- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В120200 – «Ветеринарлық санитария» мамандығы үшін
- •Мазмұны
- •Дәрістер Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •С витамині /аскорбин қышқылы/
- •Н витамині /биотин/
- •Р витамині /цитрин, биофлавоноидтар/
- •Ферменттердің химиялық табиғаты және құрылысы. Коферменттер
- •Парааминбензой қышқылы /пабқ/
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Ферменттің активтік және өздік реттегіш / аллостерлі/ орталықтары
- •Ферменттердің әрекет ету механизмдері
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу
- •Гормондар
- •Гормондардың әсер ету механизмі
- •Гипофиздің алдыңғы бөлігінің /аденогипофиздің/ гормондары
- •Гипофиздің нақ аралық гормоны
- •Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары
- •Жыныс бездерінің гормондары
- •Бүйрек үсті бездерінің гормондары
- •Ми затының гормондары
- •Бүйрек үсті безі қабығының гормондары
- •Гормоноидтар
- •Микромодуль 2 - Энергетикалық алмасу
- •Зат және энергия алмасу процестері
- •Зат алмасу сатылары және оның қырлары
- •Негізгі алмасу
- •Зат алмасуды зерттейтін әдістер
- •Тыныс алу – тотығу-тотықсыздану процесі
- •А.Бахтың асқын оксид теориясы
- •В.И.Палладиннің тыныс алу теориясы
- •Биологиялық тотығу теориясының осы заманғы түсініктері. Тотықтыра фосфорлану
- •Микромодуль 3 – Көмірсулар алмасуы және қызметі
- •Көмірсулардың биологиялық маңызы
- •Анаэробтық 24ыдырау24 химизмі
- •Гликолиз және спирттік ашудың арасындағы ұқсастық пен айырмашылық
- •Көмірсу алмасуының реттелуі
- •Көмірсу алмасуының бұзылуынан болатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 4 – Липидтер алмасуы және қызметі
- •Липидтердің жалпы сипаттамасы
- •Липидтердің асқорыту жолындағы өзгерістері және олардың сіңірілуі. Липидтердің қорытылуы
- •Майлардың ішекте қорытылуы
- •Липидтердің сіңуі
- •Липидтердің аралық алмасуы. Майлардың биохимиялық өзгеруі
- •Липидтердің биологиялық түзілуі. Майлардың биологиялық түзілуі
- •Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі
- •Фосфатидтердің түзілуі
- •Липидтер алмасуының реттелуі
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5 – Белоктар алмасуы және қызметі Микромодуль 5.1 – Аминқышқылдары алмасуы
- •Белоктардың жалпы сипаттамасы
- •Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері
- •Амин қышқылдары – белок гидролизінің негізгі өнімдері, олардың қасиеттері
- •Белок молекуласындағы химиялық байланыстар
- •Белоктардың жіктелуі, сипаты
- •Азоттың балансы және оның түрлері
- •Белоктардың биологиялық бағалылығы
- •Белоктардың асқорыту жолындағы өзгерістері
- •Белоктардың аралық алмасуы
- •Аммиакты зиянсыздандыру жолдары
- •Белоктар алмасуының реттелуі
- •Белоктар алмасуының бұзылуынан туатын аурулар
- •Өзіңді тексер
- •Микромодуль 5.2 – Нуклеотидтер алмасуы
- •Пуриндік негіздердің ыдырауы
- •Пиримидиндік негіздердің ыдырауы
- •Нуклеин қышқылдарының биологиялық түзілуі
- •Нуклеин қышқылдары алмасуының реттелуі
- •Хромопротеидтердің алмасуы
- •Микромодуль 6 – Белок биосинтезі
- •Ген биохимиясы және генетикалық хабардың берілуі
- •Белоктардың биологиялық түзілуі және оның сатылары
- •Трансляция. Белоктың рибосомада түзілуі
- •Микромодуль 7 - Зат алмасу процестерінің өзара байланыстылығы
- •Заттар алмасуының өзара байланыстарының жалпы заңдылықтары
- •Көмірсулар мен майлардың алмасуының өзара байланысы
- •Көмірсулар мен белоктардың алмасуының өзара байланыстары
- •Белоктар мен майлардың алмасуының өзара қатыстары
- •Нуклеин қышқылдарымен басқа заттардың алмасуының байланыстары
- •Өзіңді тексер
- •Практикалық және Зертханалық сабақтар Майда, суда еритін витаминдерге тән сапалық реакциялар
- •Ферменттердің биологилық катализатор ретіндегі жалпы
- •Гормондарға сапалық реакциялар
- •Білім алушының өздік жұмысы
Липидтердің асқорыту жолындағы өзгерістері және олардың сіңірілуі. Липидтердің қорытылуы
Липидтердің алмасуы төрт кееңнен тұратын сатылы процесс. Ол кезеңдер мыналар: ас қорыту, сіңіру, аралық алмасу және сол алмасуының ақырғы өнімдерінің пайда болуы.
