Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
витамин.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
658 Кб
Скачать
☆

Липидтердің сіңуі

Ішек шырыш қабығының клеткаларында жоғары май қышқылдары глицеринмен қосылып, қайтадан май /жануардың белгілі бір түріне тән майы/ түзіледі, яғни ресинтезделеді. Ресинтез – гидролизге керісінше процесс.

Майлар лимфа жүйелерінің тамырлары және көкірек тармағы арқылы қанға келіп түседі. Бейтарап майлардың қандағы тамшыларын х и л о м и к ро н деп атайды.

Бұдан кейін майлар май депосына /қоймасына/ қор ретінде жиналады.

Липидтердің аралық алмасуы. Майлардың биохимиялық өзгеруі

Г л и ц е р и н н і ң т о т ы ғ у ы. Глицерин АТФ есебінен глицерокиназа ферментінің әсерімен фосфорланады, яғни активтік күйіне көшеді.

Ж о ғ а р ы м а й қ ы ш қ ы л д а р ы н ы ң т о т ы ғ у ы. Жоғары май қышқылдарының организмде ыдырау механизмін неміс биохимигі Ф.Кнооптың 1904 жылы ұсынған «Май қышқылдарының -тотығу теориясы» түсіндіре алады. Бұл теория бойынша организмде май қышқылдарының ұзын көміртек тізбегі тотығудың әрбір айналымында екі атом көміртегіне карбоксил тобы ұшынан қысқарып отырады.

Қорыта айтқанда, май қышқылдарының Кнооп теориясы бойынша бір ізділікпен тотығуының дағдысы /механизмі/ гидрлену және дегидрлену реакцияларынан құралады. Бұл реакциялар -орындағы көміртек атомында өтетін болғандықтан Кнооп теориясы екінші бір «-тотығуы» деген атқа ие болды.

Жоғары май қышқылдары организмдегі химиялық энергияның ең маңызды көзі болып келеді. Стеарин қышқылының бір молекуласының толық ыдырауынан ацетил – КоА –ның 9 молекуласы пайда болады:

n – стеарин қышқылының молекуласындағы көміртек атомдарының саны

Әр айналымда АТФ-ның 5 молекуласы пайда болса, ал 8 айналымда оның 40 молекуласы пайда болады.

Ацетил-КоА-ның бір молекуласының одан арғы Кребс циклінде тотығуынан АТФ-ның 12 молекуласы пайда болады.

Қорыта айтқанда, ацетил – КоА-ның 9 молекуласы Кребс немесе трикарбон қышқылы циклінде тотыққаннан кейін, АТФ-ның 108 молекуласының /9х12=108/ қайнар көзі болады. Стеарин қышқылының бір молекуласының толық тотығуы организмге АТФ-ның 148 молекуласын береді /40 + 108 =148/.

«Стеарин қышқылын активтендіруге организм өз қорынан АТФ-ның 1 молекуласын берген болатын. «Қарызды өтеу – парыз» - демекші, енді организмге соны қайтарып беру керек. Сонда, пайда болған «таза АТФ саны» 147, ал энергия мөлшері 6174 /147х42/ кДж/моль тең болады.

Липидтердің биологиялық түзілуі. Майлардың биологиялық түзілуі

Липидтер тек ыдырап қана қоймай, организмде түзіле де алады. Майлардың биологиялық түзілуі үш негізгі сатыдан тұрады: глицериннің, жоғары май қышқылдарының пайда болуы және олардың триглицерид молекуласын құрауы.

Ж о ғ а р ы м а й қ ы ш қ ы л д а р ы н ы ң т ү з і л у і. Май қышқылдарының биологиялық түзілуі -тотығуына қарама-қарсы жүреді. Ацетил-КоА соларды синтездеуге арналған шикізат болып табылады. Ол көмірсулардың аэробтық ыдырауы кезінде пайда болатынын білеміз.

Ферменттердің қайтымды әсер ету қасиеті біздерге жақсы мәлім. Соның арқасында тіпті ацетил-КоА-ның екі қалдығын қосудың өзінен-ақ едәуір күрделі бөлшек алуға болады. Сондықтан да, май қышқылдарының -тотығуын тездететін 31имин31ия31 олардың синтезін де жылдамдату керек.

Май қышқылдарының биологиялық түзілуінің екі жолын айыруға болады: митохондрияның ішкі және одан тыс беттерінде.

Митохондрияның ішкі бетіндегі түзілу синтетаза /лигаза/ ферментімен катализденеді. Бұл 31имин31ия31 ацетил-КоА және НАДН2-нің есебінен митохондриядағы әлдеқашан дайын активтелген жоғары май қышқылдарының қалдығын ұзартуға қабілетті.

Биологиялық түзілудің екінші түрі митохондриядан тыс жерде – гиалоплазмада өтеді. Оған карбоксилаза ферменті, АТФ, НАДН2, Мg2+ қатысады. Карбоксилазаның простетикалық /белок емес/ тобына СО2 қосып алуға қабілетті биотин витамині кіреді. Бұл түзілудің митохондриялық түзілуден айырмашылығы сол: мұнда екі көміртекті сірке қышқылының қалдығынан, яғни ацетил-КоА-дан, молекуласы едәуір күрделі, көміртек атомдарының бұрынғыдан да едәуір ұзын тізбегі бар май қышқылы түзіледі

Т р и г л и ц е р и д т і ң т ү з і л у і. Реакция бірнеше сатылардан өтеді: алғашқыда фосфатид қышқылы түзіледі.

Бұл реакция микросомадағы глицерофосфатацилтрансфераза мультифермент жинақтарымен /комплексімен/ тездетіледі. Мұнан былай фосфатид қышқылы фосфатид-фосфогидролаза ферментінің әсерімен майлар мен фосфатидтер түзілуінің аралық өнімдері - ,  - диглицеридке айналады.

Ең соңғы сатысында ,  - диглицерид сол мультифермент жинақтарының әсерімен ацил-КоА мен әрекеттеседі де триглицерид құрады