Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коршаган орта Көшкінбаев.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
347 Кб
Скачать
☆

30. Биологиялық әралуандылық туралы конвенцияға сәйкес, биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдаланудың қағидаттары.

Биологиялық әртүрлiлiктiң баға жетпес құндылығын, сондай-ақ биологиялық әртүрлiлiктiң және оның компоненттерiнiң экологиялық, генетикалық, әлеуметтiк, экономикалық, ғылыми, тәрбиелiк, мәдени, рекреациялық және эстетикалық маңызын сезiне отырып, сондай-ақ тiршiлiктi қолдайтын биосфера жүйелерiнiң эволюциясы және оларды сақтау үшiн биологиялық әртүрлiлiктiң зор маңызын сезiне отырып, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау бүкiл адамзаттың ортақ мiндетi болып табылатынын қуаттай отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтардың мүдделерi үшiн биологиялық әртүрлiлiктi сақтауға және орнықты пайдалануға бекем бел буа отырып, БҰҰ төмендегiлер жайында уағдаласты:

1-бап. Мақсаттар.Конвенцияның тиiстi ережелерiне сәйкес қол жеткiзуге ұмтылу қажет оның мақсаттары биологиялық әртүрлiлiктi сақтау, оның компоненттерiн орнықты пайдалану және генетикалық ресурстарды пайдалануға байланысты пайдаларды, оның iшiнде генетикалық ресурстарға қажеттi қолжетiмдiлiк беру жолымен және осындай ресурстар мен технологияларға барлық құқықтарды ескере отырып тиiстi технологияларды тиiстi дәрежеде беру жолымен, сондай-ақ ойдағыдай қаржыландыру жолымен алынатын пайдаларды әдiлеттi және тепе-тең негiзде бiрлесiп алу болып табылады.

6-бап. Сақтау және орнықты пайдалану жөнiндегi жалпы шаралар

Әрбiр Уағдаласушы Тарап оның нақты жағдайларына және мүмкiндiктерiне сәйкес:

а) биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мен орнықты пайдаланудың ұлттық стратегияларын, жоспарларын немесе бағдарламаларын әзiрлейдi немесе осы мақсатпен, атап айтқанда, тиiстi Уағдаласушы Тарапқа қатысты осы Конвенцияда баяндалған шараларды көрсететiн қазiр бар стратегияларды, жоспарларды немесе бағдарламаларды бейiмдейдi; және

b) тиiстi секторалдық немесе сектораларалық жоспарларда, бағдарламаларда және саясатта, бұл қаншалықты мүмкiн және қажет болса, биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және орнықты пайдалану жөнiндегi шараларды көздейдi

10-бап. Биологиялық әртүрлiлiк компоненттерiн орнықты пайдалан Әрбiр Уағдаласушы Тарап, бұл қаншалықты мүмкiн және қажет болса:

а) ұлттық деңгейде шешiмдер қабылдау процесiнде биологиялық ресурстарды сақтау және орнықты пайдалану мәселелерiн қарауды көздейдi;

b) биологиялық әртүрлiлiкке жайсыз әсердiң алдын алу немесе оны барынша азайту үшiн биологиялық ресурстарды пайдалану саласында шаралар қолданады;

с) сақтау немесе орнықты пайдалану талаптарымен үйлесiмдi қалыптасқан мәдени әдет-ғұрыптарға сәйкес биологиялық ресурстарды пайдаланудың дәстүрлi тәсiлдерiн сақтайды және көтермелейдi;

d) биологиялық әртүрлiлiк қысқару орын алып, зардап шеккен аудандарда ахуалды түзету жөнiнде шаралар әзiрлеуде және жүзеге асыруда жергiлiктi халыққа қолдау көрсетедi; және

е) биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану әдiстерiн әзiрлеуде үкiметтiк органдар мен өз елiнiң жеке секторының арасындағы ынтымақтастықты көтермелейдi.

31. Ғаламдық экологиялық проблемалар және олардың Қазақстан экожүйелерінде көрініс табуы, мысалдар.

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады.

Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

Семей ядролық полигоны. Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.

Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың басшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі.

Каспий теңізінің экологиялық проблемасы. Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:

  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;

  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;

  • осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;

  • аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).