Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
витамин.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
658 Кб
Скачать
☆

Өзіңді тексер

1.Ферменттер – а)көмірсулар табиғаттас катализаторлар;

б)белоктар табиғаттас катализаторлар;

в)бейорганикалық табиғаттас катализаторлар

г)липидтер табиғаттас катализаторлар

2.Холофермент дегеніміз: а)молекула бетіндегі комплекс; б)мультэнзимді комплекс; в)қарапайым фермент; г)күрделі фермент; д)фермент – субстрат комплексі

3.ФМН құрамына кіреді: а)А витамині; б)В6 витамині; в)В2 витамині; г)К витамині; д) В12 витамині

4.Пантотен қышқылы мына кофермент құрамына кіреді: а)НАД; б)ФАД; в)пиридоксальфосфаттың; г)коэнзим А; д)тиаминпирофосфат

5.Цитоплазмадағы клеткалық ферменттер ең жорғарғы активтілік көрсететін рН аймағы: а)7; б)2-3; в)4-5; г)9-10

6.АТФ қатысуымен биологиялық молекілалардың түзуін катализдейтін ферменттер мына класқа жатады: а)трансфераз; б)лигаз; в)гидролаз; г)лиаз; д) изомераз

7.Декарбоксильдей процесін катализдейтін ферменттер мына класқа жатады: а)изомераза; б)лиаза; в)лигаза; г)трансфераза

Микромодуль 1 - Кіріспе. Зат алмасуды реттеу

Дәріс 3. Гормондар

Дәріс сабақтың мазмұны:

1. Витаминдерге анықтама

2. Әсер ету механизмі

3.Ішкі секреция бездері гормондары

4. Гипофиз гормондары

Гормондар

Г о р м о н д а р деп биологиялық әрекетшіл заттарды, организмдегі метаболизм, зат алмасу сарынын үдететін, өсу, көбею қарқынын, сол сияқты алуан түрлі т.б. маңызды функцияларды реттеушілерді айтады.

Гормондардың әсер ету механизмі

Гормон әсерін іске асыру үшін өзінің нысана – клеткасын білуі тиіс. Нысана – клеткасының мембранасы да бұл гормонға аса сезімтал келеді. Гормондарды танитын клетка компоненті рецептор /латынша receptor – қабылдаушы/ деп аталады. Рецепторлар плазмалық мембранаға немесе клетка ішінде орналасқан және олармен байланысқан.

Рецепторлар – гормондарды байланыстыра алатын белоктар. Рецепторлардың өзіндік ерекшелігі болады. Мәселен, гормон молекулалары тиісті рецепторлармен / белоктармен/ «құлыпқа дәл келген кілт» сияқты сәйкес үйлесе алуы керек. Осындай өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана гормондар биохимиялық процестерге әсер етеді, оларды тездетеді немесе тежейді.

Қалқанша безінің гормондары

Тироксин қалқанша безінде 2 сатымен түзіледі.

Қалқанша без гормонының ең қасиетті бөлігі иод болады. Егер қалқанша безінің жұмысы бәсеңдеу болып, гормонын өте аз шығаратын болса, оны гормонның қалпынан аз жасалуы /гипофункция, гипотиреоз/ дейді. Гипофункция кезінде сүтқоректі жануарлардың зат алмасуы төмендейді.

Гиперфункция да /гипертиреоз/ қалқан безі громонының қалпынан тыс, көп жасалуынан болады.

Аурудың бұл түріндегі көрнекті белгілерінің бірі көз шатынау, бадыраю / «аты көз»/ - көз жанары жылтырап, үлкейіп шарасынан шыға жаздап тұрған сияқтанады.

Кальцитонин /тиреокальцитонин/.

Кальцитониннің нысана – органына сүйек ткань жатады. Кальцитонин кальцийдің қаннан сүйек тканіне өтуін қолдайды, яғни қандағы кальцийдің мөлшерін төмендетеді.

Қарбалас қалқанша бездерінің гормоны

Паратгормонның нысана органы – сүйек ткані мен бүйрек. Оларға паратгормон цАМФ арқылы әсер етеді.

Гиперпаратиреоз кезінде сүйектің минералдандырылу процесі бұзылады. Біртіндеп организмде фосфор мен кальцийдің тұздары азая түседі, мұның салдарынан малдың сүйектері бүлініп, бұзыла бастайды, сырқырап ауырады, сыңғыш келеді.

Паратгормон қалыпты мөлшерде болғанда сүйек ткандері жұмсарып, ериді де, кальций мен фосфор бөлініп қанға шығады. Паратгормон қандағы кальцийдің мөлшерін жоғарылатып, фосфорды төмендетеді. Паратгормон кальцитонинге кальций жағынан антагонист болып келсе, фосфор жағынан – синергист. Себебі, айтып өткендей, кальцитонин /тиреокальцитонин/ кальцийдің қаннан сүйекке өтуіне мүмкіндік туғызады, кальций мен фосфордың қандағы мөлшерін тұрақты деңгейде ұстап тұрады.

Ұйқы безінің гормондары

Ұйқы безі қарынның артында орналасқан. Ол – аралас секрециялы орган. Оның клеткаларының көпшілігі ас қорыту ферменттерін түзіп, ұлтабарға шығарады. Қант ішек-қарын жолында ас қорыту сөлдері мен ферменттерінің әсер етуінің нәтижесінде тамақ көмірсуларынан, аздап белок пен майлардан жасалады. Құрылған глюкоза ішектің кілегей қабығы арқылы өткізіп, бауырға әкелінеді. Мұнда біраз бөлігі гликогенге айналып «қорға» қалдырылады, ал біразы майға айналады, көбі қан айналысымен бүкіл организмге таралады. Ол организмдегі зат алмасуының барлық түріне энергияның көзі болып табылады.

Ұйқы безінің екі гормоны – инсулин мен глюкагон – осы құбылыстардың барлығында ерекше қызмет атқарады. Инсулин қант деңгейін көтереді. Глюкозаны организмнің клеткалары пайдалану нәтижесінде оның қандағы деңгейлі мөлшері қалыптан төмендесе, бауырдағы гликоген глюкозаға айналып қанға түседі, ткандердің тұрақты қоректенуі қамтамасыз етіледі. Қан құрамындағы глюкоза мөлшері 3,3 ммоль/л деңгейінен төмендеген кезде глюкагонның бөлінуі күшейеді. Глюкагон бауырда фосфорилаза жұмысын активтендіреді, ал фосфорилаза гликогенді глюкозаға ыдыратады. Сөйтіп, қан құрамында глюкозаның концентрациясы артады.

Гипофиз / ми қабаты гормондары/

Гипофиз /ми қосалқысы/ омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. Мидың астында орналасқан. Гипофиз алдыңғы /аденогипофиз/, ортаңғы /нақ аралық/ және артқы /нейрогипофиз/ болып үш бөліктен құралады. Олардың әр бөлігі ерекше гормондар өндіреді. Молекулалары пептидтік құрылыспен сипатталады. Пептидтік гормондар белоктық қосылыстар болып саналады: олардың молекулалары ашық та, тұйық та /циклды/ бола алатын пептид тізбекшелерінен құралады.