Ауыз қуысында азық физикалық жолдармен баптауға ұшырайды. Мұнда шайнау процесінде тамақ үгітіліп, механикалық тұрғыдан ұсақталып, сілекеймен шыланады да, осының нәтижесінде тамақ түйірі қалыптасады.
Сілекей
құрамында липидтерді ыдырататын,
гидролиздейтін
Ұнтақталған тамақ асқазанға өңеш арқылы өтіп, 4-тен 12 сағатқа дейін болады. Мұнда азық асқазан сөлімен сіңіріледі. Асқазан сөзінде липидтерді гидролиздік ыдыратуға қабілетті біршама липазалар болады. Бірақ, асқазан липазаларының /рН-6/ маңызы көп емес, себебі олар тек қана алдын ала эмульгацияланған майларға әсер етеді. Асқазанда эмульгацияға, яғни май эмульсиясының /тамшыларының/ пайда болуына жағдайлар жоқ.
Асқазанға түскен тамақ сұйылып қоймалжыңданғаннан кейін ішекке түседі. Күйіс қайыратын малдарда мес, тақия, жалбыршақ қарындардағы жын кері жиырылған өңеш арқылы кейін жоғары жылжып ауызға оралады да, мұнда сілекейге араласып, шайналып ұсатылып, қойыртпаққа айналып, қайта жұтылады. Ұлтабар ас қорыту процесіне қатыспай тұрған кезде, мұнда әлсіз сілтілі реакция жүріп жатады /рН орташа есеппен 7,2 – 8,0 болады/. Бұл ішекке асқазандағы қышқылданған қоспа түскен кезде оның ішіндегі реакция қышқыл реакция болады, бірақ тұз қышқылын ұйқы безінің сөлі және басқа сөлдер бейтараптандыруының нәтижесінде қайтадан сілті жағына қарай өзгеріске түседі.
Ішекте, керісінше, майлардың эмульгациясына өте қолайлы жағдай жасалған. Өт қышқылдарының тұздары – ең күшті эмульгаторлар.
Майлардың ішекте қорытылуы
Майлардың негізгі массасы /95-97 %/ ащы ішек бөлігінде, ең алдымен, он екі елі ішекте қорытылады. Қорытылу екі процестерден, эмульгациядан және гидролиздік ыдыраудан тұрады. Бауыр клеткалары өт бөліп шығарады, ал ол болса, өт қабына жиналып, одан қорыту процесіне қатысу үшін, ащы ішекке өтеді. Күйіс қайратын малда ұлтабарға өтеді. Өт қышқылдары май тамшыларының бетіне сорылады да, жұқа қабық құрады. Бұл процесті э м у л ь г а ц и я деп атайды.
Эмульгация май тамшыларының беттерінің кермектілігін төмендетеді, соның салдарынан олардың бір-біріне тартылысы әлсірейді де, май тамшылары өте ұсақ түрге айналып кетеді. Бұның өзі липазаның әсеріне жағдай тудырады.
Ұйқы безі сөлінің липазасы өт қышқылдары эмульгацияланған майларды глицерин мен май қышқылдарына ыдыратады.
Сонымен, өт қышқылдары 3 түрлі маңызды қызметтер атқарады:
Майларды эмульгациялау
Эмульгация арқылы майлардың липазамен өзара септесуінің /әрекеттесуінің/ жақсаруына жәрдемдеседі, себебі липазаның активтігін арттыра түседі.
Май қышқылдарының сіңірілуіне қатысады.
Бұдан басқа өт қышқылдары ішектің моторлық қызметін /перильстатикасын – жиырылуын/ күшейтеді. Асқазаннан ішекке келген тамақтың реакциясын бейтараптандырады, ішектің микрофлорасындағы бактерияларға өлтірерлік әсер етеді және олармен бірге зиянсызданған улар сыртқа шығады.
