- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығы үшін
- •Мазмұны
- •Дәрістер Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •С витамині /аскорбин қышқылы/
- •Н витамині /биотин/
- •Р витамині /цитрин, биофлавоноидтар/
- •Ферменттердің химиялық табиғаты және құрылысы. Коферменттер
- •Парааминбензой қышқылы /пабқ/
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Ферменттің активтік және өздік реттегіш / аллостерлі/ орталықтары
- •Ферменттердің әрекет ету механизмдері
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Гормондар
- •Гормондардың әсер ету механизмі
- •Гипофиздің алдыңғы бөлігінің /аденогипофиздің/ гормондары
- •Гипофиздің нақ аралық гормоны
- •Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары
- •Жыныс бездерінің гормондары
- •Бүйрек үсті бездерінің гормондары
- •Ми затының гормондары
- •Бүйрек үсті безі қабығының гормондары
- •Гормоноидтар
- •Микромодуль 2 - Энергетикалық алмасу
- •Зат және энергия алмасу процестері
- •Зат алмасу сатылары және оның қырлары
- •Негізгі алмасу
- •Зат алмасуды зерттейтін әдістер
- •Тыныс алу – тотығу-тотықсыздану процесі
- •А.Бахтың асқын оксид теориясы
- •В.И.Палладиннің тыныс алу теориясы
- •Биологиялық тотығу теориясының осы заманғы түсініктері. Тотықтыра фосфорлану
- •Микромодуль 3 – Көмірсулар алмасуы және қызметі
- •Көмірсулардың биологиялық маңызы
- •Анаэробтық 24ыдырау24 химизмі
- •Гликолиз және спирттік ашудың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық
- •Көмірсу алмасуының реттелуі
- •Көмірсу алмасуының бұзылуынан болатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 4 – Липидтер алмасуы және қызметі
- •Липидтердің жалпы сипаттамасы
- •Липидтердің асқорыту жолындағы өзгерістері және олардың сіңірілуі. Липидтердің қорытылуы
- •Майлардың ішекте қорытылуы
- •Липидтердің сіңуі
- •Липидтердің аралық алмасуы. Майлардың биохимиялық өзгеруі
- •Липидтердің биологиялық түзілуі. Майлардың биологиялық түзілуі
- •Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі
- •Фосфатидтердің түзілуі
- •Липидтер алмасуының реттелуі
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5 – Белоктар алмасуы және қызметі Микромодуль 5.1 – Аминқышқылдары алмасуы
- •Белоктардың жалпы сипаттамасы
- •Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері
- •Амин қышқылдары – белок гидролизінің негізгі өнімдері, олардың қасиеттері
- •Белок молекуласындағы химиялық байланыстар
- •Белоктардың жіктелуі, сипаты
- •Азоттың балансы және оның түрлері
- •Белоктардың биологиялық бағалылығы
- •Белоктардың асқорыту жолындағы өзгерістері
- •Белоктардың аралық алмасуы
- •Аммиакты зиянсыздандыру жолдары
- •Белоктар алмасуының реттелуі
- •Белоктар алмасуының бұзылуынан туатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5.2 – Нуклеотидтер алмасуы
- •Пуриндік негіздердің ыдырауы
- •Пиримидиндік негіздердің ыдырауы
- •Нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуі
- •Нуклеин қышқылдары алмасуының реттелуі
- •Хромопротеидтердің алмасуы
- •Микромодуль 6 – Белок биосинтезі
- •Ген биохимиясы және генетикалық хабардың берілуі
- •Белоктардың биологиялық түзілуі және оның сатылары
- •Трансляция. Белоктың рибосомада түзілуі
- •Микромодуль 7 - Зат алмасу процестерінің өзара байланыстылығы
- •Заттар алмасуының өзара байланыстарының жалпы заңдылықтары
- •Көмірсулар мен майлардың алмасуының өзара байланысы
- •Көмірсулар мен белоктардың алмасуының өзара байланыстары
- •Белоктар мен майлардың алмасуының өзара қатыстары
- •Нуклеин қышқылдарымен басқа заттардың алмасуының байланыстары
- •Өзіңді тексер
- •Практикалық және Зертханалық сабақтар Майда, суда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялар
- •Ферменттердің биологилық катализатор ретіндегі жалпы
- •Гормондарға сапалық реакциялар
- •Білім алушының өздік жұмысы
Микромодуль 5 – Белоктар алмасуы және қызметі Микромодуль 5.1 – Аминқышқылдары алмасуы
Дәріс 10-11. Белоктар
Дәріс сабақтың мазмұны:
1. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі
2. Физика-химиялық қасиеттері
3. Белоктардың ыдырау жолдары
4. Аммиакты зиянсыздандыру
Белоктардың жалпы сипаттамасы
Белоктар немесе протеиндер деп молекуласы - амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалық қосылыстарды айтады.
Организмде белок алуан түрлі қызмет атқарады. Белоктың ең басты қызметі – жеделдету /катализаторлық/. Себебі, барлық тірі организмдерде зат алмасу реакциялары ферменттердің әсер етуімен жүзеге асады. Ал, белгілі ферменттердің барлығы белоктардан құралған.
Көпшілік гормондар белоктар болып келеді. Мысалы, оған жататындар: ұйқы безінің гормоны – инсулин, қалқанша безінің гормоны – тироксин, бүйрек үсті безінің гормондары – адреналин, ми қабатының гормондары – соматотропин, окситоцин, вазопрессин және т.б.
