ашаршылық және әр түрлі аурулар, популяцияның санын орнына әкеледі. Сонымен бірге кейбір жыртқыштар реттеуші фактор ретінде рөл атқарады.
Организмдердің табиғи қауымдастықтары әр түрлі зақымдаушы әсерлерге қарсы тұра алады және қалыпты жағдайлар қайта орнына келгенде, белгілі бір тұрақтылық орнайды. Мысалға жыртқыштар кәрі және ауру жануарларды жойып, тұрақтылыққа әкеледі.
Қолайсыз жағдай болған кезде белгілі бір түрдің тығыздығы азаяды, бірақ қолайлы жағдай туғанда өніп-өсу тез дамып, тығыздық қалпына келеді. Экологиялық тепе-теңдіктің болуы осы экожүйенің қалыптасуы мен дамуы процестерімен өзара тығыз байланысты. Экологиялық тепе-теңдік бұзылғанда, әр түрлі биоталық факторлар ғана өзгеріп қоймайды, сонымен қатар атмосфераның газ құрамының, гидрологиялық режимінің ауытқуы, қоршаған ортаның ғаламдық ластануы, т.б. өзгерістер туады.
Адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, қоршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар экологиялық орнықтылыққа әсер етеді. Мысалға: қаскөйлік, сұғанақтық. Кез келген дарақ, популяция немесе бірлестік бір мезгілде осы факторлардың көптеген әрекетіне ұшырайды, алайда олардың кейбіреулерінің ғана емірлік маңызы болады. Ортаның мұндай факторлары шектеуші (лимитирующий) фактор деп аталады. Кез келген түр үшін экологиялық факторлардың әрқайсысынан өзіне қажетті барынша көп, ең аз және қолайлы әрекет ету қарқыны болады.
Экологиялық тепе-теңдікті әбден зерттеп білмейінше, табиғатты дұрыс пайдалану, шаруашылықты болжау, табиғи ортаны адам тіршілігі үшін және экологиялық орнықтылықты сақтау мүмкін емес.
Биологиялық әралуандылық — түрлердің белгілі бір аумақта, экожүйеде немесе тіпті планета бетіндегі әралуандылығы (әртүрлілігі). Қазіргі кезде әлемде 2,5 млн-дай түр белгілі, оның 74%-ы тропиктік белдеуде, 24%-ы қоңыржай аймақта болса, тек 2%-ы полярлық белдеуде тараған. Дегенмен, ғалымдардың болжауынша, бұл деректер әлі толық емес. Себебі майда жәндіктер түрлері әлі толық анықталмаған. Түрлердің ішіндегі ең көп тарағаны — жәндіктер, олардың түрлері 1 млн-нан астам. Дегенмен соңғы жылдардағы әлемдік ғылыми-техникалық үдеудің нәтижесінде адам қоғамының табиғатқа зиянды әсерлерінің көбеюінен түрлер саны жыл сайын азаюда. Қазір дүние жүзінде жыл сайын 1-ден 10-ға дейінгі жануарлар түрі жойылады екен. Ескеретін жағдай, өсімдіктің бір түрінің жойылуы майда жәндіктердің бірнеше түрлерінің жойылуына апарып соғады. Бұл жағдай әлемдегі биологиялық тепе-теңдікті бұзып, көптеген экологиялық келеңсіздікке әкелуі мүмкін. Осыған орай бүкіл әлем қауымдастығы алаңдауда. 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында БҰҰ-ның "Қоршаған орта және даму" конференциясында биологиялық әралуандылық туралы әлемдік Конвенция қабылданды.
