- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығы үшін
- •Мазмұны
- •Дәрістер Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •С витамині /аскорбин қышқылы/
- •Н витамині /биотин/
- •Р витамині /цитрин, биофлавоноидтар/
- •Ферменттердің химиялық табиғаты және құрылысы. Коферменттер
- •Парааминбензой қышқылы /пабқ/
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Ферменттің активтік және өздік реттегіш / аллостерлі/ орталықтары
- •Ферменттердің әрекет ету механизмдері
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Гормондар
- •Гормондардың әсер ету механизмі
- •Гипофиздің алдыңғы бөлігінің /аденогипофиздің/ гормондары
- •Гипофиздің нақ аралық гормоны
- •Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары
- •Жыныс бездерінің гормондары
- •Бүйрек үсті бездерінің гормондары
- •Ми затының гормондары
- •Бүйрек үсті безі қабығының гормондары
- •Гормоноидтар
- •Микромодуль 2 - Энергетикалық алмасу
- •Зат және энергия алмасу процестері
- •Зат алмасу сатылары және оның қырлары
- •Негізгі алмасу
- •Зат алмасуды зерттейтін әдістер
- •Тыныс алу – тотығу-тотықсыздану процесі
- •А.Бахтың асқын оксид теориясы
- •В.И.Палладиннің тыныс алу теориясы
- •Биологиялық тотығу теориясының осы заманғы түсініктері. Тотықтыра фосфорлану
- •Микромодуль 3 – Көмірсулар алмасуы және қызметі
- •Көмірсулардың биологиялық маңызы
- •Анаэробтық 24ыдырау24 химизмі
- •Гликолиз және спирттік ашудың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық
- •Көмірсу алмасуының реттелуі
- •Көмірсу алмасуының бұзылуынан болатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 4 – Липидтер алмасуы және қызметі
- •Липидтердің жалпы сипаттамасы
- •Липидтердің асқорыту жолындағы өзгерістері және олардың сіңірілуі. Липидтердің қорытылуы
- •Майлардың ішекте қорытылуы
- •Липидтердің сіңуі
- •Липидтердің аралық алмасуы. Майлардың биохимиялық өзгеруі
- •Липидтердің биологиялық түзілуі. Майлардың биологиялық түзілуі
- •Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі
- •Фосфатидтердің түзілуі
- •Липидтер алмасуының реттелуі
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5 – Белоктар алмасуы және қызметі Микромодуль 5.1 – Аминқышқылдары алмасуы
- •Белоктардың жалпы сипаттамасы
- •Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері
- •Амин қышқылдары – белок гидролизінің негізгі өнімдері, олардың қасиеттері
- •Белок молекуласындағы химиялық байланыстар
- •Белоктардың жіктелуі, сипаты
- •Азоттың балансы және оның түрлері
- •Белоктардың биологиялық бағалылығы
- •Белоктардың асқорыту жолындағы өзгерістері
- •Белоктардың аралық алмасуы
- •Аммиакты зиянсыздандыру жолдары
- •Белоктар алмасуының реттелуі
- •Белоктар алмасуының бұзылуынан туатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5.2 – Нуклеотидтер алмасуы
- •Пуриндік негіздердің ыдырауы
- •Пиримидиндік негіздердің ыдырауы
- •Нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуі
- •Нуклеин қышқылдары алмасуының реттелуі
- •Хромопротеидтердің алмасуы
- •Микромодуль 6 – Белок биосинтезі
- •Ген биохимиясы және генетикалық хабардың берілуі
- •Белоктардың биологиялық түзілуі және оның сатылары
- •Трансляция. Белоктың рибосомада түзілуі
- •Микромодуль 7 - Зат алмасу процестерінің өзара байланыстылығы
- •Заттар алмасуының өзара байланыстарының жалпы заңдылықтары
- •Көмірсулар мен майлардың алмасуының өзара байланысы
- •Көмірсулар мен белоктардың алмасуының өзара байланыстары
- •Белоктар мен майлардың алмасуының өзара қатыстары
- •Нуклеин қышқылдарымен басқа заттардың алмасуының байланыстары
- •Өзіңді тексер
- •Практикалық және Зертханалық сабақтар Майда, суда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялар
- •Ферменттердің биологилық катализатор ретіндегі жалпы
- •Гормондарға сапалық реакциялар
- •Білім алушының өздік жұмысы
Өзіңді тексер