Заттарды тасымалдауда да белоктың маңызы зор. Заттардың клетка мен органоидтар ішінде қозғалуын белок реттеп отырады, яғни оларды активті түрле тасымалдайды. Соңғы кезде клетка мембранасының құрамында түрлі тасымалдаушы белоктардың /АЦБ/ болатыны анықталды.
Белок қорғаныштық қызмет атқарады. Ол организмнің иммундық /ауруға төтеп беру/ қасиеттерін жүзеге асырады. Қорғанудың бір әдісі – антиденелер /бейтараптаушы денелер/ жасап шығару. Организмге түскен бөгде затты, мысалы вирусты, антиген дейді. Организм, пайда болған антигендерге қорғаныш зат – антиденені /тіршілік қорғанын/ қарсы қояды. Сонымен, антигендердің негізгі қасиеті – олардың антиденелер түзілуін тудыруға бейімділігі.
Қанның ұюы да белоктың қорғаныстық қасиетіне мысал бола алады. Қанның сарысуындағы фибриноген белогы фибринге өзгеріп, ақыры – фибрин шөгіп ұйыққа айналады. Сөйтіп, жарақаттанған қан тамыры түтігін бітеп, организмнің қансырауына жол бермейді.
Гемоглобин
және миоглобин белоктарының арқасында
өкпедегі және ткандегі газалмасу, яғни
Бұлшықет белоктары /актин, миозин, актомиозин/ олардың жиырылуын және босаңсуын, жалпы, денедегі механикалық қозғалыстардың барлық түрлерін қамтамасыз етеді.
Белоктар – энергияның көзі. 1 г белок тотыққанда 17,2 кДж /4,1 ккал/ энергия босап шығады. Сонымен бірге белоктың тағы бір маңызды қызметінің бірі – оның құрылыс материалдары ретінде пайдаланылуы. Олар тірек, бұлшықет және жабын ткандерінің /сүйек, шеміршек, сіңір, тері/ негізін құрайды.
Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері
Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері организмнің тіршілік әрекетінің негізін құрайды.
Белоктар – жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Табиғатына байланысты белоктардың молекулалық массасы барынша өзгере алады. Кең таралған белоктардың молекулалық массасы барынша өзгере алады. Кең таралған белоктардың молекулалық массасын мына сандармен межелеуге болады: инсулин – 35000, пепсин – 39000, гемоглобин – 68000, жұмыртқа альбумині – 40500.
Молекуласының түрлеріне қарай белоктар фибриллярлық және глобуларлық болып екіге бөлінеді.
Белоктар ерітіндісі коллоидтық сипатта болады.
Коллоидты ерітінділерге молекулярлы-кинетикалық, оптикалық, электрлі кинетикалық қасиеттер тән. Белоктардың коллоидты ерітінділері оптикалық активті келеді. Коллоидты бөлшектер жарықты шашыратады және сіңіреді.
Сонымен, коллоидты ерітінділердің қасиеттерін нағыз ерітінділер және дисперсті жүйелердің қасиеттерімен салыстыратын болсақ, олардың аралық орын алатынын көреміз. Осыған орай коллоидты ерітінділерді алудың негізгі екі жолы болады:
1. Ірі бөлшектерді ұнтақтау, немесе дисперстеу әдісі. Дисперстеу әдістері: механикалық, электрлік, ультра дыбыспен дисперстеу және пептизация әдістері болып төртке бөлінеді.
2. Атомдары немесе молекулаларды агрегациялау, яғни өзара біріктіріп, ірілендіру жолы. Бұл әдісті конденсациялау деп атайды. Конденсация әдісімен коллоидты жүйелерді алудың мынадай жолдары бар: дисперсионды ортаны алмастыру әдісі немесе конденсациялау және химиялық әдіс.
Адсорбциялық және диффузиялық қабаттағы қарсы иондардың арасында дзета-потенциал нольге тең болса, белок молекуласы электр өрісінде қозғалмайды. Белок зарядын жоғалтады. Белоктың бұл күйін изоэлекрлік күйі дейді. Ал, белок изоэлектрлік күйге рН-тың белгілі бір мәнінде түседі: жұмыртқа белогы 4,8, гемоглобин 6,7, лизин 5 т.т. Оң және теріс зарядтар теңесетін реакциялық ортаны, яғни изоэлектрлік күйге түсетін әр белоктың өзіне тән белгілі рН мөлшерін и з о э л е к т р нүктесі деп атайды. Белоктардың изоэлектрлік нүктесінің нәтижесі /рН/ олардың құрамындағы амин қышқылдарына байланысты. Коллоидты ерітінділердегі бөлшектердің өзара бірігіп іріленуін коагуляция /ұю/ деп атайды. Ұю басталғанда жүйе әуелі лайланады. Іріленген бөлшектер ауырлық /салмақ/ күшінің әсерінен тұнбаға түседі, яғни с е д и м е н т а ц и я процесі жүреді, шөгінді пайда болады.
Коагуляция
қайтымды және қайтымсыз болып екі түрге
бөлінеді. Егер коллоидты бөлшектің тек
Белоктар амин қышқылдары сияқты амфотерлік қасиетке ие. Белоктардың ерітіндісі қышқылдық ортада оң зарядталады да, реакцияға катион ретінде қатысады. Сілтілік /негіздік/ ортада теріс зарядталады да, реакцияға анион ретінде қатысады.
