Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
витамин.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
658 Кб
Скачать
☆

Пуриндік негіздердің ыдырауы

Адениндезаминаза және гуаниндезаминаза ферменттері аденинді гипоксантин мен аммиакқа, ал гуанинді ксантин мен аммиакқа сумен әрекеттесу /гидролиз/ арқылы ыдыратады. Гипоксантин және ксантин ксантиноксидаза ферментінің ықпалымен несеп қышқылына тотығады.

Несеп қышқылы адамда, 44ими тұрпатты /тәрізді/ маймылда, шошқада және құста пурин негіздерінің алмасуының ең ақырғы өнімі болады.

Жылқыда, итте, үй қоянында несеп қышқылы уриказа ферментінің әсерімен аллантоинға дейін тотығады.

Сонымен, сүт қоректілерде аммиак несеп нәріне, ал құста несеп қышқылына айналу арқылы зиянсызданады.

Пиримидиндік негіздердің ыдырауы

Пиримидиндік негіздерінің жануарлар тканьдеріндегі және кейбір микробтардағы ыдырауы урацилдың айналуы мысалында анықталған.

Пайда болған аммиак несеп нәрінің түзілуіне жұмсалады, ал ол несеппен шығады.

Цитозин дезаминденіп урацилге айналады.

Ал, урацилдың ыдырау жолы біздерге белгілі. Тимин де осы жолмен ыдырайды.

Нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуі

Нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуі негізгі 3 сатыдан тұрады:

а/ Пуриндік және пиримидиндік нуклеотидтердің түзілуі;

ә/ Нуклеотидтердің фосфорлануынан трифосфаттардың пайда болуы;

б/ Трифосфаттардың, ДНК – матрицасы болған жағдайда, нуклеин қышқылдарының молекуласына полимеризациялануы.

Нуклеин алмасуының нейрогуморальдық реттелуінің бұзылуынан подагра ауруы пайда болады. Буында, буын шеміршегінде, қынап сіңірінде, бүйректерде, терімен бұлшық еттерде несеп қышқылымен оның тұздарының кристалдары қабаттануынан түйіншіктер пайда болады. Түйіншіктер айналасында қабыну ошағы пайда болады. Подагра түйіншіктері көбінесе саусақ буындарында анық айқындала түседі.

Нуклеин алмасуы сәуле ауруларында күрт өзгереді. Радиация клетка құрамындағы тұқым қуалайтын материалға әсер етеді. ДНК-нің репликациясы, РНК-нің түзілуі бұзылып, клеткалардың бөлінуі тежеледі. Эритропоэз басылып лейкопения /қан құрамындағы лейкоциттердің азаюы/ пайда болады да ұзақ уақыт бойы жазылмайтын ойық жара /язва/ дамиды.

Нуклеин алмасуының бұзылуы тынжытас, яғни несеп жолына несеп қышқылының тұзынан пайда болған тастар байлануына әкеледі.

Нуклеин қышқылдары алмасуының реттелуі

Нуклеиннің алмасуы орталық жүйке жүйесімен, оның ең жоғарғы бөлімі – үлкен ми сыңарларының қыртысымен реттеледі.

Нуклеин алмасуы – ішкі секреция бездерімен реттеледі. Мысалы, РНК мен ДНК-нің түзілуі соматотропинмен, гидрокортизонмен, эстрадиолмен реттеледі. Кейбір стероидтық гормондар оперондардың репрессорлары болып келеді, ал бұл и-РНК мен белоктардың қарқынды түзілуіне әкеледі. Реакция магний және марганец иондарымен активтеледі.

Хромопротеидтердің алмасуы

Гемоглобин ыдырауының бірінші сатысында оның бір метинді көпіршесі үзіліп вердоглобин пайда болады. Вердоглобиннен глобин белогы және темір атомы бөлініп шығады, ал 45ими төрт пирролдық сақиналары метиндік көпіршелерімен байланысқан тізбекке айналады. Осылайша, жасыл түсті биливердин пигменті пайда болады. Биливердин ферменттік жолмен тотықсызданып, билирубинге айналады. Билирубин бауырдан өтпен өт қабына түседі.

Ішекте өт пигметтері бактериялардың әсеріне кенеледі. Бос билирубин стеркобилиногенге тотықсызданады да сыртқа шығарылады. Ауада стеркобилиноген стеркобилинге жеңіл тотығады.

Негізгі ұғымдар: пуриндік және пиримидиндік негіздер; нуклеотидтер; нуклеозидтер.

Бақылау сұрақтары:

1.Нуклеозид, нуклеотид неден тұрады?

2.Аденин, гуанин, урацил, 45имин, цитозин, нуклеотид, нуклеотидтерін атаңыз

3.ДНҚ-ның құрылысын айтыңыз

4.РНҚ-ның құрылысын, құрамын айтыңыз

5.ДНК-ның құрамына кіретін пентозаны атаңыз.

6.ДНҚ-ның бірінші-, екінші-, үшіші реттік құрылымдары деген не?

7.РНК-ның бірінші-, екінші, үшінші- реттік құрылымдары деген не?

8.Э.Чаргаффтың ережесін түсіндір

9. «Ерекшелік коэффициенті деген не?»

10.ДНК, РНК, үшін нуклеотидтердің саны қанша?

11.ДНК мен РНК ның айырмашылығы неде?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Өзіңді тексер

1.Рекогнация дегеніміз? А) енгізуі; б) тануы; в)тасымалдауы; г)көшіруі; д)ұзаруы

2.Трансляция дегеніміз не? А) енгізуі; б) тануы; в)тасымалдауы; г)көшіруі; д)ұзаруы

3.Транскрипция дегеніміз? А) енгізуі; б) тануы; в)тасымалдауы; г)көшіруі; д)ұзаруы

4.Элонгация дегеніміз? А) енгізуі; б) тануы; в)тасымалдауы; г)көшіруі; д)ұзаруы

5.Рибосома тұрады? А)белоктардан, ДНК-дан; б) белоктардан, РНК-дан; в)белокатрдан, глюкозадан; г)белоктардан, липидтерден; д)белоктардан, рибозадан