Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
витамин.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
658 Кб
Скачать
☆

Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі

Холестериннің биологиялық түзілуі бірнеше сатылар қатарынан тұрады. Холестериннің мевалон қышқылынан биологиялық түзілуінің мына төмендегідей негізгі сатылары бар:

Мевалон қышқылынан изопентилпирофосфаттың пайда болуы.

  1. Одан әрі изомерлену реакциялары жүреді:

изопентилпирофосфат  диметилаллилпирофофсфат  геранилпирофосфат /С10/  фарнезилпирофосфат /С15/  сквален /С30/  ланострен  холестерин

Фосфатидтердің түзілуі

Тканьдерде, клеткаларда жекеленген түрлері: глицеро-, инозит- және сфингозинфосфатидтер түзіледі. Глицерофосфатидтердің түзілуінің алғашқы сатылары майлардың биологиялық түзілуімен бірдей болып келеді. Пайда болған ,  - диглицеридтері активтелген азоттық негіздермен әрекеттесіп тиісті фосфатидтердің молекуласын құрады.

Липидтер алмасуының реттелуі

Липидтердің алмасу процестері жүйкелік және гуморальдық жолмен реттеледі. Орталық жүйке жүйесі липидтердің алмасуына тікелей немесе ішкі секреция бездері арқылы әсер етеді.

Үлкен ми сыңарларының қыртысы вегетативтік жүйке талшықтары арқылы липидтердің қорытылуын, сіңуін, биологиялық түзілуін және олардың жұмылдырылуын /мобилизациясын/ реттейді. Мысалы, симпатикалық жүйкелерді қоздыру қордағы майлардың ыдырауын үдетеді, ал парасимпатикалық жүйкенің қозуы, керісінше, олардың қорға жиналуына мүмкіндік туғызады.

Орталық жүйке жүйесі липидтердің алмасуына тигізетін әр түрлі гормондардың әсерлерін реттейді. Жекелеген гормондар липидтердің организмде қорға жиналуын қамтамасыз етсе /мысалы, инсулин майлардың жиналуына мүмкіндік береді, липокаин –фосфатидтердің/ басқалары олардың ыдырауына жағдай жасайды. Бұл құбылыстар липидтердің алмасуына белгілі бір әсерлі бағыт беру үшін қолданылады. Мысалы, майлардың организмде қор ретінде жиналуын көздеу мақсатымен ауыл шаруашылық малдарын піштіру, организге инсулин жіберу жұмыстары жүргізіледі.

Малды бордақылау, оның етінің сапасын жақсарту мақсаттарын көздейтін жұмыстар – экономика тұрғысынан алғанда тиімді шаралар.

Липидтер алмасуының үдемелілігі және бағыттылығы азықтың да құрамына байланысты. Азықтағы көмірсулар мен майлардың ең жоғарғы мөлшері майлардың тым көп жиналуына әкеледі. Азықта метиониннің жетіспеуі липидтердің алмасуын бұзады, сол себептен бауырды май басады.

Негізгі ұғымдар: триацилглицерол; фосфотидтер; липолиз; β-тотығу; кетоз.

Бақылау сұрақтары:

1.Липидтер деп қандай органикалық қосылыстарды айтиады?

2.Фосфотидтердің құрамына қандай органикалық қосылыстарыкіреді?

3.Трипальмитин-, стеарин-, лаурин- құрылымдық формуласын жазыңыз. Жай және аралас триглицеридтердің құрамына қайсысы кіреді?

4.Триаминнің гидролизін жазыңыз.

5.Лицетиннің құрылымдық формуласын жазып, оның фосфолипаза А1, А2, D қатысуымен гидролизін жазыңыз

6.Пальмитин қышқылының β-тотығуының 3-кезеңін жазыңыз

7.Лицитиннің түзілу схемасын жазыңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:

Өзіңді тексер

1.Жоғары май қышқылдары ЖМҚ мен глицериннің және полициклды спирттермен топ құрайды: а)күрделі липдтердің; б) жай липидтердің; в)фосфатидтердің; г)диолды липидтердің

2.Лецитиндегі азоттық негізге жатады: а)холин; б)арин; в)треонин; г)этоналамин; д)этиламин

3.Липидтер белоктармен комплекс түрінде кіреді құрамына: а)мультиэнзимдық комплекстерге; б) рибосомаларға; в)ЖМҚ-ның синтетазасына; г) биологиялық мембрананың

4.Мембрананың ең басты липидтеріне жатады: а)диольды липидтер; б)триглицеридтер; в)гликолипидтер; г)фосфолипидтер; д)воски

5.Триглицеридтердің молекуласындағы күрделі эфир байоланыстары гидролиз процессіне мына ферменттің көмегімен жүреді: а)фосфолипаза; б)ацетилхолин эстераза; в)липаза; г)алиэстераза; д)фосфорилаза

6.Жоғары май қышқылдары катаболизмпроцессінде мна жолмен ыдырайды: а)тотықсыздану; б)α-тотығу; в)β-тотығу; г)декарбоксильдену; д)гидролиз