1.Моносахаридтерге жатады: а)мальтоза; б)фруктоза; в)лактоза; г)гепарин; д)гликоген
2.Глюкоза, ол: а)кетогексоза; б)кетопентоза; в)альдогексоза; г)альдопентоза; д)дисахарид
3.Сахарозаның құрамына кіреді: а)глюкозаның екі молекуласы; б)фруктозаның екі молекуласы; в)глюкоза және фруктоза; г)галактоза және глюкоза
4.Мальтозаның фосфоролиз өніміне жатады: а)глюкоза және галактоза; б)глюкоза-1-фосфат және глюкоза; в)глюкоза-6-фосфат және глюкоза; г) глюкоза-6-фосфат және галактоза
5.АТФ+глюкоза – АДФ+ Глюкоза-6-фосфат реакция мына заттардың қатысуымен іске асады: а)альдоза; б)фосфоглюкомутаза; в)фосфорилаза; г)гексокиназа
6.Изоцитратдегидрогеназаның коферментіне жатады: а)убихинон; б)ФМН; в)НАД; г)пиридоксальфосфат; д)НАДФ
7.6-фосфоглюконат + НАДФ ---- рибулозо-5-фосфат+ СО2+ НАДФН + Н+ реакциясына тән процесс: а)гликоглиз; б)глюконеогенолиз; в)глюкозаның апотомиялық ыдырау; г)фосфоролиз; д)Кребс айналымы
Микромодуль 4 – Липидтер алмасуы және қызметі
Дәріс 8-9. Липидтер биохимиясы
Дәріс сабақтың мазмұны:
1. Жалпы сипаттамасы
2. Липидтердің ыдырауы
3. Аралық алмасуы
4. Липидтер түзілуі
Липидтердің жалпы сипаттамасы
Липидтерге майлар және майға ұқсас заттар – липоидтар жатады. Олар барлық тірі клеткаларда болады және тіршілікке орайлас бірнеше маңызды қызметтер /энергия берушілік, қорғану, құрылымдық, метаболизмдік/ атқарады. Мысалы, олар клетка мембраналарының құрамына кіреді. Клетка қабырғаларының құрамына енетін липидтер қ ұ р ы л ы м д ы қ липидтер деп аталады.
Липидтер ыдыраған кезде көп мөлшерде химиялық энергия макроэргиялық қосындылар түрінде бөлініп шығады. Липидтер суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде жақсы ериді, Көпшілік липидтер спирттердің, жоғары май қышқылдарының немесе альдегидтердің туындылары болып келеді.
Липидтер екі үлкен топқа бөлінеді. Қарапайым липидтің молекуласы спирт қалдықтарынан және жоғары май қышқылдарынан тұрады. Бұған бейтарап майлар, стероидтар және балауыздар /воскілер/ жатады.
Күрделі липид спирт қалдығынан, жоғары май қышқылдарынан және басқа бір заттардан /азоттық негіздер, фосфор қышқылы, көмірсулар және басқалары/ тұрады. Оларға фосфатидтер, гликолипидтер, сульфатидтер жатады.
Липидтердің негізгі компоненті – май қышқылдары.
Б е й т а р а п м а й л а р. Бейтарап майлар деп үш атомды глицерин мен жоғары май қышқылдарының күрделі эфирін айтамыз.
Жоғары май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болады.
Егер майлардың құрамында қанықпаған қышқылдар басым болса, ондай майлар сұйық болады /мақта, күнбағыс, зығыр майлары/. Егер қаныққан қышқылдар басым болса, ондай майлар қатты болады /жануарлар майы – тоң май/.
Майлар жануарлар мен өсімдіктер дүниесінде кең тараған. Майлар тірі организмде әр алуан міндеттер атқарады. Майлар энергетикалық материал ретінде жұмасалады, химиялық энергияның көзі. Майлардың 1 грамы организмде тотыққанда 9,3 ккал /жылу/ пайда болады. Мұның өзі белоктар мен көмірсулар тотыққанда бөлініп шығатын жылудан 2 есе көп /1 г көмірсулар 4,3, ал белоктар 4,1 ккал жылу береді/.
Майлар органикалық заттардың, әсіресе витаминдердің, жақсы еріткіштері.
Май дәнекер тканінің қабықшаларында қор ретінде жиналып, организм мүшелерінің орнынан ығысуына және сыртқы соққыдан зақымдануына кедергі жасайды.
Майлардың жылу сыйымдылығы төмен. Шөлден жылу нашар өтеді, бұл дене температурасының тұрақтылығын сақтауға жәрдемдеседі.
Майлардың бір бөлігі клеткаларда өтіп жататын күрделі процестерге тікелей қатысады. Оны п р о т о п л а з м а л ы қ майлар деп атайды. Ал, екінші, көбірек бөлігі тері астындағы шелде, дәнекер тканьнің май талшығында, құрсақ қуысының органдарын жауып тұратын шарбыда жән басқа кейбір органдарда жиналады да, органикалық қосылыстардың қорын түзеді. Оны р е з е р в т е г і, немесе қордағы майлар дейді.
Майлар сонымен бірге терінің созылғыштығын, икемділігін және иілгіштігін қамтамасыз етеді.
